Сералин Мұхамеджан шығармашылығы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Тақырыбы: Сералин Мұхамеджан шығармашылығы

Тексерген:Жундыбаева А. К.

Орындаған: Кұсаинов Ж

Топ: ФИ-311

2015 жылы

Жоспар:

  1. Сералин Мұхамеджан өмірі.
  2. Сералин Мұхамеджан шығармашылығы.
  3. Сералин Мұхамеджан өмірін зерттеші ғалымдар пікірлері.

Сералин Мұхамеджан (1872-1929) - жазушы, ақын, публицист, журналист. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Өрнек ауылында дүниеге келген. Троицкідегі медреседе оқып, Қостанайдағы 2 кластық орыс-татар мектебін бітірген. 1911-1915 жылдары Троицкіде «Айқап» журналын шығарды. 1919-1920 жылдары - «Ұшқын» газетінің қызметкері. 1921-1922 жылдары - Қостанайдағы Шұбар болыстық атқару комитетінің төрағасы. 1922-1923 жылдары - Қостанай губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1923-1926 жылдары - «Ауыл» газетінің редакторы қызметтерін атқарған.

М. Сералиннің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді. 1- кезеңіне «Айқап» журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалары жатады. 2 кезең 1918-1928 жылдар аралығын қамтиды, бұл кезеңде «Ұшқын», «Еңбекші қазақ», «Ауыл» газеттерінде саясат, шаруашылық, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланды. 1900 жылы алғашқы жарияланған «Топжарған» поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. Поэмада ХІХ ғасырдың 30-40- жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген. 1909 жылы жарық көрген «Гүлқашима» поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. М. Сералин Ы. Алтынсариннің ағартушылық-демократиялық идеяларын қолдады. Ол Фердоуси «Шаһнамасының» «Рүстем - Зораб» бөлімін В. Жуковский нұсқасынан, сондай-ақ А. Сорокиннің «Жусан» повесін қазақ тіліне аударған.

Мұхамеджан Сералиннің қызметіне қатысты пікірлер алғаш болып ХХ ғасыр басында жарық көрген мерзімді басылымдарда білдірілді. Татар тіліндегі «Вакыт», орыс тіліндегі «Оренбургский листок», қазақ тіліндегі «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті басылымдарында М. Сералин көрнекті публицист екені айтылады. 1906 жылдан бастап Орынбор қаласында шыға бастаған татар газеті - «Вакыт» өзінің 1911 жылғы санында қазақ тілінде «Айқап» атты журналдың шығарыла бастағанын хабарлай отырып, оны шығарушысы М. Сералиннің өмір жолына қатысты мәліметтер де келтіріле кетеді. Ол мәліметте М. Сералиннің қазақтың танымал ақыны екені, бірнеше поэманың авторы болып табылатындығы аталып көрсетіліп, ендігі жерде оның танымал журналист болатындығына сенім білдіріледі. «Санкт-Петербургские ведомости» газетінің 1898 жылғы шыққан нөмірінде М. Сералиннің ағартушылық қызметі айтылған. «Қазақ» газетінде М. Сералин қоныс аударушылар легінен қорғанудың бірден-бір жолы қазақтардың келімсектер сияқты он бес десятинадан жер үлесін алып, отырықшылдыққа көшуді уағыздаушы ретінде көрсетіледі.

Кеңестік биліктің орнығуы, әкімшіл-әміршіл жүйе ретінде қалыптасу кезеңінде жарық көрген әдебиеттерде М. Сералиннің қоғамдық-саяси қызметіне баға беру маркстік-лениндік методология ұстанымына негізделеді.

Алаш қозғалысы қайраткерлерінің 1917 жылғы қызметіне қатысты С. Брайнин мен Ш. Шафироның 1933 жылы «Большевик Казахстана» журналында жарияланған мақаласында ХХ-ғасыр басындағы қазақ зиялылары арасындағы екі ағым болғандығы, М. Сералин мен Б. Қаратев бастаған зиялылар тобы «шығысшыл», Ә. Бөкейханов пен А. Байтұрсынов бастаған топ «батысшыл» топ ретінде көрсетіледі. Қазақ интеллигенциясы арасындағы екі топқа бөлінушілік болғаны жайлы пікір Е. Феодоровтың мақаласында да айтылады.

И. Рамиевтің 1926 жылы шығарған, 1905-1926 жылдардағы жарық көрген татар баспасөзіне арналған библиографиялық көрсеткішінде қазақ басылымы - «Айқап» журналының шығарушысы болып табылған М. Сералинге көрнекті қазақ қаламгері ретінде баға беріледі.

1943 жылы жарық көрген «Қазақ ССР тарихында» М. Сералиннің қазақ қоғамындағы ағартушылық қызметіне де назар аударылып, оның жетекшілігімен шыққан «Айқап» журналы қазақ халқының ұлттық санасының өсуіне игі ықпал тигізгендігі аталып көрсетілді.

М. Сералиннің тұлғалық келбетіне өткен ғасырдың 40-жылдары әдебиетші-ғалымдар да өз назарын аудара бастады. Ондай ғалымдардың бірі К. Жұмалиев пен Е. Ысмайлов болды. Бұл авторлардың қазақ әдебиеті тарихына арналған еңбегінде ХХ ғасыр басында демократиялық бағыттағы ақын-жазушылардың алдыңғы сапында М. Сералиннің болғандығы, оның шығармалары және ұлттық мүддені қорғау жолында сіңірген еңбегі нақтылы түрде аталынды. Бірақ та, тарихи шығармаларда М. Сералинге қатысты бағалар сол кезеңдегі идеологиялық талапқа сай беріліп, оны революциялық қозғалыстың бел ортасында болды, қазақ және орыс шаруаларының ынтымақтаса патшалық билікке қарсы күресуін жақтады деп көрсету етек ала бастады. Бұған А. Ф. Якуниннің бірінші орыс революциясы тұсындағы Қазақстанға арналған еңбегіндегі мына жолдар дәлел бола алады: «Сералин революциялық-демократиялық интеллигенцияның алдыңғы қатарлы өкілі болды. Ол халық алдында сөйлеген сөздерінде қазақ және орыс халықтарының достығы идеясын насихаттады, ол қазақтарды орыстардан революциялық күресті меңгеруге, орыс мәдениетін үйренуге үгіттеді, қазақтарды отаршылдыққа көшіп, жер шаруашылығымен шұғылдануға шақырды».

А. Ф. Якуниннің жоғарыдағы сөздерінен М. Сералиннің ағартушылық қызметінен гөрі «революциялық-демократиялық» қызметі басым түскендей көрінеді. Мұның өзі сол тұстағы тарих ғылымының идеология құралына айналғандығының айқын көрінісі болатын.

ХХ ғасырдың 40-50 жылдары жазылған ғылыми әдебиеттерде М. Сералиннің қызметі көп жағдайда баспасөз тарихына қатысты айтылды. Бұл ретте Н. Сәбитовтың құрастыруымен жарық көрген библиографиялық көрсеткішті және Б. Кенжебаевтың еңбегін ерекше айтуға болады. Н. Сәбитовтың «Айқап» журналында жарияланған бірқатар мақалалар жайлы мәліметтерді келтіре отырып, ол мақалалардың жариялануына М. Сералиннің ықпалына көңіл бөліп, ол жайлы өзінің оң көзқарасын білдіреді. Б. Кенжебаевтың еңбегінде 1888-1928 жылдар арасындағы жарық көрген қазақ тіліндегі газеттер мен журналдарға шолу жасап, «Айқап» журналы жайлы және оның шығарушысы М. Сералин туралы мәліметтер келтіреді. Автордың пікірінше, М. Сералин қазақ баспасөзінің тарихында өзіндік терең із қалдырған қайраткер ғана емес, әрі ұлттық мүддені қорғаушы күрескер ретінде танылған тұлға болатын. Ол М. Сералин шығарған «Айқап» журналына «халықтың сана-сезімін, теңдік - бостандық үмітін оятты, шаруашылығы мен мәдениетін дамытты, саяси белсенділігін көтерді» деген баға берді.

Б. Кенжебаевтың ХХ-ғасыр басындағы қазақ басылымдарына қатысты мұндай пікірі партиялық талапқа, үстемдік еткен иделогияға сай келмейтін. Соған орай 1951 жылы қараша айында «Социалистік Қазақстан» газетінде «Қазақ баспасөзін зерттеудегі өрескел қателер» деген көлемді мақала жарияланды. Бұл мақалада Х. Бекхожиннің 1949 жылы «Дала уалаяты» газеті туралы қорғаған кандидаттық диссертациясы мен Б. Кенжебаевтың 1950-жылы шыққан «Қазақ баспасөзінің тарихынан» деген еңбегі партиялық талапқа сай сынға алынды. Аталмыш мақалада 1917 жылғы Қазан революциясына дейінгі қазақ баспасөзі идеялық жағынан кеңестік заманға сай емес, олардағы материалдарда керітартпа, ұлтшылдықты насихаттайтын идеялар таратылды делінген тұжырым негізделді.

«Социалистік Қазақстан» газетіндегі мұндай сын ХХ ғасыр басындағы қазақ басылымдарын объективті тұрғыда зерттеуге, ол басылымды шығарушыларға баға беруге өзіндік кері әсерін тигізгендігін жоғарыда аталған А. Ф. Якуниннің еңбегіннің мазмұнынан аңғаруға болады. Сондай-ақ, Б. Кенжебаевтың 1957 жылы жарық көрген еңбегінен де «Социалистік Қазақстан» газетінің сынының әсері байқалады. Б. Кенжебаев М. Сералиннің журналистік қызметін көрсету мақсатында оның «Айқап» журналын шығарудағы атқарған еңбегіне оң баға бергенмен, журналдың мазмұнында ұлтшылдықтың, үстем тап өкілдерінің мүддесін көздеушіліктің сарыны бар екендігін де атап өтеді. Автор М. Сералиннің публицистік мұраларына көбірек назар аударып, оның ұлт-азаттық қозғалыстағы орнын ашып көрсетуге талпыныс танытпайды. Дегенмен де, Б. Кенжебаевтың еңбегінде М. Сералиннің «Ауыл» газетін шығаруды ұйымдастырудағы қызметінде, «Ұшқын», «Еңбекші қазақ» газеттерінде саяси өмір, шаруашылық мәселелеріне қатысты жарияланған мақалаларының мазмұнында қазақтарды жарқын болашаққа тарту деген ниет жатқандығын теріске шығармайды.

М. Сералиннің басшылығымен жарық көрген «Айқап» журналын Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде қарастыру 1960 жылдары жүзеге асырыла бастады. 1966 жылы Г. К. Сатыбекова «Айқап» журналы Қазақстан тарихының дерегі ретінде» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Бұл диссертацияда автор «Айқап» журналында жарық көрген материалдарды дерек көзі ретінде талдаумен қатар М. Сералиннің қоғамдық-саяси қызметіне шолу жасап өтеді. Автор М. Сералиннің қызметіне баға беруде «Айқап» журналындағы мәліметтерді келтіруімен шектеліп, қайраткерлердің ұлттық мүддені қорғау жолында атқарған көптеген қызметін назардан тыс қалдырған. Аталған диссертацияға қатысты көрнекті деректанушы-ғалым Қ. Атабаевтың «Диссертациялық жұмыстың тақырыбы деректанулық мағынада аталғанымен, жұмыстың мазмұны оған сай болмағандығын және онда, «Айқап» журналын деректанулық талдау жасау орнына, журнал көтерген мәселелерге шолу жасау мен ол мәселелердің маңызы туралы баяндаумен шектелу орын алғанын айтуымыз керек» деген пікіріне толық қосылуға болады.

«Қазақстан баспасөзі» деген атпен жарық көрген кітапта «революцияға дейін Қазақстанда негізінен діни мазмұнда екі-үш газет, оншақты кітапша ғана шығып тұрды» деген мәлімет беріліп, «Айқап» журналын шығарған М. Сералин секілді өзге де ұлттық басылымдардың жетекшілері діншілдер ретінде бағаланды.

Бірақта мұндай бағаға қарамастан Б. Кенжебаев М. Сералинді 1976 жылы шыққан «ХХ-ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» атты еңбегінде ағартушы, демократиялық ұстанымдағы қайраткер ретінде көрсетті. Автордың мұндай тұжырымы сол тұста жарық көрген өзге де ғылыми еңбектерге өз әсерін тигізбей қоймады.

Б. Кенжебаев М. Сералиннің өмірі мен қызметіне қатысты тың мәліметтерді ғылыми айналымға еңгізуімен же дараланды. Ол М. Сералиннің баспагерлік қызметтен бөлек қоғамдық-саяси өмірге де қызу араласқандығын негіздейтін материалдарды тартып, М. Сералин көрнекті қоғамдық қайраткер, қазақ халқының ХХ-ғасыр басындағы дарынды журналисі, әрі ақыны деген тұжырым жасады.

М. Сералиннің қоғамдық-саяси қызметінің кейбір тұстары К. Б. Бейсембиевтің ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр басындағы Қазақстандағы идеялық саяси ағымдарға байланысты жазылған еңбегінде көрініс тапты. Автор М. Сералиннің қоғамдық-саяси қызметінің ХХ-ғасыр басындағы ұстанымында ұлтшылдықтың сарны болғанын айтады. Кітапта жасалған мұндай тұжырымның қоғамдық ғылымдарда үстемдік еткен маркстік-лениндік методологияның талаптарына үйлесімді болғаны дау тудырмайды. К. Бейсембиев М. Сералин жетекшілік еткен «Айқап» журналы төңірегіне топтасқан Б. Қаратаевқа және Ж. Сейдалинге де ұлтшыл деп баға беріп, оларды үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғаушылар болды дегенді негіздеуге тырысады. Осылайша автор М. Сералин мен оның пікірлестері саналған өзге де қайраткерлерге баға беруде тар таптық методологияның шеңберінен шыға алмады.

К. Б. Бейсембиев 1965 жылы шығарған ХХ-ғасыр басындағы Қазақстандағы прогрессивті-демократиялық және маркстік ой-пікір туралы еңбегінде де М. Сералиннің қызметіне қатысты мәліметтер келтіреді. Ол мәліметтерде М. Сералиннің «Айқап» журналын шығару жолында атқарған қызметі, бірінші орыс революциясы тұсында социал-революционерлердің ықпалына түскендігі жайлы айтылады. Автор бұл кітабында М. Сералинді «Айқап» журналын шығарудан бұрын прогрессивті идеяны насихаттады, феодалдық-патриархалды нанымдарды сынға алды, феодалдық деспотизмге қарсы күресті деген ұстанымын білдіреді.

М. Сералинді К. Б. Бейсембиевтің кітабында социал-революционерлердің ықпалына түскен қайраткер ретінде көрсетуінің өзінен партиялық талаптың ғалымдарды объективті шындықты айтуына кедергі келтіргені сезіледі. Сонымен қатар К. Б. Бейсембиевтің М. Сералинді отаршылдық жағдайда қазақтарды бірден, тездетіп отырықшылдыққа көшуді үгіттеді және әкімшілік-сайлау жүйесін түсінбеді деуі шындыққа жанаспайды. К. Б. Бейсембиев «Қазақстандағы қоғамдық-саяси және философиялық ой-пікір» деген еңбегінде қазақ даласындағы болыстық сайлауды М. Сералин оң өзгерістерге бастайтын жол санады деуі негізсіз. Өйткені, М. Сералин болыстық сайлаудың қазақтар арасына үлкен дау ала келгенін сезе білді және бұл жөнінде «Айқап» журналында мақалалар жариялады.

М. Сералиннің ұсақ буржуазиялық ағымның ықпалында болғаны жайлы пікір 1957 жылы шыққан «Қазақ ССР тарихының» 2-томында кездеседі. Мұндай пікір кейіннен жарық көрген 5 томдық «Қазақ ССР тарихының» 1982 жылы шыққан 3-томында қайталанғанымен М. Сералинге оң баға беруге деген талпыныс нышаны орын алды. Оны кітаптағы мына жолдардан байқайға болады: «Журналдың бағыты айқын емес еді. Көптеген мәселелерде «Айқап» ұсақ буржуазиялық позиция ұстанды. Соған қарамастан М. Сералин аса маңызды қоғамдық проблемалар көтерді. Ол егіншілікке көшуге, мәдениет пен халық ағарту ісін дамытуға үгіттеді, әйелдердің тең праволығы жолында, жаңа тұрпаттағы қазақ мектептерін ашу, оқу орындары желісін ұлғайту жолында күрес жүргізді».

Қазақ халқының ХХ-ғасырдың алғашқы ширегінде қоғамдық-саяси өміріндегі М. Сералиннің орны мен рөлі мәселесі С. З. Зимановтың еңбегінде «Айқап» журналы қазақ халқының оянуы мен ұлт-азаттық қозғалысының серпін алуына елеулі ықпалын тигізді, бұл істің басында М. Сералин тұрды деп бағалайды. Авор «Айқап» журналына төңірегіне М. Сералинмен бірге топтасқан Б. Қаратаев пен Ш. Сейдалин секілді өзге де қайраткерлер отаршылдық жағдайында қазақ халқының мүддесін қорғаудың жолын іздестіргенін ғылыми тұрғыда негіздеді. М. С. Бурабаевтың еңбегіне де қатысты осындай пікір білдіруге болады. Бірақ та, М. С. Бурабаев М. Сералиннің орыс социал-демократ революционерлерімен байланысы мәселесіне көп көңіл бөліп, оны маркстік идеяға жақындастыра түсуге күш салады.

Қазақстанда ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың бас кезінде экономикалық ой-пікірдің дамуы мәселесін қарастырған Д. К. Кабдиевтің еңбегінде М. Сералинге қатысты пікірлер білдірілген. Онда автор «Айқап» журналында шаруашылық мәселелері келтірілген мақалаларды талдай келе М. Сералин өзінің экономикалық көзқарасы тұрғысынан шаруаларға жақын демократиялық қайраткер болды деген тұжырым жасайды. Әрине мұндай тұжырым шындыққа үйлеспейтін. Өйткені, М. Сералин жетекшілік еткен «Айқап» журналы тек шаруалардың ғана емес, барлық қазақ жұртшылығының мүддесін қорғауды мұрат тұтқан еді.

А. Тұрсынбаевтың 1967-жылы жарық көрген «Казахский аул в трех ревоюциях» деген еңбегінде М. Сералиннің қоғамдық-саяси қызметіне баға беруде маркстік-лениндік методологияның талаптары негізінде бірқатар бұрмалаушылыққа жол берілген. Мұны еңбектегі мынандай мәтіннен аңғаруға болады: «Айқап» журналы мен оның редакторы М. Сералиннің қызметінде қателік болмай қалған жоқ. Журнал ұлтшыл буржуазия өкілдеріне қатысты бірізділік ұстанымда бола алмады. Кейде журналдың бетінде ұлтшыл буржуазия өкілдерінің мақалалары жарияланды. Мұның өзі «Айқап» ұлттық буржуазия идеологиясынан арыла алмағанын білдіреді . . . Журналдың редакторы ұлттық буржуазиялық және либералдық сипаттағы бірқатар қателіктер жіберді.

М. Сералиннің шығармашылық мұраларына көңіл бөлген, ХХ-ғасырдың 70-80 жылдары бұл мәселеге қатысты еңбектер жариялаған Х. Бекхожин, Т. Кәкішев, З. Бейсенғалиев секілді әдебиетші-ғалымдардың еңбектерінде М. Сералинің ұстанымында қазақ халқының тұтастай мүддесін көздеу бірінші кезекте тұрғаны, қазақ халқын отарлық бұғаудан шығару, өркениетті халықтар қатарында болуы көзделгені айтылды. Осы аталған әдебиетші-ғалымдардың осындай тұжырымдары кезінде Ү. Субханбердина, Р. Бердібаев, Ә. Дербісалин, Т. Әбдірахманов секілді зерттеушілер тарапынан да білдірілген болатын. Мұның өзі қоғамтанушы ғалымдардың арасында әдебиетшілердің М. Сералиннің мұрасын зерттеуде белсендірек болғанын білдіреді. Бірақ та осы жерде айтатын бір жайт, әдебиетшілердің М. Сералиннің мұрасына көп көңіл бөліп, оның қоғамдық-саяси қызметіне терең үңілмейтіндігі. Бұл әрине әдебиетшілердің өз ғылымының аясынан шықпауға тырысуына байланысты еді. Сондай-ақ әдебиетші-ғалымдардың арасында М. Сералиннің мұраларына баға беруде кеңестік иделогияның талаптарын басшылыққа алынғанын да айтпай кетуге болмайды. Мысалы, Ә. Дербісалиннің еңбегінде М. Сералиннің «Топжарған»поэмасы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысты, осы қозғалыстың жетекшісі Кенесары ханды және Наурызбай батырды сынға алған шығарма ретінде бағаланған. М. Сералиннің аталмыш шығармасына мұндай баға беруге 1947 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің «Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының өрескел саяси қателері туралы» қаулысынан кейін басталған ұлт зиялыларын, ғалымдарды «ұлтшылдар» деп қуғындау науқаны және 1950-жылы қазақстандық бір топ тарихшылардың «Правда газетіндегі Е. Бекмахановты «ұлтшыл» деп айыптаған мақаласы, көп ұзамай Е. Бекмахановтың қуғындалуы әсер еткен еді.

Еліміздегі әдебиетші ғалымдардың ізденістері М. Сералиннің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін онан әрі зерттеуге тың серпін берді. Бұл ретте С. З. Зиманов пен К. З. Ыдырысовтың зерттеу жұмысын ерекше айтуға болады. Аталмыш ғалымдар 1989 жылы М. Сералиннің қоғамдық-саяси көзқарасын зерттеуге арналған еңбекті жариялады.

С. З. Зиманов пен К. З. Ыдырысовтың еңбегінде М. Сералиннің көзқарасының қылыптасуы мәселесі, «Айқап» журналын шығарудағы еңбегі, ағартушылық бағыттағы жұмыстары, кеңестік билікті орнатуға қатысты арнайы қарастырылды. Ғалымдардың еңбегінде кең көлемдегі деректердің тартылуы да бірден көзге ұрады. Сондай-ақ еңбектен маркстік-лениндік методология ұстанымы басшылыққа алынғаны да байқалады. Дегенмен бұл еңбек М. Сералиннің қоғамдық-саяси қызметінің өзге де зерттелмей жатқан тұстарына назар аудартуда елеулі рөл атқарады деп айтуға болады.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде қоғамдық ғылымдар маркстік-лениндік методология мен партиялық принциптердің үстемдігінен арылып, өркениеттілік ұстанымдарға негізделген методологияның арнасына түсті. Соған орай ХХ-ғасыр басындағы ұлттық саяси элита өкілдерінің өмір жолы мен қызметіне қатысты объективті пікірлер айтылып, тұжырымдар жасала бастады. М. Сералиннің мұрасы мен қоғамдық-саяси қызметіне байланысты зерттеулер жүргізудің қарқыны арта түсті. Белгілі әдебиетші-ғалымдар Ү. Субханбердина мен С. Дәуітовтың құрастыруымен «Айқап» журналына еңген мақалалардың жинағы жарық көрді. Осы жинақта «Айқап» журналының редакторы М. Сералинге қатысты объективті пікірлер білдірілді. Заңгер-ғалым Қ. Ыдырысов та М. Сералиннің шығармалар жинағын құрастыру бағытында қызу жұмыстар жүргізіп, 2002-жылы М. Сералиннің мақалалары мен публицистикалық шығармалары, поэмалары мен аудармалары еңген кітапты жарыққа шығарды. Осы жинаққа «Ұлт тарихындағы ұмытылмас есім» деген тақырыпта алғы сөз жазған Қ. З. Ыдырысов мынадай орындағы пікір білдіреді: «Еліміз тәуелсіздік алып, ұлтын егемендікке жеткізу жолында құрбандыққа болса да, ар жолынан таймай беделін биік, абыройын жоғары ұстап, халыққа өызмет етудің үлгісін көрсеткен әрбір Алаш азаматы өмірінің мемлекетіміз үшін қайталанбас құндылық болып табылатынын түсіну, М. Сералин шығармашылығын зерделеуге жете мән беруімізді талап етеді».

Белгілі әдебиетші-ғалым С. Ергөбек М. Сералиннің шығармашылығына байланысты «Қайраткер-қаламгер Мұхамеджан Сералин» атты еңбегін 2004 жылы жарыққа шығарды. Бұл еңбекте М. Сералиннің мұрасы үш топқа бөлініп қарастырылды. Бірінші бөлімде - қайраткердің әдеби мұрасы, екінші бөлімде -публицистикалық мұрасы, үшінші бөлімде - аудармалары. Автор М. Сералиннің шығармалары мен аудармаларын зерделеумен шектелгенімен зерттеулерге мынадай құнды ой-пікір білдіреді:«Жаңаша бағалап-бағамдауды қажет ететін тұлғаның бірі-ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ірі өкілі, қоғам қайраткері - Мұхаметжан Сералин . . . Бұған дейінгі зерттеулерде М. Сералин коммунист ретінде мадақталып, кейбір түрікшілдік, исламшылдық пікірлері не бүркемеленді, не қателік ретінде саналды. М. Сералин қазақ мәселесінде ұлтшыл, тұтас түрік жұрты жөнінде түрікшіл, тіпті исі ислам бірлігін аңсаған азамат. М. Сералинді исламдық, түрікшілдік, ұлтшылдық көзқарасы үшін сынау қате бұл-М. Сералин дүниетанымынан туған көзқарасы, наным-сенімі, шығармаларында ту етіп ұстайтын темірқазық идеясы».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Сералиннің шығармашылығы
М. Сералин шығармашылығы туралы ақпарат
М.Сералин шығармашылығы туралы
Мұхамеджан Сералиннің шығармашылығы
Сералин Мұхамеджан
«М.Сералин шығармашылығы»
Мұхамеджан сералиннің өмірбаяны, бүтін шығармашылық мұрасы және ағартушылық қызметі
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
ХХ ғасыр басындағы газет-журналдарды шығарушылар мен автор-тілшілер
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz