Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
1. Эстетикалық, әдеби ой.пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері.
2. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы.
3. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар.
4. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері.

1. Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері.
Революцияға дейін қазақ әдебиетінде эстетиканың және әдеби сынның өз алдына дербес сала болып жүйеленбегені рас. Дегенмен біздің халқымыздың бұл жағынан алғанда атам заманнан келе жатқан эстетикалық пікірі барлығын айқын көре аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” дегенде, қазақ халқы сөз өнерін жете танып, өте жоғары бағалаған. “Жылы-жылы сөйлесе – жылан інінен шығады” деген мақал сөз өнерінің эстетикалық күшін, адам жанына, психологиясына сиқырлай әсер етіп, я ерітіп жіберуге, я қатуланып қаһар төгуге дейін барғызуға құдыреті келетінін танытады.
ХІХ ғасырда өмір сүрген Басықараның Қанапиясы:
Өлең шіркін шығады өнерпаздан,
Өнерсіз не шығады ақылы аздан! – депті. Бұл арада эстетикалық арнаулы білімі жоқ Қанапияның өлең - өнер екенін, оны жасау өнерпаздың, ақылы мол адамның қолынан ғана келетінін жақсы парықтайтыны байқалады. Біржан ақын Сарамен айтысқанда:Сайратқан орта жүздің бұлбұлымын,Қызығып жүргенім жоқ алар пұлға, -дейді. Ал өлгелі жатқанында айтқан өлеңінде:
Ақсары, Тоқсарымен – екі сары,Үш жүздің баласына болдым дәрі, -деп өзінің ақындық өнеріне баға беруге ұмтылады.Желді ақын Біржанның аса айтуы да бар шығар, алайда ақын сондай асқақ дәреже өзіне ақындық сөз өнері арқасында оралғанын жанымен сезініп, зор шабытпен шарықтап сөйлейді. Шынында да, ақын қайтыс болғалы айтарлықтай уақыт өтсе де, оның сөзі бүкіл қазақ халқына әлі де дәрідей екені даусыз.
Сөз өнері жөніндегі халық нақылдары, Қанапияның, Біржан салдың өлең өнері туралы айтқандары – халық санасында көркемдік жөнінде, көркем сөз жөнінде қалыптасқан эстетикалық ұғым, толғамды пікір болғанын айқындайды.
Қазақтың ағартушы-демократы Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтар халқымыздың рухани дамуында жаңа саты болғаны белгілі. Бұлар қазақ халқының бұрынғысы, бүгінгісі, болашағы туралы терең пікірлер толғап, тың тұжырымдар жасап кетті.

1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. - Алматы,1973.
2. Әдебиеттану терминдер сөздігі. –А,1999.
3. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. -Алматы, 1989.
4. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1969.
5. Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері.- Алматы,1970.
6. Нұрғали Р. Әдебиет теориясы.-Астана, 2003.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ 1-4
Орындыған: Едилова М.Н:
Семей 2015 ж
Жоспар:
1. Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері.
2. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы.
3. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар.
4. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері.
1. Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері.
Революцияға дейін қазақ әдебиетінде эстетиканың және әдеби сынның өз алдына дербес сала болып жүйеленбегені рас. Дегенмен біздің халқымыздың бұл жағынан алғанда атам заманнан келе жатқан эстетикалық пікірі барлығын айқын көре аламыз. "Өнер алды - қызыл тіл" дегенде, қазақ халқы сөз өнерін жете танып, өте жоғары бағалаған. "Жылы-жылы сөйлесе - жылан інінен шығады" деген мақал сөз өнерінің эстетикалық күшін, адам жанына, психологиясына сиқырлай әсер етіп, я ерітіп жіберуге, я қатуланып қаһар төгуге дейін барғызуға құдыреті келетінін танытады.
ХІХ ғасырда өмір сүрген Басықараның Қанапиясы:
Өлең шіркін шығады өнерпаздан,
Өнерсіз не шығады ақылы аздан! - депті. Бұл арада эстетикалық арнаулы білімі жоқ Қанапияның өлең - өнер екенін, оны жасау өнерпаздың, ақылы мол адамның қолынан ғана келетінін жақсы парықтайтыны байқалады. Біржан ақын Сарамен айтысқанда:Сайратқан орта жүздің бұлбұлымын,Қызығып жүргенім жоқ алар пұлға, -дейді. Ал өлгелі жатқанында айтқан өлеңінде:
Ақсары, Тоқсарымен - екі сары,Үш жүздің баласына болдым дәрі, -деп өзінің ақындық өнеріне баға беруге ұмтылады.Желді ақын Біржанның аса айтуы да бар шығар, алайда ақын сондай асқақ дәреже өзіне ақындық сөз өнері арқасында оралғанын жанымен сезініп, зор шабытпен шарықтап сөйлейді. Шынында да, ақын қайтыс болғалы айтарлықтай уақыт өтсе де, оның сөзі бүкіл қазақ халқына әлі де дәрідей екені даусыз.
Сөз өнері жөніндегі халық нақылдары, Қанапияның, Біржан салдың өлең өнері туралы айтқандары - халық санасында көркемдік жөнінде, көркем сөз жөнінде қалыптасқан эстетикалық ұғым, толғамды пікір болғанын айқындайды.
Қазақтың ағартушы-демократы Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтар халқымыздың рухани дамуында жаңа саты болғаны белгілі. Бұлар қазақ халқының бұрынғысы, бүгінгісі, болашағы туралы терең пікірлер толғап, тың тұжырымдар жасап кетті.
Шоқан Уәлиханов қазақтың ауыз әдебиеті жөнінде орыстың революцияшыл демократтарының көзқарастарымен қабысатын пікірлер айтты. Ол немістердің "тұманды, қаракүңгірт" теориясын сықақтады; содан кейін орыс мифологтарының фольклорлық концепциясына негіз берген Кантты, Шлегельды, Гердерді әжуа етті. Шоқан, мифологтар айтқандай, ауыз әдебиеті түрлі мифологиялық сенім-нанымдардан туады дегенге қарсы болды. Шоқанның пікірінше: "Ауыз әдебиеті - халық рухының, тұрмысының, әдет-салтының, мінез-құлқының, өмір сипатының бейнесі. Ауыз әдебиетінің филологиялық жағынан да, тарихи мәлімет жағынан да маңызы зор".
Шоқан қазақ пен орыс фольклорының ұқсастығы көп екенін баса айтты да, ол ұқсастық екі халықтың тарихи тағдырларының ұқсастығымен байланысты деді. Майковқа жолдаған хатында Шоқан: "Отечественные записки" журналынан білсеңіз, - деп жазады, - менің қолымда орыс ертегілеріне ұқсас қазақтың ертегілері бар; соларды және менің шаманизм жөніндегі зерттеулерімді жариялауға болмас па екен? Қазақтың өлеңдері (орта ғасырлық аңыздар) Алтын орда батырлары туралы баяндайды да, ол орданың тарихына жаңа түсінік береді және оның құлау себебін анықтай түседі. Бұл арада Шоқан ауыз әдебиетін халық өмірінің айнасы деп қарайды; ғалымның ұғымынша, қазақтың ауыз әдебиеті Алтын орданың шынайы сырын ашады, оның құлау себебін анықтайды. Данышпан ғалым ауыз әдебиетін өмір сырын ашушы, өмірге жаңа көзқарас ұсынушы құрал деп таниды.
Көркем сөз жөнінде Ыбырай Алтынсариннің да бірсыпыра пікірлер айтып кеткені белгілі. Ол Торғайда мұғалім болып жүрген кезінде қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеп, көркем сөздің әсер етушілік күш-қуатына айрықша көңіл бөледі. Н.И.Ильминскийге жіберген бір хатында ол: "Халықтың санасын оятып, жүрегін тербейтін кітап керек" деп жазады. Алтынсарин Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударып, оның идеялық әсерін зерттейді. Бастапқы бақылауында қазақ балалары Крылов мысалдарын түсінбегенін, "малдар мен аңдар адамша сөйлей ала ма?" деп ғажаптай таңырқағанын айта келіп, балаларға басқа жеңілірек әдеби шығармаларды әдеби шығармаларды беруге ұйғарғанын айтады. Бірақ данышпан педагог балалардың жан сырымен таныса келе, Крылов мысалдарын олардың қабылдайтынын анықтайды. Содан былай ол орыстың ұлы мысалшысының бірнеше мысалдарын аударып, оқу процесіне пайдаланады. Сөйтіп, оларды 1879 жылы өзінің "Киргизская хрестоматия" деген кітабында жариялайды.
Кел балалар, оқылық,Оқығанды көңілгеЫқыласпен тоқылық, -деп мектеп гимнін жазған Ы.Алтынсарин - көркем сөздің адам жанына алып әсері барын жете білген қайраткер. Ұлы педагог қазақ халқының өміріне мәдени жағынан іргелі өзгеріс кіргізуді алдына программа етіп қойған; сол программаны орындау үшін бар дарынан аямай жұмсап, әдебиетті идеологиялық күшті құрал ретінде пайдаланған.
Данышпан Абайды эстетикалық тұлғалы жүйе жасады деп айта аламыз. Зор өкінішті нәрсе - Абай күнделік жазбады, кімдерді оқығаны, кімдерден қалайша үйренгені туралы дерек аз; кімнің эстетикасына еліктеп, оны өзіне үлгі тұтқанын айқындау оңай емес. Бірақ соның бәрінің есесіне Абай тастап кеткен үлкен документ бар. Ол - данышпан ақынның өлеңдері мен қара сөздері. Соларды назар салып оқысақ, Абайдың эстетикасы данышпан В.Г.Белинскийдің эстетикасымен түгелдей қабысатынан көреміз.
Сөзімізді дерекпен дәлелдейік. Белинскийдің эстетикалық бес принципі, кодексі бар. Ол принциптерде данышпан ойшыл искусствоның табиғатын, идеялық-көркемдік және әлеуметтік мәнін, сырын ашады. Ол принциптер төмендегілер:
1. Әдебиет - қоғамның жемісі; қоғам өмірін және оның дамуын бейнелейді, - дейді Белинский. Ұлы сыншының бұл пікірін екінші сөзбен айтсақ: өмір бар жерде - искусство бар, өйткені искусство - өмірдің жемісі. Дәл осындай пікірді біз
Абайдан да табамыз.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең,
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы, бос бақпай елең-селең.
Абайдан келтірілген осы шумаққа ой жүгіртсек, әдебиеттің өмірмен бірге туатынын, өмірдің бар сатысында бірге жасайтынын, ең аяғы өлгенде де соңғы сапарға сүйегіңді өлеңмен шығарып салатынын көреміз. Абайдың пікірінше, әдебиет - қоғамдық нәрсе. Қоғамнан тыс әдебиет жоқ. "Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар". Ұлы ақын сөзді жаза беруге бекінеді, керек деген алар, керек қылмаған алмас деп түйеді. "Ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе - өз сөзім өзімдікі, дедім...".
2. Белинскийдің айтуынша, искусство - қоғамдық күрестің құралы. Абайдың пікірі де осыған орайлас.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін
Тәуекел мен батыр ой
Өткір тілді найза етіп,
Сайысып-ақ бақты ғой,
Неше түрлі, айла етіп.
Ойланбай қайран жұрт,
Ұялмай қал, жым-жырт!
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын,
Түбін ойлап, уайым жеп айтқамын.
Ақылдылар арланып ұялған соң,
Ойланып түзеле ме деп айтқамын.
Бұл өлеңдерден Абайдың поэзияны қоғамдық күрестің құралы, жұршылықтың санасын оятатын құдыретті әмірші деп қарайтыны айқын көрінеді.
3. Белинскийдің айтуынша, искусстводағы суреттеме реалдық өмірдің шынайы бейнесі болуға тиіс. Искусство шындықты суреттеуге міндетті. Абай да дәл осы принципті қолдайды.
Сөз айттым "Әзірстәлі, айдаһарсыз",
Мұнда жоқ "алтын иек, сары-ала қыз".
Кәрілікті жамандап өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.
Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз.
Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.
Абай - реалист; ол өмірді шығыс әдебиетінде бір кезде болған қиялшылдық салтпен көпірте әсірелеуге қарсы. "Алтын иек, сары-ала қыз" деген тармақ Әріп ақынның өлеңінен алынып отыр. Ол сияқты өмір көрінісін адам тынығысыз ғып бұрмалай, бояулай көрсетуге данышпан ақын төзбестікпен ыза білдіреді.
4. Белинскийдің айтуынша, искусствода мазмұн бірінші орында болуға тиіс.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы
Сонымен Абай өлеңінің іші алтын болуын, сырты күмістей жарқырауын шарт қып қояды.
5. Белинскийдің принципі бойынша, искусствода түр мазмұнға сай болуы керек.
Абай да осы принципті ұстанады
Өлең сөздің патшасы - сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас:
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас.Көп жағдайда Абайдың эстетикасы қазіргі күннің талап-тілегімен де үндесе шығатындай. Ол алдымен күнделіктің күрделі мәселелерін жырлауды бірінші парыз санайды.
Батырды айтсам, ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам, қыздырмалап, -
Әншейін күн өткізер әңгіме үшін,
Тыңдар едің бір сөзін мыңға балап,-дейді Абай. Данышпан ақын поэзияға әлеуметтік, эстетикалық, халықтың санасын тәрбиелерлік зор мән береді де, оған ермек деп қарайтындарға ызғар төгеді.
Абай орыстың революцияшыл демократтарының эстетикасына үндес озық эстетика жасады, соған сүйеніп данышпан дарынан жарыққа шығарды - классикалық шығармалар берді.
Әдебиетте Абай дәстүрін барынша байыта түскен С.Торайғыров: "бұрынғы қиссаларымыздың ақ көңілге күйе жағып, адастырудан басқа пайдасы жоқ, бас қатырғыш хикаят", - деп жазды. "Бұзылған қанымызды түзеп, қарайған көңілімізді жуып, жанымызға пайда, дертімізге шипа болады", - деп бағалады ол жақсы шығармаларды. Торайғыров қазақ әдебиетінде ұзақ жылдар бойы етек алған заршылдыққа жан-тәнімен қарсы тұрды. "Тұрмыс дерті зығырыңды қайнатып, бармағыңды шайнатып, ықтиярсыз ызалы ызғарын төгеді, сай-сүйегің сырқырарлық ащы зарлы бебеулерін қағып, көңіл толғағын, жүрек түйінін тарқатады. Мен анық ақсүйек, аты жоғалмайтын "өлең" деп, "өнер" деп соны айтамын. Сырт көрінісі "қатын ойбай" тұрсын, "шайтан ойбай" болып көрінсе де, дәмі бар, маңызы бар "ойбай" сол, қайнаған қанның, толғатқан көңілдің, толған жүректің сығындысы сол... Марқұм Абай өлеңдері секілді". Торайғыров бұл арада әдебиеттің өмірдегі күрделі мәселелерді қозғап, оқушының жүрегін терберлік маңызды, көркем, әсерлі болуын бірінші шарт деп санайды. Ол тіпті ойбайлы, зарлы шығарманы оқуға да жиренбейді: тек терең мәні, өмірдің толғақты мәселелерінің сығындысы болуын, әсерлі болуын шарт деп біледі.
Торайғыров поэзияны, искусствоны адам санасын тазартарлық, тәрбиедеп дұрыс бағытқа икемдерлік пәрменді күш деп санайды. "Бір халықтың сүтпен бірге байланысқан ірік-шірік қара" кеуілдерін аршып, жаңа рухпен нандыратын, таза бейілмен жаңаландыратын машина - шын шырқырап шыққан өлең-жыр, әдебиет деген нәрсе...". Аз жасаған Торайғыров өзінің эстетикалық пікірлерін түгел баяндап үлгермеді. Бірақ оның есесіне ақынның творчествосы эстетикалық үлгі таратарлық.Оның:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам...
Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға, -деп жалындай ұмтылған лирикалық геройы жаңа адам еді. Осыларға қараңдар, үлгі алыңдар, осындай кейіпкерлерді жасаңдар деп жазушы қаламгерлерге үлгі ұсынғандай болды.
Маңайымнан әрмен кет,
Жанды қуыршақ арам ет!
... Бірақ жазық қазақта, -
Ұлы, қызы мазақта! - дегенде ақын қазақтың қыздары, ұлдары өнерге жетіліп, дүниені оймақтай үйіретін болса екен деп аңсады. Сөйтіп, С.Торайғыров әдебиетімізге эстетикалық желі сияқты өрнек тартып кетті.
Революцияға дейінгі әдебиетте сын, әдебиеттану ғылымына жататын еңбек - Кәкітай Ысқақовтың Абайдың 1909 жылы Петербургте шыққан өлеңдер жинағына жазған кіріспесі. Онда автор Абайдың өмірі мен творчествосынан көптеген бағалы мәліметтер келтіруімен қатар, оның өлеңдеріне де бірқыдыру талдау береді. М.Сералиннің "Шәһнәма" туралы жазған мақаласы да (1914 ж.) сын саласында елеулі нәрсе деп айтарлық. "Қазақ" газетінде жарияланған (1913 жылы ноябрьде) "Қазақтың бас ақыны" атты мақала да назар аударарлық нәрсе.
Сонымен, қазақтың эстетикалық, әдеби-теориялық, әдеби-сыншылдық пікірі Ұл Октябрьге дейін де бірсыпыра дамып қалғанын көреміз. Эстетикалық пікір - қоғам пікірінің басқа салаларынан бөлек, жалқы емес. Шоқан, Ыбырай, Абайларды тудырған қазақ ортасы эстетикалық пікірді де бірсыпыра қалыптастырып, құрауы әбден заңды.
5. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы.
Әдебиеттану методологиясына
Әдеби туындының авторы тұтас туындыға қатысты болады, бүтіндей мазмұннаноған бөлінген ешқандай мезет жоқ. Автор сол бөлінбеген мезетте, яғни мазмұн мен форманың тығыз тұтасуы сәтінде көрінеді. Әдебиеттану бүкіл мазмұннан бөлінген тұстан - яғни дүниетаным, өмірбаян, уақыты анықталған адамнан авторды іздейді. Осыған сәйкес "автор бейнесі" шынайы адам бейнесімен тұтаса көрінеді.
Автор барлық бейнелерді жасаушы, туындыдағы бейнелілікті тудырушы бола тұра бейне образ бола алмайды. Сондықтан "автор бейнесі" деген атау туындының бір ғана бейнесі болуы мүмкін дәлірек айтсақ, ерекше түрдегі бейне. Суретші өзін картинада жиі бейнелейді, өзінің авторпортретін сызады. Бірақ, біз автопортреттен авторды өзге картиналарында тіптен жасырын тұрады. Тудырушы автор өзі тудырған дүние аясында айқын көрінуі мүмкін емес. Бұл - natuчa natuчans, яғни natuчa - natuчata емес. Жасаушыны біз өзінен емес, ол жасаған дүниеден көреміз.
Автор өз туындысын арнайы әдебиеттану ұғымы үшін, әдебиеттанушы үшін дүниеге әкелмейді, әдебиеттанушылар тобын ұйымдастыруды мақсат етпейді.
Қазіргі әдебиеттанушылар көбіне структуралистер, өздерінше неігізінен бәрін түсінетін тыңдаушының имманентті туындысын анықтауға ұмтылады. Бұл, әрине, эмпирикалық тыңдаушы немесе психологиялық қойылым емес, автор жанындағы тыңдаушы бейнесі. Бұл - дерексіз идеалдық құрылым. Оған осындай дерексіз идеалды автор қарсы қойылады. Мұндай түсінік бойынша, кінәратсыз тыңдаушы авторды ауыстырушы немесе оның айнадағы бейнесі сияқты. Ол ешқандай өзіндік сипатты, туындыға қатысты ешқандай тың ұғымды иемдене алмайды және автордың бүкіл ойын ұғыну мүмкіндігі жоғалады. Ол нақтырақ айтсақ, авторға айналған оқырман осы кезеңде, уақыт пен ауқымнан тыс барлық дерексіз идеалды құрылым сияқты қалады, сондықтан ол автор үшін басқаға айнала алмайды, бөтен болып қалмайды, өзгешелік сипатын көрсететін ештемесі көрінбейді. Автор мен мұндай оқырман арасында ешқандай өзара әрекеттестік, драмалық қатынас болмайды. Тек қана механикалық немесе таптаурын түсінік қалады. Тұлғалық өзгешелік те жоғалады.
Тұлғаны және шығарманы тану.
Оларды былайша шекпен сипаттауға болады: біржақтылықпен ғана ұғынылатын, танушы үшін ғана әрекет ететін, тек сыртқы бітімге ие жансыз шығарма. Мұндай ажыратылмайтын ішкі болмысынан айырылған маңызы жоқ шығарма тек практикалық түрде қызықтау болып шығады.
6. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар.
Қазақ әдебиеттану ғылымы - қазақтың ұлттық көркем әдебиетін зерттейтін ғылым. Қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы, сыны, сондай-ақ текстологиясы менбиблиографиясын қарастыратын салалары бар. Қазақ әдебиеттану ғылымының мақсаты мен міндеті - қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу және даму жолдарын зерттеу, әдеби құбылыстар мен сыншылдық-эстет., әдеби теориялық, және ғыл.-зерттеушілік ой-пікірлерді анықтап, ғыл. жүйеге түсіру және әр түрлі қоғамдық-әлеум. жағдайлар барысында ұлттық әдебиеттің халық руханиятына, қоғамдық сана-сезімі мен ұлттық таным білігіне жасайтын ықпалын айқындау. Қазіргі Қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық ғылым ретінде туу, қалыптасу және даму жолы негізінен былайша жүйеленеді:
Қазақ әдебиеттану ғылымы пайда болуындағы тарихи алғышарттар кезеңі. Бұл кезең ежелгі әдебиеттен басталып, қоғамдық даму сатыларына сай 20 ғ-ға дейінгі уақыт аралығын қамтыды. Түркі жазба ескерткіштерін хатқа түсіруден бастап, 19 ғ-дың соңына дейін созылған ұзақ мерзім Қазақ әдебиеттану ғылымының тууына дейінгі тарих алдындағы дайындық кезең болғандығы, тарихи сабақтастық принципіне сай өсу-толысу, эвол. даму сипатында өткені анықталды. Ол 19 ғ. шегінде Ресей ориенталист-фольклортанушы ғалымдарының еңбектерімен ғана шектелмей, ұлтттық зиялы қауым өкілдерінің фольклортану, әдебиет тарихы мен теориясы салаларындағы зерттеу еңбектерінде белгілі бір дәрежеде өсіп, ұлттық ғылымның тууына негіз болды
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу кезеңі (1900 - 40) 20 ғ-дың басында ғұмырнамалық зерттеулердің көбеюі, ұлттық әдебиеттің тарихы мен теориясы мәселелерінің нақты сөз бола бастауы, библиогр. бағытта алғашқы қадамдардың жасалуы Қазақ әдебиеттану ғылымының пайда болғандығын көрсетті. Әдеби мұраны ғыл. игерудегі барлық талап-тілек пен әдіс-тәсілді меңгеруге дейінгі ғыл.-зерттеушілік ой-пікір 20 ғ-дың басынан бастап әдебиет тарихы мен теориясын зерттеуде, әдеби сынды тудыруда ғыл. және эстет. биіктіктерге ұмтылды. 20 ғ-дың 20-жылдары "Әдеби мұра керек пе, жоқ па?" деген мәселеде пролеткультшылдық нигилизмге қарсы күресе отырып, әдеби мұраны игеруде "бірыңғай ағым теориясының" оң бағытын пайдаланды, оны жинау, жариялау, ғыл. тұрғыда бағалау, заман талабына сай пайдалану, шығарм. үйрену секілді өзекті мәселелерді шеше алды. Ал 30-жылдары "тұрпайы социологизм" теориясының ықпалында бола тұра, фольклор мен қазақ әдебиетінің сан ғасырлық даму жолын тарихи тұрғыдан тану, зерттеу және кезеңдерге бөлу секілді келелі мәселелерге батыл бара білді.
Сонымен қатар, осы уақыт аралығы Қазақ әдебиеттану ғылымы үшін ғыл. зерттеу әдіснамасын меңгеру, идеялық, шығарм. принциптерді игеру кезеңі болды. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу кезеңі тап келген бұл мезгілреспублика тарихындағы өте ірі оқиғалар мен орны толмас қателіктерге толы кезең еді. Халық ағарту ісінің жолға қойылуы, мәдениет орындары мен зерттеу ин-ттарының ашылуы, баспасөздің өркен жаюы, т.б. әдеби-мәдени іс-шаралар әдеби мұраны игеруге қолайлы жағдай туғызғанымен, ұлт саясатының бұрмалануы, жеке басқа табынушылық, маркстік-лениндік әдіснаманың тапшылдық, партиялық талаптары оған кері әсер етті. "Ұлтшыл-алашшылдарға" қарсы күрес пен 37-жыл зұлматы Қазақ әдебиеттану ғылымының ізашарларын, тәжірибелі әдебиетші ғалымдарды қуғын-сүргінге ұшыратты, ғыл. жұмыспен еркін шұғылдануға мүмкіндік бермеді. Осындай қиыншылықтарға қарамастан, Қазақ әдебиеттану ғылымы 1900 - 40 ж. аралығында өзінің туу кезеңін аяқтады.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңі (1941 - 70). Қазақ әдебиеттану ғылымы бұл тұста қазақ әдебиеті тарихын кезеңдеуде, жеке ақын-жазушылар шығармалары моногр. тұрғыда зерттеуде, фольклортану мен әдебиет теориясының мәселелерінде көңіл аудараралық соны қадамдар жасады. 50-жылдардың орта кезінен басталған жаңа бетбұрыс жеке басқа табынушылықтың зардаптары мен бұрмалаушылықтарды түзете бастағанымен, Қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық мақсат-мүддеге сай ізденістер жасауына мүмкіндіктер бермеді. Маркстік-лениндік әдіснаманың әдебиеттің таптығы, халықтығы, партиялылығы қағидалары, ұлттық нигилизмнің өріс алуы ғыл.-зерттеушілік ой-пікірдің адымын аштырмады.
Қазақ әдебиеттану ғылымының даму кезеңі (1970 жылдан бастап). Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңіндегі қиын-қыстау жолындағы талқыдан өткен, әдеби-тарихи, әдеби-теориялық, сыншылдық-эстетикалық ой-пікірді өркендетуде білімі мен біліктілігі, ғылыми сауаттылығы мен табандылығы жоғары әдебиетші, сыншы ғалымдар шоғыры пайда болды. Олар өздерінің туып, қалыптасу кезеңін толық аяқтап, 1970 жылдан бастап даму кезеңіне қадам басқан Қазақ әдебиеттану ғылымының алдына заман тартқан күрделі де көкейтесті мәселелерді шешуге жұмыла кірісті. 1970 - 80 жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстары маркстік-лениндік әдіснама ықпалында болса да ұлттық әдебиетті тарихи, теор. тұрғыдан тексеру жұмыстарында табысты қадамдар жасала бастады. Әдебиеттің тарихи бағыттары мен жекелеген жанр түрлерінің қазақ әдебиетінде өсіп-өркендеу жолдары моногр. тұрғыда жан-жақты сөз болып, теориялық мәнде нақтылы ғыл. тұжырымдар жасалынды. Әдебиет жанрлары, тегі мен түрлері: поэзия, проза, драматургия, роман, повесть, әңгіме, трагедия, комедия, юмор мен сатираарнайы зерттеу нысанасына айналды. 1990 жылдан бастап, тәуелсіздік пен еркіндік жағдайында кеңестік кезеңде кеткен қателіктер мен "ақтаңдақтар" қайта қарастырылып, жаңаша бажайлау жұмыстары жүргізілді. 21 ғасырларға қарай Қазақ әдебиеттану ғылымы қазақ әдебиетінің өткеніне шынайы баға бере алатын, бүгінгісіне әлемдік әдебиеттанумен салыстыра отырып, саралай алатын ғылым саласына айналды. Қысқаша айтқанда, Қазақ әдебиеттану ғылымы өзі пайда болғанға дейінгі тарихи алғышарттар кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта, негізінен мынадай нәтижелерге қол жеткізді: бүкіл түркі халықтарына ортақ ежелгі дәуірдегі әдеби мұраны игеруден басталған сыншылдық-эстет., әдеби-тарихилық, әдеби-теориялық сипаттағы ізденістер ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір дәрежесіне дейін көтерілді; әдеби мұраның өте мол қоры жинақталды; қазақ фольклортану ғылымы жеке сала болып оңаша отау тікті, оның жазба әдебиетпен байланысы жан-жақты зерттеліп, түйінді тұжырымдар жасалды; қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі әдебиет тарихының көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығарм. мұрасы ғыл. тексеріліп, моногр. тұрғыда тұтас және толық қарастырылды.
7. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері.
Фольклор -- халық шығармашылығы, яғни аңыздар, қиссалар, ертектер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде пайда болған фольклор дамыған қоғамның этностарында да сақталған. [[1]] Ол нақты тарихи фактілер мен тұлғаларды бейнелеуге ғана арналмай, өткен тарихтың басты-басты мән - мазмұнын көркемдік-бейнесі тұрғыдан білдіруге саяды. Фольклор рухани мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі, халық бұқарасының, этностардың көркемдік ой-толғамының неғұрлым пәрменді нысаны, олардың эстетикалық дарыны мен талғамының, адамгершілік ереже - қағидаларының шоғырлы көрінісі мен топтамасы болып табылады. Фольклордағы көркемдік жинақтама бейнелер арқылы халық қоғамдық өмірдің әр түрлі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz