Математиканы тереңдетіп оқытудағы мұғалімнің рөлі


МАТЕМАТИКАНЫ ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ
Қазіргі заманғы білім беру саласындағы ақпараттаудың стандарттаудың, технологиялаудың, интеграциялаудың, шартты көрсеткіштерінің ауқымды үрдістері және білім беруде қолданылып жүрген әдіс-тәсілдер осы факторларды толыққанды ескермеуі, көбіне-көп қайта жаңғыртушылық қызметке сүйенетін алғышартқа айналуы, кәсіби құзырлы, шығармашылық іс-әрекетке жан-жақты әзірленген педагогті қалыптастыруға деген сұранысты туғызды. Математика пәні мұғалімінің білім берудің тиімді әдістемелік жүйесін жобалауды технологиялық тұрғыдан құру, жеке тұлғаны дамытуға бағытталған мектептегі математика курсының білім, білік, дағдыларды қалыптастыру ғана емес, дамытушылық және тәрбиелік қызметін жүзеге асыру өзекті мәселе болвп табылады.
Мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті, атқаратын қызметі С. И. Архангельский, М. И. Дьяченко, В. И. Загвязинский, Н. В. Кузьмина, В. А. Сластенин және т. б. еңбектерінде жарық көрген. Мұғалімді кәсіби даярлауды жобалау мәселелері А. Е. Абылқасымова, Е. С. Заир-Бек зерттеулерінде айқындалған. О. С. Анисимов, В. П. Беспалько, В. А. гусев, В. Ф. Любичева, А. Н. Нижников, Т. К. Смыковская оқытудың әдістемелік жүйесін жобалаудың технологиялық бағытын құрастырды. Математиканы компьютер көмегімен және ақпараттық технологиялармен оқыту М. Е. Есмұхан, Ж. А. Қараев қарастырды.
Оқыту: біріншіден - мектептің, отбасының, қауымдастықтың арнайы ұйымдастырылған жағдайында қоғамдық, тарихи, әлеуметтік және мәдени тәжірибелерін адамдарға бірізділікпен, нысаналы түрде жеткізу; екіншіден - оқушының оқуын ұйымдастыруға бағытталған және оны оқып-үйренуге жетектейтін мұғалімнің іс-әрекеті болып саналады.
Оқыту білім берудің бірден-бір дара жолы болғандықтан, тұлғаны дамыту факторларының ішіндегі ең бастысы, маңыздысы әрі оны анықтайды.
Оқыту мен дамыту категориялары арақатынасы жөнінде бірнеше көзқарас қалыптасқан:
- Оқыту дамытуға пара-пар (бихевиоризм) ;
- Оқыту дамытудың алдында жүруі (Л. С. Выготский) ;
- Дамыту оқытудың алғышарттарын құрайды (Ж. Пиаже) .
Оқытуға педагогикалық үрдістің барлық елеулі белгілерін бейнелеумен қатар, өзінің арнайы сапалық өзгешеліктері де тән. Оқыту өзінің мазмұнын, жетекші ұстанымдарын, құрылымын айқындайтын білім беру мақсаттары мен міндеттерінен тура тәуелді. Білім беру мақсаттары мен міндеттері оқыту үрдісін жүзеге асырушы педагогтардың іс-әрекеттерінде, оқу бағдарламалары мен оқулықтарда, әдістемелік құралдарда түзіледі.
Оқушылардың дамуы оқыту үрдісінің сипаттамасына тікелей байланысты болуы, олардың тек өзін-өзі танушылық, өзін-өзі реттеушілік, өзіндік іс-әрекеттерін дамытуды көздейтін оқытуды таңдап алуға ықпал етеді. Оқушыға оқу субъектісі тұрғысынан қарау қарым-қатынасы пайда болады.
«Математиканы оқыту» ұғымы математикалық ілімді меңгерту және математикалық іс-әрекетке баулу мағынасынде түсіндіріледі.
«Математиканы тереңдетіп оқыту» ұғымының нақты бір анықтамасы қалыптаспаған. Қазіргі жағдайда математиканы тереңдетіп оқыту оқу бағдарламасына жоғары математика мәселелерін енгізу, дарынды балаларды іріктеу, оқытудың дәріс, сарамандық, зертханалық т. б. формалары мен әдістері арқылы жүзеге асыру аясында т. с. с. жүргізіледі.
Математиканы тереңдетіп оқыту барысында пән мұғалімдері көптеген проблемаларға тап болады:
- математиканы оқытудың әр түрлі әдістері мен ұсыныстары, пікірлері тексерусіз, ғылыми тұрғвдан дәлелдеусіз, эксперимент түрінде сұрыпталмай -ақ жалпы ортақ міндетке айналуы;
- математиканы тереңдетіп оқытылатын сыныптарда оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп жасалынған қазақ тілінде щығарылатын оқулықтардың, әдістемелік нұскаулардың жетіспеуі;
- білім беру жүйесіндегі тұрлаусыздықтар, яғни білім беру стандарттарының жылда өзгеруі, 5-7 сынып тапсырмаларының күрделенуі оқушылардвң немқұрайлылығын туғызуы 8 сыныпқа келетін оқушылардың математиканы тереңдетіп оқуға деген қызығушылығына әсер етуі мүмкін;
- бағдарлама бойынша такырыптардың оқулықтардағы ретімен өтілмеуінен кейбір есептерді шығару мүмкін болмауы;
- бекітілген уақыт көлемінде қарастырылатын материалдың ауқымдылығы;
- математиканы тереңдетіп оқуға оқушының ынтасының төмендеуі.
Математиканы тереңдетіп оқытуға осы себептерге байланысты мұғалімдердің барлығы бірдей құлшына бермейді, оның аяғы кадрлардың жетіспеушілігіне әкеп соғады.
Математикалық білімді тереңдету арқылы оқушылардың ең бастысы ғылыми іс-әрекет стилін қалыптастыру, оларды жауапкершілікке, сыни тұрғыдан ойлауға, дербестікке, адамгершілікке баулу қажеттігі ескеріле бермейді.
Математика - дедуктивтік ғылым.
Математика - дүниені тану тәсілі.
Математика - сан алуан мәселелерді шешудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, арнайы техникасы, осы техниканы жетілдіру және үнемі жаттықтыру мүмкіндігі.
Математиканы пәні мен ғылымының осы ерекше құндылықтарының жас ұрпақты тәрбиелеу, дамыту мен білім берудегі орны мен маңызын өз дәреже, деңгейінде пайдалану қажеттілігімен қатар, математиканы тереңдетіп оқытуды жаңаша ұйымдастыру туындайды. Осыған орай, оқыту үрдісіндегі математика пәні мұғалімінің рөлі мен іс-әрекетінің де сипаты өзгеріске ұшырайды. Оқыту үрдісінің бастапқы кезеңінде - ақ мұғалім оқушымен бірлескен іс-әрекеттерінде оқу бағдарламаларында қарастырылған білімді ғана емес, өзінің жеке күш-қуатын, дүниені танып-білу, түсіну, қазіргі заманғы және тарихи оқиғалар мен деректерді бағалау қасиеттерін шәкірттерінің бойына сіңіреді.
Күнделікті оқыту барысында тек қана мұғалім дүниені пайымдап, түсіну, қиындықтар мен тығырықтардан абыроймен шығу, жеке-дара субъектілігін сақтап қалуға ұмтылуын, тұлғалық және кәсіби өсіп-өркендеу аймағын белгілеуін, өзін-өзі танып білуін, дұрыс ұстауын қалыптастырады.
Математиканы тереңдетіп оқыту проблемаларын шешу жолдарының бірі ретінде оқытуды технологиялау енгізілуде. Мұғалімнің мақсаты - оқу іс-әрекетін басқару - оқуды ұйымдастыру, яғни оқу міндеттерінің жүйесін шешуге бағыттау, тұлғаны дамыту үшін оқушының іс-әрекеттері мен өз іс-әрекеттерін уәждеу, реттеу, бақылау және бағалау.
Технологияларды анықтауға педагогикалық деректерді ұйымдастыру тәсілдерін сипаттау тән, ол педагогикалық жүйелердің элементтерін талдаудан педагогикалық үрдістің талдамасына көшудің және математиканы тереңдетіп оқыту мәселелері, математикалық тереңдетілген білім берудің айкындалған мақсаттарына анық жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өзара ықпал жасау құралы болып табылады. Алайда технологиялау бағытын жүзеге асырудағы мұғалім рөлі туралы бірнеше көзқарас белгілі. Оқытудың белсенді жаңа құралдары мен жабдықтарын жетілдіріп, жасақтау арқылы мұғалімді оқыту құрылғысымен ауыстыру және мұғалімнің қызмет көрсету аясын, оның атқаратын функцияларын кеңесші, ұйымдастырушы, белгілі бір дидактикалық жобаны орындаушы шеңберінде шектеу ұсынылады. Тіпті белсенді оқыту, оны дербестендіру мен мүғалімнің іс-әрекеттерінің арасында қарама-қайшылықтарды алға тартуда. Кейбір зерттеушілер педагогикалық технология педагогтарға математиканы тереңдетіп оқыту барысында нәтижелі оқытуға қол жеткізуіне, шығармашылық пен құзырлыллыққа бастаушы күш деп есептейді. Мұғалім тек қана сылбыр орындаушы емес, технологияны сапалы, тиімді түрде құрастырушы, жүзеге асырушы тұрғысынан сипатталады. Бұл жағдайда мұғалімнің де кәсіби шеберлігінің үнемі жетілдіріп отыруы, құзырлығының шыңдалуы назарда ұсталады. Кез-келген технологияны дәлме-дәл жүзеге асыру мүмкін емес, әрбір мұғалім өзінің ойларын, тұлғалық ерекшеліктерін, өз көзқарасын, шешімдері мен байламдарын, шығармашылық күш-қуатын есепке ала отырып жұмыс жасауға машықтанады. Алайда технологияны жүзеге асыру кезеңдерінің реттілігі, оқушы жағдайындағы өзгерістерді бейнелейтін жалпы құндылықтары, олардың атқаратын қызметтері, құрамы сақталып қалады. Сондықтан қандай технология болмасын, оны орындаушылардың әр түрлі болуына қарамастан, олардың арасындағы айырмашылықтардан тәуелсіз, сол технологияға сай, оны сипаттайтын ерекшелігіне байланысты күтілетін нәтижеге қол жеткізуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz