Физикалық шамалар, олардың бірліктері және шкалалары жайлы ақпарат



1. Физикалық шама
2. Физикалық шаманың өлшем бірлігі
3. Физикалық шамалардың шкалалары
Физикалық шама - бұл сапа тұрғысынан бірнеше физикалық нысанға, сандық тұрғыдан әрбір физикалық нысанға жеке болатын физикалық нысанның (физикалық жүйенің, кұбылыстың немесе үдерістің) сипаттамасы.
Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз - оны өлшем бірлігі ретінде алынған біргекті басқа бір шамамен салыстыру.
Физикалық шамаларды арнайы аспаптардың көмегімен өлшейді. Ең карапайым өлшеу құралдарының бірі - сызғыш. Оның көмегімен қашықтықты және денелердің сызықтық мөлшерін: ұзындығын, енін, биіктігін елшейді.
Өлшемдерді кең түрде қолдану:
- бір жүйеден басқасына бірлік ауыстыруға;
- есептеу формулаларының дұрыстығы тексеруге;
- шама туынды өлшемдерінің өзгеруі негізгі шамалар өлшемдерінің өзгеруін бағалауға мүмкіндік береді.
Физикалық шама мәні - қабылданған бірлікпен физикалық шама өлшемін сандық түрде өрнектеу.
Физикалық шаманың нақты мәні — тәжірибелік жолмен алынған және шынайы мәнге өте жақындатылған, өлшеу барысында шынайы мән орнына қолданылатын физикалық шама мәні.

2. Физикалық шаманың өлшем бірлігі

Физикалық шаманың өлшем бірлігі - бұл шартты түрде сандық мәні бірге тең деп алынған белгіленген мөлшердегі физикалық шама.
Өлшем бірліктері кейбір нәрселерді сандық түрде өрнектеу қажет болғанда, мысалы, сусымалы және сұйық заттардың санын, қашықтық, процесс сипаттамаларын өрнектеу үшін пайда бола бастады. Көпем, ұзындық, масса өлшемдері пайда болды.
Алғашында өлшем бірліктер оларды жаңғырту үшін мөлшермен байланысты болды. Өлшенетін шаманың өлшем көпемі мөлшермен жаңғыртылған шама көпеміне тең болады. Өйткені бір бірлік өлшенетін шаманың үлкен және кіші мөлшерін өлшеу үшін қолайсыз болды, өзара еселі және бөлшектік қатынасты бірнеше бірліктер қолданылды, сонымен қатар бұл қатынастардың әртүрлі коэффициенттері де қолданылды.

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Физикалық шамалар, олардың бірліктері және шкалалары

Тексерген:Рахимова Ш.М.

Орындаған: Ахметова А.

Тобы: ОП-215

CЕМЕЙ – 2015

Мазмұны:

1. Физикалық шама

2. Физикалық шаманың өлшем бірлігі 

3. Физикалық шамалардың шкалалары

1. Физикалық шама

Физикалық шама - бұл сапа тұрғысынан бірнеше физикалық нысанға,
сандық тұрғыдан әрбір физикалық нысанға жеке болатын физикалық нысанның
(физикалық жүйенің, кұбылыстың немесе үдерістің) сипаттамасы.
Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз - оны өлшем бірлігі ретінде алынған
біргекті басқа бір шамамен салыстыру.
Физикалық шамаларды арнайы аспаптардың көмегімен өлшейді. Ең карапайым
өлшеу құралдарының бірі - сызғыш. Оның көмегімен қашықтықты және
денелердің сызықтық мөлшерін: ұзындығын, енін, биіктігін елшейді.
Өлшемдерді кең түрде қолдану:
- бір жүйеден басқасына бірлік ауыстыруға;
- есептеу формулаларының дұрыстығы тексеруге;
- шама туынды өлшемдерінің өзгеруі негізгі шамалар өлшемдерінің өзгеруін
бағалауға мүмкіндік береді.
Физикалық шама мәні - қабылданған бірлікпен физикалық шама өлшемін
сандық түрде өрнектеу.
Физикалық шаманың нақты мәні — тәжірибелік жолмен алынған және шынайы
мәнге өте жақындатылған, өлшеу барысында шынайы мән орнына қолданылатын
физикалық шама мәні.

2. Физикалық шаманың өлшем бірлігі

Физикалық шаманың өлшем бірлігі - бұл шартты түрде сандық мәні бірге
тең деп алынған белгіленген мөлшердегі физикалық шама.
Өлшем бірліктері кейбір нәрселерді сандық түрде өрнектеу қажет болғанда,
мысалы, сусымалы және сұйық заттардың санын, қашықтық, процесс
сипаттамаларын өрнектеу үшін пайда бола бастады. Көпем, ұзындық, масса
өлшемдері пайда болды.
Алғашында өлшем бірліктер оларды жаңғырту үшін мөлшермен байланысты болды.
Өлшенетін шаманың өлшем көпемі мөлшермен жаңғыртылған шама көпеміне тең
болады. Өйткені бір бірлік өлшенетін шаманың үлкен және кіші мөлшерін
өлшеу үшін қолайсыз болды, өзара еселі және бөлшектік қатынасты бірнеше
бірліктер қолданылды, сонымен қатар бұл қатынастардың әртүрлі
коэффициенттері де қолданылды.
Ғылым мен техниканың дамуына байланысты шамалардың бірліктерінің өлшемін
жасауда қолданылатын физикалық нысандардың қасиеттері тұрақтылық пен
жаңғыртушылық талаптарына сай келмеді. Бұл бірліктердің табиғи
өлшемдерінен бас тартуға алып келді. Метрикалық өлшемдерді жасауға көшті,
ұзындық пен массаның бірлігі - метр мен килограммның заттық эталондары
жасалды (мысалы, ұзындықтың бірлігінің табиғи дәл өлшемі - Жер меридианы
бөлшегінің ұзындығы).
Ары қарай, ғылымның дамуы мен өлшем дәлдігіне деген талантардың артуына
байланысты адамның қолымен жасалған эталондар масса мен ұзындық бірлігінің
жоғары дәлдікпен сақталуы мен көшірілуін қамтамасыз ете алмайтыны
анықталды. Физикалық шамалар бірлігінің тура және сенімді жаңғыртылуы мен
сақталуы үшін қолдануға болатын физикалық құбылыстарды зерттеу басталды.
Монохроматты жарық толқынының ұзындығын қолдана отырып ұзындықты өлшеу
мүмкіндігі анықталды, ол дәлдікті он есе арттырды. Бірақ кейінірек мұндай
дәлдік те жеткіліксіз болды және жоғары дәлдікке жету үшін зерттеулер
жүргізілді.
Сонымен, шама өлшем бірліктерінің дамуын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады.
Бірінші кезеңде шаманың өлшем бірлігін еркінше таңдалған табиғи
немесе антроломорфты шамамен байланыстырған. Өлшенетін шама бірлігінің
мөлшері жаңғыртылатын шама мөлшеріне теңестірілген.
Екінші кезең табиғатпен жаңғыртылған шама бірлігінен бас гартумен
және жасайды, заттай эталондарға (метрге, килограммға) өтумен сипатталады.
Үшінші кезеңде физикалық шамалар бірліктерінің дамуы анықталды. Шама
бірліктерінің жасанды эталондары ғылым мен техника талаптарына сай
жаңғыра, сақтала және беріле қамтамасыз ете алмайтыны анықталды. Физикалық
константалар мен жоғары тұрақты қүбылыстарды қолдану физикалық шама
бірліктерін жаңғырту дәлдігін арттыруға мүмкіндік берді. Қазір метр
мөлшері вакуумдағы жарық жылдамдығы арқылы анықталады. Мұндай тәсіл бізді
физикалық шамалардың табиғи бірлігіне жақындатты.
Жекелеген физикалық шамалар бойынша бір кезеңнен келесі кезеңге ауысу
әлі де орын алуда.
Апайда масса бірлігі екінші кезеңде қалған. Масса бірлігі ретінде
алғашында судың текше дециметрінің массасы алынған, казіргі кезге дейін
масса бірлігі килограммның жасанды эталондарымен - 1889 жылы дайындалған
платина-иридийлі гирлермен анықталады. Килограммды анықтау басқа
бірліктермен байланыссыз, бұл бірлік тәуелсіз болып қалады.Жоғарыда
айтылғандай, алғашында физикалық шамалардың бірліктері бір-бірімен
байланыссыз ерікті таңдалды. Мысалы шынтақ I Генрихтің скилетр
ұзындығымен сәйкес келді, көп елдерде кеңінен қолданылатын ұзындың бірлігі
фут - Ұлы Карлдың табан ұзындығына тең болды.
Әр мемлекетте және тіпті әр қалада өзіндік бірліктер жасалды. Ф.Энгельс
атапөткендей, сол Уақытта Германияның құрамына көптеген ұсақ мемлекеттер
кіргендіктен елде жүздеген өлшемдер мен шамалар болған. Бір бірліктерді
басқа бірліктерге аудару өте күрделі болды және өлшеу нәтижелерінің
кателігінің артуына әкеліп соқтырды. Одан басқа, әртүрлі еқбек салалары өз
бірліктерін жасады. Осының барлығы ғылым мен техниканың дамуын тежеді.
1872 жылы метрикалық жүйенің эталондары жөніндегі Халықаралық комиссия
шартты материалды эталондар негізіндегі масса және ұзындық бірліктеріне
көшу туралы шешім қабылдады.
1875 жылы 17 мемлекет (соның ішінде Ресей) Метрикалық конвенқияға қол
қойған дилломатиялық конференция өтті. Ол бойынша:
- метр мен килограммның халықаралық эталондары қабылданды;
- өлшемдер мен шамалардың Халықаралық бюросы кұрылды;
- өлшемдер мен шамалардың Халықаралық комитеті кұрылды;
- өлшемдер мен шамалар бойынша Бас конференцияны алты жылда бір рет шақыру
бекітілді.
Платина мен иридий қоспасынан метр мен килограммның үлгілері жасалды.
1889 жылы Парижде өлшемдер мен шамалар бойынша I Бас конференция
өткізіліп, онда дайындалған үлгілерден метр мен килограммның халықаралық
эталондары бекітіліп, олар өлшемдер мен шамалардың Халықаралық бюросына
сақтауға берілді. Қалған дайындалған метр мен килограмм үлгілері жеребе
бойынша Метрикалық конвенцияға қол қойған мемлекеттерге таратылды. Ресей
екі эталондық метр (№ 11 и № 28) және екі эталондық килограммға (№ 12 и №
26) ие болды. № 28 Мстр және № 12 килограмм Ресейдің мемлекеттік
эталондары ретінде бекітілді. Сөйтіп, 1899 жылы халықаралық метрикалық
өлшемдердің бекітілуі аяқталды.
Ол уақытта Ресейде метрикалық өлшемдерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физикалық шамалар, олардың бірліктері және шкалалары туралы
Физикалық шамалар, олардың бірліктері және шкалалары жайлы
Физикалық шамалар, олардың бірліктері және шкалалары
МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨЛШЕУ Оқу құралы
Өлшеу қателіктері және өлшеу құралдары
Қысымды өлшеу техникасы
Квалиметрия - сапаны сан жағынан бағалау
Мүліктік кешеннің құны
Өлшем құралдары және олардың жіктелуі
Шамаларды өлшеу
Пәндер