Саясат



Саясаттың сан алуан субьектілерінің оған ықпалы, әрине әр түрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады? “ Элита” француз тілінен аударғанда “таңдаулы”, “сұрыпталған “, ”ең жақсы” деген мағынаны береді. 18ғ бастап ол сөзбен жоғары сапалы тауарларды атады . 20ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі , байлығы, беделі , билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді . Бұл аталымның этимологиялық маңызының екі аспектісі бар. Оның біріншісі элита өзіне белгілі бір сапалық қасиеттерді , айқын белгіленген интенсивті белгілерді жинақтайды. Екінші аспектісі , осы белгілерді кң жоғарғы өлшеммен бағалайды . Өзінің алғашқы этимологиялық маңызы бойынша элита түсінігінде ешқандай ізгіліктілікке, демократиялыққа қарсылық жоқ. Әдетте, жоғары сапалы жылқы тұқымы , дәннің тұқымы, спорт саласындағы элита т.б түсініктер пайдаланылады. Демек, адамзат қоғамында да адамдар арасында табиғи және әлеуметтік айырмашылықтар орын алып, бұл жағдайлар олардың басқару саласындағы мүмкіндіктерінің әр түрлілігінен, саяси және қоғамдық процестерге әр түрлі ықпалынан көрінеді. Осының өзі саяси элитаны айқын бейнелеген саяси- басқарушылық сапаны иеленуші ретінде сипттауға негіз болады.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Саясаттың сан алуан субьектілерінің оған ықпалы, әрине әр түрлі. Жеке
азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей
қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты
айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай
түсінуге болады? “ Элита” француз тілінен аударғанда “таңдаулы”,
“сұрыпталған “, ”ең жақсы” деген мағынаны береді. 18ғ бастап ол сөзбен
жоғары сапалы тауарларды атады . 20ғ бастап саясаттану мен
әлеуметтануда білімі , байлығы, беделі , билігі жоғары адамдардың
азғантай әлеуметтік тобын білдіреді . Бұл аталымның этимологиялық
маңызының екі аспектісі бар. Оның біріншісі элита өзіне белгілі бір
сапалық қасиеттерді , айқын белгіленген интенсивті белгілерді
жинақтайды. Екінші аспектісі , осы белгілерді кң жоғарғы өлшеммен
бағалайды . Өзінің алғашқы этимологиялық маңызы бойынша элита
түсінігінде ешқандай ізгіліктілікке, демократиялыққа қарсылық жоқ.
Әдетте, жоғары сапалы жылқы тұқымы , дәннің тұқымы, спорт саласындағы
элита т.б түсініктер пайдаланылады. Демек, адамзат қоғамында да
адамдар арасында табиғи және әлеуметтік айырмашылықтар орын алып, бұл
жағдайлар олардың басқару саласындағы мүмкіндіктерінің әр
түрлілігінен, саяси және қоғамдық процестерге әр түрлі ықпалынан
көрінеді. Осының өзі саяси элитаны айқын бейнелеген саяси- басқарушылық
сапаны иеленуші ретінде сипттауға негіз болады.
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және
олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден
бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б 551-479) адамдарды асыл
азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға,
әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық
теорияны көзқарастар жүйесі ретінде 20ғ басында итальян ғалымдары Г.
Моска, В.Парето, неміс Р. Михельс және т.б қалыптастырды.
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Cаяси ғылым негіздері” деген
еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға
бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті,
байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы үш қасиет , оның ойынша, адамға
басқарушылар ( элита ) қатарына кіруге жол ашады.
“Элита” терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923
) “ Жалпыға бірдей социология” трактатында ол “элиталардың айналу”
теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы
идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың
энергиясы азайып, ізденісі баяулай бас тайды. Олардың орнына жаңа
идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда
әрқашан болмақ. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып , жаңарып, қоғамды
алға жылжытып отырады.
Роберт Михельс (1876-1936 ) “Саяси партиялар Демократиялық
–олигархиялық үрдістері туралы очерк “деген еңбегінде “олигархияның
темірдей заңын “
шығарды. Оның ойынша, бұқара халықтың өзін-өзі ұйымдастыруға және
басқаруға қабілеті жетпейді. Парламенттік демократия жағдайында
кейбіреулер жұртшылықтың қолдауына ие болады. Сөйтіп, кәсіби дайындалған
адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол көпшіліктен
біртіндеп алшақтайды, қоғaмның қарапайым мүшелеріне өздерін қарсы
қояды. Соның нәтижесінде билікті өз қолдарынан шығармай, сақтап
қалуға тырысатын томаға-тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат
төбеліндей байлар саяси және экономикалық билікке ие болады.
Халықтың егемендігі, билігі дегеннің бәрі бос қиял. “Олигархияның
темірдей заңы” осы дейді Р Михельс.
Американың саясаттанушысы Райт Миллс “Билеуші элита” атты еңбегінде
АҚШ-тың 20ғ ортасындағы элитасына талдау жасайды . Ол элитаны мәртебелер
және стратегиялық рөлдер атқаратын топ деп анықтайды. Оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясат субъективті сипаттағы құбылыс ретінде
САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ЖАСАУ
Саясатты зерттеудегі теориялық амалдар және эмпирикалық парадигмалар мен саясат элементтері
Қазіргі әлемдік саясат және жаһандық мәселелер
Саясат және мораль
Саясат және экономика. Саясат және құқық. Саясат және мораль, дін
Жаhандық проблемалар және заманауи саясат
Саясат тарихы
САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ
Құқық және саясат
Пәндер