Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар туралы мәлімет


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар

Орындаған: Мухаметкалиева Е.

Тобы: Пх-315 тобы

Тексерген: Тезекбаева М. Ж.

Семей 2015 жыл

Жоспар:

  1. Дағдарыстық жағдаяттар түрлері
  2. Дағдарыстық кезеңдердегі көрсетілетін психологиялық көмек

Психологиялық дені сау адамның маңызды қасиеттерінің бірі - стрестік жағдаятқа сәйкес өзгере білуі, яғни қиын жағдаяттан жол іздеуде өз күшіне сүйенуі, позитивті өзгерістерге өзін жетелеуі. Онтогенезде психологиялық денсаулықтың қалыптасуының жетекші үдерісі баланың біртіндеп стрестік жағдаятқа сәйкес өзгере білу қабілетінің дамуы болып табылады.

Ф. Е. Василюк стресс, фрустрация, шиеленіс және дағдарыс ұғымдарын дағдарыстық жағдаят идеясымен түсіндіреді.

Дағдарыстық жағдаяттың ерекшелігі: дағдарыстық жағдаятқа жауап беру ғана емес, сонымен қатар оған деген адамның қатынасы болып айқындалады.

Дағдарыстық жағдаят ұғымы «өмірлік оқиға» ұғымына кіреді. С. Л. Рубинштейн өмірлік оқиғаны маңызды бетбұрыс жасалынатын өмірдің белгілі бір кезеңі деп түсіндерген болатын. Оқиға позитивті де, негативті де болуы мүмкін, негізінен адамның оқиғаны қабылдау ерекшелігіне байланысты түсіндіріледі.

Психологиялық кеңес берудің мақсатын айқындау үшін дағдарыстық жағдаятты екі топқа бөліп қарастырамыз. 1-інші дағдарыстық кезең.

Адамның жас ерекшелік дағдарыстық қиналысына психологиялық қолдау көрсету ерекшелігі (жастық кезең, орта жас, қарттық кезең) . Стрестік жағдаятты, фрустрацияны, шиеленісті қиындық жағдаят ұғымымен біріктіруге болады. Адамның тұлғалық өсуі үшін дағдарыстық жағдаяттың әсеріне тоқталамыз. И. В. Дубровина тұлға дамуы үшін қиындық жағдаят пен кедергілердің позитивті жақтарын дәлелдеуге тырысады.

Балаларға қиындық жағдаяттардың екі жақты әсер ететінін білеміз.

• Біріншіден, жағымсыз эмоциялардың туындауынан іс-әрекеттің бұзылуына, әлеуметтік бейімделеалушылыққа, тұлғалық дамуына әсер ететін негативті ықпалдардың күшеюіне алып келуі;

• Екіншіден, ерік күшінің дамуына, кедергіні жою тәжірибесінің жинақталуына, өзіндік дамуға мүмкіншілік туғызуы. Дамудың эволюциялық механизмдері екі компоненттен тұрады:

1) жаңа белгілердің байыппен, баяу, сапалы жинақталу түрінде қалыптасуы

2) қиындық жағдаяттағы мәнді сапалы өзгерістердің туындауы. В. Франклдің өмірді глобалді міндет деп түсіндіруіне сәйкес қиындық-жағдаятты шешімін табуы қажетті аралық міндет деп алуымызға болады.

Адам дұрыс шешім қабылдауы үшін уақытын, күш жігерін жұмсайды. В. Франкл әркімге алдындағы міндетін орындауға жауапты екендігіне көмектескен абзал дейді. В. Франкл қағидасына сүйене отырып, балалардың психологиялық денсаулығын қалыптастыратын педагогикалық алғы шарттарды анықтай аламыз. Психологиялық денсаулықтың қалыптасуының маңызды алғы шарттарының бірі - әрекетке итермелеуші қиналыстың болуы.

Адамның қиналысты сезіну жағдайы босаңсу, толықтай тынығу жағдайымен ауысып отырғаны дұрыс. Дәрігерлер XIX ғ-ң өзінде-ақ оқушылардың психологиялық денсаулығы үшін ақыл-ой жүктемесінің шектен тыс болуының (И. А. Сикорский, Э. Крепелин, Ф. Эрисман) зияндылығын айтса, ал қазіргі кезеңде Г. Е. Сухарева, Г. К. Ушаковтар да аса мән беруде.

Қиналыс туғызатын қиындық жағдаяттар балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес болуы қажет, ал ересектердің міндеті - қиындық жағдаяттарды жеңуге көмектесу емес, қиындықтың мәнін, маңызын іздеуге үйрету.

Балалардың психологиялық денсаулығының қалыптасуының маңызды шартының бірі - жағымды көңіл-күйдің болуы М. Аргайлдың пікірі бойынша жақсы көңіл-күй адамның белгілі бір проблеманы нәтижелі шешуіне және қиындық жағдаяттарды жеңуіне көмектеседі. Балалардың көңіл-күйі көбіне ересектердің көңіл-күйіне байланысты болып келеді. Оқушылардың психологиялық денсаулығын қалыптастырудың қажетті алғы шарты - педагогтың оптимист болуы және педагогикалық үдерісте комизм тәсілдерін нәтижелі қолдануы . Балалардың бойында оптимизді қалай қалыптастыруға болады? Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердегі жағымды өзгерістерге, үнемі өзгеруге бағыттау болып табылады.

Балалардың психологиялық денсаулығын қалыптастыру үдерісі жүйе ретінде:

• Баланың мектепке және отбасына бейімделуін және үрейлілігін диагностикалау, балаларды бақылау және психологиялық денсаулық деңгейін айқындау;

• Психологиялық денсаулықтың екінші деңгейіне қатысты балалармен алдын алу бағытындағы күнделікті топтық жұмыстар жүргізу;

• Психологиялық денсаулықтың үшінші деңгейіне қатысты балалармен индивидуалдық коррекциялық жұмыс және ата-аналарына индивидуалдық кеңес беру де ұйымдастыру;

• Жұмыс барысындағы балалардың психологиялық денсаулығының динамикасын тіркеу.

Эмоционалдық өрісінің дамуы. 1 жастағы дағдарыс. Баланың жанама - эмоциональді қарым-қатынасынан жаңа жетекші іс-әрекетке, заттық - құралға өту болып табылады. Эмоциялық көңіл күй баланың жалпы белсенділігін арттырады. Дүниеге келген алғашқы жылдың екінші жартысында дұрыс дамып келе жатқан дену сау бала былдырлап сөйлегіш келеді. Түрлі буынды дыбыстар шығарып, оны ұзақ уақыт қайталайды, үлкендер айтқан буындарды қайтьалап айтуға тырысады.

Былдырлау арқылы сәби қарым-қатынас жасауға әзірлігін білдіреді.

Былдыр сөз - негізінен жеке буындардан тұратын айланыссыз, түсініксіз сөйлеу. Бұл бала дамуының алғашқы кезеңі болып табылады.

Әдетте бұрынғы боп кеткен дамуымен қазіргі даму жетістігі сай келмейекі арада қайшылық болад. Осындай қайшылықты даму дағдарысы дейді. Оның мазмұны өте қарапайым және тез өтеді. Мұндай дағдарыстар ауыспалы кезеңде тез игеріледі. Сонымен бірге, мұндай ерекшеліктер ерекше аталып көрсетілмейді. Кейбір балалар еңбектемей тез жүріп кетеді. Бұндай балаларды терең зерттеу жұмысын жүргізгеннен кейін баланың кешеуілдеп жүруіне әсері болатыны жасырын кезде басталып, пайда болатынын көреміз. Бала жүре бастаған кезде, мұндай кезең жойылады. Осының өзі баланың жүруінің толық кемеліне келмегендігін көрсетеді. Баланың жүре бастауының өзі жас дағдарсының ең бірінші кезеңі. Екінші кезеңі - баланың сөйлеуіне байланысты. бұл бір күнде басталып, жүзеге асатын процесс емес. Бұнда бала сөйлеуінің алғашқы кезеңі болады. Кезең 3 айға созылады. Үшінші кезең- аффект пен ерікке байланысты ( аффект - күшті, эмоциялық тебіреніс) мұны психологияда гипобуликалық реакция дейді. Баланың жас дағдарысына байланысты, бала өзге адамдардың іс-әрекетіне қаңағаттанбайды. Бала біліміне, даму, жетілуіне байланысты қайшылықтарға ұрынады. Бала өз мүмкіндігіне сеніп, өзін қызықтырыған іс-әрекетке ынтасы ауады. Үлкендермен басқаша қарым-қатынас жасауға тырысады. Бұдан қайшылықты дағдарыс болады. Балалр үлкендер талабына сай құлақ аспайды. Наразылық көрсетеді. Үлкендер осы ерекшеліктеріне қараай ауысады. Мүмкіндігіне қараай іс-әрекет үйренеді. Бұл дағдарыс баланың ерік реакциясына байланысты булығып, ашуланшақ, жер тепкілеп жылай басатйды яғни сол талабына наразылық білдіреді. Бірақ көгеріп ауызынан көбік ағып, қояншық ауру, белгісі білінбейді. Баланың даму бағыттындағы дамудың кері шегінген белгісі.

Баланың 1 жас кезіңдегі жас дағдарысының негізгі мазмұнын сипаттайтын осы 3 кезең болып саналады. Ең негізгісі баланың тілдік даму дағдарыстары. өйткені баланың тіл дамуы әр түрлі жағдайда өтеді. Ең біріншісі бала сөзді ойланып, байланыстыру теориясы негізінде меңгереді.

7 жастағы дағдарыс. Мектепке оқуға қабылданар баланы меттептік юолмысқа ендіру, толыққанды оқу әрекетін қалыптастыру- өтпелі кезеңге тән психикалық дамудың барлық жиынтықтарымен тығыз байланысты. Олар оқу-тәрбие процесін осы жастын психологиялық ерекшеліктермен қатаң сәйкестікке жүргізуді қажет етеді. Сондай-ақ мектепке дейінгі шақтан оқушылық өмірге өту кезеңін зерттеу мәселесі мектептегі оқу- тәрбие міндеттерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бұл істің түпкі мақсаты баланың мектептегі оқуына берік тұғырды қамтамасыз ету. Ол мұғалім талаптары мен мектеп ережесін орындауға баланың ерік күшін бағындыра алу іскерлігінен көрінеді. Екі кезеңнің түйісер тұсындағы дағдарыс құбылысыының бала психикасының әсері іс түсіз жойылып кетпейді.

Психикалық даму дағдарысы осы уақытқа дейін баланың ересектермен қарым-қатынасы кезіндегі қиындықтар мен мінез-құлық ауытқуларын, теріс қылықтарын сипаттайтын ұғым ретінде қарастырылып келеді. Мәселен «теріс қылықтардың көрінісін жұмсартатындай етіп, тәрбиені қалай құрса болады?» деген сұрақтар іздестірілді. Ал психикалық дамуда дағдарыс ролі қаншалықты екендігі аса көп зертелінбеді.

Психикалық даму дағдарысын педагогика ғылымы тұрғысынан қарастыру биехевиористік бағыттағы балар психологиясына да тән : «тәрбиенің жетімсіздігі салдарынан туындаған психикалық даму барысындағы ауытқулар». Бұған қарсы, ТМД, кеңес өкіметі кезеңде Л. С. Выготскийден бастап, дағдарыс дамудың ішкі аса қажетті кезеңі ретінде, сапалық секіріс ретінде қарастырылды. Соның нәтижесінде бала психикасы жаңа деңгейге көтеріледі. Ал дағдарыстың оғаш қылықтар арқылы көрінуі бұдан ары қарайғы даму үшін тежегіш ретінде көрінетін баланың үлкендермен қарым -қатынасының бұрынғы жүйесінің күйреуі, яғни оң, жағымды жаңа құрылымдардың »келесі беті». Баланың психикалық дамуы диалектикалық процесс. Ол біркелкі, тегіс өтпейді, ішкі қақатығыстардың пайда болуы мен шешілуі арқасында қауырт, қайшылықты түрде жүреді.

Психолог Л. С. Выготскийдің пайымдауынша, психикалық дамудың жалпы заңдарын түсіну кейпін өтпелі кезеңдерді, яғни даму дағдарыстарын зерттеу береді. Себебі, осы кезде бала психикасындағы сапалық қайта құрулар барынша айқын көрінеді.

Белгілі балалар психологі Е. Е. Кравцова жас дағдарысының ролін ерекше бағалайды «баланың бұған дейінгі барлық дамуының даярлығы нәтижесінде 7 жас дағдарысы пайда болады». Осы дағдарыстың өтуі нәтижесінде балалардың мектепке психологиялық даярлығы қалыптасады. (Д. Б. Эльконин, А. Л. Венгер) . Жеті жас дағдарысы балалар психологиясы мен педагогикалық психологияда шартты түрде белгіленген жас мөлшері. Дамудағы даралық ерекшелікке байланысты, осы шамадағы дағдарыс кезеңі баланың тура жеті жасында өтуі мүмкін. Сондай-ақ, алтыдан аса бере, немесе сегіз жасқа толу уақытта да басталуы кәдік. Бірақ, бір жағдай анық: ол -7 жас шамасындағы дағдарыстың мектеп жасына дейінгі балалық шақ пен мектептік кезең аралығындағы шекара іспеттес екендігі. Сондықтан осы дағдарыс кезеңін «мектеп алды дағдарысы» деп атау орынды.

Жеткіншектік жастағы “Дағдарыс”мәселесі. Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктер мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастағы туралы әр түрлі теорияларға негіз болады. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық универсализмнің негізін салушылар С. Холл. мен З. Фрейд болды. Олар жеткіншектің дағдарысы мен өзіне тән ерекшеліктері комплексін биологиялық шарттастағы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады.

20-30 жылдарда әр түрлі елдерде нақты зерттеулер жинақталғандықтан биогенетикалық универсализмге қарама-қарсы бағыт күш ала бастады, ал бұл зерттеулерде жеткіншектің жеке басының кейбір қасиеттерінің оның әлеуметтік қатыстылығына тәуелділігі көрсетіледі. Осындай теориялық бағыттылық кеңестік психологиядағы бір қатар зерттеулерде де болады. Қиын жеткіншектерді тәрбиелеу практикасының елеулі маңызы болды; мәселен, А. С. Макаренкода мұндай жеткіншектер қысқа мерзім ішінде түзелетін еді.

Биогенетикалық универсализм теорияларына американ антропологттары (этнографтары) күшті соққы берді; олар адамда »табиғаттан» не «мәдениеттен», яғни өмір мен дамудың нақты қоғамдық - тарихи жағдайларынан болатын не екенін анықтау үшін қара дүрсін цивилизациялар деп аталатындарды зерттеді. Самоа аралындағы жеткіншектерді зерттеген М. Мид жеткіншектік шақта дағдарыстар мен дау-жанжалдардың болмай қоймайтындығы туралы түсініктің қисынсыздығын дәлелдеді, сөйтіп олардың биологиялық емес, әлеуметтік шарттастығын көрсетті. Мид Самоадағы жеткіншек қыз балалардың балалықтан ересектікке үйлесімді, дау-жанжалсыз өтетінін байқады да балалардың тіршілік жағдайларын, тәрбиеленуі мен айналадағылармен қарым-қатынастарынң ерекшеліктерің егжей-тегжейлі сипаттап жазды. Қыз балалардың жеткіншектік шағын Мид балалық және ересектік кезбен салыстырғанда тұтас алғанда неғұрлым жақсы және ерікті кезең деп бағалады. Кейініректе ол қыз баланың өмірінде оның әр түрлі маңызы болуы мүұмкін екенін де көрсетіп берді: бір жағдайда жыныстық толысудың басталуы оны бой жетті деп тауып, некелесу салтанатына қамданудың белгісі болуы мүмкін, ал басқа жағдайларда оның құықтары мен міндеттері ғана өзгереді.

Антропологтардың зерттеулерінде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болуы және бірнеше аймен шектелуі мүмкін екені анықталады. Балаларда «Эдип комплексінің» міндеттілігі туралы пайымдау да теріске шығарылып, жеткіншектің инициациядан кейін алатын ересектік статусына арнайы әзірлік жағдайында да, сондай-ақ бұл статустың талаптарын біртіндеп меңгергенде де жеткіншек ер балаларда дағдарыстың болмау мүмкіндігі анықталды.

3 жастағы дағдарыс. Сәбилік шақтағы бала дамуының неғұрылым маңызды сәті оның ахуалдың өзгеруіне қарай өзгеріске ұшырамайтын, үлкендердің тілегімен дәл келуі де, келмеуі де мүмкін өзіндік ерекше тілегі бар жеке адам екендігін сезіне бастауы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарыстық күйлер, посттравмалық бұзылыстар
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар жайлы
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар жайлы мәлімет
Дағдарыстық күйлер мен посттравмалық бұзылыстар
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар туралы
Дағдарыстық күйлер мен посттравмалық бұзылыстар жайлы
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар туралы ақпарат
Агресиялық мінез-құлық табиғатына психологиялық талдау
Мигрант отбасылар және олардың балаларымен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz