Әдеби эстетикалық ой-пікірлердің тууы.Әдебиет теориясының методологиясы.Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар.Әдебиеттанудағы эстетика мен теория



Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршылардың (б.ғ.б ҮІғ.) дүниедегі зат атаулының мәнін саннан іздеген аңқау аңғарымдарынан басталады. Гераклит Эфеский (б.ғ.б. 530-470ж.ж.). Гераклит те әдемілік дегенде негіз болатынын мойындайды, бірақ ол сан емес, сапа деп біледі. Демокрит (б.э.д. 460-370ж.ж.) әр нәрсенің әдемілігі оның мөлшерінде деп біледі. Демокрит тұңғыш рет адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа айрықша назар аударған. Адамдар өнер, білімді табиғатқа еліктеумен тапқан деп көрсетеді. Әйгілі Сократ (б.э.д. 469-399ж.ж) ойларының өзгешелігі, оның идеалистік сипатында. Сократ әр нәрсенің ажары оның іске жарамдылығында, ал ажарсыздығы жарамсыздығында деп түсінген. Сократтың шәкірті Платон (б.э.б.427-347ж.ж.). Платон теориясының философиялық негізі оның бұлжымас «идеялар» жайлы идеалистік және мистикалық ілімімен тығыз байланысты. Аристотельдің «Поэтикасы» - күллі көркемөнер туралы тұңғыш философиялық-эстетикалық трактат. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Аристотель еңбегінің ең құнды жері – тарихта тұңғыш рет дұрыс және дәл эстетикалық принцип ұсынып, өнердің қоғамдық маңызын анықтап, ашуында. Әл – Фараби (870-950) еңбектері әдебиет пен өнерге байланысты ойлардың әлемдік қазынасына айтулы үлес болып қосылған. «Музыканың ұлы кітабы» атты көлемді, күрделі зерттеуін, «Музыка ғылымына кіріспе», «Музыка жайлы талдау» т.б. еңбектерін атауға болады. Ресейде данышпан сыншы, даңқты философ В.Г.Белинский (1811-1848) крепостниктік правоның айыптаушысы. «Әдебиеттік армандардан» басталып, «А.С.Пушкин шығармалары», «Гогольге хат» еңбектерінде байыпталған эстетикалық көзқарастарының орыс әдебиеті тарихынан алатын орны ерекше. Н.Г.Чернышевский (1828-1889) орыс революционер-демократтарының көсемі болды. Әдебиет пен өнердің қоғамдық қызметі туралы Белинский ілімін жалғастырып, өзінің тамаша эстетикалық принципін ұсынды. «Өнердің болмысқа эстетикалық қарым-қатынасы» атты диссертациясы көркем әдебиеттің өмірдегі орны, мақсат, міндеттерін белгілеп берді. Ы.Алтынсарин қазақ әдеби тілінің тазалығы, әдеби шығармалардың халықтығы, тәрбиелік мәнінің биіктігі үшін күресті. Ұлы классик А.Құнанбаев өзінің эстетикалық көзқарасын жүйелейтін трактат жазып қалдырмаса да, тамаша творчестволық принциптері, сөз өнері туралы ұғым-түсініктері мен ой-пікірлері күллі көркем шығармаларында желі тартып жатыр. Ол ақынның әлеуметтік, қайраткерлік міндетін белгіледі. Әдебиет пен өнерді материалистік тұрғыдан түсініп, сыншыл реализмнің эстетикалық принциптерін теориялық жағынан тереңірек аша түсуде орыстың ұлы революционер-демократтары В. Г. Белинский, А, И. Герцен, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов еңбектерінін, атқарған ролі адам айтқысыз. Олардың, эстетикалық ой-пікірлері тек орыс әдебиетінде ғана емес, Маркске дейінгі күллі дүние жүзілік парасат әлеміндегі айрықша биік боп табылды.
В. Г. Белинский (1811—1848) —орыстың әдебиет тану ғылымы мен сынында жаңа кезең ашқаң және бүтін бір дәуір боп қалған творчестволық тұлға. Ол өзінің “Сын туралы сөз”, ‘Е. Баратынский өлеңдері”, “Петербург физиологиясы”, “Петербург жинағы”, “Москвитянинге жауап” тағы басқа осылар секілді даналық еңбектерінде бүкіл дүние жүзінде бірінші рет өнердегі реализм мен халықтық туралы теорияның негізін салды. Шындық, биік идея, халыққа қызмет ету жақ жерде өнер де жоқ, талант та жоқ,— деп білді Белинский,— өйткені жалған идея өнерді адыра қалдырады, ал өнерді бұлайша қоғамдық қызметінен айыру — оны орға жығу, қор қылу, күллі күш-қуатынан айыру, тоқмейіл тоғышарлардың ермегіне айналдыру.“Александр Пушкин шығармалары” атты мақалалар циклінде Белинский орыс әдебиетінің қоғамдық шындықтың көркем шежіресі ретіндегі тұңғыш жүйелі тарихын жасады. Бұл тұста оның орыс әдебиетін жыл сайын (1840—1847) шола тексеріп отыруы тіпті ғажап. Ал В. И. Ленин “цензурасыз демократиялық баспасөздің таңдаулы шығармаларының бірі” деп таныған әйгілі “Гогольге хат” — ұлы сыншының саяси өсиеті.А. И. Герценнің (1812—1870) эстетикасындағы атап айтарлық нәрсе — оның суреткер атаулыны өз заманының үні болуға шақыруы. Ол үшін, Герценнің ойынша, суреткер өзі өмір сүріп отырған күндердің қайғы-касіре-тіне, көкейкесті мәселелеріне терең бойлап, жанымен тебірене, толғана білуі шарт. Сонда, дейді ол, “ақын мен суреткер өздерінің шын мәніндегі көркем шығармаларында әрқашан халықтық” боп қалмақ
1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
2. Қ.Ш. Мұхамеджан. Философия. Семинар сабақтарға және өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқау:Алматы: АЭЖБИ, 2007.
3. 2. Философия : Жоғарғы оқу орынарындары студенттеріне арналған оқулық// құрастырған Т. Ғабитов аударған Б. Сатершинов –Алматы: Қаржы-Қаражат , 20002.—352 .

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

СӨОЖ
Тақырыбы: Әдеби эстетикалық ой-пікірлердің тууы.Әдебиет теориясының методологиясы.Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар.Әдебиеттанудағы эстетика мен теория.

Тексерген: Құрмамбаева Қ.С.
Тобы: Қ-217А
Орындаған: Құлахмет С

Семей,2015жыл
Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршылардың (б.ғ.б ҮІғ.) дүниедегі зат атаулының мәнін саннан іздеген аңқау аңғарымдарынан басталады. Гераклит Эфеский (б.ғ.б. 530-470ж.ж.). Гераклит те әдемілік дегенде негіз болатынын мойындайды, бірақ ол сан емес, сапа деп біледі. Демокрит (б.э.д. 460-370ж.ж.) әр нәрсенің әдемілігі оның мөлшерінде деп біледі. Демокрит тұңғыш рет адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа айрықша назар аударған. Адамдар өнер, білімді табиғатқа еліктеумен тапқан деп көрсетеді. Әйгілі Сократ (б.э.д. 469-399ж.ж) ойларының өзгешелігі, оның идеалистік сипатында. Сократ әр нәрсенің ажары оның іске жарамдылығында, ал ажарсыздығы жарамсыздығында деп түсінген. Сократтың шәкірті Платон (б.э.б.427-347ж.ж.). Платон теориясының философиялық негізі оның бұлжымас идеялар жайлы идеалистік және мистикалық ілімімен тығыз байланысты. Аристотельдің Поэтикасы - күллі көркемөнер туралы тұңғыш философиялық-эстетикалық трактат. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Аристотель еңбегінің ең құнды жері - тарихта тұңғыш рет дұрыс және дәл эстетикалық принцип ұсынып, өнердің қоғамдық маңызын анықтап, ашуында. Әл - Фараби (870-950) еңбектері әдебиет пен өнерге байланысты ойлардың әлемдік қазынасына айтулы үлес болып қосылған. Музыканың ұлы кітабы атты көлемді, күрделі зерттеуін, Музыка ғылымына кіріспе, Музыка жайлы талдау т.б. еңбектерін атауға болады. Ресейде данышпан сыншы, даңқты философ В.Г.Белинский (1811-1848) крепостниктік правоның айыптаушысы. Әдебиеттік армандардан басталып, А.С.Пушкин шығармалары, Гогольге хат еңбектерінде байыпталған эстетикалық көзқарастарының орыс әдебиеті тарихынан алатын орны ерекше. Н.Г.Чернышевский (1828-1889) орыс революционер-демократтарының көсемі болды. Әдебиет пен өнердің қоғамдық қызметі туралы Белинский ілімін жалғастырып, өзінің тамаша эстетикалық принципін ұсынды. Өнердің болмысқа эстетикалық қарым-қатынасы атты диссертациясы көркем әдебиеттің өмірдегі орны, мақсат, міндеттерін белгілеп берді. Ы.Алтынсарин қазақ әдеби тілінің тазалығы, әдеби шығармалардың халықтығы, тәрбиелік мәнінің биіктігі үшін күресті. Ұлы классик А.Құнанбаев өзінің эстетикалық көзқарасын жүйелейтін трактат жазып қалдырмаса да, тамаша творчестволық принциптері, сөз өнері туралы ұғым-түсініктері мен ой-пікірлері күллі көркем шығармаларында желі тартып жатыр. Ол ақынның әлеуметтік, қайраткерлік міндетін белгіледі. Әдебиет пен өнерді материалистік тұрғыдан түсініп, сыншыл реализмнің эстетикалық принциптерін теориялық жағынан тереңірек аша түсуде орыстың ұлы революционер-демократтары В. Г. Белинский, А, И. Герцен, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов еңбектерінін, атқарған ролі адам айтқысыз. Олардың, эстетикалық ой-пікірлері тек орыс әдебиетінде ғана емес, Маркске дейінгі күллі дүние жүзілік парасат әлеміндегі айрықша биік боп табылды.
В. Г. Белинский (1811 -- 1848) -- орыстың әдебиет тану ғылымы мен сынында жаңа кезең ашқаң және бүтін бір дәуір боп қалған творчестволық тұлға. Ол өзінің "Сын туралы сөз", `Е. Баратынский өлеңдері", "Петербург физиологиясы", "Петербург жинағы", "Москвитянинге жауап" тағы басқа осылар секілді даналық еңбектерінде бүкіл дүние жүзінде бірінші рет өнердегі реализм мен халықтық туралы теорияның негізін салды. Шындық, биік идея, халыққа қызмет ету жақ жерде өнер де жоқ, талант та жоқ, -- деп білді Белинский, -- өйткені жалған идея өнерді адыра қалдырады, ал өнерді бұлайша қоғамдық қызметінен айыру -- оны орға жығу, қор қылу, күллі күш-қуатынан айыру, тоқмейіл тоғышарлардың ермегіне айналдыру."Александр Пушкин шығармалары" атты мақалалар циклінде Белинский орыс әдебиетінің қоғамдық шындықтың көркем шежіресі ретіндегі тұңғыш жүйелі тарихын жасады. Бұл тұста оның орыс әдебиетін жыл сайын (1840 -- 1847) шола тексеріп отыруы тіпті ғажап. Ал В. И. Ленин "цензурасыз демократиялық баспасөздің таңдаулы шығармаларының бірі" деп таныған әйгілі "Гогольге хат" -- ұлы сыншының саяси өсиеті.А. И. Герценнің (1812 -- 1870) эстетикасындағы атап айтарлық нәрсе -- оның суреткер атаулыны өз заманының үні болуға шақыруы. Ол үшін, Герценнің ойынша, суреткер өзі өмір сүріп отырған күндердің қайғы-касіре-тіне, көкейкесті мәселелеріне терең бойлап, жанымен тебірене, толғана білуі шарт. Сонда, дейді ол, "ақын мен суреткер өздерінің шын мәніндегі көркем шығармаларында әрқашан халықтық" боп қалмақ Бұл ретте Герценнін, "Россияда революциялық идеялардың дамуы туралы" деген кітабында Байрон мен Пушкиннің әрқайсысына творчестволық мінездеме беруі -- оның ғұлама, білгір эстетик екеніне куә.Н. Г. Чернышевский (1828 -- 1889) өнер туындысы "өмірдің оқулығы" болуын талап етті. Өмір күрделі, өмір сүру қиын. Өнер туындысы оқырманға осы шындықты терең түсіндіре суреттесін және сол "суреттеліп отырған құбылыстарға үкім шығарсын" деді. Ол үшін, Чернышевскийше, өмірдегІ кез келген ұсақ-түйекті жіпке тізе бермей, жинақтау тәсілі қолданылуға тиіс. Бұл арада сыншының тип туралы ұғымы жатыр.Чернышевский эстетикасы бойынша, жазушының көркемдік әдісі -- реализм. Ал өмірді шыншылдықпен суреттеу -- сүлулыққа барар жол. Бұл арада сыншының әлеуметтік идеал туралы ұғымы жатыр. Чернышевскийдің түсінігінше "әдемілік деген -- адам, адамдағы әдемілік -- өмір, адамдағы, яки оның өміріндегі әдемілікке мегзеген" нәрсенің бәрі, "адам өмірінің бақыты, рақаты не нәрсемен байланысты" болса, сол нәрсенің бәрі адам үшін әдемі болады, адамға қажет әдемілік дегеніміз сол болып табылады. Ал рақаттың мөлшерін, бақыт деген ұғымның дәрежесін адамдардың әлеуметтік өмірінің нақты тарихи жағдайлары, олардың таптық идеалдары белгілейді.Н. А. Добролюбовтың (1836 -- 1861) әдеби-сын еңбектерінің өн бойында желі тартып жатқан өзекті мәселе -- әдөбиет пен өнердің халықтығы. Қөркем творчествоны ол халықтың дүние танымы мен арман-мүддесіне лайық туатын нәрсе, сол халықтың рухани өмірінің бір бөлегі деп білді. Басы артық адам дегеыге табыиған жалған теорияға қарама-қарсы Добролюбов қоғамдық, өтірікпен күресетін істің адамын ұсынды да, жазушыдан сондай тұлға жасауды талап етті."Әдебиет -- қоғамның қозғаушы күші" болуға тиіс екенін дәлелдей келіп, Добролюбов оның халықтығы туралы мынадай қағидалы пікір қалдырды: "Халықтық дегенді біз жергілікті табнғат сұлулығын суреттей білу, халықтан естіген ұтымды сөздерді қолдана білу, салт-сана, әдет-ғұрып, тағы басқа сол секілділерді дұрыс тану деп қана түсінбейміз... Шын мәніндегі халықтық ақын болу үшін бұдан гөрі көбірек нәрсе керек: халықтың рухына бөлену, онымен бірге өмір сүру, онымен бір қырқада тұрып, бірге тыныстау қажет..."
Қазақ әдебиеттану ғылымының жол - басшы, көшбасшы серкесі боларлық жалғыз әдебиет теориясы мен әдебиет - тану методологиясы бөлімі жабылса, ғылымда іргелі теориялық зерттеулерге тежегіш қойылып, тоқырау мен құл - дырауға бет бұрып, сапасыз, ғылыми те - реңдігі саяз, инновациясы жоқ, әлем - дік даму үрдісінен жырақ қалған, реалды өмірге жақындамаған, құрғақ дидактикадан басқа еш берері жоқ арзанқол, бәсекеге қабілетсіз еңбектер ғана жазылады деген сөз. Елбасының жүргізіп отырған мемлекеттік стратегиясы бә - секеге қабілетті ұлт, бәсекеге қабілетті маман дайындау болса, қазақ ғылымы әлемдік үдерістермен сәйкес болғанда ғана дами алады. Әлемдік үдерістер мен инновацияға әлемдік даму үрдістерін меңгергенде ғана қол жеткіземіз. Әлем - дік ортақ заңдылықтар мен үде - рістер теория ғылымы шеңберінде жасалады. Әдебиет теориясы мен әдебиеттану методологиясы бөлімін қайта үлкейтіп, кеңейтуіміз керек. Поэзия, лирика теориясын зерттейтін бөлім ашылып, ата өнердің табиғатын зерттеу қолға алынуы абзал.
Жаңа замандағы жаңа адамды рухани дүниеге, оның ішінде көркем шығар - маға жақын ету үшін не істеу керек? Дәстүрлі формадағы шығармалар қазір қаншалықты оқылады? Әлемдік қандай жаңалықтар мен тәжірибелер бар? Тән құмарлығы мен материалдық байлыққа ғана еліктеп, дегуманизацияға ұшырап бара жатқан адамзат қоғамын, қандай жетілген жаңа формалар арқылы руханият әлемі мен адамгершілік қасиеттерге тарта аламыз? Әдебиет, көркем шығарма тек адамгершілік тәрбие құралы ретінде ғана қызмет істеуі керек пе?Девиантты мінез-құлықты жастарға, адамдарға құрғақ ақыл ретінде көрініп, бас тартуы мүмкіндігін ескеріп, шығарманы баяндау түрін, мазмұнын тәсілін өзгерту қа - жет пе?Әлемдік қаржылық дағдарыс пен катаклизмдер уақытында, жаһандық рух - сыздану кезеңінде, дінаралық қақ - тығыстар мен діни экстремизм өршіген, қауіпті өмір тұсында адамзат қалай ба - қытты, баянды өмір сүре алады?Бақытты, баянды өмір сүру міндетті ме?Мүмкін бе? Замана, шаруа, мінез күнде өзге - ретіндігін білгендіктен, ұрпақтар - дың үзілмес жалғастығы циклінде, Адамға өмірдің мәні жай ғана сүйе білу мен мейірімділіктен тұратындығын түсін - діріп, мойындата білу қазір ең маңызды, көкейтесті мәселе болып тұрғандай. Ал оны синтетикалық өнер түрі - әдебиет арқылы жеткізе, бере аламыз. Оны қалай жеткізуіміздің жолдарына әдебиет теориясы мен методологиясы арқылы қол жеткізуге болады. Әдебиеттеориясы, методологиясы дегенде, ойда тұратын іргелі мәселелер аз емес. Бір ғана поэтиканың өзіндетарихи поэтика, теориялық поэтика, жалпы поэтика, лингвопоэтика, мифопоэтика, психопоэтика секілді тыңына түрен түспеген салалар жатыр. Әдіс пен бағыт, стиль жайы және бар.
Формализм -- 1) реализмге қарама-қарсы көркемдік тәсіл. Формализм көркемдік форманы мазмұннан бөліп, оны өнердегі бірден-бір ең құнды элемент деп дәріптеуден туды. Формализм нышаны өнерде 19 ғ-да байқалып, 20 ғ-да кеңінен тарады (футуризм, кубизм, сюрреализм, т.б.). Ол өнерде адамгершілік қағидаларынан, саясаттан тәуелсіз, өмір шындығынан, мазмұннан арылған "таза" эстетик. шығармалар жасау ретінде дәріптелді; 2) математика Формализм -- формальданған аксиомалық әдіс немесе жалпы аксиомалық жүйе құру барысында классик. математиканың негізінде 20 ғ-дың басында туды; 3) мораль табиғатын зерттеуде әлеум. мазмұнға қарағанда формальдық-логикa сәттердің басымдығын білдіретін этик. принцип ретіндегі Формализм бар. Ол адамдар арасындағы қатынаста нақтылы өмірлік жағдайлармен санаспай, дәстүр, әдет-ғұрып, жол-жоралғы, т.б. этикеттерді сақтап, мүлтіксіз орындауды уағыздайды. Қоғамдық басқару жүйесіндегі Формализм заңдар мен қағидалардың, нұсқаулар мен ережелердің мазмұнын толық ұғынбай, шын мәнін жете түсінбей, тек әрпі мен схемасына бас июден туындайды. Структурализм (лат. structura -- құрылым, байланыс, рет) - мәдениеттің көптеген құбылыстарының негізінде шын мәнінде бар логикалық құрылымды іздестірумен байланысты 20 ғасырда пайда болған социогуманитаристикадағы бірнеше бағыттың жалпы аты. Ғылым бағыт ретінде дамуына бірнеше гуманитарлық ғылымның баяндаушылық эмпирик. методтан зерттеудің абстрактілі теоретик. деңгейіне көшуі негізгі себеп болды. Структурализм құрылымдық методтың, моделдеудің, формализациялаудың, математизацияның элементтерін қолдануға негізделген. Құрылымдық метод алғаш рет лингвистикада пайдаланылған, содан соң әдебиеттануда, этнографияда, т.б. гуманитарлық ғылымдарда қолданылды. Ал тар ауқымда структурализм - 20 ғасырдың 60-жылдарында Францияда тараған, құрылымдық методты пайдалануға байланысты пайда болған ғылыми және философиялық идеялардың жиынтығы. Оның негізгі өкілдері - Клод Леви-Стросс, Мишель Фуко, Жак Лакан, Роллан Барт, Л. Альтюссер.Құрылымдар адамның саналы және бейсаналы іс-әрекетінің нәтижесі, оларды зерттеуші ашуы керек, ал мәдени құбылыстардың ар жағында жатқан құрылымдар тіл, сөз болып кө-рініс береді. Структурализм "адам өлімінің тұжырымдамасы" деген атқа ие болды, өйткені ол адам жайлы, оның бостандығы туралы гуманистік көзқарастарды жоққа шығарды. Структурализм өкілдері бостандық - тек фикция, әрбір әлеуметтік және мәдени нәтиже жалпы құрылымдардан туған: тілден, ми құрылымынан, яғни негізін тірі және өлі табиғаттан табуға болатын құрылымдардан пайда болады деп білді. Структурализм (лат. structura - құрылым, орналасу, рет) - мәдениетті жете түсінудің нақты-ғылыми және философиялық әдіснамасы, методологиясы. Алғашқыда лингвистикада, әдебиеттануда, антропологияда қалыптасты (ХХ ғ. бірінші жартысында), кейін мәдениеттің басқа салаларына да ауысты (тарих, этнография, т.б.), сөйтіп 1950-1960 ж.ж. жалпыгуманитарлық әдіснамаға айналды. Бірақ 1960 жж. аяғында бұл бағыттың ішінде шайылу (размывание), сынау және өзін сынау процесі өтіп, соның нәтижесінде постструктурализм пайда болды.Структурализмнің ерекшеліктері құрылымдық тәсілді, модельдеуді, семиотика элементтерін пайдалануда жатыр. Оның зерттеу объектісі, нысанасы - белгілер жүйесінен құрастырылған мәдениет: тіл, ғылым, өнер, мифология, салт-дәстүр, мода, жарнама және т.б. Осы бағыттың қалыптасуы швейцарлық лингвист (тіл білімінің маманы) Ф. де Соссюрдың Жалпы лингвистика курсы атты еңбегінің шығуымен байланыстыралады. Оның идеялары құрылымдық лингвистиканың әртүрлі мектептерінде қабыл алынды және әрі қарай дамытылды. (Прагалық лингвистикалық үйірме, Копенгагендік глоссематика, американдық дескриптивтік лингвистика). Француз К. Леви-Стросс еңбектері бұл бағытты жаңа дәрежеге көтерді. Негізгі өкілдер: Р.Барт, М.Фуко, Ж.Лакан.Структурализм адам санасы мен әлемнің қатынасын жанастыратын (байланыстыратын) мәдениеттің жасырын заңдылықтарын, терең пластарын (қабаттарын) табуға, адам санасының өзінің суверендігі (тәуелсіздігі) туралы пікірлерінің бұлдырлығын (иллюзорность) көрсетуге тырысты. Еуропалық философияның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы және кезеңдері
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясы
Эстетикалық, әдеби ой- пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері туралы ақпарат
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің тууы, даму тарихы мен кезеңдері. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Әдеби үдеріс сипаты
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы
Пәндер