Мінез


Жоспар:
1. Мінез туралы жалпы түсінік
2. Мінез бітістері
3. Типтік мінез бітістері
4. Адамның өз мінез-құлқын жөндеуі.
Мінез туралы жалпы түсінік
Әр адам сыртқы дүниенің тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады. Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде ол сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездеріде болады. Мәселен, біреудің қатал, не тамыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, темпараменттің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез- адамның негізгі өмірін, бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол-көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар адамды әр қырынан көрсететін қасиет.
Мінез дегеніміз-әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттерімен ерекшеліктерінің жиынтығы.
Мінез- кең мағыналы ұғым. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындылығы, салмақтылығы- оның негізгі сапалары болып еептелінеді.
Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады.
Мінез адамның басқа психикалық қасиеттері; қабілет, темпераментпен тығыз байланыст. Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мінезді қалыптастыруға ерік-жігердің қосар үлесі зор.
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен ( мектеп, балалар мекемелері, оқу, қоғамдық ұйымдар т. б) тығыз байланысты. Осы айтылған дар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез мәселен, ешбір бала туысынан еңбексүйгіш не жалқау, тәртіпті неұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі ұзақжылғы өмір сүру барысында өмірдің сан-алуан ағымына қарай тәрбие үрдісінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның нақтылы іс-әрекеті де мінез бітістерінің қалыптасуында шешуші роль атқарып отырады.
Мінез бітістері
Адамның өмір жолы мен әрекетінің сипаты түрліше болатындықтан, оның мінез бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерекшелік көптеп кездесіп отырады. Типтік мінездер-белгілі тарихи қоғамдық жағдайлардың нәтижесі.
Адамның санасыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі топтарға жинақтауға болады, яғни адамның ұстаған бағытынан, бүкіл психикалық тұрпатынан байқалатын мінез бітістері әр түрлі жағдайда көрініп отырады Мұның біріншісіне адамның басқалармен қатынасын білдіретін мінез бітістері кіреді. Бұларға : ұжымдық, имандылық, қайырымдылық, үйірсектік, адамдық және осыларға қарама-қарсы жекешілдік, қатыгездік, тұйықтық, зымияндық т. б. бітістер жатады.
Адамның өз-өзіне қатынасын білдіретін мінез сипаттарына: кішіпейілік, қарапайымдылық, өзін-өзі сыйлай алу, талап қоя білушілік, бұларға қарама-қарсы өр көкректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық т. б. жатады.
Типтік мінез бітістері
Белгілі қоғам мүшелеріндегі ортақ мінездердің қатарына: отанға берілгендік, адамдық, шыншылдық, еңбекке және қоғам мүшесіне дұрыс көзқарас, кішіпейілділік, қарапайымдылық, сергектік, жолдастық т. б. жатқызуға болады. Типтік мінездерді зерттеу психология ғылымының алдындағы басты міндет.
- Отансүйгіштік - кісінің бойындағы күш қуатын, білімі мен тәжірибесін, халық мүддесіне, оның игілігіне яғни, адамның кір жуып, оның кіндік кескен жеріне білдіретін перзенттік борышы, оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.
- Мақсаткерлік -бұл адамның өз мінез -құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы. Мұны өзінің ұстаған бағыт -бағдар позицияалуы. Алдағы мақсатынан ауытқу, бос белбеулікке салыну- ар-намыс пен ожданға сиыспайтын қасиет.
- Борыш пен жауапкершілік Бұл- адамның үй-іші, әке- шеше, тума-туысқандарына қатысты туындайтын қасиет. Борышты сезіну, оны орындау ми мен жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл менсезім тұрғысынан жақсы, иманды, имансыз деп бағалау армен ұятқа келіп тіреледі. Адам өзінің борышымен жауапкершілігіне үйлеспейтін қолайсыз қылық көрсете, мұнысы тәрбиелі кісіге мықтап батады, оның арына тиеді, тіпті ой-санасынан кетпей қояды.
- Мейірімділік пен ізгілік. Осы екі қасиет басқаларға ( әке-шеше, ағайын, туыс, таныс т. б. ) көңіл бөлу, олардың сеніміне ие болу, адамдармен қарым-қатынас жасау эмоциялық жағынан тиімді. Мейірімділік- деп жазды К. Бови-“мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл”.
Кісіге ізгілік, имандылықпен қарап, оған мейірімділік пен мейірбандық білдіру -ұнамды мінездің көрінісі.
5. Адалдық пен шыншылдық. Бұл екеуі- бір-бірімен біте қайнасқан кісінің жақсы мінез бітістері. Адалдық пеншыншылдық бар жерде кісі әділетті де, кішіпейілдік пен қайырымдылық, қарапайымдылық жасап жүреді, бұлар кісінің аты мен абыройына дақ түсірмейді.
6. Достық. Бұл- ортақ көзқараспен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда болып, уақыт сынынан өткен адамгершілік құндылығы мол тұрақты, тек адамға ғана тән жоғарғы сезім. Достық адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне жәрдемдеседі. Оның маңызды белгісі- өте берік, әрі терең эмоциялық жақындық. Ол адамның бір-біріне сөз жүзінде де, іс жүзінде де адал және шынайы болу, өзара терең мүдделік, бір-біріне толық сену, қайғы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық.
7. Дос іздеу- асқақ арман мен таудай талап, шексіз шетсіз үмітке толы жас реңнің ерекше сезімі. Ол өзара пікір алысудың, болашақты жоспарлап, меңзей білудің, сенім нанымдарды қалыптастырудың таптырмас мектебі. Осы кезде жас адам үшін құрбы- құрдастардың орыны ерекше. Достық -өмірдің даңғыл жолы емес, сондықтан ол туралы үстірт, жеңіл ұғымдардан аулақ болу қажет.
Адамның өз мінез-құлқын жөндеуі
Адамның бойындағы мінез бітістерінің өзі үшін де, сондай-ақ төңірегіндегі адамдар үшін де орасан зор маңызы бар. Егер біреу туралы : “Оның мінезі қандай жаман” десе, онда әдетте мұндай адамнан қашқалақтайды, ұжымда оның достары болмайды, отбасында онымен бірге өмір сүру көбінесе мүмкін болмайды. Мінезі жақсы адамдар айналасындағылардың, туған - туысқандары мендостарының сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz