Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
І Кіріспе.
ІІ Негізгі бөлім
1.Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде.
2."Әдебиет танытқыш" . ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы.
3.Шәкәрім шығармаларының текстологиясы.
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қазақ әдебиетінде шәкәрімтанудың негізін салып, ірге тасын қалаған алаш арыстары Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов сияқты ойшыл қайраткерлері. Шәкәрім¬нің өзінің көзі тірісінде жарық көрген мақалалар. Олар — Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов және Мұхтар Әуе¬зов-тің зерттеулері. Сол шәкәрімтану¬дың алғашқы кезеңінің өзінде Алаш арыстары Шәкәрімнің қазақ мәдение¬тіндегі ерекше орнын атап көрсеткен болатын. Мысалы, Алаш көсемі Ә.Бөкей¬хановтан бастап ақиық ақындар М.Дулатов, С.Торайғыров, белгілі журна¬лист-тарихшы С.Ғаббасов және тағы басқалар өз мақалаларында Шәкә¬рім туралы көптеген жылы пікірлер білдірген. Сонымен қатар, Шәкәрімнің сол кезеңде жазылған өз еңбектерінде де оның ойшыл гуманист ретіндегі тұлғасы анық көрініс тапқан. “Адам баласын алалап бөлуші болма, Адамзаттың бәрі – жақын, туыс” дейді ол. Мысалы, оны Шәкәрімнің алғаш “Айқап” журналы, “Қазақ” газеті ашылып шыға бастағанда тек оларға құттықтау өлең арнап, шы¬ғармаларын жариялап қана қоймай, Алаш көсемдері Әлихан, Ахмет, Мір¬жақыптар құрған “Азамат” серіктестігін Кәкітай және Тұрағұл Құнанбаевтар, Қаражан Үкібаев, Мағат және Хасен Ақаевтармен бірге қызу қолдап мүше¬лік жарна төлеп тұруы, “Айқап” жур¬налы мен “Қазақ” газеті арасындағы ай¬тыс-тартысқа ақсақалдық тоқтау айта¬тыны қоғамдық істерінен анық көруге болады. Олар Шәкәрімнің Абайдан кейін қазақ поэзиясын жаңа сатыға көтеруші екендігін жан-жақты дәлелдеді. Ақынның поэзиясының ерекшеліктерін, дүниетанымының күрделілігін анықтады. Шәкәрім көтерген махаббат мәселесін оның дастандарының мысалында талдады. Мысалы, Әлихан Бөкейханов Шәкәрімнің адам, қоғам, Алла мәселелеріне ерекше назар аударғандығын сөзге тиек етед. Қазақ қоғамының салт-әлеуметтік мәселелеріне қатысты Шәкәрім пікірлерін қуаттайды. Ә. Бөкейханов “Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресіне”, “Қалқаман-Мамыр” поэмаларына жазған рецензияларында Шәкәрімнің творчестволық лабараториясына жоғары баға береді. Осы рецензияларды шәкәрімтанудың бастауы ретінде қарастыруға болады.
1.Қазақ әдебиетінің тарихы.Алматы, 2006. - т. 6. - 249 - 292 бет
2. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
3.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» , 1998 ,VIII том
4. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы
5.Шәкәрімтану мәселелері. - Семей-Новосибирск: Талер-Пресс, 2006. – 440
6.Шәкәрім шежіресі-халық тарихы//Қазақстан коммунисі, 1990. -

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындығы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: 1.Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде. 2."Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы. 3.Шәкәрім шығармаларының текстологиясы.
Орындаған: Әшімханова К.Қ
Тексерген: Еспенбетов А.С.
Топ: КЯ-313
Семей, 2015ж
Жоспар:
І Кіріспе.
ІІ Негізгі бөлім
1.Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде.
2."Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы.
3.Шәкәрім шығармаларының текстологиясы.
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақ әдебиетінде шәкәрімтанудың негізін салып, ірге тасын қалаған алаш арыстары Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов сияқты ойшыл қайраткерлері. Шәкәрім - нің өзінің көзі тірісінде жарық көрген мақалалар. Олар -- Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов және Мұхтар Әуе - зов - тің зерттеулері. Сол шәкәрімтану - дың алғашқы кезеңінің өзінде Алаш арыстары Шәкәрімнің қазақ мәдение - тіндегі ерекше орнын атап көрсеткен болатын. Мысалы, Алаш көсемі Ә.Бөкей - хановтан бастап ақиық ақындар М.Дулатов, С.Торайғыров, белгілі журна - лист-тарихшы С.Ғаббасов және тағы басқалар өз мақалаларында Шәкә - рім туралы көптеген жылы пікірлер білдірген. Сонымен қатар, Шәкәрімнің сол кезеңде жазылған өз еңбектерінде де оның ойшыл гуманист ретіндегі тұлғасы анық көрініс тапқан. "Адам баласын алалап бөлуші болма, Адамзаттың бәрі - жақын, туыс" дейді ол. Мысалы, оны Шәкәрімнің алғаш "Айқап" журналы, "Қазақ" газеті ашылып шыға бастағанда тек оларға құттықтау өлең арнап, шы - ғармаларын жариялап қана қоймай, Алаш көсемдері Әлихан, Ахмет, Мір - жақыптар құрған "Азамат" серіктестігін Кәкітай және Тұрағұл Құнанбаевтар, Қаражан Үкібаев, Мағат және Хасен Ақаевтармен бірге қызу қолдап мүше - лік жарна төлеп тұруы, "Айқап" жур - налы мен "Қазақ" газеті арасындағы ай - тыс-тартысқа ақсақалдық тоқтау айта - тыны қоғамдық істерінен анық көруге болады. Олар Шәкәрімнің Абайдан кейін қазақ поэзиясын жаңа сатыға көтеруші екендігін жан-жақты дәлелдеді. Ақынның поэзиясының ерекшеліктерін, дүниетанымының күрделілігін анықтады. Шәкәрім көтерген махаббат мәселесін оның дастандарының мысалында талдады. Мысалы, Әлихан Бөкейханов Шәкәрімнің адам, қоғам, Алла мәселелеріне ерекше назар аударғандығын сөзге тиек етед. Қазақ қоғамының салт-әлеуметтік мәселелеріне қатысты Шәкәрім пікірлерін қуаттайды. Ә. Бөкейханов "Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресіне", "Қалқаман-Мамыр" поэмаларына жазған рецензияларында Шәкәрімнің творчестволық лабараториясына жоғары баға береді. Осы рецензияларды шәкәрімтанудың бастауы ретінде қарастыруға болады.
Әдебиет танытқыш -- Ахмет Байтұрсыновтың эстетикалық-философиялық танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық танытатын жүйелі зерттеу, қазақ филологиясының орны ерекше зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек.
Ұлттық әдебиеттану ғылымы қазір қолданып жүрген негізгі терминдер, категориялар, ұғымдардың қазақша өте дәл, ықшам, оңтайлы баламаларының басым көпшілігі тұңғыш рет осы зерттеуде жасалғанын ашып айтатын уақыт жетті. Бұл ретте, Ахмет Байтұрсынов -- тіл терминдерін жасауда қандай кемеңгер, данышпан болса, әдебиеттану, өнертану, фольклортану терминдерін жасауда да сондай кемеңгер, данышпан.
Ғасырлар тоғысындағы қоғамдық-экономиканың қалыптасуы, жаңа үкіметтің орнығуы, халықты жаппай сауаттандыру үшін оқу-ағарту шаралары жедел жүзеге асырылған кезең. А.Байтұрсынұлының әдеби-эстетикалық тұжырымдары мен әдебиеттегі жүйелеуге қосқан үлесі туралы әдебиеттанушы-ғалымдар: ХХ-шы ғасырдың басын-да әдебиеттану салада нақты іс атқарған, өзгелерге үлгі көрсеткен А.Байтұрсынұлы болды дейді.
Оның Әдебиет танытқыш атты еңбегі-ұлттық әдебиеттанудың әлемдік ғылымдағы зерттеулерге-деңгейлес, әдеби ұғым түсініктердің тұңғыш рет ұлттық ұғымға лайықталған, арнайы пән сөздері жарияланған ғылыми зерттеу екенін айтады. Академик З.Қабдолов 1988-шіжылы ғалым есімі, ақталғаннан кейін, А.Байтұрсынұлының әдеби мұрасы хақында Әдебиет танытқыш -- тұңғыш қазақы трактат, әдебиет теориясының басы екенін, кітаптың қадірі мен қасиеті, тарихи мәні мен маңызы кешегі кеңес кезінде бұрмаланғанымен, әлем ғалымдары арасын-да ғылыми тұрғыдан мойындалған ғылыми зерттеу еңбек екендігін ашып жазды, бүгінгі таныммен талдап таратты.Академик Р.Нұрғали Күлтегін баспасынан жарық көрген өзінің Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры атты зерттеу-еңбегінде Әдебиет танытқыштың қазір Алматыда сақталған кітаптарының соңғы беттері жыртылғандықтан, еңбектің тексті түгел берілмей отыр.
Зейін салған кісі, аңғарса керек, А.Байтұрсынов былай дейді: ұстасу шығармалар қайраткердің түріне қарай үшке бөлінеді: 1) әлектеніс; 2) азаптаныс; 3)әуреленіс. Осылардың біріншісі -- әлектеніс пен үшіншісі әуреленіс тал-данады, ал екіншісі -- азаптаныс жоқ. Сондықтан сақталған кітап бойынша болашақта Әдебиет танытқыштың" толық текстін табу міндеті тұр, тағы бір мәселе әр түрлі жанрлық формаларды талдап болғаннан кейін А.Байтұрсынов әр жерде бұларды нұсқалықтың пәленше нөмірлерінен қара деп ескертеді. Ендеше „Әдебиет танытқыш" оқулық, оның хрестоматиясы -- нұсқалығы да болған ғой. Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны . Қысқасы, Ахмет Байтұрсыновтың ұлы еңбегі „Әдебиет танытқыш" төңірегінде әлі-декөп зерттеулер жүргізу керек деген толғақты ойын әдебиеттанушы ғалымдарға арнайды .
Шындығында, қазақ әдебиеттану ғылымына негіз болған бұл зерттеу еңбектің келешекте арнайы кешенді түрде зерттейтін өзекті тақырып. Еңбектегі әдеби терминдер бұл күні әдбен халықаралық терминдерге бой алдырған әдебиеттану ғылымының сөздік қорын қазақыландыруға септігі тиер еді. Академик Р.Нұрғалиұлы: „Әдебиет танытқыш" әдебиеттанудың әлемдік терминологиялықстандарт-деңгейіне көтеріліп, шет сөзді араластырмай,қонымды, ықшамды, бір-бірімен сабақтас, ұйқас, ұялас ұғымдардың тұтас ұлттық қазақы жүйесін жасап берді.
Олардың басым көпшілігі автор репрессияға ұшырап, кітаптың тыйым салынғанына қарамастан әдеби тілге кіріп кетті. Интернационализм дегенді желеу етіп, шет тілді зорлап ендіру науқаны тұсында әдебиеттанудың да шұбарланғанық.Әрине қазір роман, лирика, драманы ұзақ әңгіме, толғау,айтыс-тартыс деп өзгерту мүмкін болмас, бірақ А.Байтұрсынұлы жасаған бірталай терминдер, сөздер қолдануға сұранып тұр дейді .
Әдебиетші-ғалым Т.Кәкішұлы Әр дарынның тарихта өз орны бар атты мақаласындағы А.Байтұрсынұлының сол жылдары егемендікке ұмтылудың, азаттық алудың бірден-біржолы оқу мен білім алып, ой-сананы дамытуда екендігін жете ұғынып, оны белгілі дәрежеде ағымға айналдыруға мұрындық" болғандығына баса көңіл бөледі [54]. Қазақ елінің болашағы үшін қаламымен күрескен қайраткердің қоғамдық белсенді қызметі мен публицистикалық еңбектері, ғылыми зерттеулеріндегі пікірлері ғалымның осындай қорытындыға келуіне негіз болды.
Әдебиет танытқыш туралы, ондағы атаулар мен терминдердің қазақ әдебиетінің барлық ұғым-түсінігіне сай келетінін айтып, зерттеуші: Мұндай еңбек бізде бұған дейін-де, бұдан кейін-деқайталанған жоқ. Ол -- әдебиет теориясы мен әдебиеттану ғылымының міндет-парызын қатар атқарып, біздің алдыңғы, ағаларымыздың эстетикалық сауатын ашуға мұрындық болған жүйелі оқулық. Ондағы анықтамалар мен терминдердің өзі күні бүгінге шейін біздің ғылыми арсеналымыздан орын алатын құнды қағидалар мен атаулар. Көркемдік әлеміндегі сөз өнерінің сай-саласын ұғындыратын „Әдебиет танытқыш"- қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған өміршең қондырғы-фундаментдеген қорытындыға келеді.
Әдебиеттанушы Т.Кәкішұлы ғалымды қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған зерттеуші ретінде бағалайды. Ол қаламгер еңбектерінен нақты мысалдар келтіре отырып, тарихи деректер негізінде пайымдаулар жасайды. 2000-шы жылы қаламгердің бұрын-соңды ғылыми ортаға таныс емес Қалам қайраткерлерінің жайынан деген мақаласын жариялады. Зерттеуші бұл мақаланы көпшілікке таныстырып отырғандағы мақсатын: ...мұндай мұраларды жариялау бізге керек...
Кешегісіз бүгін жоқ, бүгінгісіз ертеңнің кірпіші қаланбайды. Ұрпақтар сабақтастығы дегеніміз-де, міне, осы дейді. Әрі осы мақалының астарынан бәле іздеген өз қандастарымыз, Ахметті партиядан шығарып тынғанынан мағлұмат береді. Десе-де бұл тарихи маңызы зор мақала Ахаңның азаматтығын айқын танытқан, интернационалистерді үркітіп, айғай-шу шығарған, ұлтшылдықтың манифесі деген баға береді әдебиеттанушы ғалым Т.Кәкішұлы.
Орыс ғалымы А.Байтұрсынұлының Әдебиет танытқышын жеке дара алып қарастырмаса да, анықтамалығында әдебиет теориясын жазғанын айтты. Жалпы, көркем өнер, оның ішінде әдебиеттің барлық болмысы мен бітімін, көркем шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін анықтау жолында ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірді ғылыми бір жүйеге түсірген, әдебиет теориясына ұлттық сипат дарытуда терминдердің қазақша мағынасын тапқан автордың жан-қиярлық еңбегінің жемісі деп тұжырым жасаған.
Қорыта айтқанда, Әдебиет танытқыш -- қазақ әдебиеттану ғылымының алғашқы іргетасын қалаған қондырғы.2007 жылы -- Ұ.Еркінбаев Ахмет Байтұрсынұлының „Әдебиет танытқышы" ХХ ғасыр басындағы әдебиеттану контексінде , 2010 жылы -- А.Ойсылбай Ахмет Байтұрсынұлының „Әдебиет танытқышындағы" сөз өнері мен поэтика мәселелері кандидаттық диссертациялар қорғалып, нәтижесінде ғылыми негізде тұжырымдалған ой-танымдар мен соны ұсыныстар әдебиеттануға жаңа арна болып қосылды .
Әдебиет әлеміндегі әфсаналары ұлт басылымы Қазақтың тұңғыш санын шығарғанда, осы газеттің бас редакторы А.Байтұрсынұлы былай деген екен: ...Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға, ұмтылу керек.Ол үшін ең алдымен әдебиет тілін өркендету керек.Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз.Бұл мәселеде біздің халымыз оңды емес.Осы күні орыс школы мен татар мектептерінде оқып шыққандар қазақ тілінен алыстап барады.Бұл, әрине, жаман әдет.Егер тілге осы көзбен қарасақ, табиғат заңына бағынбай, біздіңата-бабаларымыз мың жасамаса, ол уақытта тілмен-де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен-де мәңгі қоштасқанымыз деп білу керек.Егер оны істегіміз келмесе, осы бастан тіл, әдебиет жұмысын қолға алып, өркендететін уақытымыз жетті.Осы айтқандарының үдесін бірінші болып өзі үлгі-өнеге, жол көрсетті.Оған айғақ -- оның қаламынан шыққан: Қырық мысал (1909, 1913,1922), Маса (1911,1914, 1922) жинақтары мен фольклорлық мұрасы Ер Сайын (1923), 23 жоқтау (1926).
Шәкәрім шығармаларының текстологиясы
Абай мектебінің үздік өкілі, ақын, жазушы, философ, тарихшы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық өмірбаяны жайында көптеген зерттеу еңбектері мен мақалалар жарияланды. Артына Үш анық секілді терең философиялық толғау, Түрік, қырғыз һәм хандар шежіресі атты тарихи мұра қалдырған ғұламаның шығармалары теңдесі жоқ ұлттық игілік.
Ақынның әдеби мұрасы әр қырынан қарастырылып, зерттелу үстінде. Бұл орайда М.О.Әуезов, М.Бөжеев, Қ.Мұхамедханов, Ш.Сәтбаева, Р.Нұрғали, З.Ахметов, Р.Бердібаев, Н.Ғабдуллин, З.Қабдолов, Ғ.Есім, Ш.Елеукенов, М.Мағауин т.б. зерттеушілер еңбегі ерекше елеулі.
Шәкәрімнің шығармашылық өмірбаяны бүгінде зерттеу еңбектерінің нысанасына айналып, жаңа кезеңнің дәстүрлі үрдісі ретінде көрініс беріп отыр. Шәкәрім поэзиясының қоғамдық өмір мен табиғат құбылыстарын көркем оймен қабылдаудағы және жеткізудегі көркемдік танымы мен тарихилығы өзара тереңнен тамырласып жатқан тақырыптық-идеялық, эстетикалық, философиялық ізденістері мен даму жолдары, стильдік, тілдік, бейнелеу амал-тәсілдері, ақындық өрнектерінің қалыптасуы жайында зерттеу жүргізу - қазақ әдебиеттану ғылымындағы көкейкесті мәселе.
Шәкәрім - өзінің жарты ғасырдан астам уақытқа созылған шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Төңкеріске дейін, яғни 1912 жылы Семейдегі Жәрдем баспасынан Шәкәрімнің Қазақ айнасы, Қалқаман - Мамыр, Жолсыз жаза, яки кез болған іс, Еңлік - Кебек атты кітаптары жарыққа шығады. Ақынның жекелеген шығармалары сол кездегі қазақ баспасөзінде жарияланды. Шәкәрімнің Физулиден аударған Ләйлі - Мәжнүн дастаны Ташкенттегі Шолпан журналының 1922-1923 жылғы бірнеше санында басылды. Одан кейін бұл поэма С.Сейфуллиннің бастыруымен 1935 жылы Алматыда Ләйлі - Мәжнүн деген атпен жарияланды. А.С.Пушкиннен аударған Дубровский әңгімесі жеке кітап болып басылды. Бұл әңгіме 1935 жылы орыс ақынының қазақ тіліндегі таңдамалы өлеңдерінің жинағына енді. А.С.Пушкиннің Шәкәрім аударған Боранын Б.Кенжебаев 1936 жылы Әдебиет майданы журналының 2-ші санында жариялады. Ақынның бір топ өлеңдері 1978 жылы Ленинградта шыққан М.Мағауин құрастырған Поэты Казахстана жинағында жарияланды.
Осындай мол мұра қалдырған Ш.Құдайбердіұлы шығармашылығы көркемдік құралдарды қолдану амал-тәсілдері жағынан талдауды қажет етеді.
Ақын ана тілінің образдық, суретшілдік қуатын сұңғылалықпен сезініп, ішкі мүмкіндіктерін, ішкі ағыс-астарларын, қыртыс-қабаттарын мейлінше молынан аша алған. Оның интеллектуалдық мәдениеті, өнерпаздық қабілеті, өмірлік, көркемдік тәжірибесі, ересен ғылыми ізденістері - поэзияда жаңашылдық рухқа, өшпес өрнектерге, сан қилы сирек кестелерге бой ұруына, әрі соншалықты құпия, күрделі тоқылуға бейімдеді. Сондықтан да өлең-жырларында қисынды логикалық сөйлемдермен қатар, әдеттен, дағдыдан тыс мағыналық жағынан түсінуге ауыр сөйлемдер мен сөздер, символикалар, жұмбақ аллюзиялар мен метафоралық мәні ала-бөтен сөз-образдар шаш етектен, - дейді С.Негимов [1, 272-б]. Сондықтан Шәкәрімнің сөз қолданысындағы көркемдік шеберлігін зерттеу жұмысымыздың басты нысанасы болмақ.
Тақырыптың өзектілігі. Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлттық поэзия тарихындағы орны ерекше. Ақынның әдеби мұрасы соңғы жылдарда әр қырынан талданып, зерделенуде. Дегенмен, Ш.Құдайбердіұлының поэзиялық шығармаларында көркемдегіш-суреттегіш құралдардың қолданылуына, көркемдік шеберлігіне қажетті деңгейде барынша назар аудару, зерттеу, тексеру - қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселесі.
Диссертациялық зерттеуде Шәкәрім шығармаларындағы образдық-метафоралық ерекшелік пен құрылымын талдап тексеруді - негіз етіп алдық. Қоғамдық, саяси-әлеуметтік жағдайларды жырлауда Шәкәрім өзіндік ерекшелік танытады. Ұлы Абай бастаған топтың бел ортасында тұрған ақын - Абай дәстүрін жалғастырушы әрі жаңғыртушы, сондықтан да шығармашылық жолдағы ізденіс үстіндегі, өлеңдеріндегі бейнелілік-көркемдік сонылық танытады. Диссертациялық жұмыста Шәкәрім шығармаларындағы бейнелілік сырлары мен көркемдік тәсілдері таразыланды.
Жұмыстың өзектілігі мен зәрулігі ақынның шығармаларынан көрінетін тілдегі көркемдегіш құралдардың, троптардың қолданылуы мен шығарма табиғатындағы көркемдік ерекшелікті айқындаумен сабақтас болады.
Зерттеу деңгейі. Диссертациялық жұмысқа зерттеу нысаны ретінде алып отырған мәселеніңнің өзектілігі Ш.Құдайбердіұлы поэзиясының көркемдік құрылымының бүгінгі күнге дейінгі зерттелу деңгейіне арнайы тоқтала отырып, пайымдалғаны көрсетілді. Белгілі ғалымдар мен қаламгерлердің ат салысуымен ақынның өмірі мен шығармашылық жолына, әдебиеттану ғылымында алатын орны туралы ауқымды еңбектер жазылды. Дегенмен ақын поэзиясының көркемдік құрылымы негізінде сөз қолдану амал-тәсілдері мен көркемдегіш құралдарды пайдалану деңгейінде жүйелі қарастырылған зерттеу еңбектері әлі де көріне қойған жоқ.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Шәкәрім шығармаларында кездесетін тіліміздің образдық, суретшілдік, өлең өрнегінің түрленіп құбылуы, ақынның тілдің көркемдегіш құралдар қызметін жете түсініп, көркемдеп, әсерлі, жетік, мәнерлі қолдана білуі жеке зерттеуді, көп ізденісті қажет етеді.
Осы жоғарыда аталған мәселелер аясында зерттеу жасай отырып, алдымызға қоятын мақсатымыз: Шәкәрім шығармаларының көркемдік ерекшелігі мен ақын шығармаларында көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін саралау. Сол көркемдегіш құралдар арқылы өлең өрнектерінің түрленуінде өзі өмір сүрген орта мен қоғамның сипатын әсерлі бейнелей білуіне көз жеткізу. Шәкәрімнің ақындық даналығы мен даралығын белгілейтін, поэзиясының көркемдігі мен суреттілік сырларының тереңдігін, рухани байлығын, қиялының ұшқырлығын, қабылдау қабілетінің жоғары екендігін дәлелдейтін осынау күрделі құбылыстардың шығармаларында керемет көрініс тауып, өзіндік бағыт-бағдар алуы мен көркемдік нақыстар туғызуына негіз болғандығын байқадық. Сондықтан зерттеу барысында алдымызға мынандай мақсат, міндеттер қойылды:
:: дәстүрлі ақындық шеберліктің ақын шығармаларында көрінуі, көне үлгілердің жаңарып, жаңғыруы;
:: өлең кестесіндегі көркемдегіш құралдардың, бейнелі сөздердің қызметі, алатын орны. Метафора, теңеу, эпитет, метонимия, кейіптеу секілді тілдік, образдық, бейнелі сөздерді қолданудағы амал-тәсілдері;
:: образдық-бейнелілік жүйесіндегі жаңалықты құбылыс, күрделі абстракциялық тілі, сөздердің сымбат-көркін ашуы;
:: шығармаларының стилистикасы, сөздік құрамы, фразеологизмдер, поэзиялық синтаксисі, әуендік ерекшеліктері;
:: шығармаларындағы көркемдік компоненттер үйлесімі, олардың бір-бірімен өзектес құбылыстар екендігі;
:: ақын шығармаларындағы көркемдік ерекшеліктердің, түрлі сөз қолданыстарының табиғат, қоғам, жеке адам өмірін сипаттауда алатын орны.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы болып Шәкәрім шығармаларындағы көркемдегіш құралдардың қолданылуы. Тілді байытар, көркем шығарманы шырайландырар тәсілдер ұшан-теңіз. Сол амал-тәсілдердің, тілдік-көркемдегіш құралдардың Шәкәрім шығармаларында қолданылуы, ақынның сөз құбылту, түрлендіру, суреткерлік шеберлігі алғаш рет зерттеу нысанына алынып отыр.
Жұмыстың зерттелу көзі - ақын шығармаларының көркемдік ерекшелігін, сөз өрнектерін талдау болмақ.
Шәкәрім ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының өміріндегі оқиғаларға, қоғамдық құбылыстарға қызу үн қосты.
Өрісі кең, өресі биік, толғауы терең өз замандастарынан озық тұрған Шәкәрім өзі пайымдаған тарих тағылымын келер ұрпаққа қазақы рух арқылы жеткізуге саналы түрде барады. Бұл - ақынның бір ерекшелігі болмақ. Осы ерекшелік оның көркемдік дүниетанымының дұрыс қалыптасуына көмектесті. Сондықтан да Шәкәрім терең білім, көп оқу-ізденіспен құбылыс пен болмыстың барша сырын жан-жақты қарастыру арқылы біліктілік аясын кеңейтті. Кеңейтіп қана қойған жоқ, өзінше пайымдау жасады, сол парасат-пайымды өзінше саралады, көркемдеп, әсірелеп айтуға тырысты. Шығармаларына өзгеше сипат, әсем суреттеу, көрнекті көркемдік берді. Қоғамдық құбылыстарды, әлеуметтік-саяси жағдайларды шұрайлы тілмен, көркем сөзбен дұрыс қорытынды жасай алатын саналылыққа жетті.
Зерттеу барысында Шәкәрім шығармалары бойынша 2145 (екі мың бір жүз қырық бес) картотека жиналды. Мысалдардың барлығы дерлік ақынның Алматыдағы Жазушы баспасынан 1988 жылы жарық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz