Ет, құс, жұмыртқа және олардың өнімдерінің химиялық қауіпсіздігінің көрсеткіштері



Адамның шаруашылық әрекеті – табиғаттың дамуына әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл-ойдың арқасында айналадағы ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Табиғаттағы құрамдас бөліктердің бір-бірімен тығыз байланыста екеніні ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқаларының да өзгеретіні түсінікті. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді.
Қоршаған ортаны ластайтын заттардың биологиялық әсері олардың адамды уландыруы, нысандық сырқаттарға ұрындыруы, қатерлі ісік тудыруды және мутагендік (гендердің бопсалануы) қасиеттеріне байланысты екендігі белгілі.
Ауаны ластайтын улы заттардың 150- ден астамы белгілі. Олар ауада күн сәулесінің әсерімен ыдырап, реакцияға түсіп, жаңа химиялық қосындылар түзеді. Бұл қосындылар табиғи ортаны ластап, адам организміне әр түрлі әсер етіп, денсаулығын бұзады. Осындай ұлы заттар көп мөлшерде әсер етсе адамның тынысы тарылып өліп кетуі де ықтимал. Улы заттар ірі өнеркәсіптер шоғырланған қалалардың тұрғындарының денсаулығына елеулі зиян келтіреді. Химиялық, түрлі – түсті металл өндіретін өндірістер тынымсыз улы заттар шығарып тұрады. Мысалы, ауаны ластаушы қайта өңдейтін зауыттар мен электростанциялар секілді ауаға күкірттің қос тотығын шығаруда, ол әрине адамның және жануарлардың тыныс жолдарын қабындырып, әр түрлі аурулар туғызады. Көмірді жылу электростанцияларында жағудың әсерімен ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауылшаруашылық егістіктеріндегі көкөністер мен жеміс - жидектерге, орман өсімдіктеріне елеулі зиян келтіреді. Оларды пайдаланған адам мен онымен қоректенген жануарлардың тәнінде зиянды физиологиялық өзгерістер байқалады.
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, адамдардың денсаулық жағдайына әсер ететін факторлар өте көп. Соларды талдағанда, сол факторлардың 50-52 пайызы өмір сүру салтына, 20-25 пайызы тұқым қуалау жағдайларына, 18-20 пайызы қоршаған ортаға, тек 7-12 пайызы ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болатынын анықтаған. Қазіргі кезде жер шарының көптеген аймақтарында табиғатты бүлдіріп, адамның өмір сүруіне қауіп төндіретін зиянды әрекеттер көбейді. Жер бетінде тұтас экологиялық апат аймақтары пайда болды.
Өндірісті ірі қалаларда, техногендік елді қоныстарда қоршаған орта қатты ластануда. Осы бүлінген қоршаған ортада адам ағзасына залалды заттар молайды. Мұндай кеселді заттар қан және лимфа айналымын бұзып, адам өміріне қауып төндіреді.Әрине, мұны көпшілігіміз елей бермейміз. Қоршаған ортаны бүлдіруден түбінде үлкен зардап шегетінімізді ескермейміз. Ластанған ауа мен су біздің ағзамызға ас қорыту жолдары және тыныс алу мүшелері арқылы енеді. Залалданған топырақ пен бүлінген ауа аса қауіпті. Жер асты сулары тамаққа тұтынылады. Жерден жаңа өнім жиналады. Егер жер алқаптары қатты бүлінсе, ауыл шаруашылық мақсаттарға пайдалануға мүлде жарамай қалуы әбден мүмкін.
1. Технология мяса и мясопродуктов. И.А Рогов, А.Г. Забашта. Изд-во «КолосС», Москва. 2009г, т.1- 710с, т.2-565с.
2. Экспертиза мяса и мясопродуктов. В.М. Позняковский. Сибирское университетское изд-во, Новосибирск. 2005г. 525с.
3. Товароведение и экспертиза продовольственных товаров. В.И. Криштафович. Изд-во «КолосС», Москва. 2008г. 325.
4. Экспертиза молока и молочных продуктов. Дунченко Н.И. Сибирское университетское изд-во, Новосибирск. 2007г. 475с.
5. Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын сараптау және бақылау. А.Қ. Смағулов, Қ.А.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

МӨЖ 7-8

ТАҚЫРЫБЫ: Ет, құс, жұмыртқа және олардың өнімдерінің химиялық қауіпсіздігінің көрсеткіштері

ОРЫНДАҒАН: Балғабайқызы Ә
ТЕКСЕРГЕН:Байғазанов А.Н

СЕМЕЙ
2015
Адамның шаруашылық әрекеті - табиғаттың дамуына әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл-ойдың арқасында айналадағы ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Табиғаттағы құрамдас бөліктердің бір-бірімен тығыз байланыста екеніні ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқаларының да өзгеретіні түсінікті. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Қоршаған ортаның ластануы - адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді.
Қоршаған ортаны ластайтын заттардың биологиялық әсері олардың адамды уландыруы, нысандық сырқаттарға ұрындыруы, қатерлі ісік тудыруды және мутагендік (гендердің бопсалануы) қасиеттеріне байланысты екендігі белгілі.
Ауаны ластайтын улы заттардың 150- ден астамы белгілі. Олар ауада күн сәулесінің әсерімен ыдырап, реакцияға түсіп, жаңа химиялық қосындылар түзеді. Бұл қосындылар табиғи ортаны ластап, адам организміне әр түрлі әсер етіп, денсаулығын бұзады. Осындай ұлы заттар көп мөлшерде әсер етсе адамның тынысы тарылып өліп кетуі де ықтимал. Улы заттар ірі өнеркәсіптер шоғырланған қалалардың тұрғындарының денсаулығына елеулі зиян келтіреді. Химиялық, түрлі - түсті металл өндіретін өндірістер тынымсыз улы заттар шығарып тұрады. Мысалы, ауаны ластаушы қайта өңдейтін зауыттар мен электростанциялар секілді ауаға күкірттің қос тотығын шығаруда, ол әрине адамның және жануарлардың тыныс жолдарын қабындырып, әр түрлі аурулар туғызады. Көмірді жылу электростанцияларында жағудың әсерімен ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауылшаруашылық егістіктеріндегі көкөністер мен жеміс - жидектерге, орман өсімдіктеріне елеулі зиян келтіреді. Оларды пайдаланған адам мен онымен қоректенген жануарлардың тәнінде зиянды физиологиялық өзгерістер байқалады.
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, адамдардың денсаулық жағдайына әсер ететін факторлар өте көп. Соларды талдағанда, сол факторлардың 50-52 пайызы өмір сүру салтына, 20-25 пайызы тұқым қуалау жағдайларына, 18-20 пайызы қоршаған ортаға, тек 7-12 пайызы ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болатынын анықтаған. Қазіргі кезде жер шарының көптеген аймақтарында табиғатты бүлдіріп, адамның өмір сүруіне қауіп төндіретін зиянды әрекеттер көбейді. Жер бетінде тұтас экологиялық апат аймақтары пайда болды.
Өндірісті ірі қалаларда, техногендік елді қоныстарда қоршаған орта қатты ластануда. Осы бүлінген қоршаған ортада адам ағзасына залалды заттар молайды. Мұндай кеселді заттар қан және лимфа айналымын бұзып, адам өміріне қауып төндіреді.Әрине, мұны көпшілігіміз елей бермейміз. Қоршаған ортаны бүлдіруден түбінде үлкен зардап шегетінімізді ескермейміз. Ластанған ауа мен су біздің ағзамызға ас қорыту жолдары және тыныс алу мүшелері арқылы енеді. Залалданған топырақ пен бүлінген ауа аса қауіпті. Жер асты сулары тамаққа тұтынылады. Жерден жаңа өнім жиналады. Егер жер алқаптары қатты бүлінсе, ауыл шаруашылық мақсаттарға пайдалануға мүлде жарамай қалуы әбден мүмкін.
Қоршаған ортаның химиялық ластануы
Мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, соңғы жылдары автокөліктер өте көбейіп улы газдың мөлшері 40 пайызға, ал ұшақтардан бөлініп шығып жатқан улы газдың мөлшері 60 пайызға өскен. Цемент зауытынана бөлінген шаң- тозан қоршаған ауада, топырақта калий, кальций, магний элементтерінің шамадан тыс көбеюіне себепкер болады. Ал мырыш пен қорғасын өндіретін металлургия зауытынан шығатын улы заттар топырақ пен шөптердің бойына жиналып, ауа мен су арқылы адам мен жануарлардың бойына еніп олардың денсаулығына қауіп келтіреді. Адам организімінің улы заттарға төзімділігі әрқалай. Жас балалар мен қарт кісілер, аурушаң улы заттарға төзімсіз келеді.
Сондықтан қоршаған ортаға зиянды заттар шығаратын кәсіп орындардың қаладан алыстау жерге орналасқаны жөн. Қоршаған ортаны ластаушы көздерін ірі төрт топқа бөлуге болады:
1.Химиялық ластану - көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, пестицидтер мен гербицидтер, шайынды сулар, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.
2.Физикалық ластану - жылу, радиоактивті заттар, электромагниттік толқындар, шулар мен тербелістер.
3.Биологиялық ластану - жұқпалы және паразиттік ауруларды туғызатын қоздырғыш бактериялар, вирустар,микроорганизмдер мен құрттар, қарапайымдылар мен шектен тыс көбейіп кеткен зиян келтіретін жәндіктер.
4.Эстетикалық зиян - табиғаттың әсем ландшафтарының бұлінуі, орман - тоғайлардың жойылуы, табиғатты сулу жерлерді су басып батпақ - сорға айналуы, сусымалы құмдардың жылжып жайылымдарды, өзендерді, бұлдіруі, су қорының азайып көлдердің құрғауы және тағы басқалар[7].
Өнеркәсіптен бөлінетін әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа сіңіп, тізбектің бір айналымынан екіншісіне өтіп, зат алмасу нәтижесінде адам организміне түседі.
Бүкіл жер шарында химиялық ластаушы заттардың кездеспейтін жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті өнеркәсіп орындарын былай қойғанда, сонау алыста жатқан Антарктиданы алайық. Ғалымдар мұнда ғылыми бақылаулар жасау барысында осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын байқаған. Олар бұл жерге басқа аумақтан ауа ағындары арқылы келген болуы мүмкін.
Химиялық ластану:сипаттамасы, түрлері, табиғи ортаға және адамға тигізетін зардабы
Табиғи ортаны ластаушы химиялық заттар әр түрлі болып келеді. Олар қасиетіне, шоғырлануына және адам организміне әсер етуіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Мұндай заттармен улану адамның басын айналдырып, жүрегін айнытып, тамағын жыбырлатып, жөтел тудырады. Адам организміне химиялық улы заттардың көп мөлшерде түсуі кейде өлім қаупін тудыруы мүмкін. Мұндай улы заттарға ірі өнеркәсіпті қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған түтіндерді де жатқызуға болады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астам түрі белгілі. Бұл заттар ауада Күн сәулесінің әсерінен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді. Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі дегеніміз - қолдану барысында адам денсаулығына зиянын тигізбеуі, яғни тікелей әсерімен де (тағамдық улану, тағамдық инфекция), кейіннен болатын салдарын айтқанда да (канцерогендік, мутогендік және тератогендік әсері). Басқаша айтқанда:біздің қазіргі және болашақ ұрпағымыздың денсаулығына ешбір зиянды әсерін тигізбейтін тағам өнімдерін қауіпсіз деп есептеуге болады.
Ғалымдардың зертеулеріне қарағанда, адамдардың денсаулық жағдайына әсер ететін факторлар өте көп. Соларды талдағанда, сол факторлардың 50-52 пайызы өмір сүру салтына, 20-25 пайызы тұқым қуалау жағдайларына, 18-20 пайызы қоршаған ортаға, тек 7-12 пайызы ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болатынын анықтаған.
Халықтың денсаулығының нашарлауына және демографиялық көрсеткіштердің төмендеуіне әсер ететін негізгі себептердің ішінде климаттық, жағырапиялық, әлеуметтік, экономикалық ахуалдармен қатар, экологиялық қолайсыздықтар да ерекше орын алады. Дәл осы соңғы аталған экологиялық фактор адам денсаулығын ақырындап іштей, тыныш күйге улап, өлімге дейін апаратын жағдайлар жиі кездеседі. Ас-адамның арқауы демекші, химиялық қоспалармен уланған, химиялық ластануға ұшыраған тағамдар керісінше, адамның арқауына айналмай, өлімге апарар жолына айналуы да әбден мүмкін. Құс етінің тез қорытылатын, өте жеңіл тамақ екені белгілі. Бірақ сол құстың тұтынушыға қалай келіп жететіне мән бере бермейміз.Ал, құс өсірушілер балапандардың екі ай ішінде тез оңалып, салмақ құрауы үшін жемге түрлі дәрумендер мен ағзаның өсуін күшейтетін натрий глутаматы бар жасанды қоздырғыштар қосады. Мұндай гормондық дәрумендер мен антибиотиктердің адам ағзасына да зиянды әсері өте көп. Оған қоса, құс етін дайындауда көбінесе санитарлық-гигиеналық талаптар сақталмайды. Етті қақтайтын, яғни пісіретін ыдыстар мен жабдықтар жиі тазаланып тұрмайды. Ал, бірнеше рет қолданылған май оны қыздырған кезде канцерогенді заттар пайда болып, адам ағзасына өте зиянды затқа айналады. Дәмдегіш заттардың құрамындағы химиялық элементтер де ыстықтың салдарынан құрамын өзгертіп, залалды нәрселер бөліп шығарады.
Ет өнімдерінен адам ағзасы аса қажетті табиғи ақуыз, түрлі минералды заттар мен дәрумендер алатындықтан басқа тағам түрлеріне қарағанда биологиялық құндылығы өте зор етке халықтың сұранысы да әрқашан жоғары болып келді. Әлем елдерінде ет өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту үрдісі тек табиғи шикізат көздері есебінен ғана жүзеге асырылып отырған жоқ. Әсіресе, соңғы кездері ет өңдеу кәсіпорындары өз мүдделерін тұтынушы мүддесінен жоғары қойып, өнім көлемін арттыру үшін тағамдық құндылығы төмен қосымша өнімдер (өкпе, бауыр, ішек, қарын т.б.) мен әртүрлі қоспаларды кеңінен пайдалануда. Мұндай қоспалар тамақ өнімдерінің биологиялық құндылығын төмендетеді. Себебі, өнім құрамында толыққұнды ақуыз мөлшері жеткілікті бола алмайды. Мысалы, шұжық өндіру кезінде сапасы төмен шикізат қалдықтары мен малдың ішкі ағзаларын пайдалана отырып өнімнің өзіндік құнын азайтып, өндіріс көлемін ұлғайту іс әрекетін бүркемелеу үшін де әртүрлі дәмдеуші, әрлеуші қоспаларды қолданатыны белгілі. Бүгінде әлемнің дамыған көптеген елдерінде азық-түлікке, соның ішінде, ет өнімдеріне жасанды қоспаларды пайдалану тәжірибесі кеңінен өріс алуда.
Адамның табиғат кешендеріне кері әсері озық ғылыми-техниканың тікелей жемісі емес. Ол өзгерістерге кінәлі прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Адам өз ісімен табиғатқа қиянат жасай отырып, екінші бір жағынан өз өміріне де балта шауып отырғандығын көп жағдайда түсіне бермейді: қоршаған ортаны, биосфераны көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, пестицидтер мен гербицидтер, шайынды сулар, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдармен химиялық тұрғыда ластай отырып күнделікті тұтынып жүрген тағамының да құрамын толыққанды өзгеріске ұшыратады. Ал бұл өзгеріс-теріс жақты, яғни регрессивті өзгеріс. Дәл осы ғаламдық проблеманың қаншалықты өзекті екендігін көрсету мақсатында осы курстық жұмыс орындалды.
Жұмыста мына мәселелер қаралды:
:: күнделікті тұтынып жүрген тағамдардың құрамындағы химиялық қоспалардың, БХЗ (бөгде химиялық заттардың) мөлшерін анықтай отырып, олардың адам ағзасына тигізерлік оң және теріс әсерлердің арақатынасын бағалау;
:: химиялық ластанудың тамақ өнімдеріне әсерін бағалау;
:: БХЗ-дан ластануға ұшыраған тағам өнімдерінің адам ағзасының функционалдық құрылымын толықтай ушықтырып, құртпас үшін алдын-алу шараларын анықтау;
:: азық-түлік шикізаттары мен тағам өнімдерінің бөгде химиялық заттармен немесе ксенобиотиктермен ластануы тікелей қоршаған ортаның ластануынан болатындығын дәлелдеу.
:: химиялық ластану ұғымының терең әрі күрделі мән-мағынасымен танысу;
:: химиялық ластанудың тамақ өнімдерінің құрамын бұза алатындығына көз жеткізу және алдын алу шараларымен танысу;
Жұмысты орындау барысында отандық және шетел ғалым ғалымдарының зерттеулерінің материалдары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңнамалары мен бағдарламалық материалдары, ғылыми - практикалық конференциялар материалдары, интернет - қор,қосымша анықтамалық оқу құралдары, зерттеу материалдары пайдаланылды.
Қазақстанда қалыптасқан нарықтық қатынастар жүйесі ел экономикасын әрі қарай дамуы тәелді болып табылатын бірқатар жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу қажеттігін туындатты. Бұл мәселелер кешенінің арасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді атауға болады. Талдаулар көрсетіп отырғандай соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда елдің экономикалық потенциалын айтарлықтай төмендететін және азық-түлік қауіпсіздігіне зиянын тигізетін жағымсыз сипаттағы тенденциялар байқалды.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету -- өзінің ішкі және сыртқы саясаттарын жүргізуі кезінде кез-келген ел соқтығысуы мүмкін стратегиялық мәселе. Елдің тұрақты дамуы туралы ешқандай сөз болуы мүмкін емес, егер ол ел өз халқын негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың толыққұнды және жеткілікті деңгейімен қамтамасыз ете алмайтын және өзінің жеке сыртқы саясатын жүргізе алмайтын болса. Сонымен қатар, ел ішіндегі азық-түлік нарығы импортқа тәуелді болса.
Кез-келген мемлекет экономикалық дамудың белгілі бір кезеңінде өсу нүктесі болып табылатын саланы анықтайды. Сондай салалардың бірі Қазақстан-2030 стратегиясында көрсетілген тамақ өнеркәсібі болып табылады. Біз кіші шикізатқа бағдарланған ел болып қалмас үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, мұнай және газ өңдеу инфрақұрылымдарын, химия және мұнай, химия, машина жасаудың жеке салаларын, соңғы ғылымсиымды өндірістерді, туризм мен қызмет көрсету сфераларын өте тез қарқынмен дамытуымыз керек.
Тамақ өнеркәсібі елдің экономика жүйесінде құқық бойынша стратегиялық маңызы зор салалар қатарына жатады. Өйткені ауылшаруашылық саласында тамақ өнімдерінің нарығы қалыптастырылады және азық-түліктің стратегиялық запастары құралады. Тамақ өнеркәсібінің даму деңгейі соңғы жылдары отандық тамақ өнімдерін шығару көлемінің қысқаруымен және азық-түлік импортының артуымен байланысты тоқтап қалған елдің азық-түлік қауіпсіздігінің басты индикатыры болып табылады.
Соңғы кездері сырттан келетін көптеген азық-түлік тауарларына қатаң тыйым салынды. Халықтың денсаулығын қамтамасыз етуде Қазақстан - 2030 стратегиясының ұзақ мерзімді ерекшеліктерінің бірі болып табылатын тамақ өнеркәсібіне маңызды рөл жүктелген. Адам денсаулығына ең қажеттісі бәрінен бұрын дұрыс тамақтану сапалы азық-түліктерден тұратын отанымыздың азық-түлік өнеркәсібі салтымызға сай сапалы адам денсаулығына зиянсыз тауарлар шығару, синтетикалық бояуларсыз, жағымсыз иістер, химиялық заттары жоқ тауарлар шығару бойынша жақсы дәстүрлерге ие. Басты мәселе азық түлік дайындайтын өндірістерде. Дамуымыз бен нығаюымыздың бірінші факторы, бұл өзіміздің мемлекеттен шыққан тауарлар. Мұның басты мәселесі (өзімізден шыққан табиғи) ешқандай синтетикалық азық-түлік тауарлар бұның бәрі шетел компаниялары мен еліміздің инвесторларында компанияларының табиғи азық-түліктерді дамыған технологиялар арқылы өндіріп шығару.
Азық-түліктердің экономикалық жоспарлы көлемі еліміздің ережеге сай болуы керек.
Нарықтық экономикады азық-түлік тауарлардың қауіпсіздігі олардың бағасы және тұрғындардың көңілдерінен шығуы.
Реформалау кезеңіне дейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету тамақ өнімдерін дайындаушылардың көрсететін басты талаптары болғандығын айта кету керек. Бұл дәстүрдің дамуы мен нығаюы отандық өнімдердің бәсекегеқабілеттілігінің негізгі факторына айналуы керек.
Тамақ өнімдерінің жоғары сапалығы мен қауіпсіздігі мәселелері импортталатын тауарлардың сапасын бақылауды күшейту қажеттігімен байланысты ерекше өткірлене түсті. Бұл мәселенің маңызды бөлігі шетел компаниялары мен жекешелендірілген бірқатар кәсіпорындарда табиғи шикізаттарды ауыстырғыштарды және синтетикалық қоспаларды пайдалануымен байланысты көрініс тапты.
Тамақ өнімдері өндірісі көлемінің төмендеуі жоспарлы экономиканың салдарымен де, нарықтық экономиканы реформалау қателіктерімен де байланысты болып отыр.
Ауылшаруашылығының негізгі мақсаты - адам денсаулығына қауіпсіз тамақ өнімдерін қажетті көлемде, жеткілікті ассортиментте өндіру болып табылады. Қазақстан нарығында шетел өндірісінің тамақ өнімдерінің көптеген түрлері сатылады. Ол тамақ өнімдері өндірісте қолдануға және дамыған Еуропалық елдерде өткізілуге тыйым салынған компаненттерден тұрады. Азық-түліктің отандық нарығында шетелдіктер позициясының нығаюымен байланысты Қазақстан сапасыз және мерзімі өткен өнімдерді өткізу аймағына айналды. Сапасыз өнім әртүрлі аллергиялық, анкологиялық аурулардың пайда болуына әкеліп соғуда.
Қазақстандық ғалымдар шетелдерден әкелінетін тауарлардың сапасының төмендігінің бірнеше себебін ажыратып көрсетеді. Біріншіден, бұл республиканың ауылшаруашылығының дағдарысымен байланысты. Екіншіден, сапасы бақыланбаған тамақ өнімдерінің жаппай импортталуымен байланысты. Үшіншіден, шенеуніктердің сапасыз өнімдердің импортталуына қолайлы жағдай жасауына байланысты. Төртіншіден, Қазақстанға өнім әкелетін импортер- елдердің өндіруші фирмаларының дотацияларының қысқару процесі үлкен әсер етіп отыр. Бұл өз кезегінде олардың сапасыз шикізатты пайдалануына, соның нәтижесінде Қазақстан халқының денсаулығына қауіп төндіретін өнімдердің әкелінуіне әкеліп соғады.
Елдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізін ең бірінші агроөнекәсіптік кешеннің тұрақты әрекет етуі қалыптастырады. Сондықтан да оның негізін қалаушы рөлін сонымен қатар оны тұрақтандыруда және әрі қарай дамытуда мемлекеттік қолдаудың қажеттігін ескеру керек. Азық-түлікпен қамтамасыз ету қоғам дамуының ең маңызды жағы, сондықтан оны жеке қолға толығымен бере салуға болмайды, ал мемлекеттік қолдау көпаспектілі сипатты иемденуі мүмкін. Сонымен қатар өндірісті инвестициялау сферасын да дамыту керек. Реформалау жылдары ауылшаруашылығына инвестиция құю мүлдем тоқтап қалды.
Қазақстан Республикасы экономикасының сыртқы нарықтарға интеграция-лануы жағдайында отандық өндірістердің бәсекеге қабілетіліктерін көтеру аса маңызды мәселе балып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды фактор ауылшаруашылық шикізаттары мен азық-түлігінің мемлекеттің резервтік қорын қалыптастыру болып табылады. Қордың тізімі мен көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі және негізгі тауар өндірісі орындарында келісімге отыру негізінде қалыптасады. Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігінің негізін белсенді мемлекетік саясат жүргізу негізінде ғана қалыптастыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басты мәселе азық түлік дайындайтын өндірістерде
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі
Ет және ет өнімдердің құрамы мен қасиеттері
Қытай жұмыртқа өндірудегі әлемдік көшбасшы
Оңтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жағдайы мен дамуы
Қазақстандағы азық-түлік нарығы мәселелерін теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу
Құс ұшаларының ақаулары
Қазақстанда азық – түлік кластерін дамыту мәселелері
Ауыл шаруашылығы нарығының жалпы бейнесі
Құстарды теңіз тұздарымен байытылған құрама жеммен жемдеу ерекшеліктері
Пәндер