Тауар белгілерін тіркеу тәртібі
1. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық
2. Одақтың тауар белгісіне өтінім
3. Одақтың тауар белгісінің басымдығы
4. Одақтың тауар белгісіне өтінімге алдын ала сараптама.
Одақтың тауар белгісіне өтінімді жариялау
5. Одақтың тауар белгісіне жарияланған өтінімге қатысты мүдделі тұлғалардың өтініштері
6. Одақтың тауар белгісін тіркеуден бас тарту үшін негіздер
7. Одақтың тауар белгісі ретінде тіркеуге мәлімделген белгілемеге сараптама
8. Одақтың тауар белгісіне өтінімге өзгерістер енгізу
9. Ұлттық патенттік ведомстволардың шешімдеріне шағым жасау
10. Одақтың тауар белгісіне өтінімге сараптаманың нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдер
11. Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімі
12. Ұлттық тіркеулерді Одақтың тауар белгісін тіркеумен ауыстыру
13. Одақтың тауар белгісіне құқықтық қорғау беруді жарамсыз деп тану
14. Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғауды тоқтату
15. Одақтың тауар белгісін тіркеудің күшін жою
16. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқыққа иелік ету
17. Одақтың ұжымдық белгісіне иелік ету ерекшеліктері

1. Құқық иеленушінің мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Одақтың тауар белгісін пайдалануға айрықша құқығы бар және Одақтың тауар белгісін немесе біртекті тауарларға қатысты, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді басқа тұлғалардың пайдалануына тыйым салуға құқығы бар.
Мүше мемлекеттердің аумағында қорғалатын Одақтың тауар белгісін немесе біртекті тауарларға қатысты, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді құқық иеленушінің рұқсатынсыз пайдалануға ешкімнің де құқығы жоқ.
2. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық оны Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміне тіркеген күннен бастап Одақтың тауар белгісіне өтінім берілген күннен бастап есептелетін 10 жыл өткенге дейін қолданылады. Өтінім беру ведомствосы осы Шартқа нұсқаулықтың талаптары сақталған жағдайда, осы құқық қолданысының соңғы жылы ішінде берілген құқық иеленушінің өтініші бойынша айрықша құқықтың қолданылу мерзімін 10 жылға ұзартуы мүмкін.
3. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімінің ұзартылу саны шектеусіз болуы мүмкін.
Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімін ұзарту кезінде тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтінім беру ведомствосына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төленеді.
Құқық иеленушінің өтінішхаты бойынша оған Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімі өткеннен кейін, өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде қосымша баж өтінім беру ведомствосына төленген жағдайда, аталған өтінішті беру үшін 6 ай беріледі.
4. Мүше мемлекеттің аумағында Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың бұзылғанына қатысты даулар сол мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес шешіледі.
5. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықты бұзғаны үшін осы мүше мемлекетте тіркелген тауар белгісіне айрықша құқықты бұзғаны үшін осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген сияқты, дәл сондай жауапкершілік көзделеді.

1. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007.ISBN 978-601-215-003-2
2. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
3. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
4. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3
5. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Автоматтандыру және электротехника кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Тауар белгілерін тіркеу тәртібі
Орындаған: Геннади Б. Н
Тобы: АУ-209
Тексерген: Кундызбаев Д. К
СЕМЕЙ 2015
Жоспар:
1. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық
2. Одақтың тауар белгісіне өтінім
3. Одақтың тауар белгісінің басымдығы
4. Одақтың тауар белгісіне өтінімге алдын ала сараптама.
Одақтың тауар белгісіне өтінімді жариялау
5. Одақтың тауар белгісіне жарияланған өтінімге қатысты мүдделі тұлғалардың өтініштері
6. Одақтың тауар белгісін тіркеуден бас тарту үшін негіздер
7. Одақтың тауар белгісі ретінде тіркеуге мәлімделген белгілемеге сараптама
8. Одақтың тауар белгісіне өтінімге өзгерістер енгізу
9. Ұлттық патенттік ведомстволардың шешімдеріне шағым жасау
10. Одақтың тауар белгісіне өтінімге сараптаманың нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдер
11. Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімі
12. Ұлттық тіркеулерді Одақтың тауар белгісін тіркеумен ауыстыру
13. Одақтың тауар белгісіне құқықтық қорғау беруді жарамсыз деп тану
14. Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғауды тоқтату
15. Одақтың тауар белгісін тіркеудің күшін жою
16. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқыққа иелік ету
17. Одақтың ұжымдық белгісіне иелік ету ерекшеліктері
Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық
1. Құқық иеленушінің мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Одақтың тауар белгісін пайдалануға айрықша құқығы бар және Одақтың тауар белгісін немесе біртекті тауарларға қатысты, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді басқа тұлғалардың пайдалануына тыйым салуға құқығы бар.
Мүше мемлекеттердің аумағында қорғалатын Одақтың тауар белгісін немесе біртекті тауарларға қатысты, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді құқық иеленушінің рұқсатынсыз пайдалануға ешкімнің де құқығы жоқ.
2. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық оны Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміне тіркеген күннен бастап Одақтың тауар белгісіне өтінім берілген күннен бастап есептелетін 10 жыл өткенге дейін қолданылады. Өтінім беру ведомствосы осы Шартқа нұсқаулықтың талаптары сақталған жағдайда, осы құқық қолданысының соңғы жылы ішінде берілген құқық иеленушінің өтініші бойынша айрықша құқықтың қолданылу мерзімін 10 жылға ұзартуы мүмкін.
3. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімінің ұзартылу саны шектеусіз болуы мүмкін.
Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімін ұзарту кезінде тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтінім беру ведомствосына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төленеді.
Құқық иеленушінің өтінішхаты бойынша оған Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімі өткеннен кейін, өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде қосымша баж өтінім беру ведомствосына төленген жағдайда, аталған өтінішті беру үшін 6 ай беріледі.
4. Мүше мемлекеттің аумағында Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың бұзылғанына қатысты даулар сол мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес шешіледі.
5. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықты бұзғаны үшін осы мүше мемлекетте тіркелген тауар белгісіне айрықша құқықты бұзғаны үшін осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген сияқты, дәл сондай жауапкершілік көзделеді.
Одақтың тауар белгісіне өтінім
1. Одақтың тауар белгісіне өтінімді өтінім беруші осы Шартқа нұсқаулықта белгіленетін нысан бойынша және тәртіппен өтінім беру ведомствосына береді.
Одақтың тауар белгісіне өтінім беру кезінде немесе осындай өтінім түскен күннен бастап 1 айдан кешіктірмей өтінім беруші Одақтың тауар белгісіне өтінім беруге баж төленгенін растайтын құжатты ұсынады.
Одақтың тауар белгісіне өтінім беру үшін баж өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде өтінім беру ведомствосына төленеді.
2. Одақтың тауар белгісіне өтінімде мыналар:
1) өтініш берушінің атауы (аты) және орналасқан жерінің немесе тұрғылықты жерінің мекенжайы, сондай-ақ өтінім беру ведомствосы мемлекетінің аумағындағы хат жазысу үшін мекенжайы;
2) мәлімделген белгілеме;
3) Одақтың тауар белгісін тіркеу сұратылатын және 1957 жылғы 15 маусымдағы Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы туралы Ницца келісімінде көзделген Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасының сыныптары бойынша топтастырылған тауарлар тізбесі қамтылуға тиіс.
3. Одақтың тауар белгісіне өтінімде мыналар:
1) Одақтың тауар белгісіне өтінім берген күннен бастап 1 ай ішінде ұсынылуы мүмкін өтінімді берген күннен неғұрлым ертерек басымдықты белгілеу туралы нұсқама;
2) Одақтың тауар белгісі түсті немесе түстер үйлесімдігі болып табылатынына нұсқама;
3) Одақтың тауар белгісі өтінім беру ведомствосы қолданатын стандартты рәміздерді пайдалана отырып, осы Шартқа нұсқаулыққа сәйкес тіркелуге және жариялануға тиіс деген нұсқама;
4) кириллица әліпбиімен жасалған сөздік белгілемелердің транслитерациясы;
5) мәлімделген сөздік белгілеменің мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілдеріне аудармасы;
6) мәлімделген белгілеменің сипаттамасы;
7) өтінім берушінің өкілі туралы мәліметтер және оның мекенжайы қамтылуы мүмкін.
4. Одақтың тауар белгісіне өтінімге мынадай құжаттар:
1) Одақтың тауар белгісіне өтінім бергені үшін баж төленгенін растайтын құжат;
2) осы Шартқа нұсқаулыққа сәйкес ресімделген ұжымдық белгінің жарғысы (ережесі) (ұжымдық белгіге өтінім берілген жағдайда);
3) егер өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында көзделген жағдайда, Одақтың тауар белгісіне өтінім өкіл арқылы берілген кезде сенімхат қоса беріледі.
5. Осы Шарттың 5-бабының 2-тармағына сәйкес конвенциялық басымдықты белгілеу үшін талаптар сақталған кезде, ұлттық патенттік ведомствоға тауар белгісін тіркеуге берілген өтінім Одақтың тауар белгісіне өтінімге өзгертілуі мүмкін.
Тауар белгісін тіркеуге өтінімді Одақтың тауар белгісіне өтінімге өзгерту тәртібі осы Шартқа нұсқаулықта белгіленеді.
6. Одақтың тауар белгісіне өтінім орыс тілінде беріледі.
Одақтың тауар белгісіне өтінім осы Шартқа нұсқаулықтың талаптарына сәйкес, осындай өтінімнің орыс тіліне аудармасы қоса беріле отырып, өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында көзделген тілде берілуі мүмкін.
Өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында көзделген тілде орыс тіліне аудармасы қоса берілген Одақтың тауар белгісіне өтінімнің мазмұнын түсіндіруге байланысты келіспеушіліктер туындаған жағдайда, осындай өтінімнің орыс тіліне аударылған мәтіні артықшылықты күшке ие болады.
Ұлттық патенттік ведомстволар арасындағы хат жазысу орыс тілінде жүргізіледі.
7. Одақтың тауар белгісіне өтінім бойынша өтінім беру ведомствосымен іс жүргізуді мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына және заңнамасына сәйкес, өтінім беруші дербес немесе өкіл арқылы, оның ішінде көрсетілген өтінім беру ведомствосында тіркелген патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы жүзеге асыра алады.
Одақтың тауар белгісінің басымдығы
1. Осы Шарттың мақсаттары үшін Одақтың тауар белгісінің басымдығы Одақтың тауар белгісіне өтінім беру күні бойынша белгіленеді.
2. Одақтың тауар белгісінің басымдығы, егер Одақтың тауар белгісіне өтінім көрсетілген күннен бастап 6 ай ішінде өтінім беру ведомствосына берілген болса, 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына (бұдан әрі - Париж конвенциясы) (конвенциялық басымдық) қатысушы мемлекетте тауар белгісіне алғашқы өтінім беру күні бойынша белгіленуі мүмкін.
3. Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттердің бірінің аумағында ұйымдастырылған ресми немесе ресми танылған халықаралық көрмелердің экспонаттарында орналастырылған Одақтың тауар белгісінің басымдығы, егер Одақтың тауар белгісіне өтінім өтінім беру ведомствосына көрсетілген күннен бастап 6 ай ішінде берілген болса, экпонатты көрмеде (көрмелік басымдық) ашық көрсету басталған күні бойынша белгіленуі мүмкін.
4. Әртүрлі тауарларға қатысты Одақтың тауар белгісінің көптеген басымдығы Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттерде әртүрлі тауарларға қатысты бір белгілемеге берілген тауар белгісіне бірнеше өтінімдері болған кезде өтінім берушінің өтінішхаты бойынша белгіленеді.
5. Егер Одақтың тауар белгісіне өтінімде ол берілген күнінен неғұрлым ертерек басымдықты белгілеу туралы нұсқама қамтылған болса, онда Одақтың тауар белгісіне өтінім берілген кезде немесе өтінім берілген күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей өтінім беруші осындай талаптың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
6. Одақтың тауар белгісіне бөлінген өтінімдер бастапқы өтінім беру күнін және оның басымдығын (осындай болған кезде) сақтайды.
7. Одақтың тауар белгісінің басымдығы 1891 жылғы 14 сәуірдегі Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне және 1989 жылғы 28 маусымдағы оған Хаттамаға сәйкес халықаралық тіркелген күні, аумақтық кеңейту туралы жазба енгізілген күні бойынша белгіленуі мүмкін.
8. Париж конвенциясына қатысушы мемлекетте тауар белгісіне өтінім беру кезінде, егер Париж конвенциясына қатысушы мемлекетте тауар белгісіне өтінім көрсетілген күннен бастап 6 ай ішінде берілген болса, Одақтың тауар белгісіне өтінім берілген күн бойынша басымдық белгіленуі мүмкін.
Одақтың тауар белгісіне өтінімге алдын ала сараптама.

1. Өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне өтінім түскен күннен бастап 1 ай ішінде ұсынылған құжаттардың осы Шарттың 4-бабында көзделген талаптарға және осы Шартқа нұсқаулыққа сәйкес дұрыс ресімделуін, Одақтың тауар белгісіне өтінім берілген күнді белгілеу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің болуын, оның ішінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін және олардың сыныптамаларының дұрыс жасалуын және осы Шарттың 4-бабының 1-тармағында көзделген Одақтың тауар белгісіне өтінім бергені үшін баж төлемінің дұрыстығын тексереді.
2. Өтінімде осы Шарттың 4-бабының 2-тармағында көрсетілген элементтердің қандай да бірі болмаған жағдайда, өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
3. Осы Шарттың 4-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген өтінім материалдары дұрыс ресімделмеген не осы Шарттың 4-бабының 4-тармағында көрсетілген құжаттар болмаған немесе дұрыс ресімделмеген жағдайда, өтінім беру ведомствосы өтінім берушіге жетіспейтін құжаттарды ұсынуды және (немесе) сұрау салу жіберілген күннен бастап 3 ай мерзімде аталған кемшіліктерді жою туралы ұсыныспен сұрау салу жібереді.
Өтінім берушінің өтінім беру ведомствосына сұрау салуға жауапты ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтінішхат беруге құқылы.
Өтінім беру ведомствосы сұрау салуға жауапты ұсыну мерзімін өтінім берушінің өтінішхатында көрсетілген мерзімге, бірақ өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде өтінім беру ведомствосына баж төленген жағдайда, сұрау салуға жауап беру мерзімі өткен күннен бастап 3 айдан аспайтын мерзімге ұзартады.
Өтінім беру ведомствосының құжаттарды қарау мерзімін есептеуі осы баптың 1-тармағына сәйкес осы тармақтың үшінші абзацында көзделген талаптар ескеріле отырып, өтінім берушіге сұрау салуға жауап беру үшін қажетті уақытқа тоқтатыла тұрады.
Егер осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген мерзімде сұрау салуда көрсетілген жетіспейтін құжаттар ұсынылмаса және (немесе) кемшіліктер жойылмаса, өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол туралы шешім шығарылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде өтінім берушіге хабарлама жіберіледі.
Одақтың тауар белгісіне өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылданған Одақтың тауар белгісіне өтінім бойынша заңдық маңызы бар әрекеттер жүзеге асырылмайды.
Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген жағдайларда, Одақтың тауар белгісіне өтінімді қарау мерзімі ұзартылады, бірақ бұл мерзім сұрау салуға жауап алынған немесе жетіспеген құжаттар ұсынылған күннен бастап 1 айдан аспайды.
4. Одақтың тауар белгісіне өтінім беру күні өтінім беру ведомствосына осы Шарттың 4-бабының 2-тармағында көрсетілген барлық элементтерді қамтитын Одақтың тауар белгісіне өтінім ұсынылған күн бойынша белгіленеді.
5. Одақтың тауар белгісіне өтінім, оның ішінде өзгертілген өтінім осы Шарттың 4-бабында белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде, өтінім беру ведомствосы өтінімді ресми сайтта жариялау туралы шешім қабылдайды және шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтінім берушіні Одақтың тауар белгісіне өтінім берілген күннің белгіленуі туралы хабардар етеді, сондай-ақ басқа мүше мемлекеттердің ұлттық патенттік ведомстволарына мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізгені үшін баж сомасын қамтитын құжаттарды ұсыну туралы сұрау салуды және көрсетілген бажды төлеу үшін төлем деректемелерін жібереді.
Одақтың тауар белгісіне өтінімді ресми сайтта жариялау көрсетілген хабарлама өтінім берушіге жіберілген күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.
Одақтың тауар белгісіне өтінімді ресми сайтта ашық қолжетімді етіп орналастыру оны жариялау күні болып табылады.
6. Ұлттық патенттік ведомстволар сұрау салуды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтінім беру ведомствосына мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізу үшін баж сомасын қамтитын құжатты және көрсетілген бажды төлеу үшін төлем деректемелерін жібереді.
Мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізу үшін баж мөлшері мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленеді.
7. Өтінім беру ведомствосы ұлттық патенттік ведомстволардан 6-тармақта көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтінім берушіге мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізу үшін баж сомасын қамтитын құжаттарды қоса бере отырып, мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізу үшін баж төлеу қажеттігі туралы хабарламаны және көрсетілген бажды төлеу үшін төлем деректемелерін жібереді.
8. Өтінім беруші мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізу үшін баж төлеу қажеттігі туралы хабарлама жіберілген күннен бастап 1 ай ішінде өтінім беру ведомствосына мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізгені үшін белгіленген мөлшерде баж төлеуді жүргізгені туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынады.
Көрсетілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісін тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және осындай шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтінім берушіге хабарлама жібереді.
9. Өтінім беру ведомствосы мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізу үшін баж төлеуді жүргізгені туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде басқа мүше мемлекеттердің ұлттық патенттік ведомстволарына Одақтың тауар белгісіне жарияланған өтінімді және мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізу үшін баж төлеу жүргізілгені туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды жібереді.
Одақтың тауар белгісіне жарияланған өтінімге қатысты мүдделі тұлғалардың өтініштері
1. Одақтың тауар белгісіне өтінім жарияланған күннен бастап 3 ай ішінде Одақтың тауар белгісіне өтінім берумен байланысты құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кез келген мүдделі тұлға өтінім беру ведомствосына мәлімделген белгілеменің осы Шарттың 8-бабында көзделген талаптарға сәйкес еместігі туралы өзінің өтінішін ұсынуға құқылы.
2. Өтінім беру ведомствосы мүдделі тұлғалардың келіп түскен өтініштері туралы өтінім берушіні хабардар етеді және осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды ресми сайтқа орналастырады.
Өтінім беруші оған мүдделі тұлғалардың келіп түскен өтініштері туралы хабарлама жіберілген күннен бастап 3 ай ішінде өтінім беру ведомствосына мүдделі тұлғалардың өтініштеріне қатысты өзінің дәлелдерін ұсынуға құқылы.
Одақтың тауар белгісін тіркеуден бас тарту үшін негіздер
1. Осы Шартқа және осы Шартқа нұсқаулыққа сәйкес:
1) осы Шарттың күші қолданылмайтын;
2) ажыратылатын қабілеті жоқ;
3) сипаттаушы, атап айтқанда:
тауар түрiн, сапасын, санын, қасиетiн, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткiзілген уақытын, жерiн және тәсілін белгілеу үшін пайдаланылатын;
белгiлi бiр тауар түрiн белгiлеу үшiн жалпыға ортақ қолданысқа енген;
жалпыға ортақ қабылданған рәмiздер мен терминдер болып табылатын;
тауардың айрықша немесе басты қасиетімен немесе мақсатымен айқындалатын тауар нысанын немесе оның бумасын білдіретін элементтерден ғана тұратын;
4) қоғамдық мүддеге, жариялы тәртіпке, iзгiлiк пен мораль қағидаттарына қайшы келетiн;
5) тауарға, оның шығарылған жеріне немесе оны дайындаушыға қатысты жалған болып табылатын немесе тұтынушыны жаңылыстыруға алып келетін;
6) мемлекеттiк рәміздерді және белгілерді (туды, елтаңбаны, орденді, ақша белгілерін және сол сияқтыларды), мемлекеттердің қысқартылған немесе толық ресми атауларын, халықаралық үкіметаралық ұйымдардың атауын, олардың туын, елтаңбасын, басқа да рәміздерін, белгілері мен олардың элементтерін, ресми бақылау таңбаларын, кепiлдiк сынамалық таңбаларды, мөрлердi, наградаларды және басқа да айырым белгiлерiн немесе көрсетілген объектілермен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгiлемелерді білдіретін белгілемелер Одақтың тауар белгілері ретінде тіркеле алмайды. Мұндай белгілемелер, егер осыған тиiстi құзыреттi мемлекеттік органның, халықаралық немесе үкіметаралық ұйымның келiсiмi бар болса, қорғалмайтын элементтер ретiнде Одақтың тауар белгісіне енгізілуі мүмкін;
7) кез келген мүше мемлекет халықтарының мәдени мұра объектілерінің не дүниежүзілік мәдени немесе табиғи мұра объектілерінің ресми атауларымен және бейнелерімен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас;
8) мүше мемлекеттердің аумақтарында белгіленген тәртіппен тіркелген, сертификатталған белгілермен немесе сәйкестік белгілерімен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілер Одақтың тауар белгілері ретінде тiркеле алмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген белгілемелер, егер олар басым жағдайда болмаса, Одақтың тауар белгісіне қорғалмайтын белгілер ретiнде енгізілуі мүмкін.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген белгілемелер, егер Одақтың тауар белгісіне өтінім берілген күні мәлімделген белгілеме пайдаланылу нәтижесінде кез келген мүше мемлекеттің аумағында ажыратылатын қабілетке ие болса, Одақтың тауар белгісі ретінде тіркелуі мүмкін.
Осы баптың 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген белгілемелер комбинациясы, егер ол ажыратылатын қабілетке ие болса, оның ішінде кез келген мүше мемлекет аумағында пайдалану нәтижесінде өтінім берілген күнге дейін пайда болған ажыратылатын қабілетке ие болса, Одақтың тауар белгісі ретінде тіркелуі мүмкін.
3. Мыналар:
1) егер басқа тұлғаның тауар белгісін тіркеуге өтінім кері қайтарылмаса немесе ол бойынша қарауға қабылдаудан, тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданбаса және шағым жасау мерзімдері өтпеген болса, біртекті тауарларға қатысты кез келген мүше мемлекетте басқа тұлғалар тіркеуге мәлімдеген және неғұрлым ертерек басымдығы бар белгілемелермен;
2) кез келген мүше мемлекетте, оның ішінде халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын, біртекті тауарларға қатысты және неғұрлым ертерек басымдығы бар басқа тұлғалардың тауар белгілерімен;
3) мәлімделген белгілеменің басымдығынан неғұрлым ерте күннен бастап кез келген тауарларға қатысты, кез келген мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен осы мемлекеттерде жалпыға белгілі тауар белгілері деп танылған басқа тұлғалардың тауар белгілерімен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелер Одақтың тауар белгілері ретінде тіркеле алмайды.
4. Егер мүше мемлекеттердің аумағында айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас тауар белгілеріне немесе біртекті тауарларға қатысты неғұрлым бұрын басымдығы бар мәлімделген белгілемелерге құқықтар әртүрлі тұлғаларға тиесілі болған жағдайда, Одақтың тауар белгісіне құқықтық қорғау беру үшін барлық құқық иеленушілердің келісімі талап етіледі.
Ұжымдық белгілермен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерге қатысты осы ережелер қолданылмайды.
5. Осы Шартқа немесе мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қорғалатын ТШЖА-мен, сондай-ақ Одақтың тауар белгісінің басымдық күніне дейін осындай ретінде тіркеуге мәлімделген белгілемемен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелер кез келген тауарларға қатысты Одақтың тауар белгісі ретінде тіркелмейді. Мұндай ТШЖА немесе онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілеме, егер Одақтың тауар белгісін тіркеу дараландыру үшін ТШЖА тіркелген сол тауарларға қатысты жүзеге асырылса, мұндай ТШЖА-ға айрықша құқығы бар тұлғаның атына тіркелетін Одақтың тауар белгісіне қорғалмайтын элемент ретінде енгізілуі мүмкін.
6. Кез келген мүше мемлекетте қорғалатын фирмалық атаумен немесе коммерциялық белгілемемен (мұндай атаудың немесе белгілеменің жекелеген элементтерімен) не мүше мемлекеттің селекциялық жетістік заңнамасына сәйкес тіркелген атауымен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас, мүше мемлекеттің аумағында өзге де тұлғаларда оған қатысты құқықтар Одақтың тіркелетін тауар белгісіне басымдық берілген күннен бұрын туындаған белгілемелер біртекті тауарларға қатысты Одақтың тауар белгісі ретінде тіркелмейді.
7. Мынадай объектілермен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелер:
1) кез келген мүше мемлекетте белгiлi ғылым, әдебиет немесе өнер туындысының атауы, осындай туындылардың кейіпкері немесе одан дәйексөз, өнер туындысы немесе оның фрагменті - егер тиісті туындыға құқықтар Одақтың тіркелетін тауар белгісіне басымдық берілген күннен бұрын туындаса, құқық иеленушінің келісімінсіз;
2) кез келген мүше мемлекетте белгілі адамның тегі, аты, бүркеншік аты немесе олардан туындаған белгілеме, портреті немесе факсимилесі - осы адамның немесе оның мұрагерлерінің немесе олардың құқық мирасқорларының немесе осы адам қайтыс болғаннан кейін оның абыройы мен қадір-қасиетін қорғауды жүзеге асыратын басқа да мүдделі тұлғалардың келісімінсіз;
3) мүше мемлекетте Одақтың тіркелетін тауар белгісіне басымдық берілген күннен бұрын туындаған құқықтары бар және өтінім берушіге тиесілі емес өнеркәсіптік үлгі Одақтың тауар белгісі ретінде тіркелмейді.
Одақтың тауар белгісі ретінде тіркеуге мәлімделген белгілемеге сараптама
1. Өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне жарияланған өтінімді және мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізгені үшін баж төлеудің жүргізілгені туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды жіберген күнінен бастап 6 ай ішінде ұлттық патенттік ведомстволар, оның ішінде өтінім беру ведомствосы сараптама жүргізеді. Соның барысында Одақтың тауар белгісін тіркеуден бас тартуға осы Шарттың 8-бабының 1-5-тармақтарында көзделген негіздердің болмауын тексереді. Сараптаманың нәтижелері бойынша қорытынды әзірленеді.
Іздеу және тексеру нәтижелерін қамтитын қорытындыларды, қарсы қойылатын материалдармен қоса, егер олар анықталған болса, ұлттық патенттік ведомстволар, осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей өтінім беру ведомствосына жібереді.
Одақтың тауар белгісін тіркеуден бас тартуға негіздердің болуы туралы осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген мерзімде өтінім беру ведомствосына хабарламаған ұлттық патенттік ведомстволар Одақтың тауар белгісіне өтінімге қатысты осы тармақта көзделген Одақтың тауар белгісін тіркеуден бас тартуға уәждердің болуы туралы өтінім беру ведомствосын хабардар ету құқығынан айырылады.
2. Ұлттық патенттік ведомстволар мәлімделген белгілемеге сараптама барысында мәлімделген белгілеменің осы Шарттың 8-бабының
1-5-тармақтарының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
3. Егер бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас Одақтың тауар белгілеріне өтінімдерді және біртекті тауарларға қатысты тауар белгілеріне өзге де өтінімдерді әртүрлі өтінім берушілер берсе және осы өтінімдер сол бір басымдық күніне ие болса, біртекті болып табылатын тауарларға қатысты мәлімделген тауар белгісі өтінім берушілердің арасындағы келісіммен айқындалатын олардың біреуінің ғана атына тіркеледі.
4. Егер толық немесе ішінара сәйкес келетін біртекті тауарлардың тізбелеріне қатысты Одақтың бірдей тауар белгілеріне өтінімдерді сол бір өтінім беруші берген және осы өтінімдер сол бір басымдық күніне ие болған жағдайда, көрсетілген тізбелері сәйкес келетін тауарларға қатысты Одақтың тауар белгісі өтінім беруші таңдап алған өтінімдердің тек біреуі бойынша ғана тіркелуі мүмкін.
5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда өтінім беру ведомствосы өтінім берушіге тиісті хабарлама жібереді.
Өтінім берушілер осындай хабарламаны алған күннен бастап 6 ай ішінде өтінім беру ведомствосына өтінімдердің қайсысы бойынша тауар белгісін тіркеу сұратылып отырғанын, ал Одақтың бірдей тауар белгілеріне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz