Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романына әдеби талдау (образдар жүйесі, портреттер, мінездеу, жазушының тіл шеберлігі, жазушы стилі)



1.Тарихи романдардың басты идеялық.көркемдік ерекшелігі.
2. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романына әдеби талдау (образдар жүйесі, портреттер, мінездеу, жазушының тіл шеберлігі, жазушы стилі)
Ғасырлар қойнауынан сыр шертіп, халқымыздың тарихын тереңдей танытатын, ұлы тұлғалармен олар өмір сүрген ортаны елестететін тарихи туындылардың әдебиеттегі орны орасан зор. Тәуелсіздік алғаннан кейін рухани ұлттық мұраларымызды саралап, бүгінгі биіктен бағалау қажет. Суреткердің терең қабілетін тану мен шығармашылық болмыс-бітімін анықтаудың, бағалаудың, жүйелеп зерттеудің дағдыға айналған, арнайы ізге түскен дәстүрі бар. Ол үшін сол кезең үлесіндегі, яғни авторды қоршаған орта мен уақыттың тыныс-тіршілігінен хабардар болып қана қоймай, өткеннің өнегесін ұғынып зерттеудің құндылығы зор болмақ.
Жазушы негізі болып табылатын өмір шындығымен шығармашылық үрдістің нәтижесі ретіндегі образдық әлем сипаты арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын өзіндік мәдени құбылысты жасайды. Бұл арада тамыры тереңде жатқан тарихи зерттеулердің, сол уақыттағы нақты фактілердің, ауызша немесе жазбаша тарихи материалдардың да маңызын жоққа шығармау керек. Осындай озық үлгілерді пайдалана отырып жазылған тарихымыздың көркем шежіресі іспеттес тарихи романдарымыздың айтары көп-ақ.
Белгілі бір талғаммен тарихи туындылар тудыруда әдебиет тарихынан дәстүр жалғасуын көруге болады. Әр түрлі уақытты белгілейтін, жазылу мезгілдері өзгеше туындылардың үндестікпен жалғаса жазылуы ерекше құбылыс. Мұндай дәстүр жалғасуын жазушылардың сөз саптауы, жазу стилі, шығармашылық әдіс-тәсілдері арқылы аңғаруға болады.
Халқымыздың өткендегі өмір кешулерін, арман-мұраттарын суреттеу жөнінде қазақ әдебиеті тарихындағы жиырмасыншы ғасырдың 60-80 жж. алатын орны ерекше. Осы кездердегі қаламгер санасында бастау алған сілкініс пен серпіліс қазақ романдарының дүниеге көптеп келуіне әсер етті. Әрбір шығарма көтерген тақырыбына байланысты дәуір, заман сипатын, адамдар арасындағы қарым-қатынасын, олардың өзара қақтығыстары мен психологиясын ашуды көздейді.
Тарихи романдар - өз дәуірінің көркем шежіресі. Ықылым замандардағы бабаларымыз кешкен қиын ғасырлар шеруі, қоғам дамуында айрықша орын алатын кешегі дүбірлі дәуірлер тынысы да тарихи романға берік арқау болды.
1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. - Алматы: Ғылым, 1979.
2. Бердібаев Р .Тарихи роман. - Алматы: Санат. 1997.
3. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. - Алматы: Ғылым, 1991.
4. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы. - Алматы: Ер Дәулет. 1996.
5. Тоқтаров Р. Абайдың жұмбағы. – Алматы: әл-Фараби, 1999. – 752 б.
6. Ахметов З. Адамзаттың перзенті // Кітапта: Дала даналары. – Алматы, 2001. – 640 б.
7. Елеукенов Ш. Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде. – Алматы: Алатау, 2006. – 352 б.
8. Абай және архив. – Алматы, 1995. – 216 б.
9. Абай дәстүрі және қазіргі қазақ әдебиеті: ұжымдық монография. – Алматы: Арда, 2009. – 392 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы:
1.Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі.
2. Р.Тоқтаровтың Абайдың жұмбағы романына әдеби талдау (образдар жүйесі, портреттер, мінездеу, жазушының тіл шеберлігі, жазушы стилі)

Орындаған: Қонырбаева Т.Ж.
Топ: ФИ-201
Тексерген: Сабырбаева Р.Қ

Семей 2015ж.
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі
Ғасырлар қойнауынан сыр шертіп, халқымыздың тарихын тереңдей танытатын, ұлы тұлғалармен олар өмір сүрген ортаны елестететін тарихи туындылардың әдебиеттегі орны орасан зор. Тәуелсіздік алғаннан кейін рухани ұлттық мұраларымызды саралап, бүгінгі биіктен бағалау қажет. Суреткердің терең қабілетін тану мен шығармашылық болмыс-бітімін анықтаудың, бағалаудың, жүйелеп зерттеудің дағдыға айналған, арнайы ізге түскен дәстүрі бар. Ол үшін сол кезең үлесіндегі, яғни авторды қоршаған орта мен уақыттың тыныс-тіршілігінен хабардар болып қана қоймай, өткеннің өнегесін ұғынып зерттеудің құндылығы зор болмақ.
Жазушы негізі болып табылатын өмір шындығымен шығармашылық үрдістің нәтижесі ретіндегі образдық әлем сипаты арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын өзіндік мәдени құбылысты жасайды. Бұл арада тамыры тереңде жатқан тарихи зерттеулердің, сол уақыттағы нақты фактілердің, ауызша немесе жазбаша тарихи материалдардың да маңызын жоққа шығармау керек. Осындай озық үлгілерді пайдалана отырып жазылған тарихымыздың көркем шежіресі іспеттес тарихи романдарымыздың айтары көп-ақ.
Белгілі бір талғаммен тарихи туындылар тудыруда әдебиет тарихынан дәстүр жалғасуын көруге болады. Әр түрлі уақытты белгілейтін, жазылу мезгілдері өзгеше туындылардың үндестікпен жалғаса жазылуы ерекше құбылыс. Мұндай дәстүр жалғасуын жазушылардың сөз саптауы, жазу стилі, шығармашылық әдіс-тәсілдері арқылы аңғаруға болады.
Халқымыздың өткендегі өмір кешулерін, арман-мұраттарын суреттеу жөнінде қазақ әдебиеті тарихындағы жиырмасыншы ғасырдың 60-80 жж. алатын орны ерекше. Осы кездердегі қаламгер санасында бастау алған сілкініс пен серпіліс қазақ романдарының дүниеге көптеп келуіне әсер етті. Әрбір шығарма көтерген тақырыбына байланысты дәуір, заман сипатын, адамдар арасындағы қарым-қатынасын, олардың өзара қақтығыстары мен психологиясын ашуды көздейді.
Тарихи романдар - өз дәуірінің көркем шежіресі. Ықылым замандардағы бабаларымыз кешкен қиын ғасырлар шеруі, қоғам дамуында айрықша орын алатын кешегі дүбірлі дәуірлер тынысы да тарихи романға берік арқау болды.
60-80 жж. қазақ прозасында тарихтағы ірі тұлғалар мен өнер адамдары, сал-сері, әнші-сазгерлер өмірін арқау еткен шығармалар аз жазылған жоқ. Осы шығармалардың биік шыңында, қайнар бастауында атақты Абай жолы эпопеясын тудырған ұлы суреткер М. Әуезовтың өнегесі, қаламгерлік дәстүрі тұрды.
Кемеңгер жазушының теңдесі жоқ шеберлігін, оның көркемдік дамуымызға қосқан жаңалығын түрлі тұсынан қарастырудың қажеттігі бар. М. Әуезовтың шығармашылық тәжірибесі күллі қаламгерлерімізге өшпес өнеге, таусылмас тәлім. Көптеген туындылардың оқушы қажетіне жарамай, эстетикалық тұшыным бермейтіндігі олардың көркемдік шындық-қа жетпеуінен, өнер дәрежесіне көтерілмеуінен. Мұндай жағдайда әдебиеттің биік жаратындыларының ғажай-ып нақыштарын, бейнелеу бітімін, керемет кестелерін насихаттау, суреткерлік ұсталық үлгісін айтудың танытқыштық, тәрбиелік мәні бар - деген ғалым Р. Бердібаев пікірінің де маңызы жоғары .
Осы дәстүрге табан тіреп, суреткерлік мектептен нәр алған қазақ прозасы және оның белгілі өкілдері шықты. Мұндай озық дәстүрлерді жалғастырған, шеберліктің шыңына көтерілген туындылар І. Есенберлиннің Алмас қылыш, Жанталас, Қаһар; Ә. Нұрпейісовтің Қан мен тер; Д. Әбілевтің Сұлтанмахмұт; С. Жүнісовтің Ақан сері т.б. романдары. Бұл романдар турасында айтылар ой аз емес.
Академик Р. Нұрғали: Әр заманда, әр дәуір сол кезеңдегі өнерден өз келбетін, өз рухын, өз жүрегінің дүрсіл тынысын, қан тамырының бүлкілді ағысын көруге құштар. Өмір мен өнер орайындағы бұл сабақтастықты ешбір суреткер аттап өте алған емес. Тарихтың жабылып кеткен көне беттерін ақтарып, соларды шығар-масына тиек қылған жазушының өзінің мақамынан ұқтырмақ, ұсынбақ мұратынан оның дәуірімен қаншалықты ет бауыр-лықта, үндестікте екенін аңғару қиынға соқпайды - деп атап көрсетеді.
Бұл жазушылар әр дәуірде өмір сүрген өз ұлтының, өз халқының қамын ойлаған, мұң-мұқтажын жоқтаған тарихқа белгілі ірі тұлғалардың, батырлар мен хандардың, өнер адамдарының қайталанбас бейнелерін сомдады.
М. Әуезов дәстүрінің әдебиеттен кең көрініс табуы әр түрлі және сан қырлы болып келеді. Осы дәстүрдің қайталанбас үлгілерін М.Әуезовтің қазақ әдебиетіне әкелген тың қасиеттерімен санамалап өтуге болады. Олар характер сомдау шеберлігі, шығарманың құрылыстық жүйесіндегі жаңалықтары, тек таза талантқа тән суреткерлік шеберханасы.
Қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың Орта Азия қаламгерлеріне М. Әуезовтың ықпалын Пушкиннің өзінен кейінгі орыс әдебиетіне жасаған әсерімен салыстыруы да тегін емес. Сондықтан да қазақ жазушыларының ішінде шығыстың классикалық әдебиеті мен ертеден келе жатқан мәдениетін дәл М.Әуезовтей білген, насихаттаған жазушы жоқ деп айтуға болады.
Тарихи романдар қазақ әдебиетінде М. Әуезовке дейін де, одан кейін де болған құбылыс. Әуезов романға, оның ішінде тарихи романдарға соншалық сонылық әкелуінің арқасында өзінің суреткерлік шеберханасын, әдеби дәстүрін қалып-тастырғанын білеміз. Абай жолы роман-эпопеясындағы кейіпкерлер бейнесін беруде сол кедегі әдебиеттің өзіне тән әдіс-тәсілдерін молынан меңгеруімен қоса Әуезовтың үлкен, күрескер адам бейнесін жасауы ерекше (Дәркембай, Базаралы).
Ғасырлар бойы жасалған сөз өнерінің небір асылы үлкен суреткердің қолымен жаңа сапада, нағыз мәдениетті қалыпқа түсті. Бұл романда қазақ адамының өзіне ғана тән ерекшелігі, психикалық болмысы әрі толық, әрі шебер жасалды.
Көркем шығарма өзінің шыншыл-дығымен құнды. Абай жолын оқи отырып оқушы ондағы әр түрлі тартыстардың, растығына қалтықсыз сеніп отырады. Мұндағы суреттелген оқиға-лардан жаңсақтық, жасандылық сезілмейді. Әрбір оқиға дәл өмірдегідей елестейді. Жазушы өмір шындығын, тарихи шындықты көркемдік шындыққа жеткі-зудің ерекше жолын тапқан.
М. Әуезовтың Өскен өркен, Қилы заман, Көксерек, Жетім т.б. туындылары Абай жолы роман-эпопеясының бастау алды материалдары іспеттес. Мәселен, Абай жолының төрт кітабына үзілмес желі болып тартылған әлеуметтік теңсіздік пен күрес суреттері өзінің мықты бір бастауын Қараш-Қараштан алады.
Мұндай кең, еңселі, сом сурет, бейнелер жасай алған, адам мінезінің диалектикасына барған суреткердің прозадағы кезекті ірі туындысы оның есімін әлемдік даңққа бөлеген Абай жолы сынды зеңгір эпопеяға ұласуы барынша табиғи (4, 40).
Әдебиет зерттеушісі ғалым М.С. Брагинскийге Характер ашу жағынан маған ең мықты әсер еткен кім екенін білесіз бе? Таба алмайсыз. Ол Тургенев - деген екен ұлы суреткеріміз М.Әуезов.
Сонымен бірге М.Әуезовтың қаламына ғана тән стильдік сипат, көркемдік кестелеу заңдылықтары да бар. Құбылыстың мән-жайын авторлық баяндаудың өзі суретке, мінездеуге ұласып кетіп отыратындық шығармада жиі кездесетін ерекшелік. Құбылыстың кейде автордың сөзімен, кейде кейіпкердің көзімен суреттейтін тәсіл шығармада негізгі тәсілдердің біріне айналған. Шығарманың сөз кестесінің жалпы тұлғасынан бояудың кейде тым мол жағылғанын, оның өзі қайсыбір ретте сөздердің толық мағынасын тасаландырып тұратынын аңғарар едік. Бұны біз дарыны дәуірлеп, суреткерлік қуаты толысқан жазушының табиғи қадамы деп білеміз .
Жазушы адам, табиғат суреттерін жасағанда сөз, ұғым жол бермеуге ұмтылған. Сөйлемдердің аяғы біріңғай етістікпен бітуі оқушыны жалықтырып жіберетінін қатты сезінген жазушы осы тарапта жаңалық, өзгеріс енгізу үшін көп ізденген. Автордың, әсіресе, көп қолданған формасы есімшенің өткен шақтық түрі. М.Әуезов салған осы дәстүр қазақ әдебиетінде кең өріс тауып кетті. Мұндай форманы қолданып жазбаған қаламгерді табу қиын . Жазушы стилі - оның ішкі өмірінің айнасы деген екен Гете.
Ел ішінде айтылып келген ауызша аңыз әңгіменің шындығы мен қиялын жіліктеп, ақиқаттың таза диалектикалық қалпын беруі, сан түрлі оқиғалардың қаһарман тағдырына ықпалын өмірге де, мінезге де сәйкес, сенімді етіп баяндауы шығарманың өшпес мәнін әйгілейді. Мұндай ғылыми дәлелденген материалдар Абай жолында көркемдік шындық деңгейінде беріледі.
М.Әуезов өзі өмір сүрген кеселді кер заманда есімін еске алудың өзі қылмыс деп саналған қазақтың ардақты азаматтарының, ірі қоғам қайраткерлерінің тұлғаларын өз романында асқан шеберлікпен бүрке-мелеп береді. Мәселен, тарихи тұлға Әлихан Бөкейханов есімін бүркемелеп Әзімхан төре кескінінде беруі, озбыр, қиянатшыл кейіпте сипаттауы - көркем кейіпкер тарихи жағдайға тәуелді күй кешіп тұр. Тарихи шындық пен көркемдік шындықтың ара қатынасы қаншалықты маңызды болса да, бұл жерде шындық жазушы шеберлігі мен шығармашылық қарымы ғана емес, белгілі уақыттағы мүмкіншілігіне де тікелей байланысты болып тұр. Бірақ, Әлихан Бөкейханов бейнесін бір Әзімханға ғана телісек қиянат болар еді, өйткені бір кейіпке бойына көшпенділер заманындағы бірнеше бейне жинақталып беріліп тұрғанын байқауға болады.
Бұл жайында академик Д. Лихачев былай дейді: Көркем образды сомдау барысында қолданылған жаңсақтықтар - оқырманның не көрерменнің сол образдың көркем әсерін өзінше толықтыра қабылдау үшін аса маңызды. Көркем шығармадағы әрбір жаңсақ деректер терең зерттеуді қажет етеді. Әрбір суреткердің әр дәуірге қатысты қолданған жаңсақтықтарының көкейкестілігі мен сыйымды мөлшері дәл анықталуы тиіс. Өнердің құрылымы мен құнының бағасы сол зерттеудің нәтижесіне байланысты
Әрине, роман барысында мұндай бүркеншік есімдерді жиі кездестіруге болады. Бұдан М.Әуезовтың өзі өмір сүріп отырған ортаға бейімделе отырып, асқан шеберлікпен ұлы тұлғаларымызды танытуы десек артық айтпаған болар едік.
Қазақ халқының дамуында, әдебиеті мен тарихында ойып орын алатын әділдік пен адамдық үшін мыңмен жалғыз алысқан ұлы тұлға Абайдың жанды бейнесін заманымен қоса қамтып көрсету, данышпан, ойшыл ақынды әр қырынан байыту М. Әуезовті қазақтың ешбір жазушысы түспеген соны жолға апарды.
М. Әуезов жұртшылықты жаңа өскелең биікке ұдайы бағдарлап отыратын рухани ұстаз еді. Оның кез-келген еңбегінде бұрын ешкім айтпаған соны пікір, тұжырым көркемдік келісім кездесіп отыратын: жаңалық іздегіш жұртшылық мүддесінен ол ұдайы шыға білетін. Себебі ол халқының көңіліндегі сұрауын сезіп, түсініп отыратын, әрбір жаңа ойды елдің күткен кезінде айтатын ақыл-ойдың билеушісі болатын.
М. Әуезовтың шығармаларымен бірге қазақтың жазба прозасына терең реалистік, психологиялық сыпат келді. Оған дейінгі... романдарда адамдардың әлеумет майданындағы істері, қайшылықтары ғана айтылып, характер, мінез ерекшелігі, қайталанбас даралығы ашыла бермейтін. Ол адамдардың іші мен тысын диалектикалық бірлікте көрсету дәстүрін негіздеп салды. Осының өзі - М. Әуезовтың туған әдебиетке сіңірген ұлы жаңалығы дер едік... Шығармаларын Мұхтар Әуезовтей осы заманға үндес, мұраттас, етене жақын етіп жаза білген суреткер сирек .
Ғажайып кемел суреткер Мұхтар Әуезовтың Абай жолы роман-эпопеясындағы осындай шебер суреттерге тоқтала келіп, М. Әуезов дәстүрінен сусындаған өзге де қаламгерлер шығармашылығына ауысуды жөн көрдік.
Халық зердесінің қалғи бастаған сәтін оятуға, ұрпақ санасына ұлттық патриотизм қалыптастыруға қызмет істейтін бағытта жанарын тарих тереңіне қадаған батыл жазушы І. Есенберлин еді. Қазақ халқының бес ғасырға жуық тарихының (ХV - ХIХ) көркем шежіресі болған, бірнеше романдарының басын біріктірген, Көшпенділер трилогиясы - әдебиетіміздің қоржынын-дағы асыл мүліктердің бірі. Суреткер өзінің көзқарасын төтелей айтып салмай, оқиғалар мен кейіпкерлерді еркін сөйлеткен.
Осы тұрғыдан келіп тарихи адамдарды көрсетуде М. Әуезов салған сара жол жаңа қадам болып табылады. Алмас қылыш романындағы желі тартқан басты идея - қазақ руларының бірлесу, бір хандық шеңберінде ынтымақ құру идеясы. Романда Дешті Қыпшақтың қаһарлы ханы Әбілхайырдың қарауында келген қазақ хандығы қол астына топталу процесі, бұл құбылыстың себебі мен салдары, бір жағы Әбілхайыр, екінші жағы Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, өздерінің мансаптары үшін халық бұқарасын пайдалану тәсілдері, хан ордасындағы шытырман қайшылық- тар, алдау мен зорлықтар тізбегі романның екі бөлімінде толық баяндалған - деп атап көрсетеді ғалым Р.Бердібаев. Қазақ қоғамындағы осындай өзгерістер жайын кеңінен шежірелейтін Көшпенділер өзінің қамтыған оқиға, қаһарман құрамы, баяндау, суреттеу әдісі жағынан М. Әуезовке тән нағыз шеберліктің үлгісін, заңды жалғасын көреміз.
Тарихи романдарда орын алған өмір шындығы, тарихи шындықты көркем шешіммен бейнелеудегі суреткерлік тереңдігі де М.Әуезов дәстүрі жалғасуының айқын көрінісі.
Шығармада еркін суреттелген ақын-жыраулар (Қотан, Қазтуған, Бұхар) бейнелерінің көркем мұраларын шығарма құрылымына негіз етіп пайдаланудан М. Әуезов дәстүрі тағы да көрініс табады.
Ұлы жазушының суреткерлік шеберлігінің қыр-сырына терең ден қойып, әдебиетте қалыптастырған дәстүрін жалғастырушы қаламгеріміздің бірі Ә. Нұрпейісов еді. Шығарма кейіпкерін психологиялық дәлдікпен бейнелеуде Нұрпейісовтің еңбегі ерекше. Қан мен тер романындағы Еламанның, Мөңкенің, Ақбаланың, Тәңірбергеннің, Төлеудің, Сүйеудің қай-қайсысын алып қарасақ та белгілі мінез иесін танытады. Сонымен бірге Ә. Нұрпейісов романында табиғат суретінің реалистік реңмен құлпыра ойнайтынын атап көрсетуіміз жөн. Теңіздің ыңырана толқын атқан сұсты мезеттерін көрсету кейіпкерлердің де жадау ауыр тіршілігін, ғаріп кедейлігін, сұрғылт болмысын әсерлі аңғартуға септеседі. Ә. Нұрпейісов пейзаждары шығармаға жеке өзіндік мақсатпен алынған міндетті әшекей емес, қаһармандардың көңіл-күйін әрлендіре түсетін жанды суреттер. Мәселен, Еламанның майданнан қайтып, Шалқарға келе жатқанда балалық шағын, дала табиғатын еске түсірген тұсын алып қарасақ, бұған көзіміз жетеді (2, 29 б.).
Бұл тұрғыдан келгенде, адам бейнесін өмір шындықтарымен ұштастыра отырып ашу таланттыға ғана тән әрекет. Кейіпкердің образын жасауда, оның дара тұлғасын қалыптастыруда Әуезовтың қолданған амал-тәсілдері өте мол, жазушы кейіпкердің мінез-құлқын, рухани ішкі әлемін, жалпы бейнесін сомдауда ішкі сөздің түрлері монолог, еске алу, елестету, диалог, портрет пен пейзаж жасаудағы детальдар, кейіпкердің іс-әрекеті мен қимылы т.б. көркем тәсілдерді шебер пайдаланған. Жазушы кейіпкер образын ашуда оның ішкі дүниесін, ой толғанысын терең суреттей отырып, қазақ әдебиетіндегі көркем психологизмді дамытқан. Әуезов кейіпкердің ішкі күйі мен оның сыртқы дүниеге сабақтастығын көбінесе пейзаждың көмегімен, табиғат құбылысы мен оның сан алуан сырларын ашу арқылы берсе, Нұрпейісов те адам жанының шындығын табиғатпен байланыстыра суреттеген. Осындай құбылыстарды тілге тиек еткенде қаламгерлер қаламының көркемдікпен ұштасуы тайға таңба басқандай көрінері хақ.
1960-80 жж. Қазақтың прозалық шығармалары туралы сөз қозғағанда айта кететін мәселелердің тағы бірі - осы жылдары ұлттық болмыс, ұлттық дүниетанымның тарихи-әлеуметтік негіздеріндегі дәстүр жалғастығы сипаты ашылып, жаңа тенденциялар жасалынып, кезеңдік өзгерістер мен қоғамдық қатынастарға орай ұлттық тұлғаның нақты тарихи мәндік көрінісі айқындалып көрсетілді. Сол жылдар прозасы адамгершілік істер, моральдық-этикалық мәселелер, белгілі қазақ қаламгерлерінің туындыларындағы кейіпкер бейнесін ашуда көрініс тапқан көркемдік ізденістердің сабақтастығын көрсетті. Ол М. Әуезовтен бастау алған әдеби дәстүрдің кейінгі қазақ прозасында қолданылу аясының қайта жаңғыруымен, қайтадан ерекше көрініс табуымен ерекшеленеді. Абай жолындағы ұлы тұлға Абайдың ұлттық мінезінің ұлттық рухпен жазылуы Қан мен тердегі Еламан бейнесінен көрінеді.
Мұнда көркем бейнеге тән ерекшеліктерді кейіпкер портреті, іс-әрекеті, оның ішкі психологиясы жайлы автордың өз ойын білдіруі; көркем бейнеге тән ерекшеліктерді өзге кейіпкерді сөйлету арқылы; әдеби бейнені өз сөзін, ішкі толғаныстарын, ой-пікірін (монологын) келтіріп таныту; қаһармандар табиғатын оларды бір біріне қарсы қою әдісімен (диалог, әңгімелестіру арқылы) көрсету. Әуезов қаламынан бастау алған ұлттық мүддені, ұлттық намыс, ұлттық мінез, ұлттық бейнені Ә. Нұрпейісовтің өз кейіпкерлері арқылы аңғартуы азаматтықтың басты белгісі деп білеміз.
Біріншіден, ұлттық прозада жанды дүниелерімен өзіндік көркем дәстүр қалыптастырған қаламгер М. Әуезов - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романына әдеби талдау (образдар жүйесі, портреттер, мінездеу, жазушының тіл шеберлігі, жазушы стилі)жайында
Тарихи шындық бейнеленуінің көркемдік уақыт аясындағы қамтылуы
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
Романның құрылымы және кейіпкерлер жүйесі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ
Кеңестік дәуірде социалистік реализм әдісі талаптарына сәйкес жазылған қазақ романдарын оқытуда алда тұрған міндеттерді айқындау, шешім іздестіру
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романына әдеби талдау
Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаты
Пәндер