Химиялық элементтерді Д.И. Менделеев жасаған периодтық жүйесі



XIX ғасырдың соңында химия ғылымының өте тез өркендеп дамуына Д.И.Менделеев ашқан химиялық элементтердің периодтық заңы себепші болған еді. Егер дүние жүзінде тек Д.И.Менделеев қана элементтерді белгілі бір жүйеге келтіріп, олардың өзгеру зандылықтарын іздеумен айналысты десек біз өте қателесеміз. Оған дейін Батыстың ұлы химиктері (Деберейнер, Ньюлендс, Лотар, Майер) элементтердің және олардың қасиеттері арасындағы заңдылықтарды ашуға тырысты. Олар элементтердің жалпы қасиеттерін не валенттіктерін негіз етіп алды. Сондықтан олар жасаған жүйелерде көптеген қайпылықтар кездесті.
Ал Д.И.Менделеев болса элементтердің қасиеттерінің негізі етіп атомдық массаларды алды да, оларды атомдық массалардың өсу реті бойынша орналастырды. Сонда ол кез келген элементтің қасиеті бірнеше элементтен соң қайталанып отыратынын байқады. Бұл қайталану периодтық түрде болады. Сондықтан Д.И.Менделеев өзінің заңын периодтық заң деп атап (периодтық заңның ашылған күні 1869жылдың 1-наурызы болып есептеледі, оған мынадай анықтама берген.
Химиялық элементтер мен олар түзетін қосылыстардың қасиеттері атомдық массаның өсуіне периодты тәуелді болады.
Мысал ретінде элементтердің мына қатарын қарастырсақ:
...Ғ, Na, Mg...,Cl, K, Ca... Br, Rb, Sr, I, Cs, Ba
19 23 24 35,5 39 40 80 85 87 127 133 137
Бұдан атомдық массалары өскен сайын галогеннен кейін бірден сілтілік металл, одан әрі металдық қасиет бәсеңдейтіні және бұл құбылыс периодты түрде қайталанып отыратыны көрініп тұр. Мысалы, Ғ-дың қасиетін Br,Cl, және I қайталаса, Na-дың қасиетін К, Rb және Cs қайталап тұр. Сонымен қатар қасиеттерінің периодты түрде қайталануын олардың қосылыстарының формалары мен қасиеттерінен де байқауға болады. Мысалы, фтор сутекпен HF

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Химиялық элементтерді Д.И. Менделеев жасаған периодтық жүйесі

XIX ғасырдың соңында химия ғылымының өте тез өркендеп дамуына
Д.И.Менделеев ашқан химиялық элементтердің периодтық заңы себепші болған
еді. Егер дүние жүзінде тек Д.И.Менделеев қана элементтерді белгілі бір
жүйеге келтіріп, олардың өзгеру зандылықтарын іздеумен айналысты десек біз
өте қателесеміз. Оған дейін Батыстың ұлы химиктері (Деберейнер, Ньюлендс,
Лотар, Майер) элементтердің және олардың қасиеттері арасындағы
заңдылықтарды ашуға тырысты. Олар элементтердің жалпы қасиеттерін не
валенттіктерін негіз етіп алды. Сондықтан олар жасаған жүйелерде көптеген
қайпылықтар кездесті.
Ал Д.И.Менделеев болса элементтердің қасиеттерінің негізі етіп атомдық
массаларды алды да, оларды атомдық массалардың өсу реті бойынша
орналастырды. Сонда ол кез келген элементтің қасиеті бірнеше элементтен соң
қайталанып отыратынын байқады. Бұл қайталану периодтық түрде болады.
Сондықтан Д.И.Менделеев өзінің заңын периодтық заң деп атап (периодтық
заңның ашылған күні 1869жылдың 1-наурызы болып есептеледі, оған мынадай
анықтама берген.
Химиялық элементтер мен олар түзетін қосылыстардың қасиеттері атомдық
массаның өсуіне периодты тәуелді болады.
Мысал ретінде элементтердің мына қатарын қарастырсақ:
...Ғ, Na, Mg...,Cl, K, Ca... Br, Rb, Sr, I, Cs, Ba
19 23 24 35,5 39 40 80 85 87 127 133 137
Бұдан атомдық массалары өскен сайын галогеннен кейін бірден сілтілік
металл, одан әрі металдық қасиет бәсеңдейтіні және бұл құбылыс периодты
түрде қайталанып отыратыны көрініп тұр. Мысалы, Ғ-дың қасиетін Br,Cl, және
I қайталаса, Na-дың қасиетін К, Rb және Cs қайталап тұр. Сонымен қатар
қасиеттерінің периодты түрде қайталануын олардың қосылыстарының формалары
мен қасиеттерінен де байқауға болады. Мысалы, фтор сутекпен HF қосылысын
түзсе, хлор, бром, йод та дәл сондай қосылыстар (НСІ, HBr, HI) түзе алады.
Немесе Na элементі оксид Na2O, гидроксид NaOH түзе алса, К, Rb Cs
элементтері де соған ұқсас оксидтер (К2О, Rb2O, Cs2O) және гидроксидтер
(КОН, RbOH, CsOH) түзеді. Бұл қосылыстардың формалары ғана емес, қасиеттері
де бір-біріне ұқсас. Мұндай заңдылықты периодты жүйенің өн бойынан байқауға
болады.
Д.И.Менделеев ашқан заң элементтер қасиеттерінің өзгеруінің табиғи
объективті зандылығы болып табылады. Ал ол жасаған периодтық кесте - осы
табиғи заңдылықтың кескіні.
Д.И.Менделеев осы маңызды ғылыми жаңалықты ашу барысында химияның даму
тарихында айқындалған мына заңдылықтарға сүйенді:
- барлық химиялық элементтерге ортақ өзгермейтін қасиет
- олардың атомдық массалары;
-элементтердің қасиеттері олардың атомдық массаларына периодты түрде
тәуелді болады;
- бұл тәуелділіктің формасы - периодтылық.
Периодтық кестенің қазіргі кезде екі түрі пайдаланылады. Екі түрінің де
құрылысы бірдей. Яғни, кесте 7 периодтан, 8 топтан тұрады. Период деп
сілтілік металдан басталып салғырт (инертті) газдармен аяқталатын
горизонталъ қатарды айтады. Период кіші және үлкен период болып бөлінеді.
Кіші период 8 элементтен, ал үлкен период 18 және одан да көп элементтен
тұрады.
Ұқсас қасиеттеріне сай орналасцан элементтердің вертикалъ (тік) қатарын
топ деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің ашылу тарихы
Д. и. менделеев – ғылым алабы
Периодтық заң
Химиялық, элементтердің периодтық системасы
Атом құрылысы және периодтық заң
Химияның даму деңгейлері
Д.И.Менделеевтің периодтық заңы
Периодтық жүйесінің құрылымы
Периодтық жүйесінің ашылу тарихы
Периодтық жүйенің құрылымы
Пәндер