Санитарлық көрсеткіш микрооргагизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері



I Кіріспе

II Негізгі бөлім

2.1 Санитарлық көрсеткіш микрооргагизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.

2.2 Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері

III Қорытынды

IV Қолданылған әдебиеттер тізімі
Микроорганизмдер табиғаттың барлық жерінде таралған: топырақта, суда, ауада, жануарлар менөсімдіктердің үстінгі бетінде, жануарлар мен адамдардың ішегінде, қоршаған ортадағы барлық заттарда кездеседі. Сонымен қатар микроорганизмдер шөлдегі құмда, Арктика мен Антрактидағы қар, мұз бен суда, шахта мен теңіз түбінде, бірнеше километрлік биіктіктегі стратосферада кездеседі. Олар әлемнің тірі зат ретінде айтарлықтай бөлігін құрайды. Мысалы, 1 мл лас суда бірнеше жүз миллион микробтар,ал 1гр тыңайтылған топырақта бірнеше миллиард микробтар кездеседі.1гектар тыңайтылған топырақтың жыртылған қабатында 5–10 тонна микроорганизмдердің массасы құралады. Алайда көп ғасырлар бойы адамдарға микроорганизмдер туралы ешнәрсе белгісіз болды.
Микроорганизмдер – тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ тірі организмдер. Бұларды алғаш рет 17-ғасырда голланд ғалымы Антони Ван Левенгук ашқан. Кейде микробтарға вирустарды да жатқызады. Мөлшері жағынан микроб тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Микробты зерттейтін ғылым саласы – микробиология. Микробтардың басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдерге тән өте күрделі жынысты көбею процесі бұлардың көбінде болмайды.

Физиологиялық және биохимиялық қасиеттері жағынан микробтар әртүрлі. Олардың кейбіреулері басқа организмдер өніп-өсе алмайтын ортада тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, 70 – 105°С ыстықта, жоғары деңгейдегі радиацияда және концентрациясы өте күшті қышқылды (pH<1,0) немесе сілтілі (рН 9,0 болатын, кейде одан да жоғары) орталарда, NaCl-дың жоғары концентрациясында (25 – 30%), оттек жоқ жерде (анаэробты жағдайда) тіршілік ете алатын микробтар бар. Олар өте төмен температурада да, құрғақшылық ортада да көбейе алады. Кейбір бактериялар мен балдырлар өз клеткасына қажетті барлық заттарды синтездеу үшін СО2-ні пайдаланады, бұларды автотрофтар деп атайды. Бұлардың ішіндегі кейбіреулері (мысалы, сүт қышқылы бактериялары және қарапайымдылар) өздерінің дамуына қажетті өсу факторларын, яғни дайын витаминдер, амин қышқылдары немесе т.б. органикалық заттарды өздері синтездей алмайды. Мұндай микробтарды – ауксотрофтар деп атайды. Көптеген микробтар өте күрделі органикалық қосылыстарды (белоктар, көмірсулары, соның ішінде целлюлоза, липидтер, нуклеин қышқылдары, көмірсутектері) ыдыратса, кейбіреуі адамдарды және жануарларды уландыратын (метанол, көміртотығы, күкіртсутек, нитриттер) заттарды пайдалана алады, ал кейбір түрлері табиғи емес қосылыстарды ыдырата алады (ксенобиотиктер). Табиғатта микробтар – топырақта, суда, ауада кең таралған, биосферадағы зат айналымына белсене қатысады. Фотосинтез процесі кезінде түрлі қосылыстардың минералдануына жағдай туғызып, атмосферадағы СО2¬¬ қорының болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ топырақ пен ауаға бірқатар биогендік элементтерді қайтарады.
1. М.Х.Шығаева, Ә.Т.Қанаев «Микробиология және вирусология».Алматы, «Қазақ университеті» баспасы, 2008ж.

2. Толысбаев Б.Т, Бияшев К.Б. , Мықтыбаева Р.Ж .Ветеринариялық санитарлық миеробиология, 2008.

3 Темірбеков Ж.Т., Темірбекова Д.Ж. Микробиология және вирусология негіздері. Көкшетау: Кокше-Полиграфия, 2010. – 190б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Санитарлық көрсеткіш микрооргагизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері.

Орындаған:Әбілова А.Қ.
Тобы: ВС-303
Тексерген: Омарбеков Е.О.

Семей 2015 жыл

Жоспар
I Кіріспе

II Негізгі бөлім

2.1 Санитарлық көрсеткіш микрооргагизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.

2.2 Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері

III Қорытынды

IV Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Микроорганизмдер табиғаттың барлық жерінде таралған: топырақта, суда, ауада, жануарлар менөсімдіктердің үстінгі бетінде, жануарлар мен адамдардың ішегінде, қоршаған ортадағы барлық заттарда кездеседі. Сонымен қатар микроорганизмдер шөлдегі құмда, Арктика мен Антрактидағы қар, мұз бен суда, шахта мен теңіз түбінде, бірнеше километрлік биіктіктегі стратосферада кездеседі. Олар әлемнің тірі зат ретінде айтарлықтай бөлігін құрайды. Мысалы, 1 мл лас суда бірнеше жүз миллион микробтар,ал 1гр тыңайтылған топырақта бірнеше миллиард микробтар кездеседі.1гектар тыңайтылған топырақтың жыртылған қабатында 5 - 10 тонна микроорганизмдердің массасы құралады. Алайда көп ғасырлар бойы адамдарға микроорганизмдер туралы ешнәрсе белгісіз болды.
Микроорганизмдер - тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ тірі организмдер. Бұларды алғаш рет 17-ғасырда голланд ғалымы Антони Ван Левенгук ашқан. Кейде микробтарға вирустарды да жатқызады. Мөлшері жағынан микроб тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Микробты зерттейтін ғылым саласы - микробиология. Микробтардың басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдерге тән өте күрделі жынысты көбею процесі бұлардың көбінде болмайды.

Физиологиялық және биохимиялық қасиеттері жағынан микробтар әртүрлі. Олардың кейбіреулері басқа организмдер өніп-өсе алмайтын ортада тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, 70 - 105°С ыстықта, жоғары деңгейдегі радиацияда және концентрациясы өте күшті қышқылды (pH1,0) немесе сілтілі (рН 9,0 болатын, кейде одан да жоғары) орталарда, NaCl-дың жоғары концентрациясында (25 - 30%), оттек жоқ жерде (анаэробты жағдайда) тіршілік ете алатын микробтар бар. Олар өте төмен температурада да, құрғақшылық ортада да көбейе алады. Кейбір бактериялар мен балдырлар өз клеткасына қажетті барлық заттарды синтездеу үшін СО2-ні пайдаланады, бұларды автотрофтар деп атайды. Бұлардың ішіндегі кейбіреулері (мысалы, сүт қышқылы бактериялары және қарапайымдылар) өздерінің дамуына қажетті өсу факторларын, яғни дайын витаминдер, амин қышқылдары немесе т.б. органикалық заттарды өздері синтездей алмайды. Мұндай микробтарды - ауксотрофтар деп атайды. Көптеген микробтар өте күрделі органикалық қосылыстарды (белоктар, көмірсулары, соның ішінде целлюлоза, липидтер, нуклеин қышқылдары, көмірсутектері) ыдыратса, кейбіреуі адамдарды және жануарларды уландыратын (метанол, көміртотығы, күкіртсутек, нитриттер) заттарды пайдалана алады, ал кейбір түрлері табиғи емес қосылыстарды ыдырата алады (ксенобиотиктер). Табиғатта микробтар - топырақта, суда, ауада кең таралған, биосферадағы зат айналымына белсене қатысады. Фотосинтез процесі кезінде түрлі қосылыстардың минералдануына жағдай туғызып, атмосферадағы СО2 - - қорының болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ топырақ пен ауаға бірқатар биогендік элементтерді қайтарады. Тау жыныстары мен топырақ түзілу процесін ыдыратып, кейбір пайдалы қазбалардың (мысалы, сульфидтер мен күкірт) түзілуіне әсер етеді. Микробтардың практикалық маңызы зор. Олардың көпшілігі өнеркәсіптің әр түрлі саласында (мал азықтық белокты түзу, шарап жасау, нан пісіру, сүт қышқылы тағамдарын өндіру кезіндегі антибиотиктер, витаминдер, амин қышқылдары, кейбір ферменттер, т.б.), ауыл шаруашылығында (сүрлем даярлауда, өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғауда) кеңінен қолданылады. Сондай-ақ микробтар лас суларды тазартуда, жанатын газ - метанды түзуде пайдаланылады. Микробтардың кейбір түрлері топырақты құнарсыздандырып, көптеген ауыл шаруашылығы өнімдерін бүлдіреді, металдардың коррозияға ұшырауына ықпал етеді. Микробтар биологияның көптеген мәселелерін шешуде маңызды зерттеу нысаны болып саналады. Соның нәтижесінде көптеген биологиялық заңдылықтар ашылып, биотехнологияның негізі қаланды.
Табиғатта кең таралуы. Барлық жерге таралуы - убиквитарлығы (стратосфера , мұхитар мен теңіздер түбінде, қар мент мұзда, шөлдер мен ыстық су қоймаларында, жанар тауларда, мұнай қабаттарында,атомдық реакторларда, адам және жануарлар мен өсімдіктер организмдерінде кездеседі).Микроорганизмдер тіршілікпен байланысы жоқ жерлерде кездеседі. Убиквитарлықтың- кең таралуының негізгі себебі:
1. Мөлшерінің ұсақтығына байланысты жеңіл таралуы.
2. Көбеюінің ерекшлігі.
3. Адаптацияға яғни бейімделуге қабілеттілігінің жоғарлығы.
Көбею ерекшелігі яғни микроорганизмдердің кюбею жылдамдығына тең келетін ештеңе жоқ. - өте аз уақыт ішінде өте улкен биомассаны жинауы. Мәселен, кедергісіз өсу жағдайында 30 мин. ішінде - 2 клетка, 5 сағатта- 1000, 24 сағатта -1 кг жиналады, бірақ микроорганиздерде барлық тіршілік иелері сияқты тіршілігін жоюып отырады. Микроорганизмдердің планетадағы массасы жануарлардың массасынан 25 ретке көп.
Микроорнаизмдердің табиғаттағы рөлі
1. Биогенді элементтердің айналымында - органикалық қалдықтарды минерализациялайтын деструктор
микроорганизмдердің, тірі және өлі табиғат арасындағы микроб-делдалдардың рөлі орасан зор.
2. Санитар-микробтар планетаны токсиндік заттардан-аммиак, көмірсутек, метан, көмірқышқыл газ-
угарный газ, шығу тегі антропогендік токсиндік заттар- ксенобиотиктер.
3. Геохимиялық рөлі - мұнай, көмір, металл және руда кендердің түзілуіне қатысады.
4. Микроорганизмдер суқоймаларының өнімділігіне, топырақтың түзілуіне және оның гумуспен байып
құнарлануына септігін тигізеді.

Санитарлық-бактериологиялық зерттеулердің жоспарлануы
Санитарлы-бактериологиялық зерттеулер мынадай жағдайларда жүргізіледі:
а)Ағымды санитарлық қадағалау тәртібінде жүргізілетін қоғамдық тамақтану және сауда обьектілерін жоспарлы санитарлық тексеру кезінде.
б)Азық-түліктердің жаңа түрлерін технологиялық және сауда құралдарының жаңа түрлерін шығарудың технологиялық жолдарын, гигиеналық бағалау мақсатында ескертпелі санитарлық қадағалау тәртібімен объектілерді тексеру кезінде, сонымен қоса жаңа және қайта жөнделген кәсіпорындарды эксплуатациялауға берген кезді.
в)Тамақтық улану кезінде санитарлы-эпидемиологиялық қызмет орындарында лабораториялық зерттеулерді жүргізу, есептеу және зерттеу тәртібі турулы инструкциямен сәйкес тамақтық улану болған кезде санитарлы-эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша арбитажды тәртіпке объектілерді жоспардан тыс тексеру кезінде;жоғарыда тұрған ұйымдардың тапсырмалары бойынша кәсіпорындарды санитарлық тексеру кезінде және т.б.Қоғамдық тамақтану және сауда орындарында санитарлы-бактериологиялық бақылау жүргізу жоспары лабораториямен бірлесе отырып СЭС-тің санитарлы дәрігерімен құрылады.Жоспарлау кезінде санитарлы-бактериологиялық бақылауға жататын объектілердің саны,лабораториямен тексерілу мүмкіндігі бекітіледі.Осы кезде мынадай әдістемелік нұсқауды қолдану керек: Қоршаған орта нысандарында негізгі санитарлық-бактериологиялықзерттеул ерді жүргізу нормативтері Санитарлы-бактериологиялық тексерулер бекітілген графиктермен сәйкес жүргізілуі керек және аяқастылық принциптері сақталу керек.
Кәсіпорындарды жоспарлы тексерудің мынадай мазмұны ұсынылады:
а)жылдың жылы мауысымында(сыртқы ауа температурасы +10°С және одан жоғары болғанда) қолайлы нысандар тексеріледі; қоғамдық тамақтану орындары үшін-айына 1рет, сауда орындары -2 айда 1рет.
Эпидемиялық маңызы бар(қолайсыз) нысандар тексеріледі; қоғамдық тамақтану орындары үшін айына 2 рет,сауда орындары-айына 1 рет.
б)жылдың суық мауысымында (сыртқы ауа температурасы -10°С төмен ) қолайлы нысандар тексеріледі;қоғамдық тамақтану орындары үшін 2 айда 1рет, сауда орындары 4 айда 1рет.
Бірінші орында бақыланатын нысандарға азық-түлік дайындау немесе технологиялық процестерінде кейбір этаптардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайында қауіптірек келетін нысандар және санитарлық-техникалық жағынан қолайсыз кәсіпорындар жатады.Сауда жүесінде бірінші болып тексеруге ерекше тез бұзылатын тағамдарды(сүт, сүт тағамдары, ет және балық, кулинарлық бұйымдар,кремдер т.б) тарататын арнайы дүкендер немесе азық-түлік дүкендерінің бөлімшелері жатады.
Санитарлы-лабораториялық бақылау нәтижелерін бағалау принциптері.
Ыстық тағамдарды зерттеу термиялық өңдеуді тексеру мақсатында қалдық микрофлораны анықтау үшін, және де таратылу процесі кезінде екіншілік залалдануды анықтау үшін жүргізіледі. Салқын тағамдарды зерттеу (микроорганизмдердің жалпы саны) осы тағамдарды дайындау немесе таратылуы кезінде екіншілік залалдануын бекіту мақсатында микроорганизмдердің жалпы санын, ішек таяқшалары тобының бактериялар титрін анықтау үшін жүргізіледі. Дайын тағамдарды көп мөлшерде сапрофитті микрофлорамен залалданғаны табылғандығы (ЖМС) нысанының санитарлық қолайсыздық көрсеткіші ретінде қарастырылу керек. Дайын тағамдардың санитарлық көрсеткіштерінің микрофлорамен (ІТТБ, протей,перфингенс фекальді стрептококктық таяқша, ішек вирустары, гемолитикалық және жасыл стрептококк, стафилококк) көп мөлшерде залалданғаны табылса, онда осы тағамдарды патогенді микроорганизмдермен залалдану мүмкіндігі ретінде бағалау керек. Шығарылатын немесе таратылатын тағамдарды патогенді микрооргавнизмдердің табылуы кейбір анықталған тағам мөлшерінде нысанның эпидемиологиялық қолайсыздық көрсеткіші ретінде бағаланады. Санитарлық - бактериологиялық зерттеулер нәтижелерін тағамдардың микроорганизмдермен залалдануының жіберілетін деңгейі бойынша стандарттар немесе кепілдеме көрсеткіштерімен салыстыру керек. Ерекше жылдам бұзылатын азық-түліктер мен тағамдар сапасын бағалау СанЕмН-4.01.004-Алматы 1997ж Тамақтық шикізаттың сапасы мен қауіпсіздігін бағалау бойынша гигиеналық талаптарға сай бактериологиялық талдаулардың нәтижелері бойынша жүргізіледі. Егер бактериологиялық зерттеулер нәтижелері бойынша кейбір тағамдар мен азық-түліктер жүйелі түрде санитарлық- көрсеткіштік микроорганизмдермен залалданып тұратын болса инвентарь мен қондырғылардан жұғын ала отырып тағамдардың микроорганизмдермен залалдануы қай этапта болғанын бекіту үшін технологиялық процестің жолымен берілген тағамға санитарлық - бактериологиялық зерттеулер жүргізеді.
Жұғындарды зерттеу әдісімен санитарлық-бактериологиялық бақылау жүргізу.
Жұғындарды зерттеу әдісін инвентарь, құрылғылар, ыдыстар, санитарлық киімдер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері туралы ақпарат
Микроорганизм ұғымына жалпы түсінік
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
Санитарлық микробиологиялық зерттеу
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы жайлы ақпарат
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы
Оларға қойылатын талаптар. Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар
Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері. Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы
Ішек таяқшасы тобының бактериялары
Пәндер