Ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы жайлы ақпарат


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СРО

Тақырыбы : Ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы

Орындаған: Өмірбек Іңкар

Тобы: ВМ-305

Тексерген: Садуақасов М. С.

Семей, 2015

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1 Етті бағыттағы тауықтарды бағып-күту әдістері

2. 2 Құс қораларының экологиялық жағдайы

2. 3 Тауықтар гигиенасы

2. 4 Құс қораларындағы микроклимат

2. 5 Балапандарды өсіру

2. 6 Құс саңғырығын залалсыздандыру, сақтау және пайдалану

III. Қорытынды бөлім

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Етті бағыттағы тауықтарды бағып-күту әдістері

Қазіргі уақытта құс өнімдерін алуда, ірі мамандандырылған құс шаруа-шылығының, құс фабрикасының және де жеке құс шаруашылықтарының маңызы өте зор. Құстарды күтіп-бағумен, азықтандырудың әдістерін және жаңа техника дамыған жетістіктерін пайдалану жағдайында бір шаруашылықта құс саны көп мөлшерде ұстауға (бірнеше мың), әрбір мекиен тауықтан жылына 280-290 дана жұмыртқа, 50-60 күндік еттік балапандардың салмағы 1800-2000 г мөлшерде алуға мүмкндік туады. Немесе жақсы күтіп-бағу нәтижесінде қаз балапандарының 60-70 күндегі салмағы 3, 5-4, 5 кг дейін болуына толық жағдай бар.

2010-2015 жылдарға арналған республикалық Агроазық-түлік бағдарлама-да 2009 жылдың басында жұмыртқа өндіру көлемін 2140 млн. данаға жеткізу көзделіп отыр. Ал тек «Алматы құс» компаниясы құс фабрикаларын түбегейлі түрде өндіруді 500 млн. данаға жеткізбекші. Аталған межелерге жету үшін құстарды күтіп-бағудың озық тәсілдерін енгізу, құс шаруашылық өндірістерінің құрылыс жағдайын, өндіріс жабдықтарын түбегейлі өзгерту және т. б. жұмыстар жүргізу қажет.

Жоғарыдағы келтірілген мәселелерді дұрыс шешу үшін құс шаруашылығында түрлі экологиялық, малдәрігерлік-санитариялық жұмыстарды жақсарту аталынған шараларды дер кезінде өткізу, құс фермаларында тұрақты микроклимат жағдайын туғызу, дұрыс азықтандыру, нысандарды дұрыс жобалау, құрылыс және қайта құру кезіндегі зоогигиеналық талаптарды орындау және де құстардың биологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Құстардың биологиялық ерекшеліктері олардың:

-күтіп-бағу мен азықтану жағдайына өте сезімталдығы;

-зат алмасу қабілетінің жоғарылығы;

-өсімталдығының жоғарылығы (құстардың негізгі өнімдік қасиеті - олардың жұмыртқалағыштығы) ;

-тез жетілуі (7-8 апталық балапандардың салмағы 1, 6-1, 7 кг жетеді) ;

-ішкі анатомиялық құрылыстарының ерекшеліктері, яғни тістерінің болмауынан түскен азық олардың жемсауында қорытылады;

-ең маңызды ерекшелігі - аналық организмнен тыс дамуы, яғни жұмыртқадан пайда болуы;

-көру қабілеті нашар, ал керісінше есту қабілеті жақсы жетілген;

Құс қораларын жобалау, салыну кезінде осы айтылған ерешеліктерін ескеру қажет.

Ересек құстар мен балапандардың барлық түрлерін қора еденінде бағып-күтеді, оның серуендететін орны болады. Тауықтарды шарбақтардың ішінде бағып-күтеді, балапандарды топтастырылған, емесе жекелеген шарбақта бағып-күтеді. Ересек құстарды және балапандардың барлық түрлерін лагерьде күтеді.

Құстың түріне, жасына және жергілікті жағдайға байланысты бағып-күту тәсілін біріктіре жүргізуге де болады. Ересек құстардың барлық түрлерінің мекиендерін еркін серуен жағдайда бағып-күтеді.

Интенсивтендірілген құс шаруашылығында негізінен ересек құстарды және балапандардың барлық түрлерін қора еденінде бағып-күтеді. Еден жағдайында күтіп-бағу тәсілінің екі түрі бар:

1. Қалың ауыстырылмайтын төсеніште.

2. Жұқа тақтайшадан жасалған еденде немесе торлы еденде. Еден жағдайында күтіп-баққанда құстардың санына қарай арнаулы типті құс қоралары салынады.

Құс қораларының едені тақтайдан салынады (түгелдей тақтайдан немесе жұқа тақтайшадан) немесе асфальтталады, болмаса тор көзді болады. Ересек құстарды торлы немесе жұқа тақтайшалы не еденде ұстағанда олар негізгі еденнен 40-80 см биіктікке орналастырылады. Балапандар қорасына бұл биіктік 20-25 см, тор көздің мөлшері туғанына 20 күн болған тауық балапандары үшін 12 х 12 мм, ал 45 күн толған балапандар үшін 15 х 15 мм.

Құс қораларда жылжымалы тұрақты жем берілетін астаумен су құйылатын науа болады. Бұлардың саны балапандардың азықтану кезінде алатын орын мөлшеріне қарай белгіленеді.

Құс қоралары тұрақты жинап алатын, немесе бөлшектеп алатын етіп құс қонақтайтын ағашпен жабдықталады. Тұрақты құс қонақтайтын ағаштың астынан қорап түрінде немесе терең траншея қазып, саңғырық жинағыш жасалады. Ересек құстар қонақтайтын ағаштың биіктігі еденнен 60-80 см, балапандар үшін 50 см аспауы керек.

Тері паразиттері (қауырсын және мамық жеушілер) жабыспау үшін жәшік түрінде күл-құм ваннасы қолданылады. Оның көлемі ересек құстар үшін 0, 7 х 0, 2 х 1 м болады, әрі 180-200 құсқа бір ваннадан келеді. Құс қорада құс жұмыртқалайтын ұялар салу көзделіп, олар 10-12 тауыққа бір ұядан есептеліп салынады. Тауықтар ұяны еденнен 0, 5-0, 7 м биіктікте салынады. Бұл ұялар гигиена ережесіне сай таза ұсталынуы қажет.

Қазіргі уақытта өнеркәсіп құс қораға арнап жасалған механикалан-дырылған жабдықтардың (Ресейлік немесе шетелдік) комплектісі бар. Бұл комплектіде жемді шөпті таратыпберетін құрал. Науалы суат, түбі көтермелі ұя және механизм күшімен жұмыртқа жинағыш аспап, құс қонақтайтын сырғауылдар, ұяларды және құс өтетін жолдары ашып жабатын механикалан-дырылған қондырғылар, құс саңғырығын жинайтын механизмдер, өндірістік процестерді автоматты жолмен басқаратын станция бар. Құс қораларға жабдықтарды орналастыру жобасы қора құрылысының конструкциясына байланысты болып, құстарды еден жағдайына қолайлы орналастыру тығыздығы белгіленген. Етті бағыттағы ересек тауықтарды 1 м 2 -қа 4-5; ал балапанын 18 бастан орналастырады.

Құстардың денсаулығы мен өнімділігі көп жағдайда төсеніштің құрамы мен экологиялық жағдайына байланысты. Төсеніш ретінде ағаш үгінділері, майдаланбаған сабан, тағы басқа материалдар пайдаланылады.

Төсеніш қора ішінде экологиялық-гигиеналық жағдайды жақсартады, құстың астынан сыз өткізбей, тері ауруынан және жарақаттандырудан сақтандырады. Төсеніш ылғалды, зиянды газдарды бойына тартып алып, құс қауырсынын ластамайды, жұмсақ болады. Төсеніш материалдары зоогигиеналық жағдайларға сай, құрғақ, шаңсыз, ластанбаған құрамында түрлі улы өсімдіктер болмай және түрлі микробиологиялық процестерге ыңғайлы болып, соңынан тыңайтқыш ретінде пайдалануға жарамды болуы қажет.

Қора ішіндегі ауаның ылғалдылығы мен температура көрсеткіштері тікелей төсеніш жағдайына байланысты. Мысалы: дымқыл, көгерген төсеніштер құстардың аспергиллез, түрлі тыныс жолдары ауруларына себепкер болып, гельминт жұмыртқалары мен балапан құрттардың өсуіне қолайлы.

Төсеніш ылғалдылығын қалыпты жағдайда сақтау үшін қораның микроклимат көрсеткіштерін бірқалыпты ұстау қажет. Қалың төсеніштерді құстардың кезекті тобымен ауыстырып, оларды құс қоймаларында биотермиялық өңдеуден өткізеді. Құстарды еден жағдайында күтіп-бағу әдістері негізінен ыстық және ылғалды аймақтарда пайдаланылады.

Құстарды торда бағып-күту гигиенасы. Балапандар ме ересек құстарды торда ұстайтын қораларда өсіру жер алаңын неғұрлым тиімді пайдалануға, өндірістік қоралардың қажеттігін 3-3, 5 кемітуге, ауыр жұмыстарды механикаландыруға, балапандарды өсірудің маусымдылығын болдырмауға, оларды ауруға ұшыратпауға, су құбырының, канализацияның, электр жүйесінің ұзындығын едәуір кемітуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі құрылысқа жұмсалатын қаржыны кемітеді және ұс шаруашылық тауарлылығын арттырады, экологияны жақсартады.

Құстарды торда бағып-күтуге арналған қораның жеке залдары және қосалқы қора бөліктері болады. Топтасқан және жеке-жеке торларға бөлінген залдар арнаулы стандартты батареялармен жабдықталады.

Жұмыртқалайтын мекиендерді торда бағып-күту үшін өнеркәсіп орны арнайы батарея комплексін әзірлеп шығарады. Бұл батареялардың көлем мөлшері торлардың типі мен конструкциясына байланысты. Торлы батареялардың құрамында жем берілетін арнаулы оттық, жем-шөп таратқыш, мөлшерлегіш, науа, жұмыртқаларды түсіретін лотоктар және жұмыртқа жинайтын қол арбалар, тордағы құс саңғырығын жинайтын тасымалдау қондырғысы бар. Торлар қабат-қабат орналастырылады. Торлы батареялар ұзыннан-ұзақ немесе қосарлап, жарыстыра орналастырылады. Бұларды арасынан жүріп өтетін жолдың ені 0, 8 м-ден кем болмайды. Әр жастағы балапандар тобы бір-бірінен оңаша торлы батареяларда бағып күтіледі. Торлы батареяларға азық бункер, азық таратқыштар, минералды азық берілетін астаулар, аспалы науалар, саңғырық салынатын қорап және құс саңғырығын жинап шығаратын штангалы транспортерлер кіреді. Жабдықтарды басқару ісі автоматтандырылған.

Етке арнап өсірілетін 1 күннен 70 күнге дейінгі балапандарды батареялы торларда 20 балапаннан, яғни еденнің 1 м 2 көлеміне 12 балапан орналастыру есебімен, серуенге шығатын алаңы жоқ қорада бағып күтеді. Секцияларды жем салатын оттықпен, су беретін науамен жеткілікті етіп жабдықтайды. Сонымен қатар мұндай балапандарды еденге төсеніш пайдаланып өсіру тиімді деп танылуда.

Құс қоралары пешпен немесе бір орталықтан келетін ыстық сумен, ыстық бумен, ауамен және электр қуатымен жылытылады. Жергілікті жылытқыш ретінде қалқанды құрылғылар, жылытқыштар қосымша қолданылады, ал соңғы уақытта инфрақызыл сәулелі қондырғылар қолданылады. Балапандарды торларда бағып-күтетін қораларда механикаландырылған ағында желдеткіш-термен ұштастырылған ауамен жылыту жолын қолданған тиімді болады.

Құс қораларында таза ауаны механикалық жолмен беріп тұратын табиғи және жасанды желдеткіш болу алдын ала көзделеді. Желдеткіш арқылы келетін ауаны мөлшері құстың тірілей салмағының 1 кг-на балапандар үшін 1, 2-1, 5 м 3 болуы тиіс, ал ересек құстарға - 1 м 3 , ет үшін бордақыланатын балапандарға - 5 м 3 жазда, қыста - 1, 5-2 м 3 көлемде болуы керек. Құс қоралары табиғи түрде терезе арқылы желдетіледі, яғни терезе жақтауына кере тартылған матадан ауа кіріп тұрады, мұнда өтпе жел болмауы тиіс. Жылытылатын құс қораларында от жағылатын қондырғылардың дұрыс-бұрыстығын бақылап, балапандарды уландыратын иісті газды болдырмайтын желдеткіш жүйесінің жұмысты жақсы атқару жағын бақылап отырған жөн. Механикалық желдеткіш балапандарды торда бағып-күтетін қораларға, инкубаторлардағы құс соятын цехтарға, сондай-ақ құс еденде бағып-күтілетін қораларға орнатылады.

Барлық жастағы құстарды бағып-күтетін қораларда және олардың бағытына қарай (бройлерді қоспағанда) табиғи жарық болуы тиіс. Терезелерді қораның алдыңғы жағынан шығарып, еденнен 30-40 см жоғары орнату керек. Терезе орнының кеңдігі сол қорада еденге жарықты толық түсіріп тұратындай болуы шарт. Мүмкіндігінше терезеге металдан жасалған тор құрылуы тиіс. Құс бордақылайтын және сойылатын цехтарда канализация жүргізіледі. Сондай-ақ құстарды торларда бағып-күтетін қораларда үнемі су үзілмей ағып науадан суды және еденді, жабдықтар мен торларды жуғанда ағатын жуынды суды басқа жаққа бұрып кететін канализация жүргізіледі. Су ағып тұратын науасы жоқ, құс қораларда канализация болмайды.

Құс қораларының экологиялық жағдайы

Құс шаруашылығында қора-жайдың дұрыс бағытпен салынуының санитариялық-гигиеналық жағынан үлкен маңызы бар.

Құсты өсіру және бағып-күті үшін инкубаторларды, құс қораларды, клеткада бағып күтетін цехтар және лагерьлік құрылыстар салу алдын ала ескеріледі.

Құс өсірілетін қораларды арнаулы типтік жоба бойынша салады. Құстарды бағып-күту тәсіліне байланысты қоралар мынадай типтермен салынуы мүмкін: балапандардың есеюіне қарай еденде еркін жүріп-тұруы үшін секцияларға бөлінген құс қоралар, құстарды клеткаларда бағып-күтетін цех, жаз айларында бағып-күту үшін жылжымалы немесе тұрақты үйшіктер және балапандарды күннің суық кезінде өсіру үшін ауа-райына шынықтыратын лагерь типіндегі құрылыстар.

Құс қораларының жобаларында құсқа қажетті микроклимат жасау, еңбекті көп керек ететін процестерді механикаландыру көзделеді. Жұмыс көлемінің жобалануы, оларды жүзеге асыру прогресті әрі тиімді жүргізілуі керек. Белгілі бір фермаға арналған жобаны таңдауда олардың жергілікті жердің жағдайына сай келу жағын ескеру керек.

Балапан өсірілетін құс қоралардың типі климат жағдайына, жергілікті құрылыс материлардың түрлеріне, құстарды орналастыру мөлшеріне қарай белгіленеді. Қораларды секцияларға бөледі, бұларға қанша құс орналасуы өсірілетін құстардың түрі мен жасына байланысты болады.

Құстың серуендеуі үшін құс қораның ұзына бойына күн шуақ немесе қоршаулы алаң жасалады. Кішігірім шаруашылықтарда еденде бағып күтілетін тауықтар үшін күн шуақтың алаңы құс қора еденінің 50-100 пайызына дейін болады. Асыл тұқымды тауық өсіретін шаруашылықтарда туғанына 45-60 күн болған балапандарға күн шуақ емесе серуен алаңы 0, 5 м 2 есебімен жасалады, ал туғанына 25 күн болған балапандарына 0, 2 м 2 есебімен, ересек тауықтарға 2 м 2 есебімен жасалады. Құстардың серуен алаңына көлеңке болатын жаппа жасайды, бұған ағаш бұта немесе арнауы қалдықтарды пайдаланады. Тауықтарға арналған алаңдар торлы қоршаумен қоршалады, оның биіктігі 1, 6-2, 2 м болады олардың балапандары үшін 0, 8-1 м етіп жасалады. Күн шуақтағы қоршаулы алаңдарды секцияларға бөледі, олардың құс қора секцияларына сәйкес қатыс жолдары болады.

Құс фермалары салынатын жерлерді таңдап алудың зор маңызы бар. Учаскенің мал жайылатын жерге, елді мекенге, жол бойына, тазалық жағынан қолайсыз жерлерге (қоқыс төгілетін жерге, мал қораларына, изоляторларға және басқаларға) алысырақ орналасуына - құстың тазалығы, күтімі құс шаруашылығының өркендеуі тікелей байланысты болады.

Инкубатордың ұзына бойы, солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталады, балапандар үшін салынатын құрылыстардың алдыңғы жағы есігі оңтүстікке немесе оңтүстік-шығысқа қаратылады. Құс өсіретін қора жайлардың лайықты түрін құсты бағып-күтуге қабылданған жерге байланысты, шаруашылықтың көлемімен бағытына қарай, сондай-ақ климат және жергілікті жердің жағдайларына қарай таңдап алынады.

Құс қораларындағы микроклимат

Қорадағы микроклиматтың құс организміне әсері температураның, ауаның ылғалдылығы мен оның қозғалу жылдамдығының, сондай-ақ ондағы техникалық құралдар арқылы байқалады. Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін, бұл құстың өнімділігі мен өсімталдығын төмендетеді, еңбек шығыны көбейіп, мал өнімдерінің өзіндік құны қымбаттап, сапасы кемиді (3-кесте) .

3-кесте. Құс қораларының микроклимат көрсеткіштерінің құс өнімділігі мен сапасына әсері

Бағу әдістері
Ауа темпера-турасы, 0 С
Салыс-тырмалы ылғал-дылығы, пайыз
Зиянды газ-дардың ауа-да болуы, мг/м 3
1 басқа шаққан-дағы жұмыртқа беруі
Өлім-жітім, пайыз
Жұмырт-қа сынығы, пайыз
NH 3
шаң
Бағу әдістері: Қалың төсеніште
Ауа темпера-турасы,0С: 16
Салыс-тырмалы ылғал-дылығы, пайыз: 72
Зиянды газ-дардың ауа-да болуы, мг/м3: 35
1 басқа шаққан-дағы жұмыртқа беруі: 8
Өлім-жітім, пайыз: 240
Жұмырт-қа сынығы, пайыз: 14
8
Бағу әдістері: Бір ярусты бата-реяларда (АПЛ)
Ауа темпера-турасы,0С: 17
Салыс-тырмалы ылғал-дылығы, пайыз: 70
Зиянды газ-дардың ауа-да болуы, мг/м3: 8
1 басқа шаққан-дағы жұмыртқа беруі: 4
Өлім-жітім, пайыз: 260
Жұмырт-қа сынығы, пайыз: 6
2, 2

Құс қораларында қолайлы климат болуы үшін, оларда ауа температурасының, оның ылғалдылығының, қозғалу шапшаңдығының, ауа құрамының зоогигиеналық нормативке сай келуінің, сондай-ақ қораларды құстың түріне, жасына, бағу технологиясына сәйкес жобалаудың, техникалық нормаларда көзделген басқада жағдайлардың болуын қамтамасыз ету керек.

Құс қораларындағы микроклимат жағдайы сыртқы ауа-райына, азықтандыру тәсілдеріне, қоршаулардың түрлеріне, желдеткіш және канализация жүйелерінің жұмысына құс саңғырығының дер кезінде тазаланып тұруына байланысты.

Құстардың жылу алмасу процесінің нашар дамуы себебінен ол сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделе алмайды. Мысалы, төмен температура жағдайында құстар азықты шамадан тыс мөлшерде қабылдап, организмде өтетін жылу алмасу процесін нашарлатып, организмнің салқындауына себепші болып, түрлі ауруларға шалдықтырады. Олар жоғары температура жағдайына да сезімтал (құстардың суды көп мөлшерде пайдалануы құс саңғырығы арқылы бөлінетін амииак мөлшерінің көбейюі) .

Ауадағы жоғарғы ылғалдылық организмнің зат алмасу құбылысын нашарлатып, тотығу-тотықсыздану процесін тежейді. Мның өзі құстың тәбетін төмендетіп, азықтың сіңімділігін нашарлатып, түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін, әрі ауа қозғалысының жылдамдығы жылу бөлу қабілетіне әсерін тигізеді, сондықтан да оның мөлшері гигиеналық жағдайға сай болуы керек.

Микроклиматтың тағы бір көрсеткіші ретінде құс организміне жарықтың маңызы зор (4-кесте) . Құс қораларына табиғи жарықпен бірге жасанды жарықты пайдалану қажет, ал терезелері жоқ қораларда тек күндізгі жарық беретін люминесцентті немесе қызу беретін лампалар қолданылады.

4-кесте. Құс қораларындағы жарықтылық нормасы

Қоралар
Табиғи жарықтылық нормасы
Құстарды орналастыру зона-сындағы жасанды жарықты-лық, лк
табиғи жарықты-лық коэффициенті (КЕО), пайыз
жарықтылық коэффициенті (ЖК)
газозарядты лампалар кезінде
қыздырылатын лампалар кезінде
Қоралар: Ересек құстар үшін
Табиғи жарықтылық нормасы:
Құстарды орналастыру зона-сындағы жасанды жарықты-лық, лк:
Қоралар: Еденде ұстағанда (еден деңгейі бойынша)
Табиғи жарықтылық нормасы: 0, 7
Құстарды орналастыру зона-сындағы жасанды жарықты-лық, лк: 1:10-1:12
75
30
Қоралар: Торда ұстап бақ-қанда (азықтанды-ру бойынша)
Табиғи жарықтылық нормасы: 0, 7
Құстарды орналастыру зона-сындағы жасанды жарықты-лық, лк: 1:10
70
30
Қоралар: Бройлерді баққан-да (еденде және торда)
Табиғи жарықтылық нормасы: 0, 35
Құстарды орналастыру зона-сындағы жасанды жарықты-лық, лк: 1:20
20
75
Қоралар: Балапандарды бағу үшін
Табиғи жарықтылық нормасы: 1, 0
Құстарды орналастыру зона-сындағы жасанды жарықты-лық, лк: 1:8-1:10
диапазонда
Қоралар: Инкубаторлық залдар
Табиғи жарықтылық нормасы: 0, 8-1, 0
Құстарды орналастыру зона-сындағы жасанды жарықты-лық, лк: 1:15-1:20
75
30

Жасанды жарықтың көзі қораның ішіне бірқалыпты мол жарық түсіріп тұруы қажет. Құстарды еденде баққанда оның жарықтылығы шамамен 15-20 лк болуы керек, бұл қызулы шамдардың қуаттылығы бір шаршы метр көлемге дегенде 4-5 Вт есебімен алынады.

Құс қораларының ауа тазылығының көрсеткішін көмірқышқыл газының көлемімен бағалайды. Құс қорада бұл газдың көп болу себебінен құстардың тыныс алу жиілігі артпай, керісінше құстарда тыныс алу жиілігі кеміп, кейбір жағдайда тоқтауға әкеліп соғады.

Құс организміне аммиак пен күкіртсутек әсерінен құс денесіндегі оттегінің құлдырауына әкеп соғады. Сондықтан да олардың мөлшері белгіленген қалыптан аспауы керек (5-кесте) .

Ірі құс шаруашылықтарында құс санының көп болу себебінен және құрғақ азықпен азықтандырылуы салдарынан ауада механикалық, бактериялық қоспалар болуы мүмкін. Мысалы: 720-1000 мың басқа арналған құс фермаларында желдеткіш жүйесі арқылы 1 сағат ішінде сыртқы ортаға 13 кг аммиак, 1490 м 2 СО 2 , 40 кг шаң-тозаң, 174, 8 млрд микроорганизмдер шығарылады. Мұның өзі құс арасында түрлі өкпе, көз ауруларының себепкері болады.

Микроклиматты жетілдіру мақсатында ауаның физико-химиялық көрсеткіштерін реттеумен қатар оның биологиялық белсенділігін жоғарылату керек. Ал құстың төзімділігін арттыру үшін жүйелі түрде ауаны тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу орынды.

Қазіргі кезде ауадағы шаңды азайту мақсатында және зарарсыздандыру үшін әрі оның биологиялық белсенділігін арттыратын тиімді тәсілдер бар. Олар, атап айтсақ: ауа сүзгіштерін қолдану, ионизациялау, қысқа толқынды УК-радиацияны қолдану, зарарсыздандыру (құстың барында) . Ауаны зарарсыздандыру үшін (аэрозольды тәсілмен) қолданатын препараттар: резорцин, триэтиленгликоль, сүт және янтарлық қышқылдар. Осы мақсатта құс қораларында бактерицидтік шамды да (ДБ-30) қолданған тиімді (0, 5-0, 6 ВТ/м 2 ) .

Тауықтар гигиенасы

Тауықтардың денсаулығы және олардан алынатын жұмыртқаның сапасы көп жағдайда қора-жайдың микроклиматына, азықтандыру жағдайына, орна-ластыру тығыздығына және басқа да экологиялық факторларға байланысты болады.

Тауықтарды ұстаудың негізгі екі әдісі қолданылады: еденде және торда. Климаттық және экономикалық жағдайға, шаруашылықтың жүйесіне және өндірістің мамандандырылуына байланысты жоғарыда айтылған екі әдістің бірі таңдалады.

Қазіргі кезде жұмыртқаның негізгі массасын тауықтарды торда ұстау арқылы алады. Дегенмен тауықтарды торда ұстағанда жұмыртқаның жарылуы және шытынауы (пайыз) жоғарылайды, ал еденде ұстау барысында жұмыртқа қабығының ластануы 40-50 пайызға дейін жетеді.

Тауық қораларында қолайлы микроклимат жасау керек. Жылдың суық мезгілінде құс қорасының ауа температурасы 16-18 0 С, салыстырмалы ылғалдылығы 60-70 пайыз болуы керек. Бұл кезеңде құс қорасының ауа температурасы 4 0 С-тан төмен болмауы керек, ал жазда ысып кетпеу керек.

5-кесте. Құс қораларындағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы
Ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы туралы
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы туралы ақпарат
Құстардың санитарлық гигиенасы
Құстардың өсіп - жетілуі
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Ауыл шаруашылығы құстарының гигенасы жайлы
Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері жайлы
Күркетауықтарды бағып күту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz