Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайлы ақпарат



1. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
2. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014.2015 ж.).
3. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеті
1. Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары басқа (арзан) шикізатты кеңінен қолдану және жан-жақты толық пайдалану.
Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.
Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мүнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған, бұған қоса климаттық және минералдық, отын-энергетикалық т. б. қорлар жөнінен де республикамыз дүниежүзінде көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:
Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. Осылардың ішінде маңыздырағы Қарағанды және Екібастұз алаптары. Мұнай мен газ қорлары Қазақтанның батысында шоғырланған. Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің төменгі ағысындағы алқаптар игерілген. Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі. Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарда. Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып, игеріле бастады.[2]
Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік кездеседі. Солтүстік Қазақстанда әйгілі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындары орналасқан. Сондай-ақ темір кені Алтайда (Шығыс Қазақстан), Қарсақпай, Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі.
Қазақстан полиметалл кендеріне де бай оның негізгі қорлары Кенді Алтайда, Сарыарқада, Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сирек және бағалы металл түрлерінің кен орындары бүкіл аумақта таралып орналасқан. Кен емес қазбалардан фосфориттер мен тұздардың, құрылыс материалдарының кен орындары негізінен Батыс және Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау өңірінде) кездеседі. Фосфориттің қоры және сапасы жөнінен республикамыз дүние жүзіне әйгілі болып отыр.
1. Г. Т. Бозшатаева, Г. С. Оспанова, Экология оқулығы, 27-38 беттер.
2. Г. Ә. Рыскиава, Өнеркәсіп экологиясы, 12-19 беттер.
3. Ж. Ж. Жатқанбаев, Экология негіздері, 58-60 беттер.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.

Тобы: ВС - 403
Орындаған : Жағыпар. Г. Н
Тексерген: Мурзалимова. А. К

2015 жыл
Жоспар:
1. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
2. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.).
3. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеті

1. Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары басқа (арзан) шикізатты кеңінен қолдану және жан-жақты толық пайдалану.
Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.
Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мүнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған, бұған қоса климаттық және минералдық, отын-энергетикалық т. б. қорлар жөнінен де республикамыз дүниежүзінде көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:
Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. Осылардың ішінде маңыздырағы Қарағанды және Екібастұз алаптары. Мұнай мен газ қорлары Қазақтанның батысында шоғырланған. Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің төменгі ағысындағы алқаптар игерілген. Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі. Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарда. Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып, игеріле бастады.[[2]]
Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік кездеседі. Солтүстік Қазақстанда әйгілі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындары орналасқан. Сондай-ақ темір кені Алтайда (Шығыс Қазақстан), Қарсақпай, Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі.
Қазақстан полиметалл кендеріне де бай оның негізгі қорлары Кенді Алтайда, Сарыарқада, Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сирек және бағалы металл түрлерінің кен орындары бүкіл аумақта таралып орналасқан. Кен емес қазбалардан фосфориттер мен тұздардың, құрылыс материалдарының кен орындары негізінен Батыс және Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау өңірінде) кездеседі. Фосфориттің қоры және сапасы жөнінен республикамыз дүние жүзіне әйгілі болып отыр.
Қазақстанның географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты климаттық қорлары мол. Өсіп-өну мерзімінің ұзақтығы, күн сәулесінің мол түсуі Қазақстанда, әсіресе оның оңтүстігінде көптеген жылу сүйгіш өсімдіктерді (жүгері, күріш, мақта, бидай және т.б.) өсіруге мүмкіндік береді. Мол күн энергиясын гелиоқондырғыларда қолдану мүмкіндіктері бар. Қазақстанда күн энергиясы түрғын үйлерді, жылыжайларды жылытуға жұмсалады. Республика жел энергиясына бай. Желді аудандарда (Шар, Жаңғызтөбе, Жоңғар қақпасы, Іле аңғары және т. б.) жел энергиясын механикалық және электр энергиясына айналдыруға болады.
Қазақстанның су корларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздақтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты санаторий-курорттар осы арқылы емдеу орталықтарына айналған.
Жалпы Қазақстан аумағының климаттық ерекшеліктеріне байланысты су қорларының маңызы арта түседі. Себебі қуаң климат жағдайында ауыл шаруашылығын, әсіресе суармалы еғістерді өркендету үшін су қорлары басты орын алады. Бүған қоса қалалар мен өнеркөсіп орындарының өсуі, республикадағы су корларының жетіспеушілік жағдайына әкеп соғады. Еліміздің трансшекаралық өзендері Ертіс пен Ілені үтымды пайдаланумен бірге экологиясының қауіпті жағын да ескерген жөн. Олардың бастауы біздің мемлекеттік шекарадан тыс жатқандықтан трансшекаралық өзендердің проблемасы сан қырлы. Олардың шаруашылық жөне экологиялық сипатымен қатар саяси, тарихи, экономикалык және табиғатын корғау мәселелері тұр. Көршілес, туыстас мемлекеттермен ортақ өзендердің (Сырдария, Талас, Шу) тағдырына қатысты да дәл осындай проблемалар туындайды. Трансшекаралық өзендер мен көлдерді (Каспий жөне Арал) қорғау мен тиімді пайдалану ережелері 1992 жылы БҰҰ Хельсинки конференциясында бекітілген.
2. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.).
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мемлекеттегі соңғы демографиялық ахуалға байланысты брифинг өткізді. Демографиялық саладағы соңғы көрсеткіштерді жағымды деп айтуға болады. Агенттік төрағасының берген мәліметтері бойынша жыл басынан бері Қазақстанның халық саны 42 мың адамға өсіп, 2013 жылдың 1 наурызына 16 млн. 953 мың адамға жетті. Осы жылдың алғашқы екі айында 66,4 мың сәби дүниеге келді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 0,8 пайызға артық. Өлім көрсеткіші 2012 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 2,3 пайызға кеміп, 25 мың адам болды. Біздің елге келгендер - 3209 адам, елден кеткендер - 2650 адам, осылайша миграциялық сальдо 559 адамды құрады. Алдын ала болжанғандай осы жылы тұңғыш рет Қазақстанның тарихында халық саны 17 миллиондық межеге жетеді.
Жалпы, демографиялық мәселе біздің ел үшін қазіргі таңдағы маңыздылардың бірі. Кеңес Одағы орнаған тұста қазақ халқының демографиялық потенциалы өте жоғары болатын. Сол кезеңде қазақтар Орталық Азияда басқа этностардың арасында саны жағынан ең көбі болды. Қазіргі күнді алатын болсақ, көршілес Өзбекстанның халық саны 30 миллионға жетіп отыр, ал Қазақстанда 17 миллионға жуықтап қалды (оның ішінде 11 млн. қазақ).
Кейбір тарихи оқиғалар қазақ халқының демографиясына үлкен соққы тигізді. Оның ішінде қазақ даласында орын алған ашаршылықтың зардабы ауыр болды. Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың айтуынша, аштық әсерінен қазақтар халық санының жартысына жуығынан айырылған. Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыста 2 миллионнан аса қазақтың 350 мыңы соғыста қайтыс болды. Демографтың ойынша, егер осы оқиғалар болмағанда, қазақтардың саны осы күні 32-35 миллионға жетуі мүмкін еді.
Мемлекетіміздің қазіргі демографиялық бейнесіне толығырақ тоқталайық. Территориясының көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын Қазақстанда бір шаршы шақырымға не бары 6,2 адамнан ғана келеді екен. Халық тығыздығы бойынша мемлекетіміз әлем елдері арасында 184-орында тұр. Тәуелсіздік алғаннан кейін Кеңес Одағының көптеген бұрынғы мемлекеттеріндегідей Қазақстанда да демографиялық дағдарыс басталды. Экономикалық жағдайдың нашарлауы бала туу көрсеткішінің күрт төмендеуіне алып келген болатын. Бірақ соңғы жылдары әлеуметтік жағдайдың жақсаруы бала туудың үздіксіз өсуіне септігін тигізді. Төмендегі кестеде бала туу көрсеткіші бойынша ақпараттар берілген:

2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
Қазақстан республикасы
247946
273028
278977
301756
321963
356575
357552
367752
372544
1000 адамға шаққанда
Қазақстан Республикасы
16,63
18,19
18,42
19,71
20,79
22,75
22,00
22,53
22,50
Қазақстан Республикасының статистика агенттігі
Кестедегі сандарға сараптама жасайтын болсақ, 2003 жылмен салыстырғанда 2011 жылы туылған балалардың саны 1,5 есеге (124598 адам) өскен. 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші 22,50 болып отыр. Бұл дегеніміз 2011 жылы халық санының 2,25%-на тең сәби дүниеге келді. Біріккен Ұлттар Ұйымы, АҚШ Орталық барлау басқармасы, Дүниежүзілік банк секілді құрылымдардың деректеріне сүйенсек, 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші бойынша біз бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттері арасында Тәжікстан мен Қырғызстаннан кейінгі үшінші орында тұрмыз.
Халық санының тиімді өсуі үшін туу көрсеткішінің жоғары болуымен қатар, өлім деңгейінің кемуі де қажет. Қазақстандағы 1000 адамға шаққандағы бұл көрсеткіш 2011 жылы 8,71-ге дейін кеміді. Біздің мемлекеттің экономикалық тұрғыда Орталық Азия елдерінен әлдеқайда озық тұрғанына қарамастан, өлім деңгейі ол елдерде біздікінен төмен: Қырғызстан - 6,9, Тәжікстан - 6,49, Түркіменстан - 6,21, Өзбекстан - 5,29.

2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
Қазақстан республикасы
155277
152250
157121
157210
158297
152706
142780
145875
144213
1000 адамға шаққанда
Қазақстан Республикасы
10,41
10,14
10,37
10,27
10,22
9,74
8,00
8,94
8,71
Қазақстан Республикасының статистика агенттігі
Сонымен қатар, Қазақстанның өзіне тән демографиялық ерекшіліктері бар. Ең басты үрдіс - әр түрлі этностардың әр түрлі демографиялық көрсеткіштерінде. Азиялық этностарда бала туу деңгейінің жоғары және өлім деңгейінің төмен болуы байқалуда. Керісінше, еуропалық халықтарда өлім туудан көп болып отыр. Осы орайда, саны жағынан ең көп екі халық - қазақ және орыс этностарын алып қарастырайық.

Бала туу көрсеткіші
2009
2010
2011
1000 адамға шаққанда

2009
2010
2011
Барлығы
357552
367752
372544
22,22
22,53
22,50
Қазақтар
257027
266460
272707
25,35
25,69
25,62
Орыстар
48683
47879
47770
12,91
12,77
12,77

Қазақстан Республикасының статистика агенттігі
2011 жылы туылған 372544 баланың 272707-сі, яғни 73,2% қазақ ұлтының балалары, ал 47770-сі орыс ұлтының, яғни 12,8% болды. 2011 жылдың басына қазақ ұлтының үлесі 64,03 пайыз, орыс ұлтының үлесі 22,83 пайыз болғандығын ескерген жөн. Қазақтардың туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 25 (жалпы халықтың 2,5%-ы) болып отыр. Орыс халқында бұл көрстекіш 12 деңгейінде. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі дағдарыс болған қиын кезеңдердің өзінде қазақтардағы бұл көрсеткіш 17-ден кем болған жоқ, ал 80-жылдардың аяғында туу 1000 адамға шаққанда 30 болғанын ескеретін болсақ, әлі де өсудің потенциалы бар екендігі анық.
Өлім көрсеткіші
2009
2010
2011
1000 адамға шаққанда

2009
2010
2011
Барлығы
142780
145875
144213
8,87
8,94
8,71
Қазақтар
58509
59404
60313
5,86
5,82
5,69
Орыстар
53562
54945
54533
14,42
14,88
14,64

Қазақстан Республикасының статистика агенттігі
Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей қазақтардағы өлім көрсеткішінің деңгейі аймақтағы басқа елдермен шамалас деңгейде. Оған ең негізгі фактор қазақтардың жас халық болуы. Халықтың демографиялық ахуалының бір көрінісі ретінде халықтың орташа жас көрсеткіші маңызды болып табылады. Орташа жас дегеніміз - халықтың тең жартысы сол жастан төмен, тең жартысы сол жастан жоғары болатын көрсеткіш. Мамандардың айтуынша қазіргі таңда қазақ халқының орташа жасы 26-27 шамасында, орыс халқында әр түрлі деректер бойынша 45-47 төңірегінде болып отыр. Яғни, қазақтарда репродуктивті адамдардың үлесі жоғары. Ал еуропалық этностарда туудың төмен болуы және елден көшіп кетіп жатқандар арасында экономикалық белсенді адамдардың басым болуы олардың демографиялық жағдайларының нашарлануына өз септігін тигізуде.
Сондай-ақ, жақын болашақта демографияға төнетін қатерлер бар. Мамандардың айтуынша, алдағы жылдары Қазақстандағы туу көрсеткіштері төмендей бастайды. Қазақстан Республикасы статистика агенттігің төрағасы Әлихан Смайылов 2015 жылдан бастап Қазақстандағы бала туу саны төмендей бастайтыны туралы болжам жасады. Оны қазірдің өзінде анық байқауға болады. Алғашқы екі айда туу көрсеткіші не бары 0,8%-ға өсті. Оның айтуынша, оның себебі 90-жылдардағы демографиялық дағдарыс кезіндегі дүниеге келген балалардың репродуктивті жасқа түсуі. Ол кезде бала саны аз туылған болатын. Осы орайда, Қазақстан үкіметі бала тууды ынталандыратын шараларды қолға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайлы
Синэкология (бірлестіктер экологиясы)
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Биологиялық жүйелердің экологиялық негіздері
Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы
Сүтқоректілер экологиясы
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы ақпарат
Пәндер