Абай оқыған шығыс шайырлары



1.Абай оқыған шығыс шайырлары.

2. Абай және назирагөйлік дәстүр.«Назира»

3. Абай және Дауани Ғұламаһи.
Абайтану саласының қиын да күрделі бір арнасы ол — сөз жоқ, Абай шығармаларындағы Шығыстық кайнар көздер. Абай мұрасының Шығыска қатысы жайлы баспасөзде алғаш жарияланған пікірлер Кәкітай Ысқақов пен «Уақыт» газетіндегі (1908, № 388) мақала еді. Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеу үлкен әзірлікті қажет ететін күрделі мәселе. Бұл ең әуелі, жалпы мұсылман Шығысы мәдениетін, философия тарихы мен классикалық мұраны тұпнұсқадан оқу деген сөз. Осы тұрғыда Абай шығармаларының Шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге көтерген Мұхтар Әуезовтің әр уақыт оралып соғып, жаңа таным, соны пікірі ұсынып, мәселені тереңнен зерделеп отырғаны белгілі. Абайдың Шығысына байланысты М.Әуезов пікірлері үздіксіз, жанды ізденіспен толығып, байып, дамып отырды. М.Әуезов Абай шығармаларының Шығысқа қатысы жөнінде алғашқы пікірін өте ертеде жазылған Абай өмірбаяны жайлы еңбегінде білдіреді. Абай мұрасының шығыстық белгілері жайлы абайтану саласында М.Әуезов ең алғаш мақсатты түрде мәселені қойды. Ол Абайдың жастық шағынан басталып, өмірінің соңына дейін өзекті желідей созылған шығыстық белгілердің ақын дүниетанымы мен көркемдік шеберлігінің қалыптасу, даму, өсу жолындағы түрлі кезеңдерін ерекше ден қойып зерделеп отырды. М.Әуезовтің Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы зерттеулері, ондағы ғылыми ойының қорлану, жетілу, жаңа сапа тауып түбірлі пікірлерге бет алу жолына ой жіберсек, әр кезеңде әр түрлі таным тұрғысынан келіп отырғанын, түрлі ой — толғаныспен елеп — екшеп, сұрыптап отырғанын көреміз.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
1.Абай оқыған шығыс шайырлары.

2. Абай және назирагөйлік дәстүр.Назира

3. Абай және Дауани Ғұламаһи.

Абайтану саласының қиын да күрделі бір арнасы ол -- сөз жоқ, Абай шығармаларындағы Шығыстық кайнар көздер. Абай мұрасының Шығыска қатысы жайлы баспасөзде алғаш жарияланған пікірлер Кәкітай Ысқақов пен Уақыт газетіндегі (1908, № 388) мақала еді. Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеу үлкен әзірлікті қажет ететін күрделі мәселе. Бұл ең әуелі, жалпы мұсылман Шығысы мәдениетін, философия тарихы мен классикалық мұраны тұпнұсқадан оқу деген сөз. Осы тұрғыда Абай шығармаларының Шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге көтерген Мұхтар Әуезовтің әр уақыт оралып соғып, жаңа таным, соны пікірі ұсынып, мәселені тереңнен зерделеп отырғаны белгілі. Абайдың Шығысына байланысты М.Әуезов пікірлері үздіксіз, жанды ізденіспен толығып, байып, дамып отырды. М.Әуезов Абай шығармаларының Шығысқа қатысы жөнінде алғашқы пікірін өте ертеде жазылған Абай өмірбаяны жайлы еңбегінде білдіреді. Абай мұрасының шығыстық белгілері жайлы абайтану саласында М.Әуезов ең алғаш мақсатты түрде мәселені қойды. Ол Абайдың жастық шағынан басталып, өмірінің соңына дейін өзекті желідей созылған шығыстық белгілердің ақын дүниетанымы мен көркемдік шеберлігінің қалыптасу, даму, өсу жолындағы түрлі кезеңдерін ерекше ден қойып зерделеп отырды. М.Әуезовтің Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы зерттеулері, ондағы ғылыми ойының қорлану, жетілу, жаңа сапа тауып түбірлі пікірлерге бет алу жолына ой жіберсек, әр кезеңде әр түрлі таным тұрғысынан келіп отырғанын, түрлі ой -- толғаныспен елеп -- екшеп, сұрыптап отырғанын көреміз. 1934 жылғы Абай ақындығының айналасы атты зерттеуінде Мұхтар Әуезов ақынның шағатай әдебиетіне қатысына сәл жатырқай қарайтыны белгілі. 1945 жылы М.Әуезов Абай мұрасының нәр тартқан үш бұлағы жайлы аса күрделі танымын алғаш рет айқын танытқандай. Абайдың шығыстың көркем классикалық поэзиясымен шығармашылық қатынасы жайлы бір айтса, Абайдың ақындық кітапханасының шығыстық арналарын қарастыруында және де бір үлкен мәселе етіп Абайдың тарих, философия жөніндегі сусындаған бұлақтары Шығыс ойшылдарының еңбектері де болғандығын айтты.
М.Әуезов Абайдың Шығысын абайтанушы М.Мырзахметовтің көрсетуінде мынадай төрт салаға топтастырды. 1. Абайдың ақындық кітапханасының көлемі мен жайы. 2. Абай және Шығыс классиктері. 3. Абайдың исламиятқа қатысы. 4. Абай және мораль философиясы. Бұл пікірлер, әрине, М.Әуезовтің Абайдың Шығысқа қатысын зерттеуді орынды көтеріп, түрлі нәтижелерге қол жеткізудегі сатыларын, қамтыған мәселелерін ауқымын айқындауда,сонымен бірге Абайдың Шығысын тануда белгілібір уақыттарда қажеттілігі болған пікірлер. Біздіңше, Әуезовтің Абайдың Шығысын ашуын әлде де қарастыра түсу арқылы аталған мәселелердІң ар жағынан Абайдың Шығысын зерттеуді тереңдете түсер көп қисындар Абай шығармаларының Шығысқа қатысын бұрмалау, теріс бағалау, үстірт қана шолып өту, тіпті кейде тарс етіп, жұмған ауызды ашпай өте шығу сияқты түрлі ахуалды абайтану ілімі бастан аз кешкен жоқ. Сондай құбылыстар Абайдағы айқын көзге ұрып тұрған шығыстық белгі, шығыстық сарындарды басқаша тануға, тануға итермеледі. Абайдың Шығыс әдебиетіне қатысы жайлы қазақ әдебиеттану ғылымында М.Әуезовтен кейін С.Мұқанов, Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев, М.Мырзахметов, Т.Әлімқұлов, А.Қыраубаева, Ө.Күмісбаев, Ғ.Есім, А.Жақсылықов, т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылып отырды. Бүгінде Абайдың Шығыс әдебиетімен, Шығыс мәденитімен байланысын қарастырған біршама толымды зерттеулер бой көрсетіп отыр. Абайда, Абайдың ІІІығыс әдебиетінен алғаны, үйренгені туралы оның өлең өлшемі, сөз қолданысы, дүниетаным пікірлерін аша түсер нақытылы зерттеулерге бару -- қазіргі абайтанудың ендігі кезектегі күрделі міндеттерінің бірі. Абайдың ақындық айналасы мәселесі -- абайтанудың өзекті арнасы. Абайдың Шығыс мәдениетіне, әдебиетіне қатысы жайлы әріден айтылып келеді. Абайдың Шығысы дейтін мәселенің аясында Абайдың исламиятқа қатысы да, Шығыс поэзиясы үлгілерінен үйренуі де, Шығыс философиясына бойлауы да белгілібір дәрежеде айтылып, қамтылып отырды. Абайдың Шығысқа қатысы жайлы баспасөз бетінде алғаш жарияланған дүние Семипалатинский листок газетіндегі Әлихан Бөкейханов жазған азанама болса керек. Абайдың өмірі мен шығармалары жайында Кәкітай Ысқақұлынан алған деректерді Әлихан Бөкейханов Абай ақындығы жайлы өзіндік наным-таныммен құнарландырып, жүйелеп баяндап бергендігі белгілі. Ислам дінінің далаға орнығуының пайда-зиянына орай жаңа заманның талабымен Абай білімге ден койып, араб, парсы түркі тілдерін кітап арқылы үйренеді. Табандылығы мен бейімділігінің нәтижесінде өз бетімен араб, парсы тілдерін еркін меңгеріп, қасиетті біліммен сусындады. Молда мен қожалар туралы далаға кең таралған аңқау елге арамза молла деген мақалға орай олар өздерінің жан дүниесінің пасықтығын әшкерелеуден қорқып Абаймен кездесіп, сұхбаттасудан қашқақтап жүретін. Осы арада Абайдың ислам дініне қатынасын да айта кету лазым -- деген Әлихан Бөкейханов абайтанудағы үлкен бір мәселенің жайын алғашқылардың бірі болып қозғаған еді . Әрине, Абайдың қасында болып, не оқып, не білгенін көбірек көріп, таныған Кәкітай Ысқақұлының мына бір деректерін Әлихан Бөкейханов пайдаланды: Уақытында аз да болса ислам діні, ғылымы кіріп келе жатқан жаңа заманның ретімен Абай арапша, парсыша, түрікше кітаптарды көп оқып, олардың ішіндегі ғылымынан үлкен хабардар болды. Сол талаппенен қырда ғарапша, парсышаға Абайдан артық білетін ешкім болмады. Өзге жерде өтірікті-шынды жұртты өзіне қаратып жүргенде, Абай алдында надандығы білініп масқара болып қалам ба деп шала оқыған ғылымы бар молда-қожалар Абайдан қашып жүруші еді . Нәзір Төреқұлов Қазақ газетінің 1916 жылғы 9 ақпанда шыққан № 164 санында жарияланған Әдебиетімізге көз салу дейтін мақаласында әдебиет, тіл мәселелерін қозғай отырып, тілді байыту мәселелеріне үңілуге тартады. Қазак тілі, анықты да гибкость -- икемділігінде, плавность -- ағымы тегістігінде Радлов секілді түршілердің ойынша Европа тілдерінен франк тілімен тең. Бірақ қошаметіне мәз болып, тілімізді ескерусіз тастай алмаймыз, әрдайым тіліміз үшін бар күшімізді жұмсап, ажарларымыз, байытуымыз тиіс.
Бұл пайда негізді қай жерге құрайық, жетпеген сөздерді, терминдерді, мағыналарды, әдебиетті, жаңа түрлерді қайдан алайық? Міне осы мәселелерді шешпеншілік. Соның үшін басқаларға бір көз жіберелік дей отырып, Абай Европа мәдениетіне; әдебиетіне бой ұрып, қазақ әдебиетін түрлендірді, әйтпесе ол үшін араб, ғажам жолы да ашық еді деп, Абайдың Шығысқа қатысын арнайы сөз етуді қажет деп таппайтындай байлам жасайды. Жалпы, абайтану тарихында Абайдың Батысын басым айттық. Абай қазақ өлеңіне әкелген жаңалықтың барлығын орыс, Европа әдебиетінің ықпалы деп кана қарастырған жағдайларымыз басым болды. Абайтануда Абайдың Шығысы саяси ағартушылардың ықпалынан ұзақ жылдар бойы ұдайы шектеліп отырды. Қазіргі кезенде, кезінде абайтанудағы ақтаңдақтар болып дамуға мәжбүр болған көптеген жазба дерек, тұжырым-танымға тыйым салу тыйылған кезде, Абайдың Шығысы жайлы тынымымызды кеңітуге, байытуға, дамытуға өріс ашылып отырған уақытта, сол, бір замандарда жабық қалған жазбалардың құндылығы арта түсіп отырғаны даусыз. 1922 жылы Абай кітабы екі қалада басылып шыққаны белгілі. Соның Ташкент басылымына байланысты сөз қозғай отырып Ғабдрахман Сағди абайтанудың бірнеше өзекті мәселесін алға қойды, Абай шығармаларының жазылу мерзімі, себептері Абай ақындығының эволюциясы, ақынның тіл кестесі, ақындық мектебі жайлы кеңінен қозғап, сөйлеген ғалым Абайдың Шығыс әдебиетіне қатысын арнайы сөз етпегенімен, оның исламиятқа қатысын айғақтау жолында құнды пікірлер айтты.
Және әуелде аллаға онша жақын болмаған әлі көбірек дүние үшін, халық үшін қайғырған Абай 1989 жылдан соң аллаға жақындап, алланы жат етеді. Алла туралы көбірек ойлап, сол ретте халыққа алла туралы сөздер сөйлеп, алла туралы діни үгіттер үйретеді. 1886 жылдарда Абайдың үгіті дүние, тұрмыс үшін болса, енді алла, ахрет үшін болуға айналады. Абайдың бұл жылдан соңғы өлеңдерінде Толстой сықылды адамдардың жазған сөздерінің ізі көріне бастайды. Абай өмірінің бұл бөлімінде, шынында, қазақ халқына діни жолбасшылық сипатын көрсетеді. Ой туралы деген өлендері бәрі соған куә қылып Абай 1895 жылда Халыққа махлұқ ақылы жете алмайды. Оймен берген нәрсеміз бәрі дәһрі -- дейді. Әм алла туралы: Сонда да оны ойламай қоя алмаймын әм Және оған қайтпақсың, оны ойламай өзге мақсат ақылға тола ма екен, -- деп өзінің енді аллаға мықтап берілгендігін аңғартады.
Абай және Рудаки поэзиясы
Абайдың табиғат лирикасы - қазақ және әлем әдебиетінің көркемдік биіктігінің көрсеткіші. Шығыс ақындарының табиғат көріністерін адамзат тіршілігімен тұтастандыра жырлаған классикалық үрдісі желісінде де эстетикалық дүниетаным тағылымы мол екенін аңғарамыз. Классикалық әдебиет алыптары шығармаларындағы поэтикалық үндестіктер мен әрқайсысының өзгешеліктері жалпыәлемдік сөз өнері дамуының болмысын да тануға жетелейді. Ең бастысы - ақындардың табиғат лирикасы өлеңдерінен олардың ойшылдық дүниетанымдарының айқындалатыны. Лирикалық өлеңдердің идеялық-композициялық желісінде философиялық дүниетаным тереңдіктерінің байқалатыны - поэзияның эстетикалық маңыздылығының көрсеткіші.
Парсы әдебиетінің классикалық кезеңінің негізін қалаушы Рудаки деп саналады. Рудаки жырларының басты нысанасы - қарапайым адам, адамның ақылы, табиғаттың әсемдігін суреттеу еді. Ақынның туған жерінің табиғат құбылыстары мен оның сұлу көріністерін суреттеген өлеңдері өзінен кейінгі Онсори, Фаррохи, Сабер, Масуд Сад, Манучеһри, Анвари сынды ақындарға да үлгі боларлықтай классикалық деңгейдегі шығармалар.
Рудаки Түрлі түсті, жұпар иісті, жасыл көктем келіп жетті, Қатпар-қатпар жапырақты, аппақ мирта, жасыл бақ, Мулиан арығының исі бұрқырап, Желтоқсанның түніне бір бейне сәуір құлағандай айналып сынды өлеңдерінде табиғаттың әртүрлі құбылыстары мен көріністерін поэтикалық тұтастықпен тамаша сипаттап жырлағанындай, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай шығармаларынан да табиғаттың қайталанбас сәттерін, оның бір күйден екінші күйге ауысатын мезгілдерін сипаттаған өлеңдеріне қарап, тақырып ұқсастығын, Рудаки мен Абайдың эстетикалық танымдарының жақындығын байқаймыз.
Қазақтың байтақ жері мен өзінің туған жері Шыңғыс тауы баурайының тамаша көрінісі сыршыл жүректі Абайдың төрт мезгілді сипаттаған Жазғытұры, Жаз, Күз, Қыс, сонымен қатар Желсіз түнде жарық ай, Көк ала бұлт сөгіліп сияқты өлеңдерінен көрініс тапқан. Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай өлеңін де Абайдың жыл мезгілдері топтамасына қосқан жөн. Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңі де, тақырыбы жағынан өзгешелеу болғанына қарамастан, ақынның табиғат лирикасына жазылған өлеңдер санатына кіреді.
Абайдың: Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді? [6, 123] дегеніндей, табиғаттың жанданып, жер жүзінің масатыдай құлпыратын ең бір әдемі мезгілін суреттейтін Жазғытұры өлеңін Рудакидің көктемнің кереметтігін сипаттайтын қасидасымен салыстыра қарастырып көрейік.
Қасида - аа ба ва га схемасы бойынша ұйқасатын, екі бәйіттіктен тұратын, даналыққа толы хикмат; эпостық жыр немесе біреуге қарата айтылатын мадақ өлең. Оның алғашқы бәйітінің екі мысырасы басқа екі бәйіттің мысырасымен ұйқасады. Бәйіт - екі мысырадан тұратын өлең бірлігі, лирикалық өлеңнің ең кіші жанрлық формасы. Қасиданың көлемі аз дегенде он екі бәйіттен тұрып, көп болғанда он алты бәйіттен асады.
Абай бұл мезгілді көктем демей жазғытұры деп алады:
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі [6, 160].
Адамдардың сана-сезімінде көктем - - сұлулықтың, жасампаз жастықтың, саф тазалықтың бейнесімен астасады. Парсы ақыны Рудаки сұлу көктемнің келуін былайша жырға қосады:
Түрлі түсті, жұпар иісті, жасыл көктем келіп жетті,
Жүз мың тазалығы мен әсемдігі таңдай қақтырып [8, 68].
(Осы және кейінгі жолма-жол аудармалар - ізденушінікі - С.А.)
Абай көктемнің қарттарға да әсер ететінін қалыс қалдырмай, олардың алты ай қыс бойы бір-бірін көрмей, арқа-басты кеңітетін осы бір әдемі кезеңде күн шуақтап тысқа шығып, шүйіркелесіп, құрдастардың қуаныштан арқа-жарқа болысып қалатынын, олардың сыртқы жүдеу кейіптерін сәл мысқыл аралас жеткізеді:
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен [6, 160].
Рудаки де қариялардың көктемде бір сәт болсын көңілдерінің жасарып қалатынын өзіндік өрнекпен бейнелеген:
Қария да мүмкін жасарып қалар бұл кезде,
Өзгеріс болып, құлпырғанда бұл дүние [8, 68].
Жаз көркінің жыл құсымен енетіні белгілі. Табиғат - Ананың перзенттерін құшағына алып, бар мейірімін төгетін, күннің көзінің ата-анадай елжірер осынау бір ғажап кезі - көктемде жыл құстарының туған өлкеге оралып, ұя жасап, жұмыртқа салып, жер дүниені азан-қазан күйге ендіріп, ал әнші құстардың құлақтың құрышын қандырып сайрайтынын Абай жанды, қимыл-қозғалыста суреттейді:
Қырда торғай сайраса, сайда бұлбұл,
Тастағы үнін қосар байғыз, көкек... [6, 160].
Парсы ақыны Рудаки де әнші құстардың көктемде әсем дауыстарымен әнге басатынын тамаша сипаттайды:
Бұтағынан сәмбінің бұлбұл әнін шырқайды,
Қара торғай кипарис ағашынан үнін қосады.
Ескі әуенмен көкек қайта сайраса,
Гүл бұтағынан бұлбұл бөтен әуенге басады [8, 69].
Ақынның шығармашылық шеберлігі қисынды теңеулерінен білінеді. Ақын теңеуі толығымен ойындағы теңелетін затқа сәйкес, әрі соның бүкіл қырын аша алатын, барлық жерде, барлық уақытта түсінікті болуымен қатар, қашанда өзінің мәні мен құндылығын жоғалтпайтындай болу керек. Абай күнді күйеуге, жерді қалыңдыққа теңеп, екеуінің құмары сондай күшті дейді. Солай болуы заңды, әрі табиғи құбылыс. Ақынның күнді күйеу, жерді қалыңдық етіп, бір-бірімен сағыныстырып, құмарландырып кездестіру арқылы айтпақ ойы - әлемдегі тіршілік атаулының бәрі күннің қызуы мен жердің нәрінен жаралады деген шындықты аңғарту. Бұл Абайдың өз даналығынан туындаған бір ерекшелігі.
Ал Рудаки болса, дүниенің оянған мезгілінің келбетін сипаттайтын өз өлеңін бұлт, жел, найзағай сынды көктемнің негізгі хабаршылары төңірегінде өрбітеді. Рудаки де теңеулерді үлгі боларлық деңгейде пайдаланып, көктемде жиі жауатын жаңбыр бұлтын қайғыдан құса болған ер адамның көз жасына, найзағайды ғашықтық дертіне шалдыққан мағшұқтың наласына теңейді:
Ана бұлтты қарашы, қабырғасы қайысып, азаматтай жылаған,
Және найзағайды қарашы, ғашықтықтан налыған мағшұқтай [8, 68].
Екі ақынның өлеңдерін салыстыру барысында бірден көзге түсетін ерекшелік, ол - көктемді сипаттайтын өлеңдердің екі халықтың ұлттық таным тұрғысы, түсініктері, әдет-ғұрыптарының өзгешеліктері негізінде жазылғандығы. Абай Жазғытұры өлеңінде көктеудегі қойы қоздап, түйесі боздап, шаруаның бір малы екеу болып, ауыздары аққа кенелген көшпелі қазақ ауылының әдеттегі тіршілігін қазақ баласына тән түйсікпен жырласа, Рудаки туған жері Панджрудтің көктемдегі сұлулығының еш боямасыз көрінісін сипаттаған.
Қорыта айтқанда, Абай мен Рудакидің табиғат лирикасындағы өлеңдерінің пейзаждық бейнелеулер мен адам болмысын егіздей, өзара сабақтастыра жырлаудағы лирикалық-психологиялық, романтикалық-философиялық сипаты ақындардың әлемдік деңгейдегі биіктігін көрсетеді. Лирикалық өлеңдерінде табиғат құбылыстарынан, көріністерінен адам болмысына тән сабақтастық түйіндеулерін, поэтикалық мегзеулерін жасауы - Абайдың өзінің даралығын да, парсы ақыны Рудакимен үндестігін де дәлелдейді.
Абай және Сағди поэзиясы
Абайдың балаң кезінде пір тұтып, медет сұраған ақындарының ішінде шираздық Мошрафед-дин Мослеһ ибн Абдоллаһ Сағди (1210-1292) есімі де құрметпен аталады. Сағди алғаш рет парсы поэзиясында адамгершілік, адамшылық ұғымын қалыптастырып былайша жеткізген:
Басқалардың қайғысын бөліспеген сенің,
Атыңды адам деп айтуға болмайды [12, 27].
Абайдың да адамгершілік тақырыбына жазылған өлеңдері арқылы әлемдік адамгершілік, адамтану іліміне қомақты үлес қосқаны анық. Алланың өзі де рас, сөзі де рас өлеңінде ақын: Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп деген сөздер арқылы Адам баласын ұлтына, түр-түсіне, тегіне, жүзіне бөле-жармай, барлығына бірдей сүйіспеншілікпен, мейіріммен қарау керек екендігін, олардың барлығының тең екендігін адамгершілік тұрғыдан байыптайды. Енді бірде Абай Әкесінің баласы - адамның дұшпаны. Адамның баласы - бауырың деп, тағы да адамгершіліктің ақ байрағын жоғары көтереді.
Абай өлеңдерінен Сағди шығармаларымен тақырып, мазмұн, ой ортақтастығын кездестіреміз. Егер, Рудаки дәуіріндегі ақындардың шығармаларында Жаратушыға мадақ айту жоқтың қасы болса, Фердоуси дәуірінен кейінгі парсы шайырларына тән әдіс, ол - шығармаларын әу бастан Жаратушы хақ Тағаланы дәріптеп, мадақтаумен бастайтын. Абайдың Алла Тағаланы мадақтайтын өлеңдері мен Сағдидің жаратқан Аллаға бас ию, Аллаға алғыс айту, Аллаға мойынұсыну сияқты жырларының мазмұндас екендігін көруімізге болады. Абай былай деп толғайды:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті [7, 112].
Алланың Адамды (ғ.с.) жаратқысы келгенде Жебірейіл, Мекәйіл, Исрафил, Әзірейіл сынды періштелерін жерден бір уыс топырақ алып келуге жұмсағаны, олардың арасынан тек Әзірейілдің ғана батылы жетіп топырақты алып келуі, одан Алланың осы күнгі Адам баласының бітіміндей етіп, адамды махаббатпен сұлу етіп жаратуы, өз демімен әлгі денеге жан бітіруі прозалық діни әңгімелерден белгілі [19]. Адамды таққа отырғызып, жомарттық жасауы, оған періштелерді тағзым еткізуі де Алла Тағаланың Адамға деген ұлы махаббатын білдірсе керек. Абай сондай Алланы сен де сүй деп келіп:
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас [7, 111],
деп Алланың барлығын, оның қасиетті кітабы Құран Кәрімдегі аят-хадистердің растығын куәләндыра түседі:
Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ,
Мүмін болсаң үйреніп сен де ұқсап бақ [7, 113].
Сағди Бустан кітабының алғы сөзінен-ақ жаратқан Алланың атымен сөйлейді:
Жан берген Алланың атымен,
Тіл берген сөз хакімінің атымен [12].
Шығармаларының өн бойы ақыл, насихатқа толы болғандықтан, Сағди парсы әдебиеті әлемінде мінез-құлық тәрбиешісі, тәлімгер ретінде кең танымал. Ұстаз Сағди Бустанның тәрбие туралы тарауында бала тәліміне баса назар аударады:
Артыңда атың қалсын десең,
Ұлыңды ақыл мен білімге баулы [12].
Ескілік, артта қалушылық, надандық, жәһилдікке жаны қас, жаңашыл ақын Абай көкірегінде оты бар ойлы жастарды жаңалыққа ұмтылуға, оның негізі - білім-ғылымға көңіл бөлу мәселесіне зор мән берді. Артық білуге, талаптануға шақырды. Инсан-е камел яғни толық адам деген ұғымды шығармашылығының алтын арқауына айналдырған қазақтың ұлы ақыны кәмілдікке жетудің бір қыры - - ғылым-білім, парасатта жатқандығын біліп, сол жайлы ойларды өз шығармашылығының басты нысанасына айналдырды. Абайдың осы тақырыпқа жазған шығармаларының ішінде Ғылым таппай мақтанба, Интернатта оқып жүр, Жасымда ғылым бар деп ескермедім атты өлеңдері - шоқтығы биік туындылар.
Ұрпақ тәрбиесі - ұлтымыздың болашағының кепілі. Бала тәрбиелеу, оған білім беру Абай шығармашылығының өзегін құрайды. Абай өзінің перзенттері Ақылбай, Әбдірахман, Мағауияның оқу оқып, білімді адам болуын мұрат етті. Сондықтан да қазақ ақыны адамгершілік идеяларын көбінесе өзінің тәрбиелік, ұстаздық кәдесіне пайдалануға тырысып:
Адамның бір қызығы - бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім [6, 47],
дейді.
Абай толық адам болу үшін білімді болып қана қоймай, өнерлі болуға да шақырады. Еңбектің де бұл мұратқа жетуде шешуші роль атқаратынына көп мән береді. Өнер мен еңбек мәселесін бөле-жармай, сабақтастыра қарастырады. Ақын түсінігінде өнер мен еңбек ұғымдары егіз. Екеуі астасып, іштей қабысып, бірін-бірі толықтырып жатады. Екеуінің түп-тамыры, түбі бір. Қара сөздерінде де ақын осы ойды өрбітіп: Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек; Мал жұтайды, өнер жұтамайды деген қанатты сөздер айтады.
Парсы ақыны Сағди Бустан шығармасында адамды ғайбаттап, артынан сөз етуді, өсек тасу, күншілдік сияқты адам бойындағы жағымсыз қылықтарды сынайды:
Сыртымнан ғайбаттауды білгенде,
Бетіме де айта біл [12, 296]!
Мұндай ойлар Абайда да көптеп кездеседі:
Өсек, өтірік, мақтаншақ
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшпаның білсеңіз [6, 71].
Сонау Адам Атаның перзентері - Қабылдың туған бауыры Әбілден әйелін қызғанып, көре алмастықпен өлтіріп, жер бетінде алғашқы қан төгуінен басталған күншілдік Абайдың өзі ғұмыр кешкен дәуірдегі бақталастық, барымта, жер дауы, жесір дауының да басты себебі болған еді. Тіпті осы күнге дейін қоғамымызда белең алып келе жатқан келеңсіз қылықтар мен адам бойындағы жаман әдеттердің себебі де осы күншілдік, қызғаншақтық, алауыздық сияқты адам баласын айналсоқтап жүрген жағымсыз қылықтар екендігін данышпан Абай көрегенділікпен Сабырсыз, арсыз, еріншек өлеңінде одан әрі сабақтай түседі. Абай күншілдік жайлы жай ғана айтып қоймайды, оқырманын мұндай жаман әдеттен бойын аулақ салуға шақырады:
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз [6, 64]!
Абайдың әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, озбырлық, екіжүзділік, жауыздық сияқты сол кездегі қазақ қоғамында орын алған келеңсіз құбылыстарды сынап, елдің бетке ұстарлары мен билеушілерін әділетке, жақсылыққа үндеуі - оның шығармашылығының Сағди шығармаларымен өзектестігінің тағы бірі қыры. Сағдидің де басқа парсы ақындары шығармашылығынан көзге түсер ерекшелігі - оның өз заманындағы патшалар мен шаһтарды, әміршілерді таңқаларлық батылдықпен әділетке, ізгілікке шақыруы, оларға бұл дүниенің өткінші екендігін, мал мен байлықтың жуса кететін қолдың кіріндей жалғандығын өлеңдері арқылы сабақ боларлық деңгейде жеткізуі парсы әдебиетінде сол дәуір үшін қараңғылықтан шығуға жол нұсқаған жарық шамшырақ іспеттес еді. Сағдидің азат ойлы, ештеңеден тайсалмай өз пікірін ашық жеткізе алатындығы мына жолдардан анық аңғарылады:
Екінің бірі тайсалмастан шындықты айта алмас,
Сағдиді еркін сөйлететін құралы - сөз [12, 10].
Ал ақын Абай сол дәуірдегі қазақ қоғамында белең алған келеңсіз құбылыстарды Сегіз аяқ, Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Болыс болдым, мінеки т.б өлеңдерінде асқан шыншылдықпен жырға қосып, жағымсыз құбылыстарды бірде сынай, енді бірде мысқылдай отырып, оқырманға өз ойын, өз сөзін жеткізеді.
Қорыта айтқанда, Абай мен Сағдидің әдеби мұрасынан көрініс беретін ұқсастықтардың төмендегі белгілерден байқалатынын анықтадық: біріншіден, екі ақынның шығармашылығынан дүние жүзілік классик ақын-жазушылардың шығармаларына тән әлемдік көзқарастың көрініс тебуі; екіншіден, олардың әдеби мұраларының өміршеңдігі, тіпті мәңгіліктілігі, олардың қай ғасырда болмасын әр ұрпаққа түсінікті болуы; үшіншіден, шығармаларының өн бойының насихат пен өнеге-нақылға толы болуы; төртіншіден, екі ақынның шығармаларының да адамгершілік рухта жазылуы, сол себепті екеуінің де әдебиет әлемінде ақылман Ұстаз ретінде танымал болуы.
Абай және Хафиз поэзиясы
Жүрек адам ағзасында ең басты қызмет атқаруымен қатар ауыспалы мағынасында Адам баласының ішкі жан дүниесінің, рухани сезімінің айнасы болып есептелінеді. Абайтанушы ғалым Ж.Ысмағұлов: Адам көкірегі - сезімнің ұясы. Оны бірінен соң бірін туындатып, бірімен-бірін шарпыстырып, бірін тұтандырып, бірін тұншықтырып жататын майдан алаңы - жүрек [20, 127] деп, жүректің анатомиялық мағынасынан гөрі екінші ауыспалы мағынасының қызметіне көбірек мән береді. Рухани сезім айнасы арқылы адам ақиқатты танып, болмысты түсінуге мүмкіндік алады. Абайдың өзі: Жүректің көзі ашылса, Хақтың түсер сәулесі деп жырлағанындай, мейірім, адамгершілік, махаббат сияқты биік сезімдердің жүрек көзі арқылы ақиқатқа жол ашатыны сөзсіз.
Рудаки, Фердоуси ақылды дәріптесе, Низами, Хафиз, Руми, Жәми сынды ақындар жүректі шешуші орынға қойып, оның қадір-қасиетін асқақтатып, мәртебесін жоғары көтеріп, өз жырларында жеріне жеткізе жырлаған. Қазақтың біртуар ақыны Абай да өз шығармашылығында жүрекке екпін түсіріп, оны әр қырынан сипаттап, өрнектеген.
Абай шығармашылығын зерделеу барысында ақынның жүрек тақырыбын адамгершілік, махаббат сияқты адам баласына Жаратушы тарапынан сыйға берілген биік сезімдер тұрғысынан жырлағандығын байқаймыз.
Расында да Абайдың шығармашылығына зер салып, ақыл көзімен қарасақ, өлеңдерінің өн бойы жүрек сөзімен, сезіммен өріліп, астасып жатыр. Абайдың жүректі әспеттеп, оны басқалардан жоғары қойып жырлайтын өлеңдерінің тізімі өте ұзақ. Осы ретте Абай өзінің қанша өлеңінде жүрек сөзін пайдаланып, шығармасына арқау еткен деп сұрағанша, Абайдың қай өлеңінде жүрек сөзі кездеспейді екен деп сұраған орынды болар. Абай жүрек тақырыбына Жүрегім, ойбай, соқпа енді, Жүректе қайрат болмаса, Ауру жүрек ақырын соғады жай, Жүрегім менің қырық жамау, Жүрегім, нені сезесің?, Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас, Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек, Жастықтың оты қайдасың? атты өлеңдерінде ой қозғайды. Сонымен қатар Білімдіден шыққан сөз, Ем таба алмай, от жалындай..., Кейде есер көңіл құрғырың, Көзінен басқа ойы жоқ, Көзімнің қарасы, Жастықтың оты жалындап, Қызарып, сұрланып және т.б өлеңдерінде сөзінің әлқиссасын жүректен бастап, негізгі айтайын деген ойына көшеді.
Абай шығармашылығындағы жүрек - жай жүрек емес: жылы жүрек, ыстық жүрек, асыл жүрек, ынталы жүрек, асау жүрек, ызалы жүрек, жомарт жау жүрек, жалын жүрек, жас жүрек, сорлы жүрек, ит жүрек, қайран жүрек, үрпиген жүрек, шошыған жүрек, күйген жүрек, ал енді бірде жай соғып жатқан ауру жүрек... Абай өлеңдерінде жүректің әр қырын, сезімнің сан қатпарын ашып көрсету үшін алуан түрлі эпитеттер мен метафораларды пайдаланып, қазақ поэзиясының тілін өрістетіп, оны шеберліктің шыңына шығарды. Абайдың жүрекке қатысты қолданған теңдессіз теңеулері қазақ поэзиясында даралығымен, жаңалығымен ерекшеленеді.
Кейде ақынның жүрек деп толғаған бейнесі адамның дене мүшесі емес, жеке бір тұлғаның өзі сияқты. Жеке тұлға дегенде де жай адам емес, ақын Абайдың өзінің басынан кешкен ғұмырнамасы осы жүрек бейнесі арқылы көрініс тапқандай. Жастық ғұмырдың жалын атқан ыстығы мен жасы ұлғайған кездегі суығынан бастап, өмірдің ащы-тұщысын молынан татып, қоғамдағы келеңсіздіктерге, өз халқының надандығы мен артта қалғандығына жаны күйзелген ақынның жан тебіренісін сипаттайтын ақынның жүрегі - ақынның өзінің лирикалық бейнесіне келеді.
Шамс-ад-дин Мұхаммад ибн Мұхаммед қожа Хафиз - ғашықтықты, махаббатты, сүюді жырлаған ақын. Хафиздің махаббат, ғашықтық тақырыбына жазған ғазалдарының деңгейі басқа ақындар туындыларының бәрінен жоғары. Оның ғазалдары парсы тілінде жазылған ғазалдар ішіндегі ең кемеліне келген ғазал деп саналады.
Ғазал - VII ғасырда араб әдебиетінде пайда болған, аа ба ва га схемасы бойынша ұйқасатын, көбінесе ғашықтық, махаббат тақырыбында жазылатын лирикалық өлең түрі. Ғазал бәйіттерінің саны кем дегенде жетеу болып, көп дегенде он бестен аспауы керек. XI ғасырдан бастап, соңғы бәйітте ақынның бүркеншік атын (тахаллос) жазу үрдіске айналды.
Хафиз ғазалдарының негізгі тақырыбы - махаббат жайлы ирандық белгілі ғалым А.Зарринкуб өзінің Махаббат, қай махаббат? атты ғылыми мақаласында нақты көзқарасын білдіреді: Еш күмәнсіз, Хафиздің лирикалық ғазалдарындағы ақын ойларының анық көзге түсер қыры - махаббат тақырыбы. Оның басқа ой-толғамдарының бәрі де осы тақырыппен тығыз байланысты [21, 10].
Бұл өмірдің қызығы махаббатпен, Махаббат - өмір көркі, рас, Махаббатсыз дүние - бос деп жырлаған қазақтың бас ақыны Абайдың шығармашылығын қарастыра келе, оның да Хафиз сынды адам баласының бойына сыйға берілген ең қасиетті сезім - ғашықтықты жүрегімен терең түйсініп, жүрекпен байланыстыра, кең көлемде жазғанын көреміз:
Кейде есер көңіл құрғырың
Махаббат іздеп талпынар.
Ішем деп бейнет сусынын,
Асау жүрек алқынар [6, 159].
Махаббат, ғашықтық тақырыбы - қазақ әдебиетінде сонау фольклор мұраларындағы Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз Жібек, кейінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүрі
Шығыстық ақын - шайырлардың қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы
ХХ ғасыр басындағы мысал жанры және Молда Мұса
Азия мен Қазақстан халықтары әдебиеттерінің өзара жақындастығы
Айтбай Белгібайұлы айтыс жанрындағы келбеті
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
Қазақ жеріндегі жыр айту мектептері
Ш. Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ. Қараштың ізденіс жылдары жайлы
ХІХ – ХХ ғасырдағы қазақ қиссалары (тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері)
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРМЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Пәндер