М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім.
1. М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы.
2.Ағартушы.демократтық бағыттағы ақын.жазушылар.

Қорытынды
Мақыш Қалтаев шығармашылығында діншілдік сарын басым болған. Жалпы адамзаттық имандылыққа көбірек үндеген. Дінді адам жанының рухани тазаруы ретінде ұсынған.
М.Қалтаевтың «Қалтайұлының қазақ ахуалынан бохас еткен манзұмасы», «Қазақтың айнасы», «Біраз ғибрат сөз», «Насихат қазақия», «Бар оқиға», «Тура жол» атты жинақтарына тән өзіндік ортақ тақырыптар бар. Татар ақындары З.Кәрими мен Ғ.Рашидиден аударған «Айна», «Сақ сүк» өлеңдер жинағындағы төл туындылық белгілер басым.
Діни білімі өте терең. Айналасына, қоғам құбылыстарына қатысты көзқарасының күрделі. Кезінде заман талабына лайық өз пікірін айта алған. Айналадағы өзгерістердің мәнін пайымдау дәрежесі жоғары санатта. Әлеумет ортасындағы теңсіздікті, кемшіліктері сынауы. Бала оқыту, халыққа білім беру, оқудың пайдасы туралы пікірлері. өлеңдерінде адамгершілік пен имандылықты насихаттаған. Шығармаларында Алланы сүю, Мұхамметтің үмбеті болу тәрізді діни уағыздарды алға қою басым болуымен қатар, ой астарында өмірдің қиындығына төзу, алланың бергеніне масаттанбау тәрізді адамдық асыл қасиеттерге үгіттеу басым болған. М.Қалтаев өлеңдерінде ұлттық мүдде жоғары қойылып, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктің жырланған.
Қалтаев поэзиясында жалаң дидактиканың көрініс беріп қалған. Ақынның тіл шұбарлығына жол беріп алатындығы. Өмірден түйгендерін, оқыған-білген нәрселерін қарапайым қазақы тілмен ұйқас, ырғаққа түсіріп, баяндау тәсілінде жазуға бейім екендігі жайлы мәліметтер көп. М.Қалтаев поэзиясының идеялық маңыздылығы, мазмұн байлығы, көбіне уақыт тынысын дәл танып, күрделі ойларды арқау еткен пікірлер толғаған. Оның өз дәуіріндегі күрделі мәселелерді қозғап, халықты оятуға күш салып, өнер-ғылымды насихаттап, ағартушылық әдебиетке елеулі үлес қосқан XX ғасыр басындағы әдебиеттің көрнекті өкілі.
1. Қамзабекұлы Д. Алаш идеясы тәуелсіздік талаптары үшін әрқашан
2. Торайғыров С. Үш томдық шығ. жин. – Алматы:
3. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім,
4. Нұрғали Р. Алаш ұранды әдебиеттегі Мұхтар Әуезов көтерген
5. Ісімақова А. Ахмет Байтұрсынұлы – қоғам қайраткері, ақын,
6. Ахметов З. Жаңа идеялар жаршысы / Дулатұлы М.
7. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. А, 1997

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: 1. М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы.
2.Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар.

Тексерген: Еспенбетов А.С.
Орындаған: Калижарова Ж.Т.
Топ: КЯ-313

Семей 2015
Жоспары:

Кіріспе
Негізгі бөлім.
1. М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы.
2.Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар.

Қорытынды

Мақыш Қалтаев (1869-1916)
Мақыш Қалтаев шығармашылығында діншілдік сарын басым болған. Жалпы адамзаттық имандылыққа көбірек үндеген. Дінді адам жанының рухани тазаруы ретінде ұсынған.
М.Қалтаевтың Қалтайұлының қазақ ахуалынан бохас еткен манзұмасы, Қазақтың айнасы, Біраз ғибрат сөз, Насихат қазақия, Бар оқиға, Тура жол атты жинақтарына тән өзіндік ортақ тақырыптар бар. Татар ақындары З.Кәрими мен Ғ.Рашидиден аударған Айна, Сақ сүк өлеңдер жинағындағы төл туындылық белгілер басым.
Діни білімі өте терең. Айналасына, қоғам құбылыстарына қатысты көзқарасының күрделі. Кезінде заман талабына лайық өз пікірін айта алған. Айналадағы өзгерістердің мәнін пайымдау дәрежесі жоғары санатта. Әлеумет ортасындағы теңсіздікті, кемшіліктері сынауы. Бала оқыту, халыққа білім беру, оқудың пайдасы туралы пікірлері. өлеңдерінде адамгершілік пен имандылықты насихаттаған. Шығармаларында Алланы сүю, Мұхамметтің үмбеті болу тәрізді діни уағыздарды алға қою басым болуымен қатар, ой астарында өмірдің қиындығына төзу, алланың бергеніне масаттанбау тәрізді адамдық асыл қасиеттерге үгіттеу басым болған. М.Қалтаев өлеңдерінде ұлттық мүдде жоғары қойылып, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктің жырланған.
Қалтаев поэзиясында жалаң дидактиканың көрініс беріп қалған. Ақынның тіл шұбарлығына жол беріп алатындығы. Өмірден түйгендерін, оқыған-білген нәрселерін қарапайым қазақы тілмен ұйқас, ырғаққа түсіріп, баяндау тәсілінде жазуға бейім екендігі жайлы мәліметтер көп. М.Қалтаев поэзиясының идеялық маңыздылығы, мазмұн байлығы, көбіне уақыт тынысын дәл танып, күрделі ойларды арқау еткен пікірлер толғаған. Оның өз дәуіріндегі күрделі мәселелерді қозғап, халықты оятуға күш салып, өнер-ғылымды насихаттап, ағартушылық әдебиетке елеулі үлес қосқан XX ғасыр басындағы әдебиеттің көрнекті өкілі.
XX ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен тәуелсіздіктің күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарды. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматтары ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары болды. Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Сералин, Барлыбек Сыртанов, Бақытжан Қаратаев, Жанша Сейдалин, Мұхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Ғабдулғазиз Мұсағалиев... бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрес дәуірі болды. Дәуір болмысының шындығы, саяси ахуалы көркем әдебиетке зор ықпал-әсер етті. Осыған орай қазақ әдебиетінде азатшылдық, ағартушы-демократтық және туған топырақтан нәр алған ұлттық қасиет бағыттары өріс алды. Осындай прогресшіл бағыттардың алдыңғы сапында А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, С.Дөнентаев және т.б. болды.
Қазақ халқының бодандықтан бостандыққа ұмтылған арман-тілектері азатшылдық идеясын насихаттаған Оян, қазақ! (М.Дулатов), Тілек батам, Жұбату (А.Байтұрсынов), Бостандық (М.Жұмабаев), Алаш ұраны (С.Торайғыров), т.б. авторлардың шығармаларынан көрініс тапты.
Сонымен бірге, қазақ жұртшылығының кежегесінен кейін тартқан жалқаулықты, алаауыздықты сынап, оларды ерінбей еңбек етуге, оқу-білімге, әртүрлі өнердің түрлерін үйренуге шақырған ағартушылық бағыттағы өлеңдер туды. Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына есімдері тарихта беймәлім болып келген алаш азаматтарының қайта оралуы халқымыздың сана-сезімін бір сілкіндіріп, рухани өмірімізге өлшеусіз серпін бергені тарихи ақиқат. Сондықтан, да біртуар ұлдарымыздың өмірі мен халық үшін атқарған қызметін жан-жақты, терең зерттеу, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау - бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейтесті мәселе.
ХХ ғ бас кезіндегі әдебиет өкілдерін идеялық ұстанымы, өмірдің өзекті мәселесін көркемдік шындық арқылы көрсете білуі, қоғамдық-әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан 3 бағытқа бөлді. Себебі ХХғ бас кезінде қазақ жазушыларында әдеби мектеп қалыптаса қойған жоқ. Ал әдеби топтардың болғаны анық. Олар көбіне идеялық көзқарас тұрғысынан бірігіп, нақты бағыт ұстанды. Осының негізінде ХХғ басындағы қазақ ақын-жазушыларын идеялық әдеби ағым-бағыттарына қарай мынадай топтарға бөлді: 1) ағартушы ақын-жазушылар, 2) ағартушы демократ ақын-жазушылар, 3) буржуазияшыл-ұлтшыл ақын-жазушылар. Үш бағыттың алғашқысын діни-ағартушы ағым деп атаған еңбек те жарық көрді.Бұл бағытқа Шәді Жәңгіров, Шораяқтың Омары, Н.Наушаваев, М.Қалтаев,Ә.Кердері, М.Жүсіп жатады. Екінші бағытты ағартушы - демократтық бағытты бұрыннан солай аталып келеді, түпкілікті дәлелденген нәрсе. Бүған С.Дөнентаев, М.Сералин, С.Торайғыров, Шәкәрім, Тайыр Жомартбаев.Үшінші бағыт туралы әрқилы көзқарастар бар. Бұл бағытты ұлт-азатшыл бағыт деп танды.Бұл бағытқа мысал ретінде А.Байтұрсыновты алуға болады. Жалпы ХХ ғ бас кезіндегі әдебиетке тән басты ерекшелік - ұлт қамы қай бағыт ақын-жазушысының шығармашылығы болмасын ортақ мәселе ретінде көрініс табуы. Олар өз ұлтының өзге өркениетті елдердің қатарынан көруінаңсап,ел тірегінен шығып, әдебиеттіңұлттық рухыншырқау биікке көрерді. Қазақ халқының алдында тұрған асқарлы мақсаттарды әрқайсысы ой-өресінің жеткен қырынан тани отырып, негізгі мәселе ретінде қоя білді. ХХғ басындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақыш қалтайұлы жайлы
Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
М. Қалтаев - ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
Мақыш қалтайұлының өмірі мен мақыштану мәселелері
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы жайлы
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
Мақыш Қалтайұлының шығармашылық өмірбаяны
ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағыт
Мақыш Қалтайұлы туралы
Пәндер