Салқындатқыштың құрылымын жетілдіріп ірімшік өндіру цехын жөндеу


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: «Салқындатқыштың құрылымын жетілдіріп ірімшік өндіру цехын жөндеу. »
Орындаған: Ислямов С. А.
Тобы: ТО-207
Тексерген: Джилкишева А. Г
Семей - 2015ж.
Жоспар
I. Кіріспе
1. 1. Салқындатқыш қондырғылар жұмысы . . .
II. Негізгі бөлім
2. 1. Тоңазытқыш машиналар
2. 2. Ірімшік өндіру цехы
III. Қорытынды
3. 1. Қолданылған әдебиеттер
Салқындатқыш қондырғылар жұмысы
Төменде жаңа салқындатқыштар жұмысы баяндалған.
УКМ-6 конструкциялы автоматтандырылған қондырғы сүтті сүзгіден өткізіп, салқындатып және ағымдағы сүтті өлшей алады; сүт қабылдау пункттері, сүт зауыттарында және сауын сиыр фермаларында пайдаланылады. Оны «Агроживмаштехнология» акционерлік қоғамы үш комплектацияда өндіреді:
-құрамында сүт қабылдайтын бак, сүт сорабы, сүтті есепке алатын құрылғысы бар сүзгіш, пластиналы салқындатқыш, электронды басқару блогы мен басып шығаратын құрылғысы бар толықжинақты;
-пластиналы салқындатқышсыз;
-басып шығаратын құрылғысыз.
Қондырғы автономдық режімде немесе басқа да сүт өңдейтін жабдықтар (пастерлеуіш, сүт сепараторы және басқалар) кешенінде бірге жұмыс істей алады. Қондырғының отандық практикада аналогы жоқ жаңа элементтері - сүтті есептеуіш, басып шығаратын құрылғысы мен сүттің ағындағы мөлшерін дәл есепке алып, нақты партиясының мөлшерін принтерге жазып, белгілі мерзімде сауылған сүттің жалпы көлемін анықтап, тіркеу қағаз (накладная) басып береді; сонымен қатар пластиналы салқындатқыштан өткен өнімнің температурасын да, өлшейді.
Қондырғыдағы сүтті өлшеп есепке алу жүйесінің негізгі элементі - турбиналы сұйық шығынын түрлендіргіш, мұнда турбинаның айналу жылдамдығы (сүттің ағынына байланысты) электр сигналына түрленіп, электронды басқару блогына түседі. Есептеу нәтижелері принтерге жазылумен қатар, таблодан (монитордан) жарқырап көрінеді. УКМ-6 қондырғысының өнімділігі - 6000 кг/сағ; өңдеуге түскен сүт температурасы 10-30оС, ал салқындатылған сүттікі - 3-5оС мұздай су температурасынан төмен; қондырғы 1, 5 м2 алаңға орналасады; габариті 1100х800х1700 мм; массасы 170 кг; сүтті өлшеп есепке алуда дәлдіктен ауытқу шегі 0, 01%.
Сүтті тазалау сапасы - 1 тазалық тобы. Жетістігі - қондырғы көпфункциональді (үш технологиялық операция атқарады) және өнімді есепке алу дәлдігі. Өнеркәсіптен шығатын кейбір жекелеген машиналар мен агрегаттармен салыстырғанда, УКМ-6 принтерлі қондырғысы еңбек өнімділігін 1, 5 есе арттырып, материал-сыйымдылығын 2 есе және энергия шығынын 1, 8 есе азайтады, салқындату температурасын көзбен бақылап, сүтті есепке алу және техникалық құжаттарды автоматтандырылған жолмен жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қондырғыны басқа да сұйық заттарды (шырын, сыра, шарап және т. б. ) өңдеу үшін де пайдалануға болады.
ФОМ-1, 25 жабдықтар жиынтығы (комплекті) мал фермалары мен фермерлік шаруашылықтар жағдайында сүт сүзгілеу және салқындатуға арналған. Сүт және көксүтті қыздыру үшін де пайдалануға болады. Ол сүт деңгейін көрсететін, сигнал бергіші бар, сүт қабылдайтын бактен, ортадан тепкіш сораптан, өтпелі сүзгіш, пластиналық жылуалмастырғыш, жалғастыру құбырлары мен басқару жәшігінен тұрады.
Сүтпен жанасатын бөлшектері мен түйіндері қышқылға төзімді болаттан жасалған, өздері май бөліп шығармайды.
Техникалық сипаттамасы
Негізгі режімдегі өнімділігі, л/сағ . . . 1250
Тазалау сапа көрсеткіші, МемСТ 8218-89 сәйкес сапа тобы . . . 1
Сүзгіш элемент ауысуына дейін тазалайтын сүт мөлшері, кг . . . 5000
Салқындатқыш су шығыны, сүт мөлшерімен салыстырғанда . . . 3 есе
Сүттің салқындатылған температурасы, судың алғашқы салқынды-
ғы 1оС және шығыны 3 еселік болғанда, оС . . . 15-35
Сүт сорабының пайдаланатын қуаты, кВт . . . 0, 6
Жабдықтар жиынтығы алатын орын, ш. м . . . 1, 0
Массасы, кг . . . 100
МКЦ сериялы резервуар-салқындатқыштар («Кургансельмаш» ашық акционерлік қоғамы жасаған) мал фермалары мен фермерлік шаруашылықтарда сүтті жинауға, салқындатуға және сақтауға арналған.
МКЦ сериялы резервуары цилиндрлі пішінде, тоттанбайтын болаттан, үш қалыпта - сыйымдылығы 150, 200, 250 дм3 жасалады.
Техникалық сипаттамасы
Номинал сыйымдылығы, дм3 150 200 250
Сүтті 4оС дейін салқындатуға
жұмсалатын уақыт, егер резервуарға
50% сыйымдылығына 35оС сүтпен
толтырсақ және қоршаған ортаның
температурасы 25оС-тан аспаса, сағ. 3, 5 3, 5 3, 5
Салқындатылатын сүттің 4 сағ. соңғы
орташа температурасының өсуі (сал-
қындатқыш жүйе іске қосылмай тұр-
ғанда), оС 1 1 1
Пайдаланатын қуаты, кВт 0, 75 0, 75 0, 75
Габариті, см 120х80х70 140х93х115 140х80х100
Резервуар массасы, кг 120 130 150
Флягалы сүт салқындатқыш (1. 5-сурет) фермерлік және шаруа қожалықтарында сүтті флягада салқындатуға арналған. «Фемакс» ғылыми-өндірістік кәсіпорыны (Мәскеу қаласы) жасаған конструкцияда фляганың сыртқы қабырғасын салқын сумен шомылдыру және бір- мезгілде сүтті араластыру арқылы салқындатылады. Араластырғыш турбинаның су ағыны әсерінен айналу арқылы қозғалады.
1. 5-сурет. Флягалы сүт салқындатқыштың көрінісі
Техникалық сипаттамасы
Салқындатылған сүт температурасы (салқын судың бастапқы
температурасы 10оС), оС . . . 15
Сүтпен толтырылған фляганы салқындату ұзақтығы, мин . . . 60
Су шығыны, л . . . 120
Массасы, кг . . . 1, 5
Флягаға құйылған сүтті салқындату үшін ПОМ-2-2-0 флягалық батырғыш сүт салқындатқышы жасалған. Сүтті 35оС-тан 4оС-қа салқындату ұзақтығы 0, 5 сағаттан көп емес.
Тоңазытқыш машиналар
Өндірістен сериялы шығатын тоңазытқыштардың жаңа конструк-
циялары төмендегідей.
ПГ5-12-0 және ПГ10-12-0 поршенді саңлақсыз мұздатқыш
компрессорлар («Компрессорный завод» ашық акционерлік қоғамы, Краснодар қаласы) арнайы камераларда, қажетті температуралық режімді жасайтын және сақтайтын, тұрақты салқындатқыш-қыздырғыш машиналар құрамына кіреді.
ПГ типті компрессорлар жемістер және басқа да өнімдер сақтайтын
камераларда да қажетті температуралық режімді қамтамасыз ете алады (4-кесте) . Компрессорлар орташа суық климат жағдайында тұрған жайда немесе қоршаған ауаның температурасы -5оС-тан +40оС аралығында, бастырма астында пайдалану үшін арналған.
4-кесте
ПГ типтес компрессорлар сипаттамасы
Көрсеткіштер
5150
(6, 0)
4280
(4, 7)
10300
(12, 0)
8560
(9, 4)
Осы компрессорлар базасында АВ типтес ауамен салқындататын тоңазытқыш агрегаттар өндірістен шығарылады.
АВ-5 және АВ-10 типтес агрегаттары сүт фермаларына, сүт зауыттарына, жемістер және басқа да тағамдық өнімдер сақтайтын камераларға арналған. Агрегаттарды орташа салқын климатта бөлмелерде, қоршаған ауа температурасы -5оС-тан +40оС дейін жағдайда бастырма астында пайдалануға болады.
Агрегат құрамына: компрессор, ауамен салқындатылатын конден-сатор, ресивер, регенераторлы жылуалмастырғыш, автоматика жәшігі, өлшегіш аспаптар кіреді. Агрегаттардың техникалық сипаттамасы 5-кестеде берілген.
5-кесте
АВ типтес агрегаттар сипаттамасы
Көрсеткіштер
5150
(6, 0)
4280
(4, 7)
8560
(9, 4)
10300
(12, 0)
Кулисті қозғау механизмі бар, компрессорлар негізінде жасалған агрегаттар, транспорттық тоңазытқыш машиналар жасауға пайдала- нылады.
АВ-5-01 және АВ-5-02 типтес агрегаттар базасында ОМН-1, 0 және ОМН-2, 0 типтес сүтті тікелей салқындатқыштар өндірістен шығарылады (6-кесте) .
6-кесте
ОМН типтес салқындатқыштар сипаттамасы
Көрсеткіштер
4280
(4, 7)
8560
(9, 4)
1
2
1000
2000
Аталған салқындатқыштар сүт-товарлы фермалар мен өңдеу кәсіпорындарында сүтті жинап, +4-6оС-қа дейін суытып, сақтауға арналған. Сүт салқындатқыштарды басқа да тағамдық және жебірлік- емес сұйықтарды салқындату үшін де пайдалануға болады. Сүт салқындатқыштар тұрақты қондырғылар болып есептелінеді.
Сүт салқындатқыштар құрамы: компрессорлы-конденсаторлық агрегат, тікелей салқындататын бір немесе екі резервуар.
Соңғы кезде шыққан ВОМ-0, 5 маркалы салқындатқыштың үлестік электрэнергия шығыны 9, 4 Вт/кг, яғни осындай қондырғылар-дың стандарт бойынша (1, 8 Вт/кг) шығынынан 11, 4 есе кем. Жабдық-тарды «Компрессорный завод» ашық акционерлік қоғамы (Краснодар қаласы) шығарады.
МХТ-12-6 және МХТ-12-12 («Кургансельмаш» акционерлік қоғамында жасалған, Ресей) қондырғылары ірі қара мал фермаларында сүт ұқсату пункттерінің тоңазытқыш камераларындағы ауаны минус 12 градусқа дейін суыту үшін арналған. Тоңазытқыш машиналарды арнайы бейімделген - қабырғасы, төбесі және едені пенопластпен, минмақтамен немесе шынымақтамен жылу өткізбейтін етіп, қапталған бөлмеде орнатуға болады. Бөлмеде жалпы жылу кіруі 7 кВт-тан (600 Ккал/сағ) көп болмауы тиіс.
Тоңазытқыш машина жасанды суық (ызғар) шығаратын (өндіретін) жабдықтар жиынтығынан тұрады. Машинаның буландырғыштары ішкі қабырғаларына бір «сызыққа» немесе «бұрышқа» ілінеді. Ол көкөністі, жемісті, ет және басқа да тез бұзылатын өнімдерді сақтау және тоңазыту камераларында да пайдаланылады.
Ірімшік өндіру цехы
Өнімнің сипаттамасы
Ірімшік - сүзбеге қарағанда өте бағалы сүтті өнім. Ірімшік құрамында пептидтер мен аминокислодтар бар, ол сүзбеге қарағанда жақсы сіңеді. Жобаның тұжырымдамасы ірімшіктің қатты сұрпын өндіретін цех құруды қарастырады. Қатты ірімшік - піскен және піспеген сығымдалған ірімшік. Нақ осылар қайсы дүкендердің болмасын негізгі ассортименті болып табылады және пайдалану бойынша көшбасшы болып келеді.
Өнімнің технологиясы
Ірімшікті өндірудің технологиясы ауыр биохимиялық үрдіс болып табылады, бұл микрофлоралар мен ферменттердің ықпалымен жүреді және оны дайындау үрдісінде қатаң жүйелілілікті талап етеді.
Ірімшікті өндірудің кезеңі:
• Сүтті даярлау;
• Сүтті қоюлату және біртекті масса алу ;
• Ірімшіктің пісіп жетілуі;
• Ірімшікті тұздау
Ірімшік жасауда ірімшік жасаудың бастапқы шикізатының сапасына ерекше талаптар қойылады.
Сүтті даярлау.
Оның құрамында қажетті ақуыздың болуы, ол алынатын өнімді көбейтеді және шикізат шығынын азайтады. Микрофлораның дамуынан сақтау және оның әрі қарай бұзылуын болдырмау үшін, алдымен сүтті тазалау және мұздату қажет. Бұл поцесте сүттазалау сүзгілері немесе сеператорлар қолданылады.
Сүтті қажетті өнімділікте пластинкалық мұздатқыштарда 7-8°С температурасына дейін мұздатады.
Cүттің дайын болуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz