Сынып жетекшісінің маңыздылығы. Дискуссия


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚР ғылым және білім министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СРО

Тақырыбы: Сынып жетекшісінің маңыздылығы. Дискуссия: 1) Сынып жетекшісі қажет. 2) Сынып жетекшісі қажет емес. (көзқарас, пікірлер, фактілер т. б) .

Топ:П-309

Орындаған:Нұрзат Г.

Тексерген: Тұрғанбаева Б. Ш.

Семей 2015ж.

Жоспар:

  1. Сынап жетекшінің маңыздылығы.
  2. Сынып жетекші қажет(өз пікірім) .
  3. Сынып жетекшінің міндеттері.
  4. Сынып жетекшінің қызыметтері.
  5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Сынып жетекшінің маңыздылығы.

Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақталған ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, балалардың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Ал тәрбиенің негізгі мақсаты -дені сау, ұлттық сана - сезімі, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ожданы мол, іскер, бойында игі қасиеттер қалыптасқан адам тәрбиелеу. Жалпы оқушылардың өмірінде мектептегі тәрбиенің ролі зор. Мектептегі басты тұлға ұстаздың міндеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының жүрегіне жол тауып, оларды тәлім - тәрбиемен сусындату болып табылады. Оқушыға әрдайым сын көзбен қарап, пікір айта білсек, талап қойып, болашаққа ұмтылуға сендірсек, келешекте абзал азамат шығары сөзсіз. Сондай-ақ оқушының қоршаған ортасы, дос- жарандары, құрбы құрдастары иманды, адамгершілігі мол, ізгілікті, елжанды болуы керек. Әрбір баланың бойында еліктеушілік басым келеді, сондықтан әрдайым баланың жанында жүрген жеткіншектерге назар аударуымыз керек. Жалпы мәдениетті тұлғаны қалыптастыруда адамгершілік, эстетикалық, патриоттық, экологиялық, саяси бағыттарды ұстанамыз.

Оқушының бойында осындай қасиеттерді қалыптастыруда сынып жетекшісінің ролі зор. Бүгінгі күні сынып жетекшісі оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы, түрлі іс- шаралар барысында оқушылар арасында ынтымақтастық қарым- қатынасты қалыптастырушы, олардың жеке тұлға ретінде дамуын бақылаушы, оқушының күнделікті өміріне кеңес берер көмекші, сыныпта қолайлы ахуал тудырушы, үйлестіруші.

Қазіргі кезде сынып жетекшісі болу ауыртпашылығы бар, жауапкершілігі мол, қиын да қызықты жұмыс. Оқушылар ұжымын қалыптастыру, оқушының психикалық ахуалын, әлеуметтік тұрмысын жете білу, балаға сенім білдіру және оның көзқарасымен санасу, жаңашыл, ізденімпаз ұстаз - тәрбиеші бола білу сынып жетекшісінің міндеті. Оқушы тәрбиесінде әрбір сынып жетекшісі сыныпта психологиялық- педагогикалық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуі қажет. Ол психологтың көмегімен мониторинг, сауалнама, диагностика, тест түрінде оқушының адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық құзырлылығын, белсенділік деңгейін анықтайды.

Сынып жетекшісі ата - анамен тығыз байланыста болуы керек. Оларды мектепте, сыныпта өткізілетін түрлі іс- шараларға шақырып, жан- жақты әсер етуіміз керек. Жеке, топтық, ұжымдық жұмыстар арқылы бала мен ата-ана арасындағы шынай қасиетті қалыптастыруға болады.

Оқушы - қоғамның белсенді мүшесі, жарқын келешек кепілі. Оқушы мәдениетін қалыптастыру арқылы біз жеке тұлға қалыптастырамыз. Жеке тұлғаның мерейінің асқақтауына отбасы және мектептегі тәрбиенің маңызы ерекше.

Осы қасиеттерді негізге ала отырып ата- аналар, мектеп, ұстаз бірігіп жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін, қоғамдық саяси ой- өрісін байытып, тұлға бойында мәдени құндылықтарды дамытуға тиіспіз. Тәрбие кезеңдеріндегі өзіне тән заңдылықтарын сәтті пайдалану ұрпақ тәрбиесінің жемісті болуының кепілі болмақ.

Қазіргі таңда әрбір баланы ең алдымен, өз ұлтына, мемлекетіне, тіліне деген құрметінің өзі де тәрбиеден басталады. Тәрбие болмаса адам өз келешегіне балта шапқандай. Себебі, сол тәрбие арқылы үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсете білу, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырата аламыз. Тәрбие бірінші отбасынан басталады.

Әкеге қарап ұл өсер,

Шешеге қарап қыз өсер - деп бекер айтылмаса керек.

Осы әке мен шешенің және ұстаздың берген тәрбиесін ой-санасына бағындырған, сол сөздерден нәтиже шығарған бала ерекше болып саналады.

Сол себепті сынып жетекшінің маңыздылығы өте зор деп ойлаймын.

Соңғы уақытта мектеп өмірінің демократияландыруына байланысты сынып жетекшісі қажет пе деген мәселе жиі көтеріліп жүр. Осы себеппен педагогтардың да ой-пікірі, жан-жаққа бөлінуде.

Республикамыздың бірқатар мектептерінде тәжірибе ретінде сынып жұмыстарын ұйымдастыруда сынып жетекшілерінің әртүрлілігі жүзеге асырылуда. Жоғары мектептерде жекелеген сыныптарда өзін-өзі басқарудың дамығандығы соншалықты. Тіпті оқушылардың бастауыш ұжымы жұмысын сынып жетекшісіз-ақ құруға мүмкіндік береді. Сірә, сынып жетекшісі жұмысының әртүрлілігі мәселені тікелей нақтылы мектептер мен сыныптарда шешу керек болар. Кейбір жерлерде, мүмкін, тәрбие процесін сынып жетекшісіз ұйымдастыру да орынды шығар.

Республикамыздың педагогикалық жылдарының және басым көпшілігінің пікірі бойынша бүгінгі күні сынып жетекшісін мектеп өмірінен алып тастау өзін-өзі бастауыш жетекшісінің біліктілігі балалар әлемін терең түсінуге негізделген білім екендігі даусыз.

Ережеге сәйкес, сынып жетекшілікке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімдердің бірі мектеп директорының жарлығымен тағайындалады. Ол тәрбие жұмысын өзіне сеніп тапсырған сынып ұжымымен, сондай-ақ, мектеп әкімшілігі, мұғалімдері, оқушыларының қоғамдық ұйымдары, олардың ата-аналарымен, мектептен тыс мекемелермен, жалпы жұртшылықпен тығыз байланыста іске асыруға бар күш-жігерін жұмсайды.

Сонымен, сынып жетекшінің бірінші меңгеретін, жүзеге асыратын бағдарламасы- ал "Денсаулық" бағдарламасы. Бұл бағдарлама сынып жетекшісі мен педиатрлық, мектеп дәрігерінің тығыз байланыста болуын талап етеді. Мұғалім бұл сонада өзінің білімін жетілдіру қажет. Сынып жетекшісі ата-аналармен бірге дансаулығы нашар оқушының ерекшеліктеріне сәйкес демалу, үйықтау тамақ ішу тәртібін белгілейді.

Балаға қамқорлық қажет ететін келесі өріс - ал қатынас. Осы жағынан кейбір оқушылар мектепте көп қинайды; біреулерін ешкім байқамайды, екіншілерін мазақтайды, ызаландырады, үшіншілеріне күліп, төртіншілеріне ортақ ойынға араластырмайды, бесіншісі қорлық көрсетеді (моральдық жағынан да, күш жағынан да), осындай қолайсыз жағдайға негізінен оқушыларды өзін-өзіне сенбеушілік, психологиялық тұрақсыздық пайда болады. Сондықтан, ондай балалар айналасындағы адамдармен қатынасқа өрескелдіп, дөрекілік, әдепсіздік көрсетеді. Мине осы көрсетілген маселелердің арқасында сынып жетекші міндетті түрде қажет деген пікір білдіремін.

Сынып жетекшісінің міндеттерінің көлемі өте ауқымды. Сынып жетекшісі болу - бұл педагогикалық қарым - қатынасты, ынтымақтастықты жүзеге асыру, толыққанды тұлға дамыту.

Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, негістіріп өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда сынып жетекшілік қызметтісынып мұғалімі атқарады.

Бүгінгі күні сынып жетекшісі - кәсіпкер-педагог, ал өсіп келе жатқан бала үшін;

- Жалпы адамзаттың мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухпни жалғастырушы;

- Сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;

-Оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесін қажетті өзгерістер енгізуі; мектеп психологымен бірігіпоқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік, экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші.

Сынып жетекшісінің негізі мақсаты қоғамның талаптарымен тікелей байланыста, ал әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау, оның потенциалды қабілеттерін ашу, интеллектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау.

Сынып жетекшісінің міндеттерін айқындағанда, мына идеяларды негізге алдық;

Ең "қиын" деген оқушының өзі де жақсы болып, түзеліп кетеді, бірақ оған айналасындағы адамдардың сенімі, сыйластығы, сүйіспеншілігі, көнегі қажет:

Тәрбиелейтін - тәрбие сағаты, ақыл айту, оқушының қателіктерін бетке басу емес, тәрбиелейтін бірігіп атқаратын әрекет, ынтымақтастық қатынастар, бір-біріне деген жьшы сезімдер.

Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері.

Тәрбиеші - өз шәкіртінің көмекшісі, қорғаушысы. Тәрбиеші - педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект-тәрбиешілік жеке дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру бастапқы міндет. Себебі ұйымдастыру қызметі болмаған жерде тәрбиеде болмайды, ал сонымен қатар, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады. Ұғымды ұйымдастыру жеке дамыту-сынып жетекшісінің назарындағы екінші обьектісі мен міндеттері.

Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, орта түсінуіне жағдай жасау-сынып жетекшісінің тәрбиесін ықпалдарының үшінші міндеті.

Кейбір зерттеушілердің пайдалануы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналармен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады екен;

Бірінші топ міндеттері. Олар әлеуметтік міндеттер деп атауға болады. Бұл баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, отбасымен жеке басқа да тәрбиеинституттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.

Екінші топ міндеттерді - диагностикалық - әдептік-этикалық деуге болады. Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс, ұйымдастыру үшін, сынып жетекшісі өз оқушыларын, олардың ерекшелікгерін, дара қасиеттерін білуін керек.

Үшінші топ міндеттерді адамгершілік міндеттер деп атауға болады. Олар баланың жақсылық мен жамандықтың белгілерін ажырата алуына бағытталған, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілігін шешім қабылдай алуына мүмкіндік береді.

Төртінші топ міндеттерді жеке дара практикалық сыныптағы міндеттер деуге болады. Оларға оқушылармен жұмыс ұйымдастырудағы тиімді педагогикалық құралдарды тандап алуы; өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетудегі және педагогикалық көзқараста болады.

Халықтық педагогикалық, кұбылыстарға зерттеушілер ресми педагогикамен халық педагогикасының бірін - бірі толықтыратын, кеңейтіп отыратын өз - ара ықпалы мен шаттастығын дәлелді ашып түсіндіреді. Егер ресми педагогика түрлі әлеуметтік топтардың мүдделері білдіретін саяси, құқықтық, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастардың ықпалы қашанда сезіліп отырса, халық педагогикасы бұл ықпалға ұшырағанмен тұтас алғанда халықтың ойы мен мүддесін ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту жайлы түсінігін білдіреді.

Сынып жетекшінің негізгі қызметі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшісінің маңыздылығы
Жаңа технологияны қолдануда ақпараттық жүйенің әсері
Ұжымды ұйымдастыру әдістері
Ұжымның даму кезеңдері
Дискуссия өткізу технологиясы
Оқушылар ұжымы туралы түсінік
Ағылшын тілі мұғалімдерінің оқу процесінде интерактивті әдістерді қолдануы
Мектептегі тәрбиелік шараларды ұйымдастыру әдістемесі
Жеткіншектердің тіл мәдениетін қалыптастыру мәселесінің практика жүзінде шешілуі
Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың бір формасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz