Жылу энергетика және қоршаған орта


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Реферат

Тақырыбы: Жылу энергетика және қоршаған орта

Орындаған: Бақтияров М. Т

Тобы: ТЭ 517

Семей 2015

Жоспар:

І. КІРІСПЕ ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1. Қоршаған ортаны қорғау саласын дамытудың негізгі параметрлері

2. Жылу энергетикасы

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Қоршаған орта және энергетика

БҰҰДБ ғаламдық маңызды биологиялық алуан түрлілікті сақтау, ғаламдық жылудың және озон қабатының жұқаруының алдын алуға арналған шараларды жүргізудегі Үкіметтің іс-әрекеттерін қолдайды. Сулы-сазды жерлерді, жайылымдарды, далалық экологиялық жүйелер мен таулы генетикалық қорын сақтаудағы тиімді басқаруды қолдайды. Басқа маңызды шаралар жылыту мен ыстық сумен қамтамасыз етудің энергетикалық тиімділігін жоғарлату, сонымен қатар қалпына келетін энергия көздерін енгізумен байланысты. Адамзат қоғамының әлемдiк дамуының объективтi нақтылығы ретінде өнеркәсiптің дамуы, көлiктiң және ауыл шаруашылығының қоршаған ортаға әсерi болып табылады. Қоршаған ортада әр түрлі ластағыштар көбеюі мен жиналуы биосферада пайда болатын табиғи процестерді бұзуы қабiлеттi.

Адамның, өсімдік және жануарлар әлемінің биосферамен өзара iс-әрекетiнiң мәселелерiмен айналысатын ғылым - экология деп аталады.

Адам үшiн ең үлкен қауiп-қатер қалалардағы атмосфералық ауаның ластануы болып келеді.

Табиғатты қорғау табиғи-ғылыми жүйені, өндiрiстiк-техникалық, экономикалық және әкiмшілік - құқықтық іс-шараларды, табиғи қорларды тиiмдi пайдаланудың қамтамасыз етеді.

Қоршаған ортаны қорғау саласын дамытудың негізгі параметрлері
Табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдалану, қоршаған табиғи ортаның ластануы және орта сапасы мен адам денсаулығының нашарлауы еліміздің жеделдетілген индустриялық-инновацялық дамуымен тығыз байланысты, қазіргі кезеңде олар қоршаған ортаға түсетін антропогендік салмақты төмендету бойынша тиімді тұтқыштарын қолдануды талап етеді.
Атмосфералық ауаның ластануы халық денсаулығына кері әсер ететін қоршаған ортаға әсер етудің негізгі факторларының бірі болып қала береді. Атмосфералық ауаға ең көп кері әсерді жылу-энергетика және мұнай-газ секторының, кен өндіру және кенді қайта өңдеу саласының, қара және түсті металлургия кәсіпорындары тигізеді.
Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарының атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары жылына 3 миллион (бұдан әрі - млн. ) тоннадан астам болды, олардың - 85 %-ы І санатты объектілері бар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алатын ең ірі табиғат пайдаланушыларға тиесілі. 2009 жылы атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 3, 4 млн. тоннаны құрады. 2010 - 2011 жылдары азаю 2009 жылға қарағанда 1, 5 % құрады.
Ластаушы заттардың жыл сайынғы шығарындылары шамамен 2, 8 млн. тоннаны құрайды. Осылайша, 2009 жылы бұл көлем 2, 85 млн. тоннаны құрады және 2010 - 2011 жылдары азаю 1, 7 % болды.
Эмиссияның жоғарыда аталған көлемдері нормативтік-белгіленген болып табылады. Экологиялық нормалау экологиялық қауіпсіздікті кепілдендіретін, шаруашылық қызметті орнықты дамыту жағдайында табиғи ресурстардың ұтымды пайдаланылуын және қалпына келтірілуін қамтамасыз ететін рұқсат етілетін шекті әсер ету нормаларын белгілеу мақсатында жүргізіледі.
2012 жылдың басынан бері экономика салаларының оң даму динамикасына байланысты табиғат пайдаланушылар мәлімдеген ластаушы заттардың қоршаған ортаға шығарындыларының арту үрдісі байқалды. 2010 жылы нақты ЖІӨ 2009 жылға қарағанда 7, 3 % өсті. 2010 жылы өнеркәсіптік өнімді өндіру 10, 0 % өсті, оның ішінде тау-кен өндірісінің және кеніштерді жетілдірудің есебінен 5, 3 %, өңдеуші өнеркәсіптер есебінен - 18, 4 % өсті.
Қалыптасқан жағдай 2009 жылмен салыстырғанда нормаланған эмиссияларға қарағанда эмиссияларды төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Қоршаған орта ластануының нақты деңгейін көрсететін эмиссияның нақты көлемі реттеуге, құралдық бақылауға және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем өндіруге жатады.
Ластаушы заттардың шығарындылары және төгінділері бойынша нақты көлемдер көрсеткіштеріне көшу республика бойынша шынайы экологиялық ахуалдың көрініс табуына және адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету және жақсарту бойынша тиісті іс-шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Басым экологиялық бағыттардың бірі өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу болып қала береді. Елімізде 100 млн. тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі - ТҚҚ), 22, 3 млрд. тоннадан астам өнеркәсіптік қалдықтар жинақталған, оның ішінде 12 млрд. тоннадан астамы техногендік минералдық түзілімдер.
Тарихи ластануларға» өнеркәсіптік кәсіпорындардың банкрот болуы нәтижесінде иесіз қалған, олардың қызметі нәтижесінде түзілген қалдықтар да жатады. Соттың 9 шешімінің негізінде Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстарының аумағында орналасқан 4, 7 млн. тонна қауіпті қалдық мемлекеттік меншікке берілді.
Соттың шешімімен республикалық меншікке берілген иесіз қауіпті қалдықтарды басқару рәсімі зертханалық зерттеу жолымен қалдықтардың қауіпті құрамын зерделеуді, қауіпті қалдықтар паспортын құру үшін, сондай-ақ оларды одан әрі басқару бойынша шешім қабылдау үшін олардың қауіптілік деңгейін анықтауды талап етеді.
2009 жылы елімізде 669, 3 млн. тонна қалдықтар түзілген, оның ішінде, 665, 6 млн. тонна өнеркәсіптік қалдықтар, 3, 7 млн. тонна тұрмыстық қалдықтар. Еліміздің бір тұрғынының үлесіне орта есеппен алғанда жинақталған өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың 1, 4 мың тоннасы келеді.
Қалдықтарды басқару саласында «тарихи ластанулар» аса маңызды проблема болып табылады. Қазір олар тек қана адам денсаулығына, қоршаған ортаға емес, сондай-ақ жалпы еліміздің тұрақты дамуына кері әсер етеді. Тұрақты органикалық ластағыштар (бұдан әрі - ТОЛ) «тарихи ластанулардың» бір түрі болып табылады.
ТОЛ қоры бойынша Қазақстан Республикасы Батыс және Орталық Еуропа елдері ішінде Ресей Федерациясынан кейін екінші орынды алады. Қалдықтардың жалпы көлемі қазірге құрамында ТОЛ бар шамамен 250 мың тоннаны құрайды. Олар 1500 тоннадан астам ескірген пестицидтер, құрамында полихлордифенилдер (бұдан әрі - ПХД) бар 50 мың данадан астам жабдықтар және 8 ластанған аумақтар.
Қазіргі уақытта республика аумағында құрамында ПХД бар 116 трансформатор және 50 мыңнан астам конденсатор көлемінде құралдар анықталған, олардың жартысынан азы қолданыста.
Экологиялық тепе-теңдікті тұрақтандыру мәселелерінде қоршаған ортаны қорғау қызметінің негізгі құралы мемлекеттік экологиялық сараптама, бақылау және лицензиялау, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру рәсімдерін орындау арқылы экологиялық реттеу болып табылады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес мемлекеттік табиғат қорғауды бақылау жүйесінің жұмысы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын қатаң сақтау қамтылған түпкілікті нәтижелілікке, оны бұзғаны үшін табиғат пайдаланушылардың жауапкершілігін күшейту, қоршаған ортаға кері әсерді төмендету бойынша іс-шараларды іске асыруға, қолданылатын санкцияларды орындауға бағытталатын болады.
Қоршаған ортаға эмиссияларды азайту индустриалдық объектілерді технологиялық жарақтандыруды әртараптандыру, ең озық қолжетімді технологияларды ендіру жолымен қамтамасыз етілетін болады.
Қоршаған ортаға эмиссиялар параметрлерін ғана емес, энергия-, су және ресурстарды сақтауға, ең озық қолжетімді технологияларды және олардың негізінде нормалау жүйесін ендіруге міндетті талаптарды да қамтитын кешенді экологиялық рұқсат алуға, барлық ірі табиғат пайдаланушылардың кезең-кезеңімен көшу арқылы рұқсат жүйесінің тиімді жұмыс жасауы қамтамасыз етілетін болады.
Жаңа технологиялар туралы ақпарат таратуда ең жаңа ақпараттық технологияларды (бұдан әрі - АТ) қолдану айрықша өзектілікке ие. Сонымен қатар, АТ қолдану халыққа және бизнеске электронды нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуге, елдің осы саладағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталуы тиіс.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін Министрліктің алдында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген қоршаған ортаны, жануарлар әлемін және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы 41 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеу және оларды бекіту міндеті тұр. Аталған жұмысты 2013 жылдың соңына дейін аяқтау, кейіннен 2014 жылы қызмет көрсетудің регламенттерін бекіту жоспарлануда.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жұмыс жалғастырылады. 2012 жылы электрондық нысанға ауыстырылған Министрліктің 8 мемлекеттік көрсетілетін қызметінің 4-уі халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіледі. 2013 жылы тағы 10 мемлекеттік көрсетілетін қызмет автоматтандырылуға жатады.
Ғылыми зерттеулер негізгі экологиялық проблемалар бойынша жүргізіліп жатыр, оның ішінде: судың ластануы, ірі қалалардағы атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейі, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы, радиациялық және химиялық ластану, жерлердің тозуы, экологиялық апат аудандарының, Каспий маңы және Балқаш аймақтарының проблемалары, әскери-ғарыш полигондары аумақтарын оңалту, климаттың өзгеруі, озон қабатының жұтаңдауы, биоәртүрліліктің қысқаруы, ғылыми-негізделген қоршаған орта сапасын тұрақтандыру және орнықты даму бойынша салалық нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу.
Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенциясын (бұдан әрі - Орхусс конвенциясы) іске асыру бойынша Қазақстанның міндеттемелерін орындау мақсатында институционалдық құрылым - Орхусс орталығы құрылды, оның негізгі қызметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыру және қолдау, жеке және заңды тұлғалардың сұраулары бойынша экологиялық ақпаратты ұсыну болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында 2007 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі қабылданды.
Кодекс заңнамалық деңгейде қоршаған ортаны қорғау мәселелерін жалпылап жүйелендірді, экологиялық талаптар мен нормативтердің мәртебесін тікелей әсер ететін заңнамалық актісінің деңгейіне дейін көтерді, қоршаған ортаны қорғау тәжірибесіне халықаралық стандарттарды ендірді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық Экономикалық комиссиясының (бұдан әрі - БҰҰ ЕЭК) Экологиялық саясат жөніндегі комитетінің сарапшылары ауыспалы экономикасы бар елдер үшін экологиялық саясаттың нәтижелігі бойынша шолу жасады. Шолу шеңберінде Қазақстанға экологиялық заңнаманы жетілдіру ұсынылып, Еуропа Одағының сәйкес Директиваларымен үйлесімділігін жалғастыру ұсынылды.
«Тарихи» ластануларды жою бөлігінде ел Президентінің Ақтөбе қаласындағы Елек өзеніндегі алты валентті хроммен тарихи ластануларды жою жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстар жалғастырылады. Алаңы 0, 8 км 2 құрайтын № 3 тәжірибелік-өндірістік учаскедегі жер асты суларын алты валентті хроммен ластанудан тазарту бойынша жұмыстар өткізу жоспарлануда және осы учаскедегі жұмыстар нәтижелерінің негізінде ғана № 2 және 1 учаскелердегі жобаның іске асырылуы жалғастырылады. Елек өзеніндегі алты валентті хроммен тарихи ластанулардың жалпы ауданы 5, 8 км 2 құрайды.
Қазақстан Арал, Семей ядролық полигонының проблемалары бойынша халықаралық-танылған экологиялық бастамалардың арқасында кеңінен танымал және халықаралық қауымдастықтың қолдауын табуда. Халықаралық қауымдастық үшін, сондай-ақ Қазақстанның геосаяси орналасуының да маңызы бар, ол трансшекаралық және аумақтық бағдарламалар арқылы Еуропа және Азия аумақтарының саясаты мен көзқарастарын үйлестіруге, сондай-ақ халықаралық сауда, энергетика, көлік, туризм және тағы басқа мәселелерде барлық артушы рөлді ойнайтын экологиялық және өзге де стандарттарды үйлестіруге мүмкіндік ашады.
Жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктерді іске асыру үшін Мемлекет басшысы Н. Назарбаев халықаралық қауымдастықтар тарапының қолдауымен аяқталған бірқатар халықаралық бастамалар ұсынды. Астана қаласында 2010 жылы Азия-Тынық мұхиты өңірінің 62 елінің Қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі алтыншы конференциясы өткізілді. Аталған конференцияда «Жасыл көпір» Астана бастамашылығын іске асыру жөніндегі серіктестік бағдарламасы арқылы қағидаттарын ендіру көзделген «Жасыл өсуді» іске асыру жөніндегі Еуропа, Азия және Тынық мұхиты елдерінің серіктестігі» атты Астана бастамашылығы қолдау тапты.
2011 жылы Солтүстік Америка, Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерін қоса алғанда Еуропа аймағының 56 елінің «Еуропа үшін қоршаған орта» жетінші конференциясын өткізу туралы бастамасы халықаралық қолдау тапты.
Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 20-23 маусым аралығында Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өткен БҰҰ «Рио+20» орнықты даму жөніндегі конференциясында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы деген қазақстандық бастамашылықты ұсынды. Аталған Конференцияда «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы көрініс тапқан «Біз қалайтын болашақ» атты қорытынды құжат қабылданды.
«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын одан әрі іске асыру мақсатында, сондай-ақ Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауын орындауда Қазақстан «жасыл» технология трансферті үшін институционалдық негіздерін құру қажет.
«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын іске асыру үшін бірінші кезеңде (2013 - 2014 жылдары) ұйымдастыру іс-шараларын өткізу жоспарлануда.
Қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасының оң сипатты имиджін қалыптастыру және ілгерілету мақсатында Қазақстан Республикасының халықаралық экологиялық конвенциялар бойынша міндеттемелерін іске асыру шеңберінде халықаралық және аймақтық ынтымақтастықты нығайту үшін Министрлік Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен (бұдан әрі - БҰҰДБ) бірлесіп іске асырылып және жоспарланып жатқан жобаларының мониторингін жүзеге асырады. Жоспарланған кезеңде БҰҰДБ бірлескен жобалары бойынша басым бағыттар мыналар: энергия тиімді инфрақұрылым құру, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлауына «Жасыл өсу» тетіктерін ендіру және Қазақстандағы ТОЛ жою.
Қазіргі уақытта Қазақстан Ластаушыларды тасымалдау шығарындылары тізілімінің хаттамасына (бұдан әрі - ЛТШТ) қосылу мүмкіндігін қарау үстінде. Хаттама қоршаған ортаның шаруашылық жүргізуші объектілерімен ластануы туралы ақпаратты реттейді және осы салада қоғамдастық тарапынан бақылауды күшейтуге бағытталған. Хаттамаға сәйкес ұлттық ЛТШТ құру экологиялық есептің барлық нысандарын дайындау үшін қажет мәліметтерді жинауды айтарлықтай жеңілдетеді.
Тегеран конвенциясына мынадай хаттамалардың жобаларын дайындау бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады:
Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттама;
Қоршаған ортаға трансшекаралық контексте әсер етуді бағалау жөніндегі хаттама;
Каспий теңізін жерүсті көздерінен ластанудан қорғау жөніндегі хаттама;
Биоәртүрлілікті сақтау туралы хаттама.
Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің бақылау желісін дамыту Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және кеңістіктік даму сценарийлерімен, стратегиялық басымдылықпен үйлестіре жасалған бірыңғай ұзақ мерзімді жоспар негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Ең алдымен бұл - суперкомпьютерлік технологияларды белсенді қолдану арқылы болжамдау және мәліметтерді өңдеу жүйесін қамтамасыз ететін есептеу және телекоммуникациялық құралдарды дамытуға қатысты. Тек осы негізде ғана ауа райын болжаудың, сонымен қатар алдын ала әртүрлі қоршаған ортаны ластаушы заттардың таралуын болжаудың, сондай-ақ гидрометеорологиялық мәліметтердің жасалу және таралу жүйесінің заманауи үлгілері мен технологияларын енгізу мүмкіндігі бар.
Бұл үшін өзара үйлескен жүйенің барлық элементтерін қазіргі заманғы әлемдік деңгейге шығару және қайтадан техникалық жарақтандыру, жаңарту қажет: қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттарды алу, жинау, беру, талдау және мәліметтерді өңдеу, оларды жинақтау және мұрағаттау, ақпараттық өнімдерді құрастырып, тұтынушыларға ақпараттарды жеткізу.
Осыған орай, Министрлік өз алдында «Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті жетілдіру» мақсатын қояды, оның шеңберінде мемлекет пен тұрғындарды гидрометеорологиялық және экологиялық ақпараттармен қамтамасыз етудің сапасын жақсарту бойынша міндеттер орындалуы қарастырылады.
Гидрометеорологиялық мониторинг - бұл гидросфераның, атмосфераның, төсеніштік және топырақтық жамылғының жай-күйіне тұрақты және ұзақ бақылау жүргізу, объективті талдау мен бақылау деректерінің, әртүрлі индекс пен болжамдарының есептерін қоса алғандағы өңдеу жүйесі.
Қазіргі уақытта болжамдық, режимдік-анықтамалық гидрологиялық, метеорологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық ақпараттарды дайындау үшін гидрометеорологиялық мониторинг 260 метеорологиялық станцияларда, 12 метеобекеттерде, 291 гидрологиялық бекеттерде, 186 агрометеорологиялық бақылау пункттерінде, 8 аэрологиялық станцияларда, 2 қар көшкіні станцияларында және 20 қар өлшеу бағыттарында жүргізіледі.
Агрометеорологиялық мониторинг - бұл топырақтың ылғалдылығы мен температуралық режимі, ауыл шаруашылық дақылдарының фенологиялық жай-күйі туралы, олардың қолайсыз ауа-райы құбылыстарынан: үсік, қатты суық, аз қарлы қыс, құрғақшылықтан, сондай-ақ зиянкестер мен ауа-райы жағдайына байланысты таралатын аурулардан зақымдану мүмкіндігі туралы бақылау жүргізу.
1992 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымының (бұдан әрі - БМҰ) конвенциясына қосылды және Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымының құрамына кірді, аталған ұйымдар шеңберінде даму стратегиясы, болжам әдістері және кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламалары жасалуда.
БМҰ-ның стандарттарына сәйкес жергілікті жердің нақты тығыздығы мен жер бедерін, сонымен бірге аумақтың экономикалық игерілуін және елді мекендердің санын есепке алғанда, бақылау жүйесі мынадай ең төмен санда: 421 метеорологиялық станциялар, 507 гидрологиялық бекеттер, 280 агрометеорологиялық бақылау жүргізетін пункттер, 15 аэрологиялық станциялар болуы қажет.
Метеорологиялық желіні ұтымды орналастыру негізіне станциялар мен бекеттер республика аумағына біркелкі таралуы, кез келген нүктеде интерполяция жолымен көрші станцияның ақпараттары бойынша әрбір метеорологиялық элементтердің көрсеткіштерін белгілі бір дәлдікпен алу мүмкіндігі сияқты талаптар енгізілген.
Экологиялық мониторинг - бұл атмосфералық ауаның, жер беті және жер асты суларының, топырақтың ластануына, радиациялық жай-күйге жүргізілетін бақылау жүйесі. Атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 78 стационарлық бекеттерде жүргізіліп, ластаушы заттардың 16 көрсеткіші бойынша бақыланды. Жер үсті суларының жай-күйі мен сапасын гидрохимиялық көрсеткіштері бойынша қадағалау 215 гидрохимиялық орында жүргізіледі, олар 86 объектіде, соның ішінде 58 өзенде, 12 көлде, 1 теңізде, 12 су қоймасында және 3 каналда орналасқан (ластаушы заттардың 40 астам көрсеткіштеріне дейін анықталады), 5 ластаушы заттар бойынша (қорғасын, мырыш, кадмий, мыс, хром) 23 елді мекеннің топырақ жамылғысының жай-күйіне мониторинг жүргізіледі.
Стационарлық желілерде жүзеге асырылатын атмосфералық ауаның сапасын бақылау, аймақтық (экспедициялық) зерттеулермен, бағыттық және жылжымалы бекеттердегі қарқынды бақылаулармен толықтырылады.
Топырақ және атмосфералық ауа сапасының жай-күйіне мониторинг барлық елді мекендерде жүргізілуі тиіс. Атмосфералық ауаның ластануына бақылау жүргізуші стационарлық бекеттердің саны «Атмосфераның ластануын бақылау жөніндегі нұсқаулық» нұсқаулық құжатына (бұдан әрі - НҚ) сәйкес тұрғындардың санына байланысты саналуы қажет және аз санды тұрғындары бар аудандарда қосымша экспедициялық зерттеулер жүргізуді қоса алғанда 50 мың тұрғынға - 1 бекет; 50-100 мың тұрғынға - 2 бекет; 100-200 мың тұрғынға - 2-3 бекет; 200-500 мың тұрғынға -3-5 бекет; 500 мыңнан аса тұрғынға 5-10 бекет; 1 миллионнан аса тұрғынға - 10-20 бекетті (стационарлық және бағыттық) құрайды. Бекеттердің саны жергілікті жердің күрделі жер бедеріне, ластаушы көздерінің көп болуы, берілген аумақтағы ауаның тазалығы ерекше маңызды болып табылатын объектілер (ұлттық саябақтар, тарихи ғимараттар т. б. ) жағдайында көбейтілуі мүмкін.
Республика аумағы бойынша НҚ сәйкес атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау жасау жөніндегі бекеттердің ең аз саны 250 болуы қажет.
Даму үрдістері мен перспективалары. Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің даму барысы өткен ғасырдың 80-ші жылдары ең жоғары шарықтау шегіне жетті. Бірақ кейін жағдай күрт өзгерді. 1983-99 жылдары Қазгидромет метеорологиялық станциялардың 35%, гидрологиялық бекеттердің 65%, агрометеорологиялық бақылау пункттердің 55%, аэрологиялық станциялардың 47% жабуға мәжбүр болды.
2000 жылдан бастап бұрынғы жабылған бақылау бекеттері қалпына келтіріліп, жаңа бақылау желілері мен талдау зертханалары ашылды. Болашақта жаңа бақылау пункттерін ашу, бар пункттерді жаңғырту, автоматты метеорологиялық станцияларды орнату, ақпараттарды жинақтау, өндеу және таратудың базалық технологиясын, қоршаған ортаның жай-күйін болжау әдістерін дамыту, сонымен қатар ақпараттарды өңдеу мен тарату жүйесін жетілдіру ұйғарылып отыр. Трансшекаралық өзендердің мониторингіне ерекше назар аударылатын болады.
Гидрометеорологиялық және қоршаған ортаның жай-күйі мониторингін дамыту нәтижесінде қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстарды алдын ала ескерту ұлғайып, гидрометеорологиялық болжамдардың өзін-өзі ақтауына, қоршаған ортаның жай-күйі жөнінде ақпараттардың дәлдігін көбейтуге мүмкіндік береді.
Ескі болжау әдістерін жетілдіру және жаңаларын енгізу әкімшілік аудандар бойынша метеорологиялық болжауларды жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Қазақстанның таулы өзендерінде айлық гидрологиялық болжамдар жылдың жылы мезгілінде жасалады, сонымен қатар өсімдік және мал шаруашылығына қатысты агрометеорологиялық жаңа болжамдардың түрлері енгізілетін болады.
2008 - 2010 жылдары «Экологиялық паспорттарды құру мақсатымен ауылдық аймақтарды экологиялық-демографиялық зерттеу» жобасы бойынша 1603 ауылдық елді мекен (бұдан әрі - АЕМ) зерттеліп, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары округтерінің 473 экологиялық паспорттары құрылды. 313 ауылдық округтегі экологиялық жағдай қанағаттанарлық, ал 160 елді мекенде алаңдаушылық туғызарлық деген бағаға ие болды. Бұл ретте, ауылдық тұрғындарды сумен қамсыздандыруды қанағаттарлық деп санауға болмайды. Әзірленген АЕМ экологиялық паспорттарында экологиялық жағдайды жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынылған.
2008 - 2009 жылдарда Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ядролық энергетикалық қондырғыларды жобалаудағы негізгі сұрақтар
Энергетикалық ресурстар жөне энергетика өндірістерінің қоршаган ортага тигізетін әсері
Энергетикалық ресурстар және энергетика өндірістерінің қоршаған ортаға тигізетін әсері
Геотермальды энергетика
Электр энергия станциясы
Дүние жүзінің отын - энергетика кешеніне сипаттама
Қазақстандағы «Жасыл энергетиканың» өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы
Алматы қаласының ауа басейнінің сапасын бақылауды басқару және ұйымдастыру
Әлемдік мұнай әлемдік үлесі өндірісіндегі үлесі
Геотермалды энергия көздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz