Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау



I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жануарлардың барлық түрін тасымалдауында ветеринариялық.санитариялық бақылау
2.1.1. Жүру кезінде және келу стансасында жануарларды ветеринариялық.санитариялық бақылау
2.1.2. Құс, түбітті аңдар, жабайы жануарлар, аралар, балықтарды тасымалдау кезіндегі ветеринариялық.санитарлық бақылау
2.2. Жануарлардан алынған өнімдерді тасымалдау кезінде ветеринариялық.санитариялық бақылау
III. ҚОРЫТЫНДЫ
VI. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Темір жол көлігімен ауыл шаруашылық жануарлар мен құстардың барлық түрлерін тасымалдауға ұсыну «Жөнелтушінің қоса берілген құжаттары» деген бағанында көрсете отырып, жүкқұжатқа қосымшасымен және ветеринарлық қадағалау саласындағы тиісті уәкілетті органдар берген ілеспе құжаттар болған кезде жүзеге асырылады. Вагондап жөнелтілімдермен жануарларды тиеу, түсіру кірме жолдарда жүргізіледі.
Жануарларды тасымалдау алдында ветеринарлық бекеттің вет инспекторы 2-3 күн бұрын жүк жөнелтуші шаруашылығына барып, келесі шараларды өткізеді: аймақтық саулығын; құжаттардың дұрыс ресімделуін тексереді; жануарларды клиникалық қарап, термометрия өткізеді; азықтар, төсеніш, суару жабдықтарын, сапалы болуын тексереді; жолсеріктермен әңгіме кеңес өткізеді. Осы зерттеу нәтижелері бойынша акт толтырылып, жануарларды арту стансасына жөнелтуге рұқсат береді.
Жөнелтуші 3-5 күн бұрын жануарларды көліктік азық режиміне көшіреді.
Жөнелтілетін жануарларға ветеринарлық куәлікті шаруашылықта жұмыс атқаратын ветеринарлық дәрігер жүк жөнелтушіге тапсырады.
1. А. Б. Бегенова, А. Н. Жұмақаева, Б. С. Майқанов. «Шекара және көліктердегі ветеринариялы-санитариялық бақылау». Алматы, 2014 жыл.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 149 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру ережесі».

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті

CӨЖ
Тақырыбы: Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау

Орындаған: Бейбитбаева Н. Е.
Тексерген: Оразалиева С. Б.
Топ: ВС-203

Семей, 2015 жыл
Мазмұны:
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жануарлардың барлық түрін тасымалдауында ветеринариялық-санитариялық бақылау
2.1.1. Жүру кезінде және келу стансасында жануарларды ветеринариялық-санитариялық бақылау
2.1.2. Құс, түбітті аңдар, жабайы жануарлар, аралар, балықтарды тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитарлық бақылау
2.2. Жануарлардан алынған өнімдерді тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық бақылау
III. ҚОРЫТЫНДЫ
VI. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

I. КІРІСПЕ
Темір жол көлігімен ауыл шаруашылық жануарлар мен құстардың барлық түрлерін тасымалдауға ұсыну Жөнелтушінің қоса берілген құжаттары деген бағанында көрсете отырып, жүкқұжатқа қосымшасымен және ветеринарлық қадағалау саласындағы тиісті уәкілетті органдар берген ілеспе құжаттар болған кезде жүзеге асырылады. Вагондап жөнелтілімдермен жануарларды тиеу, түсіру кірме жолдарда жүргізіледі.
Жануарларды тасымалдау алдында ветеринарлық бекеттің вет инспекторы 2-3 күн бұрын жүк жөнелтуші шаруашылығына барып, келесі шараларды өткізеді: аймақтық саулығын; құжаттардың дұрыс ресімделуін тексереді; жануарларды клиникалық қарап, термометрия өткізеді; азықтар, төсеніш, суару жабдықтарын, сапалы болуын тексереді; жолсеріктермен әңгіме кеңес өткізеді. Осы зерттеу нәтижелері бойынша акт толтырылып, жануарларды арту стансасына жөнелтуге рұқсат береді.
Жөнелтуші 3-5 күн бұрын жануарларды көліктік азық режиміне көшіреді.
Жөнелтілетін жануарларға ветеринарлық куәлікті шаруашылықта жұмыс атқаратын ветеринарлық дәрігер жүк жөнелтушіге тапсырады.

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жүру кезінде және келу стансасында жануарларды ветеринариялық-санитариялық бақылау.
Жөнелту стансасы жолсеріктерге жүру құқы бойынша куәлік береді, ал жөнелтуші жол бағыттық журнал береді, онда жануарлар қайдан, қайда бара жатқаны, азықтар мөлшері, өзге мәліметтер жазылады. Уақыт бойынша арту нормасы 1-1,5 сағат, вет маманы арту актін тиісті формада, жөнелтуші мен арту стансасы өкілдері және аға жолсерік қатысуымен толтырады, актіге жолсеріктер тізімі және оларға бекітілген вагондар нөмері тіркеледі. Бір данасын көліктегі ветбекеттінде сақтайды, екінші данасын жолсерікке тапсырады, ол оны келіп жететін стансада табыс етеді. Мемлекеттік көліктегі ветеринарлық бекет қызметінің ветеринарлық инспекторы диспетчерлік қызмет арқылы жануарлар бар вагондардың жылдам қозғалуын талап ете алады.
Жемшөп пен төсенiш мал және құстармен бiрге вагондарда тасымалданады және олар жемшөп сөрелерiне немесе вагонның есiк аралық кеңiстiгiне салынады. Жемдер (сұлы, ұн, ұн қалдығы, жарылған жем) қапқа, ал шөп пен сабан буылған түрiнде салынады.
Жаз уақытында жануарларды жолда тәулiгiнде 2 мезгiл, ал қыс уақытында 1 реттен кем емес суарады, аз мөлшерде жиі суарып отырған жөн.
Темiр жол мекемелерi белгiленген стансаларда мал суаруға су беруi керек. Су беретiн және осы жөнiнде қызмет көрсететiн стансалардың тiзiмiн қызмет жүк иесi және жүк тасымалдаушының (темiр жол мекемесi) арасында келiсiледi.
Жолсерiктерiмен жол бойы вагондарды тазалау, темiр жол мекемесi бастығының бекiткен стансаларында жүргiзiледi.
Вагондарды тазалау жөнiнде қызмет көрсететiн стансалардың тiзiмiн жүк артушы мен жүк тасымалдаушының (темiр жол мекемесi) арасындағы келiсiм бойынша жасалынады.
Поезд жүріп келе жатқанда қиды лақтыруға тыйым салынады.
Төсеніш ретінде сабан, торф, ағаш үгінділері қолданыла алады, құм қолдануға болмайды.
Ауру жануарлар байқалған сәтте және жануарларды ерекше жағдайда тасымалдаған уақытта жол бойында вагондарды нәжiстен тазалауға тыйым салынады.
Жол бойында егер өлген ауру, нашар мал және құстар болса, мемлекеттiк ветеринарлық қадағалаудың ветеринарлық инспекторы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қолданады. Жолда жануарды союға тыйым салынады.
Жануарлардың өлекселерін түсiретiн стансалар тiзiмiн мемлекеттiк ветеринарлық қадағалаудың келiсiмiмен, магистральдiк темiр жол жүйелерiнiң операторы анықтайды.

Келіп жету стансасына келген соң, жануарларды ветмаманы қарап, веткуәліке нәтижелерін тіркейді. Түсірілген асыл тұқымды жануарлар күйі жайлы акт толтырылады. Жануарларды қабылдаушыға көліктегі ветбақылау мамандары қарап, қорытынды жасаған соң жібереді де, стансадан 12 сағат ішінде алып кетеді.
Жануарлар мен құстар тиелген вагондар стансаға түсiрiлуге келсе, онда станса бұл жөнiнде мемлекеттiк ветеринарлық қадағалаудың ветеринарлық инспекторына және жүк алушыға немесе экспедиторлық компанияға, егер жүк солар арқылы тасымалданса, хабар бередi.
Жануарлар мен құстар мемветқадағалау ветинспекторымен түсiрiлуге белгiленген мерзiмде зерттелуi тиіс. Жалғыз келген мал мен құс стансада ветеринарлық бақылау бекетi болса тексерiледi, болмаған жағдайда жүк алушыға тексерусiз берiледi.
Жануарлар мен құстар түсiрiлiп болған соң, жүк алушы нәжiс пен төсенiштiң қалдықтарын вагонның есiкаралық кеңiстiгiне жинауға мiндеттi (3-санаттық вагондардан басқа). Вагондар нәжiс үйiлгеннен соң, санитариялық өңдеуге жiберiледi.
Келiп жатқан вагондардың санының көптiлiгiне және жергiлiктi жағдайларға байланысты нәжiс және төсенiш қалдықтарын жинау үшiн станса бастығы жүк алушының сұрауы бойынша қосымша уақыт белгiлей алады. Бұл уақыт жаз айында 30 минут, ал қыс айында 1 сағаттан аспауы керек.
Егер орнатылған тәртiпке қарай карантин туралы хабарландырылса, темiр жол бастығы мал мен құсты белгiленген тәртiпке байланысты тиеуге және тиеуін шегеру туралы хабар бередi. Жануарлар мен құстарды басқа жерге жiберуге ҚР АШМ ветеринария мекемесінің келiсiмi керек.
Тексеру кезінде ауру және жұқпалы ауруға күмәндi жануарлар мен құстар табылса, ветеринарлық жiберу құжаттарында көрсетiлген мәлiмет дұрыс болмаса немесе бұл құжаттар мүлдем болмаса, шекарадағы ветеринарлық бекеттiң ветеринариялық инспекторы станса және кеден өкiлдерiмен бiрге акт жасап, ал мал мен құстарға шекарадағы ветеринарлық бекеттiң ветеринарлық инспекторы нұсқауымен ветеринарлық-санитарлық шаралар қолданады.

2.2. Құс, түбітті аңдар, жабайы жануарлар, аралар және балықтарды тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау.
Құстарды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері. Құстарды темір жол көлігімен сирек тасымалдайды.
Артар алдында ветеринарлық қарау өткізіледі.
Құстарды жақын қашықтықтарға торда тасымалдаған жөн (300 км), алыс болса бос ұстап барған дұрыс.
Құстарды тәулігіне 3 рет азықтандырады, бір басқа тәулігіне 1-1,5л су қажет.
Төсеніш ретінде сабан не ағаш үгінділері қолданылады, төсенішті күнде жаңартып отыру керек.
Құстар түрі
Бір вагонға тиілген құс саны, бас
Ересек тауықтар
850-1050
Балапандар
2500
Үйректер
400
Қаздар
200

Жүру кезінде құс ауырып қалған жағдайда, оны сау құстардан оқшаулап, кезекші мал дәрігерін шақырады, ал өлексесін арнайы жәшікке салып, келіп жету стансасында тапсырады.
Құсты, жабдықтарды, азық қалдықтарын тапсырып-қабылдау қабылдап-тапсыру актісімен орындалады.
Құс вагон келіп жеткенде 12 сағат ішінде тапсырылуы керек.
Түбітті аңдарды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері. Аңдарды тасымалдар алдында сальмонеллез, лептоспироз, обаға қарсы егіп, гельминттерден босатады (дегельминтизациялайды). Түбітті аңдарды вагондардағы торларда ересектерін жеке, ұсақтарын 2-3 тен тасымалдайды.
Торларды 3-4 қабатқа қояды. Еденге қара қағаз немесе өзге ылғал өткізбейтін материал төселеді (нәжіс, зәр). Есіктер мен люктарды темір тормен қаптайды. Қара күзен, бұлғын, түлкі, күміс қара түлкі, ақ түлкі күз қыс айларында, ал қояндар мен саз құндыз жыл бойы тасымалданады.
Негізгі азықтары: ет, дәндесін азық, көкөністер, ет бөлігін, ет-сүйек ұнымен айырбастауға болады, тасымалдаудың алғашқы тәуліктерінде жаңа мұздатылған фаршты қолдануға рұқсат беріледі. Саз қүзенді жаңа шабылған шөппен азықтандыруға тыйым салынады, 3 рет азықтандырады, су еркін беріледі, сондықтан су қоры болу керек.
Түбітті аңдарды күту үшін әр вагонға жоғарғы білікті жолсеріктері тағайындалады.
Жабайы жануарларды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері. Жабайы жануарларды тасымалдауға мұқият әзірлену керек және ветеринарлық бақылау қатаң болуы тиіс. Жабайы жануарлар қолайсыз жағдайларға өте сезімтал, сондықтан оңай ауырып қалады.
Тасымалдауға дені сау, 30 күн оқшауда болған жануарлар жіберіледі. Жабайы жануарлардың қапаста тамақтануға үйренгендігіне, ветеринарлық өңдеуден өткеніне көз жеткізу керек. Оларды арнайы берік торларда тасымалдайды. Олар бір қатарда қарап, күтіп, азықтану үшін орын қалдырып орналастырады, торларды жақсылап бекітеді.
Ірі жыртқыштар салынған торларды (барыс, жолбарыс, сілеусін, гиена) ұсақ және тұяқтылардан жеке орналыстырады. Азықтандыру жеке рацион бойынша оны жөнелтуші құрайды, оларды тасымалдауға дейін қалай азықтандырса, солай азықтандыру қажет.
Жабайы жануарларды күту, азықтандыру үшін бір вагонға екі жолсерік тағайындалады. Тасымалдау алдында (3-4 күн бүрын) олар арнайы дайындықтан өту керек. Жол жүру кезінде ауырған, жарақаттанған жануарлар болса, жедел түрде хабарлайды да, көмек көрсетеді.
Араларды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері. Араларды омартада не фанер жәшіктерінде көктемгі, жазғы, күзгі кезеңдерде тасымалдайды. Жабық вагондарда тасымалдағанда, омартамен жәшіктерді бірнеше қабатта орналастырады, желдету тесіктері жабылмайды, әрі жүріп тұру орны қалады, берік тұрақты болу үшін тақтайшалармен шегелейді.
Төртдіңгекті омартаға арту нормасы - 100-120 дана, 6-рамалы қаңқалы жәшікке - 200, бірқаңқалыға - 380 көп емес. Мұздық вагондарда омарталар мен жәшіктерді мұзды камералардан 0,5 м қашықтықта қояды.
Оптималды температурасы 80С, ауыспалы кезеңде сыртқы ауа температурасы 100С аспайтын кезде тасымалдайды.
Вагондарда мұнай өнімдері, өзге жағымсыз иісті заттар, химиялық заттар болмауы керек. Шайқалыс, соққы, діріл араларды мазасыздандырады, осы жайтты артып, түсіру кезінде есте ұстау керек.
Өзімен бірге саңылауларды жабу үшін балшық, пластелин, термометр, түтіндіргіш, шелек, тор жабынды, шеге, балға, қапшық алып жүреді.
Тасымалдау мерзімі мен тізімін жөнелтуші тағайындайды.
Балықтарды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері. Өзендерге енбейтін тек теңіз суына бейімделген теңіз балығын тірі күйінде тасымалдамайды. Тірі балық пен балық өрбіту материал (уылдырық) өсіру мен климатқа бейімдеу үшін арнайы жабдықталған аэрацияланатын вагондарда тасымалдайды.
Тасымалдауға арналған тірі балықты аурулардан сау, сау емесіне қарамастан, 5% тұзды ерітіндегі ваннада өңдейді.
Тасымалдауға арналған су таза және балық ауланған су қоймасынан болуы керек, ондағы оттегі концентрациясы 5-8 мгл, тасымалдау үшін хлорланған су алуға болмайды. Су реакциясы бейтарапты және жартылай сілтілі болуы керек.
1кг тірі балыққа 15-35 л су, температурасы жазда 6-80С, көктемде, күзде 3-50С болуы керек. Су температурасына байланысты тірі балықты вагон резервуарында көксерке мен табан 3-5 тәулік тасымалдауға төзімді сазан 5-10, бекіре 7-10 тәулік ұстайды.
Жолда су оттегімен қанықтырылуы керек. Су неғұрлым жылы және оттегі болса, соғұрлым тасымалдауды нашар көтереді. Тірі балықты тасымалдау вагондары, жолаушылар поезді құрамына кейде жүрдек поезд құрамына енеді. Жолда балық аурулары анықталғанда, оларды ары тасымалдайды, ал келіп жету стансасында жеке су қоймасына жіберіледі, мұнда комиссиялық акт толтырылады.
Келіп жету стансасында тірі балықты арнайы автомашина түсіреді. Балық тасымалдайтын суды, су қоймасына құюға тыйым салынады, келіп жеткен балықты карантиндік тоғандарға жіберіп, 30 күн орта тәуліктік +120С-да ұстайды.
Балық өсіру материалын бірден су қоймасына жібереді. Вагондарды арту және одан түсіру уақыты шектелмеген.

2.3. Жануарлардан алынған өнімдерді тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық бақылау.
Ет және ет өнімдерін темір жол көлігімен тасымалдау ережелері. Ет және ет өнімдерін темір жол көлігімен тасымалдау ерекшелігі сапасын сақтай отыра, жылдам жеткізуде. Оларды жеткізу үшін арнайы тоңазытқышты көлік-машинамен суытылған және электрмен жылытылатын изотермиялық вагондар, сонымен қатар мұзды-тұзды суытылатын мұздақ вагондар, рефрижераторлы вагондар пайдаланылады.
Мұздатылған 30т дейінгі етті артып, түсіруге 3 сағаттан көп емес, суытылғанша 2 сағат көп емес уақыт жіберілуі керек.
Ет, ет өнімдерінің әр партиясын ветеринарлық дәрігер қарау керек, ол бұлшық ет қабаты температурасын барлық орындардың кем дегенде 5% тексереді. Стандарт бойынша еттің термиялық күйіне сәйкесуі керек.
Жеткізілу стансасының және жүк қабылдаушы өзгеруі тек көліктегі мемветқадағалау келісімімен және егер жол жүру барысында, мекен-жай өзгеруі орын алса көлік мемветқадағалау орындарына хабар етілуі керек.
Тасымалдауға тағайындалған барлық ет және ет өнімін көліктегі вет қызмет сақтау орындарында және арту кезінде қарайды.
Ет пен ет өнімдерінің сапалығы туралы көзқарастар сәйкеспеуі және тасымалдауға тыйым салу туралы туындалатын барлық жағдай туралы көліктегі мемветқадағалау тиісті түрде акт толтырылуы керек.
Жол жүру барысында ет пен ет өнімдері сапасын сақтау үшін оларды дұрыс артудың үлкен мәні бар, оны көліктегі мемветқадағалау мамандары қатаң бақылаулары керек.
Тыс-қорапсыз тасымалданатын, мұздатылған етті тығыз қабаттап алдын ала едендегі торлы төсенімдер салып, іргеге картондар салып артады, суық ауа алмасуын қамтамасыз ету үшін торлар мен ірге арасында саңылаулар қалдырылады.
Мұздатылған етті, субөнімдерімен қоса тасымалдау кезінде мұзға арналған үңгілі қабырғалары бар мұздақ вагондарда оларды оған жақын орналастырады.
Суытылған және суыған етті вагондарға ілмектерге бір-біріне жанаспайтындай етіп іледі.
Сиыр жартыұшаларын оң бөліктері вагон есігінен бір жаққа, сол бөліктері бір жаққа қарайтындай етіп іледі, ал ішкі жақтары вагонның ені бойына қарайтындай болуы керек, сиыр еті төрттіктері мен қой ұшаларын 2 қабаттап іледі, екіншісін біріншісіне жіппен іледі. Жарты ұша мен көлемді төрттіктерді шахмат тәртібінде іледі.
Суыған етті жазды күндері жеке нұсқамалар бойынша, қысты күндері сыртқы температурасы 0С төмен жағдайда тасымалдайды.
Бір вагонда мұздатылған және суытылған ет өнімдерін тасымалдауға тыйым салынады.
Пайымдай келгенде, ет пен ет өнімдерін темір жол арқылы тасымалдаған кездегі негізгі мақсат арту кезіндегі температурасы, түсіру кезіндегідей болуы керек.
Жету орнына келген соң вагондар жылдамырақ босатылуы тиіс. Мемветқадағалау вагондар келерден 1 тәулік бұрын хабар алуы керек. Түсіру кезінде ветмамандары жүк жағдайының, веткуәліктегі деректерге сәйкестігін анықтайды.
Егер жүктер бүліну белгілерімен немесе сапасы төмендеп жетсе, темір жол коммерциялық акт толтырады да, темір жол немесе жүк жөнелтуші күшімен сараптау жасайды. Бұл үшін тауарлы сараптамашылар, ветеринарлық-санитарлық қадағалау сарапшылары және қызығушылық тудырмайтын бөгде ұйым өкілдері шақырылады.
Сараптау 24 сағат ішінде өткізіледі, коммерциялық акт негізінде толтырылған сараптама актіне мұздақ вагонда өнімдерді тасымалдау туралы деректер, ал рефрижераторлы вагондарда тасымалданғанда, температура журналы көшірмесі тіркеледі. Сараптау коммисиясы актіде бүлінудің нақты себебі мен дәрежесін, бұзылған жүк салмағын, шығын көлемін көрсетуі керек.
Тауарлы балық пен балық өнімдерін тасымалдау. Тауарлы балық пен балық өнімдеріне ветеринарлық куәлік жазылмайды, ал сапа туралы куәлік толтырылады, онда стандарттық талаптарға сәйкестігі, қораптау, тыстау мерзімі көрсетіледі.
Темір жол арқылы балық суытылған, мұздатылған, тұздалған, суық түрде қақталған, кептірілген, салқындатылған және тірі тауарлы түрінде тасымалданады.
Суытылған балықты ағаш жәшіктерінде немесе құрғақ бөшкелерде тасымалдайды, олардың түбіне таза ұсақ етіп үгітілген мұз төселінеді. Жәшік пен бөшке түбіне еріген мұз ағуы үшін тесіктер жасалады. Суытылған балықтың омыртқа тұсына дейінгі бұлшық ет қатпаршығы,температурасы -1 ден 50С дейінгі шамада болуы керек, сапа туралы куәлікте белгілер қойылады.
Мұздатылған балықты -60С -80С тасымалдайды. Мұздатылған балықты тек қораптарда тасымалдайды, ал ыстық ысталған балықты тасымалдауға болмайды.
Жұмыртқаларды тасымалдау. Балауса жұмыртқаларды тез бүлінетін өнім сияқты тасымалдайды. Балауса жұмыртқалар 20С-та төмен емес мерзім температурасы 30 тәуліктен артық емес сақталады. Тоңазытылған жұмыртқаларға 30 тәуліктен артық сақтағандар жатады. Жұмыртқа бүлінуін көбіне қабығы астында өсетін зеңгі саңырауқұлақтары тудырады. Сондықтан сақтау камерасының ылғалдылығына аса назар аудару керек. Бір айдан астам сақтағанда аударып отыру керек. Көктемде басылған жұмыртқа ұзақ сақтауға келмейді.

III. ҚОРЫТЫНДЫ
Жануарлар мен құстарды вагондарға (-дан) тиеу және түсіру малды тиеу платформаларымен жабдықталған станцияларда жүргізіледі. Жануарларды көпшілік пайдаланатын платформалардан немесе траптар бойынша алаңдардан тиеуге (түсіруге) жол беріледі.
Жануарлар мен құстарды вагондарда тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде жануарларды азықтандыруға, суаруға арналған жабдықтарды, жануарларды күтуге арналған құралдарды жүк жөнелтуші ұсынады.
Теміржол көлігімен тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын жануарлар мынадай тәртіппен орналастырылады:
1) жылқылар вагонның көлденең бойына паралелльді, бастарымен есік аралық кеңістікке қарай, жолсерік жүруі үшін ортаңғы қатарда шеткі қатарға қарағанда бір жылқы аз орналастырылады. Жылқыларды тағасын алып тастап тасымалдауға (opнын ауыстыруға) жол беріледі;
2) ірі қара мал ұзыннан немесе көлденең тәсілмен орналастырылады. Көлденең тәсіл кезінде тиеу алдында вагонның көлденең қабырғасының алынбайтын тақтайларына 1-2 малға бір шығыршық есебімен бұрандамен мал байлауға темір шығыршықтар (немесе қапсырмалар) бекітіледі. Вагонның екі басында әрқайсысы екі тақтайдан құралатын, вагонның алынбайтын тақтайына көлденеңінен, вагонның беткі қабырғасына тіреп сөрелер орнатылады. Ірі қара малды тиегеннен кейін вагондар есіктерінің ойықтарында торлар орнатылады.
Ұзыннан тәсілі кезінде есіктегі ойықтарға торлар орната отырып, ірі қара малды вагонның көлденең бойына паралелльді, бастарымен есік аралық кеңістікке қаратып орналастырады.
Әртүрлі жануарлар мен құстарды бір вагонда бірге тасымалдауға (орнын ауыстыруға) оларды бір-бірінен мықты шарбақпен бөлген жағдайда жол беріледі.
Жануарлардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде жүру жолында көлік құралдарын тазартуды жолсеріктер жүргізеді және жүру маршруты бойынша межелі пунктте немесе станция бастығымен белгіленген және келісілген станцияларда түсіреді.

VI. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. А. Б. Бегенова, А. Н. Жұмақаева, Б. С. Майқанов. Шекара және көліктердегі ветеринариялы-санитариялық бақылау. Алматы, 2014 жыл.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 149 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру ережесі.
3. Ғаламтор желісі.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті

CӨЖ
Тақырыбы: Транспорттың басқа түрлерімен (автокөлік, су, әуе) тасымалдау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылау ерекшеліктері

Орындаған: Бейбитбаева Н. Е.
Тексерген: Оразалиева С. Б.
Топ: ВС-203

Семей, 2015 жыл
Мазмұны:
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1. Автокөлікпен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылау
2.1.1. Жануарлардың барлық түрін тасымалдауында ветеринариялық-санитариялық бақылау
2.1.2. Жануарлардан алынған өнімдерді тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық бақылау
3.2. Су көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылау
2.2.1. Жануарлардың барлық түрін тасымалдауында ветеринариялық-санитариялық бақылау
2.2.2. Жануарлардан алынған өнімдерді тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық бақылау
3.3. Әуе көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылау
2.1.1. Жануарлардың барлық түрін тасымалдауында ветеринариялық-санитариялық бақылау
2.1.2. Жануарлардан алынған өнімдерді тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық бақылау
III. ҚОРЫТЫНДЫ
VI. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

I. КІРІСПЕ
Жануар өнімдерін және жануарларды автокөлікпен тасымалдау ветеринарлық қадағалау арқылы жүзеге асырылады.
Жануарларды тек белгіленген автокөліктік жолдармен тасымалдаған жөн. Автокөліктік жолмен инфекциялық аурумен ауырған жануарларды тасымалдаса, жол маршруттары тексеріледі де, бақылануға алынады.
Жүктеу үрдісін жақсарту және тасымалдау мақсатына қарай, су көліктері 3 категорияға бөлінеді: генералды, массалы және ерекше режимдегі көліктер категориялары.
Ерекше режимдегі категорияға тез бұзылатын: тірі өнімдер және жануартекті шикізаттар жатады.
Тез бұзылатын жүктерді (ет, ет өнімдері, құс, шұжық, май, балық, жұмыртқа және т.б) рефрижераторлы контейнерлерде тасымалдайды.
Жануарларды арнайы теңіз кемелерінде тасымалдайды.
Су көлігімен жануарлардың ірі партияларын арнайы жабдықталған кемелерде тасымалдайды.
Ұсақ жануарлар партияларын жүк және жануарлар судаларында көліктегі ветеринарлық санитарлық қадағалаудың мүшелерінің қатысуымен тасымалдайды. Олардың тізімі бұйрық бойынша жарияланады. Жануарларды тез жүретін көліктерде тасымалдауға болмайды.

Сауда жағдайына байланысты әуе көліктеріндегі жүктер келесі түрлерге бөлінеді: тез бұзылатын және арнайы.
Тез бұзылатын жүктерге азық және басқа өнім жүктері жатады. Бұл жүктер оптималды температура және ауа ылғалдылығына байланысты тез бұзылатындықтан, оларды сақтағанда және жабдықтағанда ерекше жағдайлар жасап, тез арада белгіленген орынға жеткізу керек.
Сақтау барысында жагдай жасалып жэне тез арада жеткізілетін жүктер Арнайы жүк түрлері деген атаумен ерекшеленеді.
Жеткізу уақыты шектелген жэне ұзақ кашықтыққа тасымалданатын жүктер тек кана әуе көлігімен жеткізіледі.
Арнайы жануартекті жүктерге ауылшаруашылық және жабайы жануарлар, кұс (сонымен қатар тәуліктік балапандар) және түбітті аңдар, ара, бауырмен жорғалаушылар, асыл тұқымды жұмыртқалар жатады.

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1. Автокөлікпен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылау.
2.1.1. Жануарлардың барлық түрін тасымалдауында ветеринариялық-санитариялық бақылау.
Жүкті бір облыстан басқа облысқа немесе республиканың басқа аумағына тасымалдау кезінде ветеринарлық куәлікке тек қана қаланың немесе аймақтың бас ветеринарлық инспекторы қол қояды.
Жөнелтуші ветеринарлық куәлікті автокөліктің жүргізушісіне береді. Ал егер де бірнеше автокөлікпен жіберілсе, онда ветеринарлық куәлікті сол жүргізушілердің ішіндегі бас басқарушысына береді. Жолдама әрбір жүргізушіде болады және онда ветеринарлық куәліктің нөмірі мен күні жазылады. Ол міндетті түрде мөрмен расталады.
Жүргізуші немесе жүргізушілердің басқарушысы ветеринарлық куәлікті тексеру орындарында көрсетеді. Сонымен қатар жол полициясына көрсетуге міндетті. Жануар өнімдерін және жануарларды тасымалдау кезінде жүргізушіде өнімдерге ветеринарлық куәлігі болмаса, рейсқа шыға алмайды. Бұл заңдылықты бұзса, жөнелтушімен бірге тасымалдаушы жауапқа тартылады.
Жүкті тасымалдау кезінде белгіленген жерде алдымен ветеринарлық куәлікті ветеринарлық мамандарына беріп, олардың тексерілуінен және сұранысынан өткеннен кейін, жүкті күтіп алушыға береді.
Тасымалдау кезінде жүргізушіден басқа міндетті түрде жолсерік болу керек. Жолсерік тасымалданатын малдың аз-көптігіне қарамайды. Керек болған жағдайда жолсерік мал арасында болады, яғни оларға қарайды. Мұндай жағдайда жолсерікке арнайы орын бөлініп, оны ірі жануарлардан бөлек орналастырады.
Қойды, бұзауды, ұсақ малдарды тасымалдау кезінде көліктің кузовы үлкен болса, бұндай жағдайда (тоқтаған кезде тұяқтарын соқпау үшін) 2-3 бөлікке бөліп қояды. Тасымалдау кезінде жануарлар алысқа жіберілсе (5 сағаттан көп болса) азықтың мол болуын қамтамасыз ету керек.
Ұзақ жүретін болса, әрбір 10-12 сағат аралығында малдарды далаға шығарып, азықтандырып, демалдыру керек. Далаға шығару мүмкіндігі болмаса, көлікті тоқтатып, көліктің үстінде демалдырып, төсенішін ауыстыру керек.
Ірі қара малдарға әр 100 кг салмаққа тәулігіне 4-5 кг шөп, қойға - 5,5кг концентрленген азық, шошқаларға - 2,5л сумен араласқан, жылқыға - 2кг сұлы және 8-10кг шөп береді.
Тасымалдау кезіндегі демалу орны мен көлікті жуу үшін жөнелтуші ертерек ветеринарлық ұйымдарымен немесе тасымалдау жолындағы ветеринарлық мамандарымен келіседі. Әрдайым жануарларды тасымалдайтын көліктер жануарларға сай құрал-саймандармен қамтамасыз етілген және тасымалдау кезінде жануарлар үшін тез тоқтау мен соққы болмауы керек.
Жануарларды тасымалдағанда асфальталынған жолмен көліктің жүру жылдамдығы 60кмсағат, щебенка, грейдер басқа да жолдың сапасы төмен болған кезде көліктің жүру жылдамдылығы 25 кмсағат. Жануарлардың тірі салмағы түспеу үшін, жануарлардың өлімге ұшырауын, стрестік жағдайын болдырмау үшін тасымалдау уақыты 24 сағаттан көп болмау керек.
Егерде тасымалдау кезінде жануарлардың арасында ауру байқалса немесе күдік болса, онда жолсерік тез арада жақын жердегі ветеринарлық мекемеге хабарлайды. Әрі қарай малдарды тасымалдауды тек қана ветеринарлық малдәрігердің қарауымен және ветеринарлық куәлікте көрсетілген, рұқсатымен өткізеді. Ет комбинатына малдарды тасымалдау кезінде, егер мына ауруларға оң реакция берсе: бруцеллез, туберкулез, хламидиозда, түсік, лептоспироз, листериоз, ринотрахеит, вирусты гастроэнторит бұлардың клиникалық белгілері білінбейді, бірақ та ветеринарлық-санитарлық талаптарына сай болу керек.
Тірі балықты, уылдырықты, шаяндарды және басқа да су организмдерін автокөлікпен тасымалдау кезінде ветеринарлық бақылау. Тірі балықты, уылдырықты және тірі шаяндарды автокөлікпен тасымалдайды. Сонымен қатар тасымалдау кезінде техникалық жағдайларын қатаң сақтайды және тірі балықты тасымалдаудың ветеринарлық қадағалауының құрылымын қатаң сақтау керек.
Тірі балықты, уылдырықты, тірі шаяндарды және су организмдерін автокөлікпен тасымалдау кезінде арнайы ыдыстарға салады. Мысалы: арнайы контейнерлер, ағаштан жасалған бөшкелер, бәктер, полиэтиленді пакеттер. Олар міндетті түрде жуылған, дезинфекция жасалған және екінші рет жуылған ешбір иіссіз болу керек.
Тірі балықты тасымалдау үшін арнайы ГАЗ-53А, автокөліктегі цистерна орнатылады. Бұл цистерна 1,5 т тірі балықты тасу үшін 300-350 км қашықтыққа есептелінген.
Цистернадағы балық үшін 1кгсалмақ 60 мгл оттегі, судың температурасы 10ºС болу керек. Балықты тасымалдау үшін балық қандай суда мекендесе, сол суда тасымалдайды. Жаз айларында су температурасы 10-14ºС, ал көктем мен жазда 4-6ºС, қыста -1-2ºС болу керек. Жаз айларында суды мұздату үшін мұзды пайдаланады, су температурасын 1ºС көтеру үшін 2м3-қа 30кг мұз керек. Міндетті түрде балықты тиеу кезінде оның салмағына мән береді:1450кг балық үшін су температурасы 0-2ºС, 1300кг - 2,5; 1200-5-10; 950 кг-10-15;600кг-15-20ºС болу керек. Тасымалдау кезінде балықтың түріне назар аудару керек, мысалы 100кг тұқы балықты (карп), немесе 125 кг табан, 90-95 кг жыланбалық (угорь), 70кг сом, шортан, 57 кг көксерке, 15 кг бекіре балығын артуға болады.
Тасымалдау кезінде әсіресе жолда цистернадағы судың температурасын және ауаның болуын қадағалайды. Әрбір 2-2,5 сағаттан кейін балықтың жағдайын тексереді және өлген балықты алып тастайды. Белгіленген жерге тірі балықты түсіру ешбір кедергісіз өту керек.

2.1.2. Жануарлардан алынған өнімдерді тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық бақылау.
Мал өнімдерін тасымалдайтын әрбір көлікке жергілікті денсаулық сақтау мекемесі санитарлық паспорт береді, ол көліктің санитарлық жағдайын айқындайды.
Ет, ет өнімдерін, яғни тез бұзылатын өнімдерді тасымалдау кезінде көлікке уақытша және нақтылы суық кезең пайдаланылады.
Етті, ет өнімдерін тасымалдау кезіндегі бақылау - ет және ет өнімдерін тасымалдау үшін арнайы тасымалдауға арналған көлікті пайдаланылады. Ет және ет өнімдерін тиеу алдында әкімшіліктен белгіленген жұмыскер автокөлікті тексереді және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкестігін тексереді, әрі қарай тасымалдануына рұқсат береді. Мұндай рұқсатсыз өнімдерді тасымалдауға жібермейді. Көлікке етті, ет өнімдерін тиеу барысында бас ветеринарлық инспекторы міндетті түрде өнімнің сақталуын қадағалау керек.
Тасымалдауға арналған ет, ет өнімдерінің сапасы МЕМСТ, ТШ, ветеринарлық санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес келу керек. Ет өнімдерін тасымалдау кезінде қатысатын адамдар халатпен, қолғаппен, резенкелі етіктермен қамтамасыз етіледі.
Аймақтан тыс жерлерге еттерді тасымалдау кезінде еттерді тек қана мұздатылған, қатырылған және суытылған түрінде тасымалдайды. Авторефрижератор көлігімен көбінесе қатырылған өнімдерді тасымалдайды (-180С).
Еттерді келесі шартты сақтаған кезде тасымалдауға болады: ет ұшалары міндетті түрде бөлінген болу керек (ірі қара малдар ұшасы және жылқылар екі немесе төрт бөлікке, шошқа-жарты ұшаға, қой мен ұсақ қара малдар тұтас, бассыз болу керек). Ұшалар механикалық соғылмаған, ұрылмаған, зақымданбаған, қанталаған, қанның ізі т.б. ішкі мүшелердің қалдығы болмау керек.
Тасымалдауға мұзбен, қармен қатырылған, ұшалар жіберілмейді, сонымен қатар аралас ұшалар: қатырылған, мұздатылған, салқындатылған, суытылған бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарларды басқа да көліктермен тасымалдау кезіндегі ветеринариялық санитариялық бақылау
Темір жол көліктерімен жануарлардың барлық түрін тасымалдауда ветеринариялық -санитариялық бақылау
Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін, өсімдіктерді (импорттау, экспорттау және әуе, су, темір жол көліктерімен) тасымалдау және ветеринариялық – санитариялық бақылау
Темір жол ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
Теміржол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау
Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау.Басқа көлік түрлерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың ерекшеліктері
Жануарлар ауруларының қоздырғыштары
Мал шикізат өнімдері
Қой мен ешкіні су, әуе, темір жолмен, автокөлікпен импорттау ,экспорттау кезінде ел ішінде тасымалдау кезінде қойылатын талаптар ветеринариялық- санитариялық бақылау
Темір жолдармен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық –санитарлық бақылау
Пәндер