Қарақұмық және қарақұмық жармасы



1. Қарақұмық сипаттамасы
2. Егістік қарақұмық
3. Қарақұмық жармасы
Қарақұмық (лат. Fagоpyrum)- тарандар тұқымдасына жататын бір жылдық, кейде көп жылдық шөптесін өсімдік.
Ботаникалық сипаты
• Биіктігі 15-70 см, сабағы тік, көп бұтақталған.
• Жүрек тәрізді жапырағы кезектесіп орналасқан.
• Ақ не қызғылт түсті гүлдері жапырақ қолтығынан жетіледі. Шілде айында гүлдеп, тамызда жемісі піседі.
Құрамы
Қарақұмық - жарма дақылдары ішіндегі маңыздылардың бірі. Оның жармасы диеталық, дәмдітамақ, дәнінде 9% белок, 70%-дай крахмал және 1,6%май, сондай-ақ дәрумендер (В/1, В/2), минералды тұздар (темір, фосфорлы кальций) да болады.
Қасиеттері
Қарақұмық - жылу және ылғал сүйгіш дақыл, топырақ температурасы 12-15°С болғанда көктеп шығады.
Қарақұмық - суыққа төзімсіз өсімдік. Оның көгі 1-2°С суықтың өзінде үсікке шалдығады. Ал өсімдік гүлдеген кезде температура 30°С-тан жоғары, ылғал жеткіліксіз болса, онда оның түйіні қурап, дәні түсіп қалады.
Қарақұмық топырақ таңдайды. Ол көбінесе қара және қызғылт қоңыр топырақта жақсы өсіп, мол өнім береді, сондықтан топырақ қышқылдығы рН 5-6,5 болу керек.
Таралу аймақтары
Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия жерлерінің қоңыржай және субторпикалық аймақтарында өсетін 26 түрі бар.
Қазақстанда қарақұмық негізінен солтүстік облыстарда, әсіресе, Павлодар, Орталық және Шығыс Қазақстаноблыстарында егіледі.
Өсіп-өнуі
Қазақстан бойынша егіс аумағы 218 мың га, өнімділігі әр га-дан 9,7 ц. Қарақұмықтың ерте пісетін сорттарының өсу мерзімі қысқа (50-60 күн), сондықтан оны аралық дақыл ретінде пайдалануға болады.
Қарақұмықты СЗС-2,1 тұқым сепкіштерімен кәдімгі жай қатарлық (қатар аралығы 23 см) әдіспен себеді. Кейінгі кезде кең қатарлы (қатар аралығы 45 см) әдіс қолданылады. Соңғы әдісте қарақұмықтан жоғар өнім алуға болатыны анықталып отыр. Сондай-ақ міндетті түрде қарақұмық егісінің әр га-сына гүлдеуіне 2-3 тәулік қалғанда бал арасының 2-3 ұясын әкеліп қою керек. Ол өсімдікті тозаңдандырып, қарақұмықтың өнімін әр га-сынан 3-4 ц арттыруға көмектеседі.
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.
2. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
3.Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет
4.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

БӨЖ
Тақырыбы: Қарақұмық және қарақұмық жармасы

Орындаған: Ғаббасова М.Т.
Тексерген: Нургазезова А.Н.

Семей 2015
Жоспар:
1. Қарақұмық сипаттамасы
2. Егістік қарақұмық
3. Қарақұмық жармасы

Қарақұмық (лат. Fagоpyrum)- тарандар тұқымдасына жататын бір жылдық, кейде көп жылдық шөптесін өсімдік.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ботаникалық сипаты

* Биіктігі 15-70 см, сабағы тік, көп бұтақталған.
* Жүрек тәрізді жапырағы кезектесіп орналасқан.
* Ақ не қызғылт түсті гүлдері жапырақ қолтығынан жетіледі. Шілде айында гүлдеп, тамызда жемісі піседі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Құрамы
Қарақұмық - жарма дақылдары ішіндегі маңыздылардың бірі. Оның жармасы диеталық, дәмдітамақ, дәнінде 9% белок, 70%-дай крахмал және 1,6%май, сондай-ақ дәрумендер (В1, В2), минералды тұздар (темір, фосфорлы кальций) да болады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қасиеттері
Қарақұмық - жылу және ылғал сүйгіш дақыл, топырақ температурасы 12-15°С болғанда көктеп шығады.
Қарақұмық - суыққа төзімсіз өсімдік. Оның көгі 1-2°С суықтың өзінде үсікке шалдығады. Ал өсімдік гүлдеген кезде температура 30°С-тан жоғары, ылғал жеткіліксіз болса, онда оның түйіні қурап, дәні түсіп қалады.
Қарақұмық топырақ таңдайды. Ол көбінесе қара және қызғылт қоңыр топырақта жақсы өсіп, мол өнім береді, сондықтан топырақ қышқылдығы рН 5-6,5 болу керек.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Таралу аймақтары
Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия жерлерінің қоңыржай және субторпикалық аймақтарында өсетін 26 түрі бар.
Қазақстанда қарақұмық негізінен солтүстік облыстарда, әсіресе, Павлодар, Орталық және Шығыс Қазақстаноблыстарында егіледі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Өсіп-өнуі
Қазақстан бойынша егіс аумағы 218 мың га, өнімділігі әр га-дан 9,7 ц. Қарақұмықтың ерте пісетін сорттарының өсу мерзімі қысқа (50-60 күн), сондықтан оны аралық дақыл ретінде пайдалануға болады.
Қарақұмықты СЗС-2,1 тұқым сепкіштерімен кәдімгі жай қатарлық (қатар аралығы 23 см) әдіспен себеді. Кейінгі кезде кең қатарлы (қатар аралығы 45 см) әдіс қолданылады. Соңғы әдісте қарақұмықтан жоғар өнім алуға болатыны анықталып отыр. Сондай-ақ міндетті түрде қарақұмық егісінің әр га-сына гүлдеуіне 2-3 тәулік қалғанда бал арасының 2-3 ұясын әкеліп қою керек. Ол өсімдікті тозаңдандырып, қарақұмықтың өнімін әр га-сынан 3-4 ц арттыруға көмектеседі.
Егін жинау қарақұмық дәнінің 70-75%-ы қоңырланған кезінде басталады.
Қарақұмық шірнелі өсімдіктерге жатады. Бал аралары оның әр га-сынан 50-60 кг, ал қолайлы жағдайда 100 кг-ға дейін бал жинайды. Күздік бидай үсіп кеткен жылдары қарақұмықты сақтық дақыл ретінде пайдаланады.
Егістік қарақұмық (лат. Fagоpyrum esculentum) - тарандар тұқымдасы,қарақұмық туысына жататын бір жылдық шөп тектес өсімдік.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ботаникалық сипаты

* Биіктігі 70 см-ге дейін жетеді.
* Тік өсетін қызғылт түсті сабағының жоғарғы жағында көп бунақтары бар.
* Жапырақтары бүтін, кезектесіп орналасқан, үш бұрышты, жүрек тәрізді. Жоғарғыларының сағақтары ұзын.
* Жапырақтары қою жасыл түсті, етті, екі жағында да майда сүйелдері бар.
* Гүлдері шашақ сықылды ақ, қызыл, ашық қызыл түстерге боялып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарма дақылдары
Жарма дақылдарын қайта өңдеу технологиясы
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу жайлы
Жарма дақылдары және олардың сапасын анықтау жолдары
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу мен зерттеу
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеуі
Жарма сапасына қойылатын талаптар
Температура өткізгіштік
Жарма
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу
Пәндер