Табиғатты ұтымды пайдалану негіздері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар. В. И. Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары. Өндірістің өсуі және қоршаған ортаға түсетін салмақтың артуы. Табиғи ресурстардың классификациясы. Адамзат қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу проблемасы. Табиғатты ұтымды пайдалану негіздері .

Дайындаған: Әбуова А.

Тобы: ХН-501

Тексерген: Жексенаева А. Б.

Семей - 2015

Жоспар:

І. Кіріспе

1. 1 Табиғатты ұтымды пайдалану негіздері

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Табиғи ресурстардың классификациясы

2. 2 Биогеохимиялық циклдар. В. И. Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары.

ІІІ. Қорытынды

1. 1 Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылығы дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар. Қазақстанның табиғатты қорғау жөніндегі заңдары. Еліміздің табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтежесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды. 1962 жылғы 16 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақстан табиғатын қорғау» туралы жарлығы шықты. Жарлықта пайдалы қазбаларды, суды (жер беті мен жер асты сулары), ормандар мен құстар, атмосфералық ауа, топырақ, сирек ландшафтылар және тағы басқаларды қорғау қарастырылды. Жарлықта қосымша арнайы нұсқау жазылып, онда әр түрлі табиғат байлықтарын пайдалану, орман, топырақтың құнарын сақтау, ауа мен су қоймаларын қорғау, балық аулау мен аңшылық туралы ережелер бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы» Жарлығы - 2003 жылы 3 желтоқсан күні Астанада қабылданды. Осы жарлықта бүгінгі ғаламдық және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге елдің экологиялық дамуы жөніндегі мемлекеттік шаралардың кешені айқындалды.

Табиғатты қорғау мәселесіне қазірде де зор көңіл бөлінуде. Халықаралық табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша әр елде табиғат қорлары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктердің түрлері есепке алынған. Біздің елде «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылған. Мұнда аңның 21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен торғайлардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері «Қызыл кітаптан» алынған.

Табиғатты қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдаланудың екі бағыты бар: мемлекеттік және жалпыхалықтық . Мемлекеттік бағыт тиісті заңдармен, әрі үкіметтің қарарларымен анықталса, ал жалпыхалықтық бағыт өзінің тікелей қатынасуымен және қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады. Табиғатты қорғау ісіне тікелей қатынасудың қажеттілігі. Республика табиғатын қорғау ісіне барлық азаматтар ат салысуы тиіс. Табиғатты қорғау саласында арнайы кұрылған ұйымдардың ішінде Қазақстанның Табиғат ко¬митеті көрнекті орын алады. Бұл комитет табиғатты қорғау саласындағы ғылыми мекемелер мен ұйымдардың жұмысын үйлестіріп, бір мақсатқа бағыттал, республикалары экологиялық дағдарысты шешуге жұртшылықты жұмылдырады. Елімізде Табиғат қорғау қоғамы жұмыс істейді.

Табиғат қорғау саласында әсіресе қоғамның жас мүшелерінін белсенділігі ерекше. Олардың көмегімен республикада жыл сайын көптеген бақтар мен саябақтар ірге көтереді, ондаған тонна мәдени өсімдіктердің түқымдары мен дәрі-дәрмектік өсімдіктер жиналады. «Құстар күнін», «Орман мен бақ айлығын», «Сабан той» өткізу мектеп өмірінде дәстүрге айналған. Көптеген мектептерде «Жас орманшы», «Су сакшыларының» штабтары құрылды, республикада «мектептік орман шаруашылықтары» жұмыс істейді. Республика табиғатын корғауға тікелей қатынасып, әр азамат материалдық жөне эстетикалық маңызы бар табиғи ортаны сақтауға, көркейтуге өз үлесін қосады.

2. 1 Табиғи ресурстар - адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің жиынтығы. Оларға ауа, күн, жел, су, жер, орман, табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар және т. б. жатады.

Табиғи ресурстардың бірінші белгісі - олардың түрі. Бұл белгіге сәйкес олар табиғи құбылыстар (күн энергиясы, жел, мұхиттардағы су деңгейінің көтерілуі мен судың қайтымы), өсімдіктер әлемі, жануарлар әлемі, табиғи заттар (су, ауа, топырақ) және пайдалы қазбалар (мұнай, алтын, т. б. әртүрлі рудалар) болып бөлінеді. Сонымен қатар пайдалы қазбалар пайдалануға дайын (көмір, бағалы тастар, тұз) және өңдеуді қажет ететін (мұнай, синтетикалық тыңайтқыштар) болуы мүмкін.

ресурстардың екінші белгісі - олардың қоры. Бұл белгісі бойынша оларды сарқылатын және сарқылмайтын деп бөледі.

Сарқылмайтын табиғи ресурстар - табиғатты ұзақ пайдалану кезінде саны мен сапасы өзгермейтін немесе аздап қана өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер. Мұндай ресурстарға Күн энергиясы, жел энергиясы, қозғалыстағы су энергиясы, жер қойнауы энергиясы жатады. Қоршаған ортаның ауасы мен суы саны бойынша өзгермеуі мүмкін, бірақ адамның тіршілігі барысында сапасы төмендеуі әбден мүмкін. Бұл табиғи байлықтар қазіргі таңдағы техника мен технологияның көмегімен (су, шаң, газ тазалау, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық шаралар) сарқылмайтын бола алады.

Сарқылатын табиғи байлықтар - табиғатты пайдалану барысында саны мен сапасы өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер.

Үшінші классификациялық белгі - сарқылатын табиғи байлықтардың орнына кайта келуі. Бұл белгісі бойынша сарқылатын байлықтардың мынадай түрлері бар:

- қалпына келетін -өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер әлемі;

- қалпына келмейтін - миллиондаған жылдар бойы жер қойнауында түзілген пайдалы қазбалар (қара, түсті, асыл және сирек кездесетін, радиоактивті металдар рудалары, мұнай, газ және т. б. ) ;

- салыстырмалы қалпына келетін - пайдалануға қарағанда орнына қайта келуі баяу жүретін ресурстар (құнарлы қара топырақ, үлкен жастағы ағаштар - секвойя, баобаб және т. б. ) .

Сонымен қатар бұл құбылыстардың қандай масштабта: планетада, үлкен аймақта (континент), жеке географиялық ауданда немесе белгілі бір экожүйеде жүріп жатқанын ескерген жөн. Мұндай әртүрлі масштабта қарастыру кезінде табиғи байлықтың бір түрі сарқылатын да немесе сарқылмайтын да болуы мүмкін.

2. 2 «Биогеохимия» терминін В. И. Вернадский енгізді. «Био» - тірі организм-дерге, «Гео» - тау жыныстарына, топыраққа, ауаға, суға жатады.

Биогеохимиялық айналым - бұл химиялық элементтердің, протоплазма-ның барлық негізгі элементтерінің сыртқы ортадан тірі организмге және қайтадан сыртқы ортаға айналуы. Бұл процеске экожүйенің биотикалық та, абиотикалық та бөлігі қатысады.

Экожүйелердегі заттар ағындарының маңызды қасиеті олардың циклділігі болып табылады.

Заттар айналымында екі бөлікті немесе екі қорды ажыратады:

1. қол жетпейтін (резервтік) қор - негізінде тірі организмдермен байланыссыз қрзғалатын заттың үлкен массасы; биотикалық фазадан өтпейді (мысалы, көміртектің резервтік қоры - бұл атмосферадағы, мұхиттағы, атқылаған тау жыныстарындағы, кальций карбонаты, көмір, мұнай түзілім-деріндегі органикалық емес қосылыстар) ;

2. қол жетерлік (айырбас) қоры - организмдер мен олардың тікелей қоршаған ортасы арасындағы жылдам айырбасты сипаттайтын кірі, бірақ аса активті қор; заттар биотикалық фазаға енгізілген (мысалы, көміртектің айырбас қоры - бұл активті көміртек массасы, ол көмірсулары бар фотосинтез процесінде ассимиляцияланады, сонан соң өсімдіктердің тыныс алуына қайта жұмсалады) .

Жалпы алғанда биосфера үшін биогеохимиялық айналымдарды екі негізгі түрге бөлуге болады:

1. атмосферада немесе гидросферада резервтік қоры бар газ тәрізді заттар;

2. жер қыртысында резервтік қоры бар жауын-шашын циклі.

Биосферадағы негізгі биогенді заттар айналымдарын қарастырамыз.

Су айналымы . Су - кез келген тірі организмдер құрамындағы қажетті зат. Негізгі масса - су планетада гидросферада шоғырланған. Су қоймалары бетінен булану атмосфералық ылғал көзін білдіреді; оның шықтануы жауын-шашындар тудырады, су ақырында олармен мұхитқа қайтып келеді. Бұл процесс Жер бетіндегі судың үлкен айналымын құрайды.

Жеке экожүйелер шегінде үлкен айналымды күрделілендіретін және оның биологиялық маңызды бөлігін қамтамасыз ететін процестер жүзеге асырылады. Қағып алу процесінде өсімдік жауын-шашын бөлігінің жер бетіне жеткеннен бұрын атмосфераға булануына мүмкіндік туғызады. Топыраққа жеткен жауын-шашын суы оған сіңеді және не топырақ ылғалы түрлерінің бірін түзеді, не беттік ағындыға қосылады; жартылай топырақ ылғалы капиллярлар бойымен үстіңгі бетке көтерілуі және булануы мүмкін. Ылғал топырақтың аса терең қабаттарынан өсімдіктер тамырларымен сіңіріледі; оның бір бөлігі жапыраққа жетеді және атмосфераға транспирацияланады.

Эвапотранспирация - бұл судың экожүйеден атмосфераға жиынтық берілуі. Оған физикалық буланатын су да, өсімдіктермен транспирацияланатын ылғал да кіреді. Транспирация деңгейі әр түрлер үшін және әр түрлі ландшафт-климаттық аймақтарда әр түрлі.

Егер топыраққа сіңген судың мөлшері оның ылғал сыйымдылығынан жоғары болса, ол грунттық сулар деңгейіне жетеді және олардың құрамына кіреді. Жер астындағы ағынды топырақ ылғалын гидросферамен байланыстырады.

Сонымен, судың экожүйелер аралығындағы айналымы үшін қағып алу, эвапотранспирация, инфильтрация және ағынды процестері аса маңызды.

Жалпы алғанда, су айналымы көміртектен, азоттан және басқа элемент-терден айырмашылығында судың жинақталмауымен және тірі организмдерде байланыспай, экожүйелер арқылы шығынсыз дерлік өтуімен сипатталады; экожүйе биомассасын қалыптастыруға жауын-шашындармен түсетін судың тек 1%-ға жуығы ғана пайдаланылады.

Көміртек айналымы . Табиғатта көміртек көптеген түрлерде, соның ішінде органикалық қосылыстар құрамында бар болады. Осы элементтің биогенді айналымының негізінде жатқан органикалық емес зат, - СО 2 көмірқышқыл газы. Табиғатта көмірқышқыл газы атмосфераның құрамына кіреді, сондай-ақ гидросферада ерітілген күйде болады. Көміртек фотосинтез процесінде органикалық заттар құрамына кіреді, оның нәтижесінде СО 2 және Н 2 О негізінде қант түзіледі. Әрі қарай биосинтездің басқа процестері осы көмірсуларды аса күрделілерге (крахмал, гликоген), сондай-ақ протеидтерге, липидтерге және т. б. түрлендіреді. Осы қосылыстардың барлығы фотосинтез-дейтін организмдер трактарын құрып қана қоймай, сонымен бірге жануарлар мен жасыл емес өсімдіктер үшін органикалық заттар көзі болады.

Тыныс алу процесінде барлық организмдер күрделі органикалық заттарды тотықтырады; бұл процестің соңғы өнімі, СО 2 , сыртқы ортаға шығарылады, онда фотосинтез процесіне қайта қатыстырылуы мүмкін.

Тірі организмдер тіндерінің құрамында көміртек бар органикалық қосылыстары олар өлген соң организмдермен - редуценттермен биологиялық ыдырауға ұшыратылады, оның нәтижесінде көміртек көмірқышқыл түрінде айналымға қайта түседі. Бұл процесс топырақтық тыныс алудың мәнін құрайды.

Көміртектің көп бөлігі мұхиттарда болады. Атап айтқанда атмосферадағы СО 2 мөлшері осы көміртекке байланысты болады. Мұхит ауадан көмірқышқыл газының артығын жұтады, оның нәтижесінде карбонаттық және бикарбонаттық иондар түзіледі. Кері процесс те бар болады, оның барысында көмірқышқыл газы мұхиттардан атмосфераға бөлінеді. Сонымен, мұхит СО 2 концентрациясын атмосферада индустриализация факторы (СО 2 атмосфераға лақтырыстары, ормандарды кесу) араласпағанша сақтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындарда экологияны қорғауды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері
Экологиялық құқық
Табиғатты пайдалану құқығы түсінігі
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
Халықаралық экологиялық құқықтық жауапкершілік»
Табиғат ресурстарын төлемді пайдаланау
ҚР табиғатты қорғау туралы заңдары
Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.
Табиғатты пайдалану құқығының тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz