ҚР ғылыми мекемелеріндегі тағамдық өндіріс


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: ҚР ғылыми мекемелеріндегі тағамдық өндіріс

Орындаған : Байғалиева Г. Қ.

Тексерген : Нургазезова А. Н.

Семей 2015

Жоспар

  1. Қазақстан даму институты
  2. Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
  3. Қазақ тағамтану академиясы

ҚР ғылыми мекемелері мен тағамдық өндіріс

Қазақстан даму институты (ҚДИ) - Қазақстанның тұңғыш тәуелсіз ғылыми-талдау мекемесі. 1994 жылы тамызда құрылған. Институт ғылыми-талдау зерттеулері барысында:

  • Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының маңызды мәселелері бойынша мониторинг, жедел талдау және сараптамалық бағалау жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне және Орталық Азияның аймақтық мәселелеріне баға беру;
  • қоғамдық даму мәселелері бойынша іргелі, қолданбалы жобаларды іске асыру; аймақтық зерттеулер жасау;
  • консалтингтік қызмет саласында: мақсатты саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға идеологиялық бағыт беру, имидж-жобалар әзірлеп, жүзеге асыру;
  • халықаралық даму қорларының жобаларына қатысу.

Баспа қызметі саласында:

  • энциклопедиялық сипатта басылымдар дайындап, жариялау;
  • оқу-әдістемелік әдебиет шығару;
  • білім беру бағытында:

Қоғамдық ғылымдар аясында, соның ішінде экономика саласы бойынша аспирантура мен докторантура негізінде ғылыми-талдау зерттеулерін жүргізетін мамандар даярлау жұмыстарын жүргізеді. Қазақстан даму институтында 1995 жылдан «Саясат-Polіcy» ақпараттық-талдау (ай сайын), «Евразийское сообщество: общество, политика, культура» ғылыми-теорриялық журналдары (тоқсан сайын) шығып тұрады.

Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты. А. И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты - республиканың астық өндіретін аудандарында дәнді дақылдар егу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіріп отыратын мекеме. Ол егістіктердегі топырақ қорғау жүйесін жасау ісіне басшылық етеді. Қазақстан Республикасы Астық шаруашылығының министрлігінің қарамағында. Целиноград (қазіргі Ақмола) облысындағы Шортанды астық шаруашылығы тәжірибе станциясы негізінде 1956 жылы құрылған. 1961-92 жылдары Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, 1992-2002 жылдары Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. 1998 жылдан институттың құрамына Көкшетау бөлімшесі (бұрынғы Көкшетау астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты) беріліп, 2002 жылдан Астық шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталығының құрамына енді. Институт құрамына:

  • егіншілік (ауыспалы егіс, танапты дақылдар агротехникасы және өсімдік өсіру диверсификациясы, топырақ өңдеу, дақылдарды өсіру технологиясын модельдеу, өсімдік қорғаудың химиялық және агротехникалық әдістері лабораторияларын біріктіреді) ;
  • агрохимия - топырақ құнарлылығы және топырақты химиялық талдау (топырақ химиясы, топырақ құнарлылығы лабораториялары) ;
  • жемшөп өндіру (шалғындық жемшөп және мал азығын егістікте өндіру лабораториялары) ;
  • механикаландыру (топырақ өңдеу және тұқым себу машиналары, жиналған астықты өңдеу, тұқым өсіру және сұрыптауды механикаландыру лабораториялары) ;
  • агроландшафттық технология бөлімдері бар.

Институттың селекциялық орталық құрамына жұмсақ бидай, қатты бидай мен жемдік дақылдар селекциялары, тұқым шаруашылығы бөлімдері кіреді. Институттың құрамында бұдан басқа дербес бөлімдер: дәрілік өсімдіктерді егіп өсіру технологиясы мен интродукциясы, өсімдіктер биохимиясы және астық шаруашылығының экономикасы лабораториялары, тұқымның технол. сапасын бағалау тобы бар. Институттың негізгі ғылыми бағыттары: егіншіліктің аймақтық (Солтүстік және Орталық Қазақстан агроландшафттарының) топырақ қорғау жүйесін жетілдіру; топырақ құнарлылығын арттыру; дәнді және жемшөп дақылдарын өсіру жұмысын механикаландыру; жемшөп дақылдары мен дәрілік өсімдіктердің жаңа түрлерін интродукциялау; орманды-далалық, далалық және құрғақшылық аймақтарға арнап дәнді, бұршақты, жармалық, майлы және жемшөп дақылдарының жаңа, өнімді мол беретін сорттарын шығару. Институтта егіншіліктің топырақ қорғау жүйесін жасап, өндіріске енгізгені үшін 1972 жылы академик А. И. Бараев бастаған бір топ ғалымдарға Лениндік сыйлық берілді. 1988 жылы эрозияға қарсы машиналар кешенін жасағаны және өндіріске енгізгені үшін инженерлер мен ғалымдар тобына КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарына үлес қосқан ғалымдар: Бараев, Э. Ф. Госсен, В. П. Кузьмин, М. Қ. Сүлейменов, т. б. Институт ғалымдары Ресейдің бірнеше ғылыми орталықтарымен, Калифорния - Дэвис (АҚШ), Токио және Киото (Жапония) университеттерімен бірігіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Институт Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған (1967) .

Қазақ тағамтану академиясы - ғылыми мекеме. Орталық Азия аймағындағы тамақтанудың медицина-биологиялық мәселелерінің іргелі және тәжірибе жүзінде қолданылатын ғыл. зерттеулерін жүзеге асырады. КСРО Мед. ҒА Тағамтану институтының Қазақ бөлімшесі болып 1973 ж. Алматы қаласында құрылды. 1991 ж. Аймақтық тағам проблемаларының институты, 1993 ж. Аймақтық тағам проблемаларының ғылыми орталығына айналды. 2000 ж. ҚР-ның «Тағамтану институты» ЖАҚ, 2002 ж. «Тағамтану академиясы» ЖАҚ болып қайта құрылды. Құрамында: емдік тағам бөлімі, тағам иммунологиясы, тағам физиологиясы және оны жоспарлау, арнайы азық-түлік өнімдері мен биологиялық активті қоспаларды өндіру, тағамның сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, биохимия және витаминология лабораториялары; биологиялық активті қоспалардың молекулалық негізін зерттейтін сектор бар. 1991 ж. аспирантура ашылған. Академияның жұмыс бағыттары: тағамтану саласындағы ұлттық саясаттың концептуалдық негізін ғылыми түрде тұжырымдау; халықтың түрлі жас пен жыныстық тобына қарай және климаттық-географиялық, экологиялық және этникалық ерекшеліктерін байланыстыра отырып, негізгі тағамдық заттар мен энергияға мұқтаждығының физиологиялық қажеттілік нормасын жасап қалыптастыру; микронутриент тапшылығы мен ауқатқа тәуелді аурулардың таралуын зерттеу және алдын алу; кеңінен таралған жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың пайда болуы мен өту сипатына тағамның жасар ықпалын және үйлестірілген алдын алу әдістерін анықтап бекіту; зат алмасудағы микронутриенттердің өзара әсерінің механизмдерін зерттеу; иммуноаллергиялық реактивтілікті, биохимиялық процесстер мен биоценозды алиментарлық коррекциялаудың теориялық негіздерін жасау; арнайы емдік-алдын алу және балалар тағамдарын жасап шығару; таңдалып берілген медицина-биологиялық қасиетке ие тағамға биологиялық белсенді қоспалар жасап шығару; тағамдық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау; ұлттық тағамдық өнімдер мен дәстүрлі емес тағамдық шикізаттардан емдік диеталар мен тағам рациондарын құрастыру. Академия бала организмінде темір, селен, йод жетіспегенде байқалатын ауруларды емдеуге және олардың алдын алуға бағытталған бірнеше емдік-профилактикалық тағамдар ұсынып, өндіріске енгізді. Тамақтың құрамындағы белоктың Р-450 цитохромын өзгерту арқылы бауырдың микросомалық фракциясында май қышқылдарының және бос холестериннің түзілуіне әсер етуге болатындығы анықталды. Ол қанның сарысуындағы липидтердің өзін-өзі реттеп

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Санитарлық сараптаманың міндеті
Өндірісті ұйымдастыру мен басқару тәсілдері
Науқастың жеке гигиенасы
Жазғы кезең
Инновациялық қызметті қаржыландыру алгоритмі
Денсаулық сақтау мәселелері
ҚАЙМАҚ ӨНІМІ
Ас мәзір түрлері
Тамақтануды дұрыс ұйымдастыру
Астық ылғалдылығының жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz