Медицина психологиясының қалыптасу тарихы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Психология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Медициналық психологияның қалыптасу тарихы

Орындаған: Байдолдаева Б.

Топ: ПХ-315

Тексерген: Абдуллина Г. К.

Семей-2015ж.

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімМедициналық психологияМедициналық психологияның даму тарихы
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Медициналық психология деген сөздің өзі медицина және психология сөздерінің нәтежесінде пайда болды. Яғни біреуі адам тәнін емдесе, екінщшісі адам жанын емдеумен айналысады.

Медициналық психология аурудың диагнозын белгілеу, оны емдеп-жазу жолдары секілді сан қилы кешенді-дәрігерлік қызметтің сырларын, әсіресе психикалық ауытқушылықтың себеп-салдарын, оларды болдырмау шараларын қарастырады. Ол науқас адамның санаторийлер мен клиникада, үйде, әр түрлі емдеу орындарында дәрігерлер ұжымымен, күтуші кісілермен, туыстармен қарым-қатынастарын, ғылыми-психологиялық тұрғыдан зерттейді.

Медициналық психология курының негізгі мақсаты- жеке адамға әр түлі психикалық факторлардың әсерін; жеке адам дамуында ауытқулардың шығу себептерін, нервтік және психикалық бұзулылардың алдын алу және емдеу.

Медициналық психология жалпы психологияның жеке бір бөлігі. Медициналық психология сау мен ауру адамның, дәрігердің психологиясын зерттейді. Ол медицина ғылымының өте маңызды тармағы деонтолгияны (деонто-тиісті) өзіне қосып алды. Деонтология дегеніиміз - дәрігер мен медицина қызметкерлері арасындағы әртүрлі емдеу жұмыстарының сауатты және тиімді өткізу туралы ғылым.

ХХ ғ. басында Америка Құрама Штатында бихевиористік бағыт кеңінен құлаш ұрып тарады, ол бағыт белгілі стимулға жүріс-тұрыстық реакция психиканың көрінуі ретінде қарастырады. Психологияда бұл бағыттың негізін салушы Джон Уотсон болып табылады. Оның теориясы бойынша зерттеудің негізі шартты рефлекстердің физиологиялық механимдерінің қалыптасуы болуы керек. Бұл И. П. Павловтың концепциясымен В. М. Бехтеревтың объективті психология пастулатымен жалпы бір бағытта. Бихивиоризм теориясынан шығатыны, психика организмнің сыртқы және ішкі стимулдарға белгілі жүйелі реакция ретінде қабылданады. Бихевиоризм бірінші деңгейлі ролі оның жүріс-тұрысын көрсететін адам іс қимылы болып табылады.

Гиппократ, Гален және тағы басқа көне медицина классиктерінің ілімдері дами бастады. Басқа адамдарды психикалық аурумен ауыратын адамдардан сақтау үшін туыстары оны қадағалап және ол бүлдірген заттарға жауапты болды. Қауіп төндіретін науқастар түрмеге немесе соған ұқсас мекемеге отырғызылды. XV ғасыр әдебиетінде Д. Савонарол есімді адамның нұсқауы мынадай болды: « жан ауруымен ауыратын адамдарды қамшымен қан шыққанғанға дейін ұрып, инелермен шаңшылып, денелері қышақағазбен жабылуы тиіс. Күдіктілер қатаң азапқа тартылып, олардың жынмен байланысын мойындаттыру керек». 1571 жылы бір шіркеу адамы Францияда 300 мың сиқыршы мен мыстандар бар деп айтты. Тіптен XVI ғасырдың көрнекі дәрігерлері жынмен байлану туралы ықтималдылықтарды қолданды және онымен күресу қажеттілігіне сілтеді. Бірақ ол кезде демонологиялық идеялармен күрес басталды. XVI ғасырда Италия Орталық Европаға қарағанда демонологиялық түсініктен арылды. Жан ауруын олар мидың токсикалық заттардың әсерінен өзгеруі деп қарастырды. Меркуриал (1536-1606) меланхолия соматикалық себептермен қоса, бақытсыздықтың әсерімен де пайда болады деп айтқан. Сонымен қатар ол адам мінезінің ауырлығы бала кезіндегі дұрыс жағдайдың болмауы мен әдепсіз қарым-қатынас әсері деп белгіледі. Сол ғасырдағы танымал дәрігер және ғалым Платер психикалық бұзылыстарды тұқым қуалаушылық, эндогенді және экзогенді факторлар рөлін ескере отырып, этиологиялық сәттермен байланыстырып ең алғаш рет классификацияны бөліп шығарды. XVII ғасыр - Декарт ғасыры рефлекс туралы ұғымдардың, Гоббс философиясының материалистік бағыты, Локктың материалистік эмпиризмнің пайда болуымен мінезделеді. Ғылым негізіне көзқарас емес, тәжірибе қойылады. Детерминизм идеясы медицинаға ене бастайды. Лепуа истерияны ми қызметінің бұзылуымен және осы аурудың пайда болуы эмоцияның рөлімен түсіндірді. Ол истерия тек қана әйелдерде емес, ер адамдарда да кездеседі деп нақты көрсетті. Алайда ол кезде демонология әлі байқалса да, бірті-бірте жоғала бастады. Танымал дәрігер және химик Гепперт меланхолияның 7 формасын бөліп көрсетіп, кейбір формаларында жынның әсерімен басқа тілде сөйлеу пайда болады деп тқжырымдады. Ван Гельмонт жан ауруының дамуына катты шайқалыстардың рөлін көрсетті. Сонымен байланысты ол психоздарды емдеу үшін науқыстарды мұздай суға салу керек деді. Анатом Сильвий (Делебой 1614-1670) «ақыл-ой ауруын кім емдей алмаса, ол дәрігер деп есептелмейді» деген формуланы алға тартты. Ол жан ауруымен ауыратын адамдарды моральды әсер арқылы емдеу жағдайларының көптігі туралы мәлімдеді. Тағы бір танымал анатом Вилизия (1621-1675) прогрессивті параличтің айқын бейнесін көрсетті. Ол мидағы психикалық қызметтердің локализациясы теориясы мен психиатриядағы неврологиялық бағыттың негізін салушы. Бірінші патологоанатомиялық монография авторы Бонет жан ауруларын «диалектикамен» емдеу бағытының өкілі болды. Ол психология сұрақтарын да қарастырды. Сол уақыттағы жан ауруын емдеу құралы болып инсценировка пайдаланылды. XVIII ғасырдың Франциядағы психиатриялық көмектің ұлы реформаторы Пинель өзінің «Жан аурулары туралы трактатында» психологиялық ауруханада басшы болып: дәрігер, администратор және психолог, ал дәрігер мен психолог бір адам бойында жинақталса тіптен жақсы болатындығы туралы жазылған. Ал ертерек Англияда психиатриялық ауруханада жан ауруымен ауыратын адамдарға гуманды қарау принцип реформасы қабылданды.

XIX және XX ғасыр басындағы медициналық психология. Медициналық психология тарихы медициналық ғылымның, бірінші орында психиатрияның, психологиялық зерттеулердің және ми туралы ілімдердің жинақталуымен тығыз байланысты. XIX ғасырда медициналық психологияның дербес ғылым ретінде пайда болуына негіз болған бірнеше еңбектер жарияланды. 1818 жылы танымал дәрігер және анатом Рейл «Жан ауруларын емдеуде психикалық методтар» атты зерттеуін жариялады. Бұл еңбектің медициналық психологиядағы негізгі мәні - психотерапия методтарын қолдану. «Медицина және тәрбиелеу» мәселесіне арналған жұмыстар да Рейлге жатады. 1834 жылы танымал невролог Фридрейч «Дәрігерлік және соттық психология әдебиеттеріне жүйелі нұсқау» еңбегін жариялады. Дәрігерлік психологияға арналған бөлімінде психология, психопатология, психиатрия және психотерапия мәселеріне арналған 3469 жұмыс тізімі бар. Медициналық психологияның дамуына медицинадағы идеалистік және материалистік бағыттардың күресі негіз салды. Бірінші бағыттың өкілдері «психик», ал екіншілері «соматиктер» деген атау алды. Психиктер мен соматиктер күресі медицинаның жалғыз негізі жаратылыстануды мойындаумен соматиктер жеңді. Бірақ ең алғаш рет бұл механистикалық материализмнің жеңісі болды. «Соматиктерге» қарағанда «психиктер» науқастың психикасына әсер етеді деген оймен терапия түрлерін ойлап тауып, оларды қолданды. Мұндай әсерлерге механотерапия жатады: керуетке байлап қойып, бетіне ағаштан жасалған маска кигізіп айналдыру немесе кенеттен ауруды биік жерден бассейнге лақтыру. Мұндай қатал процедуралар науқастың күйін одан сайын нашар етті. Осы екі бағыт қателеріне нақты нүкте қойған Грисингер. Ол психиатрияны медициналық ғылыммен бір ағымға қоюды ұсынып, психика органы ретінде миды физиологиялық түсінуге жақындады. Нормаға сәйкес, соматикалық және психикалық аурумен ауыратын адамдардың психикасына деген қызығушылық XIX ғасырда үздіксіз артады. Осы ғасырдың ортасында Лодзенің «Медициналық психология», 70-жылдары Тукенің «Психологиялық медицина» атты кітаптары жарық көреді. Бірақ бұл кітаптар медициналық психология емес, психиатрияның дамуына арналған авторлардың очерктерінен тұрады. XX ғасырда медициналық психология пәнін дұрыс көрсететін монографиялар жарияланады. 1908 жылы Пенсильвания университетінің профессоры Витмер «Психологиялық клиника» атты журналды шығара бастады.

XX ғасырдың 20 жылдары ірі психиатр Кречмердің медико-психологиялық мәні бар «Медициналық психология» атты еңбегін жарыққа шығарды. Кречмер психиатрияда және медициналық психологияда конституционалды-биологиялық бағытты ұстанды. Материалистік медициналық психология дамуы. Жаратылыстану бағыты нейрофизиологияда табысты дамыды. Развитие естествознания сопровождалось значительными успехами в нейрофизиологии. Крупнейший физиолог второй поло¬вины XIX ғасырдың ірі физиологы И. М. Сеченов психикалық құбылыстарды рефлекторлық теория көзқарасымен түсіндіріп, отандық нейрофизиология негізін салушы қатарымен, материалистік психологияның да негізін салушы болып табылады. Аса танымал нейрофизиолог, невропатолог, психолог және психиатр В. М. Бехтерев И. М. Сеченовтің ілімдеріне сүйеніп, «объективті психологты» құрады. Рефлекторлы теория психикалық құбылыстардың патологиясы мен нормаға сай құбылыстарды түсінудің нақты негізі болды. И. П. Павловтың жоғарғы нерв қызметі туралы ілімі осы этапта маңызды болып табылды. Павлов еңбектері тек қана жоғарғы нерв қызметтерінің заңдылығын емес, сонымен қатар ми, оның морфологиясы, биохимиясы, электрофизиологиясын біріктіруге негіз болды. Ол медициналық психологияның ғылыми базасы ретінде көрініс тапты. Медициналық психологияның маңызды сәті ретінде клиникалық психоневрологиялық мекеме жаңында психологиялық эксперименталды лабораторияның ашылуы қарастырылады. Ресейдегі ең алғашқы эксперименталды-психологиялық лабораторияның психиатрия кафедрасында В. М. Бехтерев, С. С. Корсаков, Н. А. Бернштейнмен, невропатология кафедрасында Г. И. Россолимомен ашылды. Кеңестік заман кезіндегі медициналық психологияға А. П. Нечаев, П. П. Блонский, Л. С. Выготский еңбектері үлкен рөл атқарды. Медициналық психологияның дамуына тағы үлес қосқан бала психиатриясы мен дәрігерлік педагогика. Сонымен, медициналық психология көп даму тарихынан өтіп, әлі де даму үстінде. Ал осы ғасырға дейін үлес қосқан ғалымдар медициналық психологияның кемелденуіне үлкен негіз салды.

ХХ ғ. басында Германияда қалыптасқан Гештальт психологияның жетекші бағдары болып қабылданған бейнелердің тұтастығын қалыптастыру, яғни, аяқталу процесін түйсіну жолдарын іздеуді тудырады.

Гештальт методологиясының негізіне тұтастық концепциясы жатады. Гештальт психологиясының тұтастық және жаңа әдістемелік бағыты ретінде негізін салушылар М. Вертгеймер, К. Келлер, К. Коффка, К. Левин.

Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері туралы психология ғылымында өткір де, таусылмайтын күрес әртүрлі мектеп өкілдері арасында ғасырлар бойы жүріп жатыр. Енді көбірек таралған тұлға туралы зерттеулерді медициналық психология жағынан қарастырайық. Ерте заманда Гиппократ сырқат адамдарды оның жеке ерекшеліктері мен адамның қоршаған ортаға тәуелділігін есепке ала отырып, емдеуді ұотпрыскған. Кейін феодализм кезінде де, буржуазиялық қарым-қатынас заманында да, тұлға туралы әртүрлі теориялар пайда бола бастады, олар адамның жеке тұлғалық психикалық ерекшеліктердің туа пайда болу және өзгермейтіндігін дәлелдеуге тырысты.

Биологиялық фатализм әртүрлі ғылымдарда тұлғаның сапасы туралы, яғни «Физиогномикадан» басталып, И. К. Лафотера (1741-1801), Ф. И. Галлдің (1758-1828) френологиясы және біздің заманымыздағы психоморфологиялық лаколизационизмге көше келе (К. Клайст, Э. Кречмер және т. б. ), қазіргі таңдағы кең таралған жеке тұлғатеориясы болып саналады. Сонымен, Э. Кречмер тұлғаның өзіндік ерекшеліктері оның денесінің конституционалдық ерекшеліктерімен байланысты деп көрсетеді. Ол өзінің психиатрлық клиникасында жүргізілген бақылау нәтижесінде, алғашқыда мінездің 2 түрін бөліп шығарды - шизотимикалық(ұстамды, салмақты, қарым - қатынасқа қиын түседі, топас, ашуланғыш) және циклотимикалық (нақты, қарым - қатынасқа оңай түсетін, адам сүйгіш көпбілгіш) . Кречмердің пікірі бойынша пикниктік дене құрылымды адамдарға циклотимикалық мінез сәйкес келеді, атлетикалық, астеникалық және диспластикалық дене құрылымға - шизотимикалық. Кейінірек бұл классификация Ф. Минковский (1923) эпилептикалық мінез толықтырады(кекшіл, ашушаң, майда - шүйдеге көңіл бөлетін және т. б. ) .

Айтарлықтай, өте кең тараған келесі бағыт - психоаналитикалық. Оның негізін салушы З. Фрейд пікірі бойынша, тұлға - бейсаналық (инстинктивті, басты сексуалды талпыныстары мен өлімге деген талпыныс) пен сананың күресі нәтижесінде көрінеді деп түсіндіреді.

З. Фрейд ілімінің идеялық бұлағы Э. Гертманның (1842-1906) «Бейсаналылық философиясы», яғни интуициялық қабілеттілік, басқа авторлармен негіздеген, мысалы А. Бергсон. Фрейдтің алғашқы шәкірттерінің бірі А. Адлер пікірі бойынша тұлғаның қалыптасуындағы негізгі саналар пайда болған толымсыздық сезімі мен әр адамның өзін - өзі жетілдіруге деген талпынысынан бастау алады, сонымен қатар жоғарғы тұлға (сверхличность) идеясын басшылыққа ала отырады. Бірнеше деңгейлерге дейін модификацияланған психоанализ ілімі қазіргі таңда медициналық және психологиялық негізінде психосоматикалық медицинаның негізі болып табылады, психоанализ батыста кеңінен емдеу әдісі ретінде жарнамаланды, панацея секілді тәжірибеде кездесетін барлық ауруларды да.

Соңғы кезде психосоматикалық бағыт медицинада кеңінен таралған. Ол патологиялық процесстің (вирховская, целлюмерная патология) нақты бір органның немесе жүйесінің төңірегімен шектеліп қалатын өткеннің механикалық көзқарастарына қарсы шыққан. Бірақ осы кезге дейін клиникалық жағдайдағы патология психосоматикалық қарым - қатынас туралы нақты бір көзқарас қалыптаспаған, әртүрлі бағыт өкілдері психосоматика туралы өз ұстанымдарында қалып отыр.

Психосоматикалық қарым- қатынасқа арналған зерттеу жұмыстары көп жүргізілген.

Олардың ішінде объективті методтарды зерттеулерде қолдану, клиникалық патология көзқараста, айтарлықтай деңгейде құнды болып саналады. Бірақ айтылған алынған нәтижелер әрқашан ғылыми көзқарастарға сүйене бермейді, сәйкес келген жағдайлар көменгімен ақыл ойға сүйене отырып жазады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология пәні туралы
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
Психология пәні, оның міндеттері, даму тарихы
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
Психология ғылымы және оның зерттейтін пәні мен міндеттері
Психология ғылымының зерттеу пәні - психика
Жан, тән және мән туралы психологиялық түсінік
Қытай психологиясы тарихының архитектурасы
Қазіргі заман психологиясының міндеттері
Психологияның ой пікірлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz