Тыныс алу жолдарынының аурулары жайлы ақпарат


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Тыныс алу жолдарынының аурулары.
Орындаған : Советов Ж.
Тобы : ВМ-201
Тексерген: Билялов Е. Е.
Семей қаласы 2015 жыл
Жоспар :
1 Өкпелердің қабынулары - Рnеymоnіа.
2 Өкпелердің крупозды қабынуы
3 Ателектазды қабыну
4 Гипостазды қабыну
5 Метастазды қабыну
6 Аспирациялық кабыну
7 Өкпенің өлі еттеніп шіруі - Gangrena pulmonum
8 Плевраның қабынуы (Плеврит - pleuritis)
9 Қолданылған әдебиеттер.
Өкпелердің қабынулары - Рnеymоnіа.
Өкпелердін қабынулары тыныс алу жүйесінің ауруларының ішіндегі ең жиі кездесетін аурулар. Олардың себептері көптігіне байланысты індетті және құрт ауруларынан ажырату үшін қоздырғышы нақтыланбаған қабынулар деп те атайды.
Малдәрігерлік клиникалық тәжірибеде қабынуларының 2 түрі: тұтас және дақтанып қабыну түрлері анықталады.
Тұтас (бөлшектеніп, ошақтанып) қабыну - тез өрбіп, көлемге таралып, аурудың алғашқы сағаттарында-ақ өкпенің бөліктерін, немесе жеке өкпені тұтас зақымдаумен сипатталады [1, 2, 3] .
Мұндай қабыну жедел дамып, өте ауыр түрдс өтеді. Аурудың белгілі бір сатылы түрде жүретіні жиі байқалады. Мысал ретінде өкпенің крупозды қабынуы кейбір індетті ауруларда болатын қабыну процесін келтіруге болады.
Өкпенің дақтанып қабынуы қабыну процесінің бөліктеріне бірте-бірте тарауымен сипатталады. Алдымен кіші альвеолла тобы, қуысы; жіңішке бронхылар қабынын, олар біртіндеп қосылып, қабынудың көлемі ұлғая береді.
Сырт белгілері анық білінбейді, көбінесе созылмалы түрде, кейде ешқандай клиникалық белгісіз өтуі де мүмкін. Бұл қабыну шартты түрде катаралды (бронхопневмония), ателектазды, гипостазды, аспирациялы және метастазды болып бөлінеді. Көптеген індетгі және құрт аурулары да дақтанған қабыну ретінде өтеді.
Өкпенің крупозды қабынуы
Өкпенің тез арада едәуір бөліктерін фибриаді-жалқаяқты қабынумен қамтып, дамуы сатылы түрде өтетін, дене қызуы тұрақты түрде жоғары болатын ауру.
Бұл аурумен жылқылар, қойлар және 1-3 айлық бұзаулар ауырады.
себептері. Аурудың пайда болып, дамуына негізінен 2 фактор әсер етеді:
- Қоздырғыш микроорганизмдер;
- Организмнің жоғарғы аллергиялық реакциясы.
Ескерте кететін жағдай: қақырықты, зақымданған өкпе ұлпаларын бактериологиялық әдіспен тексергенде, олардан сау организмінде кездесетін микроорганизмдер- пневмакокктар, стафилококктар, диплококктар және т. б. түрлері анықталады. .
Соңғыңғы кезде көптеген зерттеушілер бұл қабынудың себебі тітіркеңдіретін факторлардың салдарынан болатын аллергиялық құбылысқа организмнің реакциясы деп тұжырымдауда. Ондай жағдай өте кушті себеп факторының кенеттен әсер етуінен болатын көрінеді. Мысалы: терлеп келген атты аязда қалдыру, жылы қорадан бірден қатты суыққа шығару.
Дамуы. Өкпенің зақымдануы алдыңғы бөліктерінен басталады да, бірте-бірте төменгі, орталық бөліктеріне ауысады. Дерт қан не лимфа жолдарымен таралады. Егер уақытында ауру мал емделмесе, қабыну табиғи түрде болса аурудың дамуы сатылы түрде өтеді. Аурудың барысында, бірінен-біріне ауысып отыратын 4 сатысын айырады.
Қабынудың қан кернелу сатысы, немесе қан құйылу кезінде өкпе капиллярлары қанға қатты толады, альвеолла
эпителийлері ісінеді, олардың қуыстарына қан аралас жалқаяқ
жиналады. Бірнеше сағаттан екі тәулікке дейін созылуы мүмкін.
Қызыл бауырға ұқсас сатысы. Бұл сатысында альвеолла қуыстарындағы ұйымалы қанды, құрамында лейкоциттер мен фибрин талшықтары көп жалқаяқ көбейе түседі де, ондағы ауаны толық ығыстырып шығарады. 2-3 тәулікке дейін созылуы мүмкін [4, 5, 6] .
Сұрғылт бауырлану сатысы. Альвеолла қуысындағы
жалқаяқтың құрамында лейкоциттер көбейе түседі де, ол
майлы азғындануға ұласады. 2-3, кейде 4-5 тәулікке дейін
созылады.
Шешілу сатысы.
Аурудың қолайсыз шешілуі өлім-
жітіммен аяқталады. Ал дұрыс шешілгенде белокты,
майды ыдырататын ферменттердің әсерінен фибринді
жалқаяқтың сұйылып организмге таралуы және жөтел
кезіндс тыныс жолы арқылы тысқа шығуы мүмкін,
Мұндай жағдайда альвеоллалар ауаға толып, газ алмасу
процесі қалпына келеді. Бұл сатысы 2-5 тәулікке дейін
созылуы мүмкін.
Қабыну процесі альвеолла арқылы плевраға өтіп, оны қабындырады. Микроорганизмдердің екпе ұлпаларында қалған белігі еріп, олардың улы заттары босап организмге кері әсерін тигізеді. Аурудың ары қарай дамуы организмнің резистентгілігіне, жүйке жүйесінін қызметіне тікелей байланысты.
Процесс кері дамыған жағдайда оған организмдегі оттегінің жеткіліксіздігі (гипоксия) қосылып жүректің, бауырдың, бүйректердін, ішектердің жұмыстарының бұзылуына апарыІп соғады.
Қабыну процесі ауыр жүрген жағдайда тыныс алу орталығының салдануынан малда үдемелі түрде дамитын демікпе-тұншықпадан, немесе жүрек-қан тамырларыныц қызметтерінің жеткіліксіздігінен ауру мал өлім-жітімге ұшырауы мүмкін.
Өлекседегі өзгерістер аурудың даму сатысына байланысты болып келеді.
Аурудың бірінші сатысында өкпе көлемі ұлғайған, ісінген, қызғылт-көкшіл түсті; кесіп қарағанда қызғалт түсті көпіршіктенген сұйық анықталады, өкпе кесіндісі суға батпайды.
Аурудың екінші және үшінші сатыларында өкпе ауасызданып қатайған. Тығыздығы жағынан бауырға ұқсас. Кесіндісі суда батып кетеді. Альвеолла қуыстарында әр түсті, фибринді жалқаяқ.
- Аурудың төртінші сатысында өкпенің түсі көкбауыр тәріздес.
- Басқа ағзалардағы өзгерістер:
- жүрек бұлшық еті, бауыр, ішектер, бүйректер азғынданған;
- ми қабы қанмен кернеліп, ісінген;
- көкірек қуысының лимфа бездері ұлғайған.
Клиликалык белгілері . Ауру жіті түрде өтеді, аяқ астынан, кейде тіпті жұмыс кезінде кенеттен пайда болуы мүмкін. Азыққа зауқы жок, күйі өте нашар, кілегей қабықтары бастапқыда қанмен кернелген, артынан сарғыштанады. Тыныс алуы жиілеп, қиындай түседі. Алғашқыда құрғақ жөтел, жөтелген уақытта ауырсынғандық байқалады. Артынан қақырықты дымқыл жөтелге айналып, кемескіленеді. Жылқылардың танауынан қоңыр-қызыл түсті жалқаяқ ағады. 1-4 сатыларында қатаң везикулярлы, не бронхиалды дыбыс, көпіршіктенген дымқыл сырыл тыңдалады. Перкуссияда - ашық, даңғырлаған дыбыс. Ал өкпенің зақымдалған жерлерінде дыбыс шуылдары естілмейді.
Дене қызуы жылдам көтеріліп, тұрақты түрде үнемі жоғары болып тұрады . Жүрек түрткісі күшті, соғысы жиі, екінші сазы қаттырақ естіледі.
Қанда нейтрофилді лейкоциттер көбейеді, керісінше эритроциттер, лимфоциттер, моноциттер азаяда.
Аурудың 2-3 сатыларында зәр шығару азаяды, зердің меншкті салмағы жоғары.
Дұрыс ем уакытаңда қолданылғанда ауру мал жазлып кетуіде мүмкін, ал кейде асқынып, өлі-шіріген зат алмасуының қалдықтары плевраға, лимфа түйіндеріне өтіп, оларды зақымдауы мүмкін.
Егерде, дене кызуының күрт төмендеуі саддарынан, дене қызуының көрсеткіші мен тамыр соғу жиілігінің керсеткішін кестеге түсіргенде олар өзара қиылысатын болса, онда ондай қиылысу "өлім қиылысуы" деп аталады.
Ауруды анықтау ушін мұхият жиналған анамнезге, негізгі клиникалық белгілеріне, рентген көрсеткішіне, қақырықты микроскоппен тексеру нетижесіне (фибрин, қан элементтері, микроорганизмдер т. б. ), қан көрсеткіштеріне сүйенеді.
Ауруды жіті түрде өтетін індетті аурулардан (арнайы зерттеулер арқылы), өкпенің дақтанып қабынуынан, плевриттен саралау керек.
Емі. Ауру індетті ауруларға ұксас болғандықтан, оларды жеке ұстап, ем қолданады. Ауру жылқыға, азыққа зауқы соқпаған жағдайда, глюкоза мен аскорбин қышқылын қосып сұлы жармасынан, не кебектен жасалған сұйық ботқаны зонд арқылы енгізеді.
Микрорганизмдерге қарсы антибиотиктер мен сульфаниламид препаратгарын негізгі ережелерін сақтай отырып қолданады.
Мойын тұсындағы жұлдызша түйінге, кезекпен екі жағына, новокаинмен блокада жасайды.
Ауру малдың кеудесін скипидармен, не қышалы спиртпен сылайды; банкі, компресстср қолданады.
Организмнің улануына қарсы венаға қаныққан глюкоза, хлорлы натрий, гексаметилентетрамин ертінділерін енгізеді. Глюкоза жіберер алдында тері астына инсулин егеді. Жүрек-қан тамырларының қызметтері әлсірегенде кофеин тұздарын, кордиаминді, адреналинді, камфорлы спиртті қолданады.
Қақырық түсіретін, зәр айдайтын дәрілер; аутогемотерапия жақсы нәтиже береді.
Кеуде тұсын жылылап ұстау, лампалармен қыздыру, спиртпен емдеу, диатермия, ультражиіліктегі тоқты қолдану әдістері жақсы әсер етеді.
Сақтандыру шаралары:
• малдарды күтіп-бағуды, жүмысқа пайдалануды реттеу;
• мал организміне кенеттен, қатты әсер ететін әртүрлі факторларды болдырмауға тырысу;
• мал тұратын жерлерді уақытында залалсыздандырып отыру;
• малдарды сыртқы ортанын қолайсыз
жағдайларына күні бұрын, жастайынан үйрету.
Ателектазды қабыну
Өкпенің кей жерлерінің ауадан босап солуының нетижесінен пайда болатын қабыну. Әсіресе жас төлдер арасында жиі кездеседі.
Көбінесе әлсіреген, арықтаған, дұрыс жетілмей туған төлдер жиі ауырады, әсіресе қозыларда жиі кездеседі. Әлсіз туған төлдің өкпесі толық жазылмайды. Тәжірибеде жаңа туған төлдің танауы арқылы үрлеу, жаңа туған сәбиді шапалақтап жылату әдістері өкпе толық жазылу үшін қолданылатын іс-әрекеттер.
Себептері. Бірінші кезекте аналық буаз малдардын күтімінің, азығының құрамының дұрыс болмауы.
Ателектазды пневмонияның көп таралуына аналық малдарды буаз кездерінде сапасыз азықтармен азықтандыру салдарынан толық жетілмеген төлдерді алу, оларды шынықтырмай, серуендетпей тар қораларда тығыз орналастырып ұстау себеп болады. Оның пайда болуына бронхиттің созылмалы түрі мен пневмосклероз да себеп болады.
Дамуы. Ауру малдардың күтімін, азықтаңдырылуын дұрыстағанда жалқаяқ таралып, ұлпалар қатаяды немесе шіріген жерлері тірі тіндерден бөлініп кетулері мүмкін [10, 8, 7] .
Толық өсіп жетілмеген, әлсіреген төлдердің кеудесіндегі бұлшық еттерінің күшінің нашарлығынан тыныс алу кимылдары бәсендеп өкпе альвеоллаларындағы газ алмасуы нашарлайды. Газ алмасуы бұзылған, одан кейін тоқтаған альвеоллалар солып, ауасыз ошақтар - ателектаздар пайда болады. Кейінен ол жерден катаральды түрде қабынады да, онда микроорганизмдер өсіп-өніп ауру үясына айналады. Майда не орта деңгейдегі бронхылардың жалқықпен бітеліп калуы немесе перибронхиттің салдарынан өкпенің кейбір бөліктерінен ауанын кетуі, ол жерлердің ауасыз қалуы негізгі себептер болуы мүмкін.
Төлдерді күтіп-бағу, азықтандыру, процестері дұрысталған жағдайларда ауасыз ошақтардағы жалқықтар таралып, тіндері қатайып (индурация), немесе шіріген жерлері сау тіндерден бөлініп (секвестрация) кетулері мүмкін.
Өлекседегі өзгерістер. Өкпе мен бронх куыстары көбік аралас шырынға толған. Бронхылардың кейбір бөліктері жартылай, не толық бітелген, өкпе альвеоллалары бір-бірімен қабысқан, ісінген, дегенеративті өзгерістер байқалады, эпителийлері ыдырап бөлінеді. Бронхиоллалардың жіңішке жерлерінде к. оймалжың заттар. Бронхоэктазия. Бронхылар мен қан тамырларыи бойлай данекер тінлер өскен.
Белгілері. Көп жағдайларда белгілері анық білінбей, солғын, созылмалы түрде өтеді. Төлдер арықтайды, әлсізденеді. Дем алғанда кеуде қимылы байқалады. Кейбір төлдердің танауынан оқтын-оқтын ақпа ағып, жөтелулері мүмкін. Дене қызуы көп өзгермейді, кей кезде төмендегені байқалады. Тындаған кезде өкпенің везикулярлы дыбыстары бәсең естіледі, ал қабынған жерлерде дымқыл сырылдарды тыңдауға болады. Соқкылағанда өкпенің әр тұсынан күңгірт дыбыс естіледі. Рентгенге түсіргенде өкпенің әр жерінен түйменің үлкендігідей қара дақтар көрінеді.
Анықтау. Клиникалық белгілерін күнделекті қадағалау мен ауру жайындағы жиналған мәліметтерге сүйене отырып анықтайды. Рентген арқылы тексеру жақсы нәтиже береді. Қанда аздаған лейкоцитоз, эритроциттердің тұнуы жылдамдай түседі.
Саралау. Созылмалы бронхттен, перибронхиттен, плевриттен, өкпе эмфиземасынан ауруларға тән клиникалық белгілері арқылы ажыратады.
Емі. Ең алдымен төл организмінің нақтыланбаған жалпы қарсылық күшін (резистентігін) көтеруге күш салу керек. Төлдердің рационының сапасын жақсартады. Оның құрамында белоктарды, микроэлементтерді, витаминдерді, углеводтарды реттейді. Ауруларға гамма-глобулинді, полиглобулинді, гадролизинді, Са; Р-лары бар күрделі қоспаларды береді.
Ауыз арқылы қақырық түсіретін, жиналған жалқықты ыдырататын дәрілерді береді. Ашудас (хлорлы аммоний), терпингидрат, калий немесе натрий йодидін береді. Ментол араласқан су буымен дем алдырады. Ауру асқынған кезде антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарын қолданады. Белокты ыдырататын ферменттерді де қолданған жөн. Оттегімен емдеу, кеудені ысқылау (массаж), спиртпен емдеу, ысқылау үшін скипидар, т. б. тітіркендіргіш препараттарды пайдалану, биологиялық стимуляторларды, микроэлементтерді қолдану жақсы жәрдем етеді. Сонымен қатар жүрек-қантамыр жүйелерінің функциясын жақсартатын препараттар қолданады.
Ауру малды сапалы азықпен қамтамасыз етеді.
Организмнің резистенттілігін жоғарлату үшін гамма-глобулин, полиглобулин, гидролизин, витаминдер, микроэлементтер, кальций-фосфор қосылған жем тағайындайды. Қақырық түсіретін, жалқаяқты тарататын дәрілер жақсы нәтиже береді.
Антибиотиктер мен сульфаниламид препараттары жалпы тәртіп бойынша, жүрек-қан тамырларының дәрілері, оттегімен емдеу әдістері қоданылады.
Сақтық шаралары.
Төлдерді азықтандыру мен күтіп-бағу технологиясын қатты сактау керек. Әсіресе буаз аналық малға дұрыс көңіл бөлген жөн. Төлдердін серуендеуін, ультракүлгін сәулелерін қабылдауын қамтамасыз етеді. Жаңа туған төлдердің өкпелеріне гимнастика жасайды: танауларын жауып, бірнеше секунд дем алғызбай тұрады. Уақытында серуендетіп, ультракулгін сәулесімен қамтамасыз ету; жаңа туған төлдердің альвеоллалары толық жазылу үшін
өкпе гимнастикасын жасау. Ол үшін төлдің танауларын
жауъып-ашып, бірнеше рет қайталау керек. Сонда мал
терең дем алып, деммен кірген ауа барлық
альвеоллаларға толады.
Гипостазды қабыну
Өкпелерде қан іркілуден пайда болатын ауру. Ірі қара малдары мен жылқыларда кездеседі.
Себептері:
- жүрек қызметін әлсіретіп, кіші қан шеңберінде қанайналуын іркілтетін індетгі, немесе жұқпалы емесаурулардың асқынуынан;
- малдардың басқа бір себептерден тұра алмай жатыпқалуы (жаңа туған сиырдың салдануы, , аяқтарының жарақаттануы т. б. ) ;
- малдардың қимылдарын азайтатын басқа да жағдайлар(тығыз қора, көп уакыт байлауда болуы) .
Дамуы. Кіші қан айналу шеңберінде қанның іркілуі тыныс алу жүйесінде сарысудың жиналуына себеп болады да, соның салдарынан бронхылардың кілегей қабыктарының және альвеолланың дәнекер тіндерінің ісінуі туындайды. Организмнің қарсыласу күші әлсірейді, микроорганизмдер қарқынды түрді өніп-өседі. Қабыну процесі кішкене бөлшектерден басталады да, олар біріге келе үлкен ошаққа айналады. Ауру малдың өлімі жітімге ұшырауы олардың тұншығуынан болады [9, 6, 11] .
Клиннкалық белгілері. Ауру көбінесе жіті түрде етеді. Тез арада өкпенің көп жерлерін қамтиды. Жүрек-қан тамырлар және тыныс алу жүйелерінің жеткіліксіздіктерінің клиникалық белгілері тез арада, үдемелі түрде дамиды. Дене қызуы бірде көтіріліп, бірде басылып тұрады. Дем алысы жиілеп, қиындай түседі. Тыңдағанда өкпенің астынғы бөліктерінде шытырлаған дыбыстар, ылғалды сырылдар естіледі. Перкуссия арқылы күңгірттенген және күңгірт дыбыстарды анықтауға болады. Жүрек түрткісі тарсылдаған, артерия қысымы төмен, тамыр соғасы бұзылған, толқыны бәсең. Кілегей қабықтары көгерген Омыраудың, аяқтың тұстары ісінген.
Ауруды анықтауда анамнез бен клиникалық белгілеріне сүйенеді.
Ауруды жіті түрде өтетін індетті аурулар мен плевраның қабынуынан ажырата білу керек.
Болжамы күмәнді. Қандай жағдай болғанда да емдеу әрекеттерін кешіктірмеген дұрыс.
Емі.
Тұра алмай жатқан малды ауық-ауық аударып отыру
керек. Физиотерапияны қолданады: электр шамымен қыздырады
кеудені скипидармен сылайды, банкілер мен қыша қағаздарын
қояды. Антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарын жалпы
тәртіп бойынша қолданады. Оттегімен емдеу әдістерін
қолданады. Венаға глюкозаның қаныққан ертіндісін кальций
хлоридін, камфора спиртін жібереді. Кофеин, камфора тұздарын
тері астына жібереді.
Сақтандыру шараларында малдарда жүрек-қан тамырларының ауруларының болмауын қадағалау және уақытында серуендетіп отыруды ескеру керек.
Метастазды қабыну
Індет қоздырғыштарының басқа ағзалар мен ұлпалардан өкпеге келіп, оның бөліктерін қабындыруы.
Себептеріне организмнің жалпы қарсылық күшінің әлсіреуі мен індетті, гинекологиялық және хирургаялық аурулардың асқынуы жатады.
Дамуы. Қабыну ошағынан індет қоздырғыштары қан немесе лимфа жолдары арқылы өкпелерге тарайды Онда іріңді не іріңді-шірімелі қабынулар пайда болады да, олар бір-бірімен қосылып үлкен ошаққа айналады. Ауру тез, үдемелі де дамығанда малдар тұншығудан, немесе сепсистен тез арада-ақ өліп кетуі мүмкін.
Клиникалық белгілері. Ауру көбінесе жіті және өте ауыр түрде етеді. Малдың күйі кенеттен, күрт төмендейді. Дене қызуы 2-3 градусқа көтеріліп, көпке дейін өзгермейді. Ентікпе, солғын жөтел , ылғалды сырыл, перкуссияда күңгірт дыбыстар ынықталады. Тамыр соғуы жиілейді, оның қанға толуы мен толқыны бәсеңдейді. Жүрек түрткісінің тарсылы, систолалық жүректің екінші сазының қаттырақ естілуі, омырау мен аяқтардың тұсында ісінудің пайда болуы байқалады.
Ауруды анықтау үшін көбінесе ауру жайындағы мәліметтер ауруға тән клиникалық белгілеріне сүйенеді. Сондай-ақ рентгенмен тексергенде дақты ошақтар көрінеді. Қанда эозонофилдер азаяды, нейтрофилді лейкоцитоз және эритроциттердің тұнуы жылдамдайды [9, 6, 11] .
Емі. Гинекологиялық, хирургиялық әдістермен негізгі ауруларды емдейді. Бастапқыда антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарының жоғарғы мөлшердегі дозаларын қолданған жөн. Қан тамырына глюкозаның қаныққан, кальций хлорид және гексаметилентетрамин ертінділерін жібергеннің нәтижесі бар.
Сақтандыру шараларында іріңді-септикалық түрде жүретін гинекологиялық және хирургиялық аурулардан сақтандырып, бола қалған жағдайда дер кезінде дұрыс ем қолданып ауру малды жазып алуға тырысу керек.
Аспирациялық кабыну
Бронхылар мен екпенің тыныс жолдарына бөтен заттардың енуінен пайда болып, өкпе бөлшектерін жарақатгайтын қабыну процесі.
Көбінесе жүтқыншақ кабынғанда, организм уланғанда, төлдер құсқанда, мес қарны кепкенде пайда болады. Жаңа туған төлдердің бұл аурумен ауруына буаз аналық малдардың тууы созылып кеткенде төлдердін кеңірдегіне қағанақ сүйығының енуі жиі себепттер болады. Емдеу кезінде төлдерге зондты дұрыс еңгізбей, не дәрі беру тәртібін сақтамай, ол дәрі кеңірдек қуысы мен өкпеге түсіп кеткенде де аурудың пайда болуы мүмкін.
Торайларды дұрыс тамақтандырмай, қатты ыстылған сұйық тамақты бергенде олардың көмейлері мен жұтқыншақтарының салданып қалуы да себеп болады.
Дамуы . Тыныс жолына түскен аз заттар жөтел аркылы шығарылып тасталады. Ал заттар көп мөлшерде енсе, оның үстіне төл әлсіреген болса, өкпеде катаральды - іріңді пневмония дамып, кейінірек ол қабыну ірінді-шіру процестерімен асқынуы мүмкін. Егер шүғыл түрде ем-әрекет жасамаса, қабыну үдей түсіп, төл тұншығудан немесе сепсисттен өліп кетуі мүмкін; кейде процесс өкпенің өлі еттеніп шіруіне (гангрена) әкеліп соқтырады.
Белгілері. Ауру жіті түрде өтеді де кабыну белгілері тез арада дамиды. Тыныс жолдарына бөгде заттар енісімен-ақ төлде жөтел пайда болады да біраздан кейін дем алысы киындап, жиілей түседі. Өкпелерінде сырыл пайда болып, жалпы күйі нашарлайды, азыққа деген тәбеті болмайды. Аурудың жіті түрінде төлдердің жалпы күйі тез арада нашарлайды, жүрек-қан тамыр жүйесінін жеткіліксіздік белгілері білініп, денесі, көзге көрінетін кілегей қабықтары көгереді, кейбір төлдер аяқ астынан өлім-жітімге ұшырауы мүмкін [11, 12, 15] .
Ауру малдың жалпы күйі төмендейді, азыққа қарамайды. Жүрек-қан тамырларының қызметтер жеткіліксіздіктерінін белгілері бірден білінеді. Ауру малдың денесі көгеріп, кей кезде аяқ астынан өліп кетуі де мүмкін.
Себептері:
• жұтқыншақ-көмей аурулары, уланудан құсу, алдыңғы қарыншақтар мен асқазанның кебуі;
• жаңа туған төлдердің кеңірдегінің кағанақ сұйығымен бітелуі;
• малдарға дәріні дұрыс бермеу, зондтарды дұрыс қолданбау;
• шошқаларға ыстық асты бірден бергенде көмей мен жұткыншақтың салдануы.
Ауруды анықтау анамнез бен негізгі клиникалық белгілріне негізделеді.
Емі. Ауру малды оңашалап, кұрғақ жерге орналастырып барып ем-дом қолданады. Ауыз қуысын тазалайды залалсыздандыратын ертінділермен жуып-шаяды . Үлкен мөлшерде антибиотиктер, жүрек қызыметін жақсартатын дәрілер, глюкозаның қаныққан ертіндісі, кальций оттегімен емдеу әдістері қолданылады.
Сақтандыру шаралары :
- дәрілерді берудің, зондты колданудың ережелерін қатан сақтау;
- суымаған ыстық азықты (әсіресе шошқаларға) бермеуді қадағалау;
- көмейдің, жұтқыншактың, бронхылардың ауруларын асқындырмай, дер кезінде емдеу.
Өкпенің өлі еттеніп шіруі - Gangrena pulmonum
Өкпе ұлпаларының іріп-шіріп ыдырауы. Өкпе абсцессіне ұқсас ауру, бірақ одан айырмашылығы сау ұлпалармен зақымданған ұлпалардың араларында шекаралық жолақ жоқ.
Жылқыларда жиі, қойларда сирек, ал басқа малдарда өте сирек кездесетін ауру.
Себептері. Шіру процесін тудыратын микроорганизмдер ауа, қан, метастаза арқылы тарайды. Ауру көбінесе аспирациялық, метастаздық қабынулардың асқынуларынан пайда болады. Сондай-ақ өндірістен шығатын газдар мен түтіндер, өкпелердің жарақаттануы да аурудың себебі болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz