MS Word мәтіндік редактор, MS Excel кестелік процессор


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: MS Word мәтіндік редактор, MS Excel кестелік процессор
Орындаған: Манапов Р. М. [УА - 503 группа]
Тексерген: Қайсанов С. Б.
Жоспар:
1. Microsoft Word туралы негізгі ұғымы, қызметі
2. Microsoft Excel кестесі туралы мәлімет
3 . Microsoft Excel кестесінің негізгі элементтері
Microsoft Word туралы негізгі ұғымы, қызметі
Microsoft Office Word (күнделікті - MS Word, WinWord немесе жай ғана Word) - Macintosh компьютерлерінде және Windows, DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі. Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Оның соңғы нұсқалары шағын баспа жүйесі ретінде кітап, газет- журналдар шығаруда кеңінен қолданылады. Microsoft Office Word дегеніміз компьютерде құжаттар жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама болып табылады. Суреттер немесе өң сияқты түрлі-түсті фотосуреттер немесе көрнекі суреттер пайдаланып әдемі мәтін жасау және карталар мен кестелер сияқты деректер қосу үшін Word бағдарламасын пайдалануыңызға болады. Оған қоса, Word бағдарламасы мәтін жасау үшін түрлі көмекші мүмкіндіктерді береді, олардың көмегімен мақалалар немесе есептер сияқты іскери құжаттарды оңай аяқтай аласыз. Сондай-ақ, ашықхат немесе хатқалта мекенжайларын басып шығаруыңызға болады. Word бағдарламасы құжаттар, электрондық кестелер мен көрмелер жасауға және электрондық поштаны басқаруға арналған бағдарламаның бірнеше түрлерін біріктіретін өнімдердің бумасы болып табылатын «Office» бумасының бір бөлігі болып табылады.
Microsoft Office Word - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы. Ол - мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі. Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал - макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп, безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.
Word - пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.
Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:
Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.
Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.
Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.
WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т. б.
Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:
Файл→ Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;
WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
редактор терезесінің тақырыб жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;
Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.
Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады.
Word іске қосылған соң, экранда 1 - құжат (Документі) деген бос Терезе пайда болады. Құжаттың бұлай аталу себебі Word программасы іске кіріскен кезден бастап, бұл сіздің 1-құжатыңыз болып саналады. Келесі құжат 2-нөмірлі, онан кейін 3-нөмірлі т. с. с. болып әрбір келесі құжат нөмірі осылай өсіп отырады. Егер ашылған 1 - құжат жабылса да, осы тереземен жұмыс істеп отырғанда (осы сеанс кезінде) даярланған келесі мәтін 2-құжат болып нөмірленеді. Жаңа құжат ашарда Word оны құру үшін белгілі бір шаблонды (нұсқаны) пайдаланады. Нұсқа жаңа құжатты форматтау параметрлерін анықтайды. Бұл параметрлерге шрифтегі таңбалар сызылымы, парақ айналасындағы бос қалдырылатын өрістер (поля) мәні, табуляция символдары және т. б. жатады.
Нұсқалардың бұлардан басқа мынадай элементтері болуы мүмкін:
мәтін (мысалы, жоғарғы немесе төменгі колонтитулдар немесе бет нөмірлері) ;
кестелер (таблицалар) ;
төртбұрышты жақтаулар (керегелер) ;
графикалық бейнелер ;
кейбір арнайы құралдар (макрокомандалар, батырмалар, айта берсек аспаптар тақтасы) және т. б.
Алдын ала келесім бойынша, жаңадан ашылған құжат «Кәдімгі» нұсқа (шаблон «Обычный») бойынша жасалады. Word редакторын алғаш қы рет компьютерге орналастырғанда оның құрамына мынадай стандартты нұсқалар кіруі тиіс, олар: іс қағаздары, қызмет жазбалары; газет беттері; т. б. типтегі құжат түрлері.
Бұл нұсқалар ішінде бірден толтырылуға тиіс стандарты өріс жолдары (Кімге, Кімнен, Дата) мен дайын сөз тіркестері болғандықтан, олар әркімнің уақыттарын тиінді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Арнаулы нұсқаларды пайдалану дайындалған құжаттарға біркелкі стиль береді.
Жұмыс туралы қортынды информацияны Файл → Қасиеттер (Файл → Свойства) сұхбаттасу терезесі көмегімен алуға болады. Бұл терезе кейіннен файлды іздеуді оңайлататын информация мен ескертулерді есте сақтайды. Егер «Қасиеттер» терезесінің жолына әр файл туралы тұрақты күйде информация енгізіп отыратын болсақ, кейіннен файлдарды көбейтіп, оның аты, бумасы ұмытылып кетсе де, оларды іздеп табу қиынға соқпайды. Сондай сәттерде бұрын енгізілген «Қасиеттер» терезесіндегі мәліметтердің қадырын түсінуге болады. Енді осы терезені толығырақ қарастырайық. Терезедегі «Жалпы» және «Статистика» парақтары адамдардың қатысысуынсыз - ақ өздері автоматты түрде толтырылады. Сонымен «Қасиеттер» сұхбат терезесін толтыру үшін төмендегі әрікеттерді орындаймыз.
Файл → Қасиеттер командаларын таңдаймыз. «Қасиеттер» сұхбаттасу терезесі пайда болады.
«Құжат» парағына өтіп, ондағы жолдарға тиісті мәліметтер енгізу қажет. «Құжат» (Документ) парағына Тақырып, Автор, Мекеме, Топ, Өзекті сөздер, Ескертпе сияқты жалпы мағлұматтардын жинайды. Бұл мағлұматтарды әркім жұмыс барсында өзі енгізіп, онда 255 таңбаға дейінгі әр түрлі мағлұматтардан тұратын сөз тіркестерін толтыруға мұмкінідік бар.
«Статистика» парағы мынадай мәліметтер береді:
Құжаттың дайындалған, өзгертілген, ашылған даталары;
Кім дайындады, қанша уақытта түзетілді, кім сақтады;
«Статистика» бөлімінде құжаттың қанша беттен, абзацтан, жолдан, сөзден, символдан, байттан тұратыны туралы жазылған мәлімет болады.
«Қасиеттер» терезесін толтыру қажет те емес сияқты болуы мүмкін, бірақ файлды іздеп оны табу процесінде оны дер кезінде толтырудың қандай маңызы бар екенін толық түсіндіруге болады.
Word редакторында WordPerfect, Works, WordStar, DOC-қа арналған Word және т. б . форматтарда даярланған файлдарды ашуға болады.
Ол үшін Файл → Ашу ( Файл → Открыть) командаларының Файл типі жолындағы керекті типті таңдау керек, әйтпесе барлық файлдарды қарап шығуға рұқсат беретін «Барлық файлдар» деген жолды таңдап, солардың ішінен қажеттісін таңдау керек
Microsoft Excel кестесі туралы мәлімет
Microsoft excel-Microsoft Excel - мәліметтердің екі өлшемді кестелерімен жұмыс істеуге арналған.
Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Microsoft Excel программасы Windows жүйесінде программаларды іске қосудың және жабудың тәсілдеріне сәйкес іске қосылады және жабылады.
Электрондық кестелер құруда келесі қадамдар орындалады:
- мәліметтерді (мәтіндік, сандық, формула) енгізу;
- редакциялау;
- пішімдеулер жүргізу;
- қағазға басу (жариялау) .
MS Excel құжаты Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы әрқайсысы бір электрондық кестеден тұратын Жұмыс беттерінен тұрады (255-ке дейін жұмыс беттері болуы мүмкін) . Әрбір жұмыс бетінің атауы бар, ол бет жарлығында орналасады. Бет жарлықтарына тышқанмен түрту арқылы олардың бірінен-біріне көшуге болады. Беттің атауын өзгерту үшін жарлығына екі рет қатарынан түртіп, жаңа атау теру керек. Жұмыс беті жолдар мен бағандардан тұрады (256 бағанға, 65536 жолға дейін болуы мүмкін) , жолдар реттік сандармен, бағандар латынның бас әріптерімен нөмірленеді.
Ұяшық және оның адресі. Баған мен жолдың қиылысуында орналасқан элементті ұяшық деп атайды, ұяшық - мәліметтерді кестеде сақтаудың ең кіші элементі. әрбір ұяшық өзі қиылысуында орналасқан баған мен жол атауларынан тұратын адресімен анықталады, мысалы - А1, DЕ234, F9. әрбір мезетте белгілі бір ұяшық активті болып табылады, ол қою қоршаумен ерекшеленеді.
Ұяшықтар диапазондары. Диапазон - іргелес ұяшықтарда орналасқан, формулаларда оларға біртұтас элемент сияқты қатынасатын мәліметтер тобы. Жолдағы немесе бағандағы диапазондарға олардың алғашқы және соңғы адрестерін көрсету арқылы қатынасады, мысалы: А1:А15, А1:G1.
Тік төртбұрышты диапазонға жоғарғы сол төбе мен төменгі оң төбенің адрестерін көрсету арқылы қатынайды, мысалы А1:С15.
Кестеде баған, жол, ұяшықтарды және ұяшықтар диапазондарын ерекшелеу. ЭК -де ерекшелеулерді жүзеге асыруға болады:
1) бағанды ерекшелеу үшін қажетті баған тақырыбы аумағына тышқанмен түрту керек;
2) жолды ерекшелеу үшін қажетті жол нөмірі орналасқан ең шеткі жол аттарына тышқанмен түрту керек;
3) ұяшықты немесе диапазонды ерекшелеу үшін тышқанды (немесе жылдам ерекшелеу үшін SHIFT және курсорды жылжыту батырмаларын) қолдану керек;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz