Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Жаратылыстану -математика факультеті
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы
СӨЖ№1
Тақырыбы: «Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары».
Орындаған: Жиеншеева Б. Ұ
Тобы: Т-241
Тексерген: Каженова Ж. С.
Семей қаласы 2015жыл.
Жоспары
Кіріспе
1. Жүйелік бағдарламалау курсын оқытудың теориялық негiздерi
2. Жүйелік бағдарламалау функциясы
3. Жүйелік бағдарламалау курсының компьютерлік оқыту жүйесінің құрылымы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
КIРIСПЕ
Информатиканы оқыту әдiстемесiнде бiрiктiрiлген барлық әдiстемелiк педагогикалық бiлiмдер мен тәжiрибелер жиынтығынан “Жүйелік бағдарламалау” курсы бөлiнiп шығады. Бұл оқу пәнiнiң мазмұнында информатиканы оқыту әдiстемесiнiң жалпы теориялық негiздерi, типтiк техникалық құралдар жиыны және сонымен бiрге жоғары мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдiстемесi қарастырылды.
Жоғары оқу орындарында информатика мамандығының “Жүйелік бағдарламалау” курсы біраз программалық жабдықтарды қамтиды. Қазiргi кезде объекттіленген бағдарланған программалау орталарын көптеп дайындалуы және олардың түрлі нұсқаларының пайда болуы курс мазмұнының да, оны оқыту әдiстемесiнiң де өзгерiп отыруына әкелуде. Осының әсерiнен жүйелік бағдарламалау курсын оқытудың түрлi әдiстерi мен құралдары пайда болуда. Осындай әдiстердiң бiрi ретiнде, үйренушiнiң өз бетiмен жұмыс iстеуiне негiзделген компьютер көмегiмен оқыту әдiсiн алуға болады. Ал компьютерлiк оқыту жүйелерi компьютер көмегiмен оқытудың негiзгi құралы. Уақыт өте келе бiлiм беру жүйесiн компьютерлендiрудiң ойдағыдай жүзеге асып келе жатқандығын практика көрсетiп келедi. Бұл мәселенi: компьютер, оның программалық қаматамасыз етiлуiнiң бiртiндеп жүзеге асырылуы, мамандардың дайындалу қарқыны, информатика пәнiнiң оқыту әдiстемесiнiң, оның iшiнде нақты курстарды оқытудың әдiстемесiнiң қалыптасып келе жатқандығынан байқауға болады.
ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАУ курсын оқытудың теориялық негiздерi
Қазiргi әлемнiң ғылыми бейнесiнiң негiзгi сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы информациялық процестер мен факторлардың фундаментальды ролiн мойындау болып табылады.
Бұл жағдай бiздiң ғасырдың басында әлемнiң бейнесiн жаңаша тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты өзгере бастады. Мұндағы негiзгi мәселе ұйымдастырушылық немесе қазiргi айтылып жүргенiндей информациялық факторларға байланысты. Дәлiрек айтсақ алдыңғы кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесу мәселесi қойылды. Бұл мәселемен айналысатын ғылым информатика деп аталды. Сонымен информатика - компьютердiң көмегiмен информацияны iздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудiң әдiсi, тәсiлдерi мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым.
Қазiргi кезде информатиканың ықпалына көп сүйенетiн саланың бiрi халық ағарту жүйесi. Ал, жоғары оқу орындарында информатиканың проблемаларын қарастыратын сала кәсiби информатика деп аталады.
Кәсiби информатика информатика ғылымының бiр саласы ретiнде жоғары оқу орындарындағы оқу процесiнде пайдаланылатын компьютердi программалық, техникалық оқу-әдiстемелiк және ұйымдастырушылық жақтарынан қамтамасыз етудi зерттейтiн сала ретiнде анықталады.
Жоғары оқу орындарының информатикасын программалық қамтамасыз ету оқу орындарының информациялық, басқару және оқыту жүйелерiн қамтиды, оның құрамында осы жүйелердi жобалауға арналған сериялық құралдар бар.
Жоғары оқу орындары информатикасы психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етiлуi тиiс. Ол өзiнiң маңыздылығы жағынан алғашқы орында қарастырылатын мәселеге жатады. Қазiргi компьютерлердiң жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесiне енгiзiлуi компьютерлендiрудiң барлық проблемаларын шеше алмайтыны анық. Компьютердi пайдалану жағдайында оқу процесiн тиiмдi және өз мақсатына жете алатындай етiп ұйымдастыру үшiн бiрқатар педагогикалық, психологиялық проблемаларды шешу қажет. Осыған байланысты педагогиканың, психологияның және дидактиканың дәстүрлi қағидалары қосымша зерттеудi талап етедi. Бұл жерде оқытуды компьютерлендiрудiң екi түрлi негiзгi бағыты бар екенiн ескеру қажет, олар компьютер оқу объектiсi және компьютер оқу құралы ретiнде.
Компьютердi зерттеу объектiсi ретiнде алатын болсақ, жоғары оқу орындарында оның программалық қамсыздандырудың негiздерiн оқытатын “Жүйелік бағдарламалау” деп аталатын жаңа курс енгiзiлген. Енгiзiлген жаңа пән жаңадан дамып келе жатқан информатика ғылымының барлық мазмұнын қамти алмайды. Ол болашақ информатика мамандарының жоғары оқу орындарындағы басқа пәндердi оқуға қажеттi бiлiм, iскерлiк пен дағдылармен қаруландыруы тиiс.
Қазiргi кезде “Жүйелік бағдарламалау” курсына жоғары оқу орындарында 96 сағат бөлiнген және Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңының талаптарынa сәйкес курсты оқыту стандартына төмендегi мәселелер енгiзiлген:
- курс бойынша бiлiм беру мазмұнының минимумы;
- болашақ информатик мамандардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар;
- стандарттағы талаптардың орындалуын бағалау;
- бiлiм бағалау.
«Жүйелік бағдарламалау» курсын оқытудың мақсаттары:
- графика, математика, статистика бойынша қолданбалы программалар пакеттерiн ұсынудың маңызын, қасиеттерi мен мүмкiндiктерiн оқып бiлу;
- графиктердi, диаграммаларды, үлгiлердi, суреттердi, этикеткаларды еркiн мәтiнге не құжатқа енгiзу және дайын ортада оны құрып үйрену;
- графикалық бейнелердi құруға және модификациялауға мүмкiндiк беретiн инструментальдық құрылғыны қолдануды үйрету.
Курсты оқытудың мiндеттерi:
- берiлген графикалық және баспалық пакеттерге тән функцияларды оқып үйрену;
- ғылыми салада қолданбалы программалық ұқсас пакеттердiң мiндетi туралы түсiнiк қалыптастыру;
- web-беттердi бiрiктiретiн құрауыштардың негiзгi түсiнiктерi мен анықтамалары туралы түсiнiктердi қалыптастыру;
Кәсiби қызметте қолданбалы программалаудың дағдысын пайдалана бiлудi қалыптастыру. Информатиканы жоғары оқу орындарында оқыту жөнiнде қалыптасқан түрлi көзқарастар бар. Ендi жоғары оқу орындарындағы қолданбалы программалық қамсыздандыру курсының мазмұны мен әдiстемелiк ерекшелiктерiне тоқталайық.
- Жоғары оқу орындарындағы “Жүйелік бағдарламалау” курсының мазмұны түрлi программалық жабдықтармен жұмыс ебдейлiгiн, дағыдысын қалыптастыруға негiзделген.
- “Жүйелік бағдарламалау” курсы бiр жағынан курстың информатика пәнiмен байланысын қамтамасыз етсе, екiншi жағынан болашақ информатик мамандардың теориялық дайындық деңгейiн меңгеруi үшін берiледi.
- “Жүйелік бағдарламалау” курсының маңызды ерекшелiгi оның басқа пәндермен тығыз байланысты.
- “Жүйелік бағдарламалау” курсын оқу барысында алған бiлiм мен iскерлiктерiн басқа пәндердi оқу барысында кеңiнен қолдана алады.
Сонымен жоғары оқу орындарындаға информатика мамандығының “Жүйелік бағдарламалау” курсы дәстүрлi әдiстегi iскерлiк пен дағдыны жаңаша қалыптастырып, басқа пәндердi оқытуға өзiнiң ерекше үлесiн тигiзедi.
Жүйелік программалау көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бүл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады.
WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық - бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді.
Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілікМЗ DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады.
Жүйелік программалаудың функциясына кіреді:
Қолданушымен сұқбатты жүзеге асыру;
Еңгізу-шығару және деректермен басқару;
Бағдарламалардың өндеу процесін жоспарлау және ұйымдастыру; Ресурстарды орналастыру (оперативтік жадпен кэш жадты, процессорді, сыртқы құрылымды) ;
Бағдарламаларды орындалуға еңгізу;
Бірнеше көмекші операцияларды қамтамасыз ету;
Әр түрлі сыртқы құрылымдар арасында ақпараттарды беру;
Перифериялық құрылымдарды бағдарламалық қолдау жұмыстары (дисплей, пернетақта, диск жинақтауыш, принтержәне т. б. ) .
Жүйелік программалау компьютердің құрылымдарың басқару бағдарламасының жалғасы дейміз. ОЖ төрт негізгі түрі бар:
Бір пайдаланушылық бір есептік, олар бір пернетақтаны қолдайды және тек бір есеппен жұмыс істей алады;
Бір пайдаланушылық бір есептік фондық мөрімен, негізгі есеппен бірге қосымша есепті еңгізе алады және ақпаратты мөрге бағыттайды. Бұл көп көлемді ақпараттарды мөрге жіберу жұмысың тездетеді. ;
Бір пайдаланушылық көп есептік, бір қолданушыға көп есептермен жұмыс жасап, өндей алады. Мысалы, бір компьютерге бірнеше принтерлер қосуға болады және әр қайсысы өз жұмысын атқарады;
Жүйелік бағдарламалау курсының компьютерлік оқыту жүйесінің құрылымы.
Жүйелік бағдарламалау» курсының құрылымданған және информация-логикалық байланыстырылған оқу материалдары, тест тапсыру жүйесi, терминдер сөздiгi енгiзiлген. Тапсырмалар жүйесінде “үлгiмен оқыту” әдiсiн жетекшiлiкке алып құрыстырылған лабораториялық жұмыстар және “жеңiлден-күрделіге” принципi бойынша берiлген және оқыту бағдарламасына сай құрастырылған көпнұсқалы тапсырмалар жүйесi бар. Бұл жүйе оқытудың екiншi тәсiлi ретiнде ұсынылып отыр, оқушы өз деңгейiн қарай алдымен оқу материалдарын шолу жасай ма, әлде бiрден тапсырмалар жүйесіне өтiп, оқу материалдарынан сiлтемелер арқылы мәлiмет алып отырады ма өзi шешедi. Бүгiнде жүргiзiлiп жатқан зерттеулер компьютерлiк оқыту программаларының тиiмдiлiгiн көпшiлiк жағдайларда оның интерфейстiк жүйесіне байланысты болатындығын көрсетуде. Программаның безендiрiлуi үйренушiлердiң ынтасына, материалды қабылдау жылдамдығына, т. с. с. маңызды көрсеткiштерге тiкелей әсерiн тигiзедi. Сондықтан оқыту программасының интерфейсiн жобалау мәселесiн ғылыми негiзде, әбден ойластырылған жүйелi түрде қарастыру қажет «Жүйелік бағдарламалау» курсының компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы
Оқытушы жүйесінде оқытушыға оқу материалдарының, көпнұсқалы тапсырмалар жүйесінiң, тест сұрақтарының қосымшалары ашылады. Олардың көмегiмен оқытушы оқу материалдарын, тапсырмаларды, тест сұрақтарын өзгертiп, толықтырып, жетiлдiрiп отыруына болады. Қосымшаларды шақыру тек оқытушы бiлетiн пароль көмегiмен ғана орындалады. Шет ел психологтарының еңбектерiнде компьютерлiк програм-малардың безендiрiлуi жайлы көптеген зерттеулер жүргiзiлген. “Жақсы интерфейс - ыңғайлы аяқ киiмге ұқсас, - деп жазады атақты безендiру маманы М. Донской. - Оған ешкiм көңiл бөлмейдi. Көңiл аударған кұнде де, “Мұнда тұрған не бар” - дейдi. Ал нашар интерфейс барлық жүрттың назарында. Шындығында жақсы ұйымдастырылған интерфейстi пайдаланушы байқамайды, өйткенi ол программаның ажырамас функционалдық бөлiгi ретiнде қабылданады”.
“Қазiргi кездегi компьютерлiк программалар мен олардың безендiрiлуi адамның қабiлетi мен қызығушылығын ескермей құрылуда, ал бұл адам-машина қатынасының көптеген облыстарын зерттелмей қалуына себеп болуда-, дейдi, шет ел психологтары С. Эллиот пен Дж. Брзезинский ”.
Де М. Верней мен З. Л. Бердж интерфейс жөнiнде былай деп жазады: “Оқыту программасының интерфейсi нашар болса, өте жақсы жазылған курстың мазмұны да игерiлмей қалады. Себебi пайдаланушы өзiнiң көп уақытын интрфейспен танысуға жұмсайды. Сондықтан алдымен интерфейстi дұрыстап құру қажет, үйренушi мен программаның өзара байланыс схемасын тиянақты зерттеу қажет”. Шет ел және Ресей мамандарының зерттеулерi негiзiнде компьютерлiк оқыту құралдырының интерфейсiн құруда келесiлердi ескерген жөн:Безендiруде жүйелiк бағытты қолданудың ерекшелiктерi. Жүйелiк бағыт жүйелiк безендiрудiң негiзi, ол құрылып жатқан үлгiнi жобалау мен жасау процесiне, оны пайдалану мен оның ары қарай жұмыс iстеуiне әсерiн тигiзетiн факторлардан құралатын шығармашылық жобалаудың ерекше түрі. Бұл бағыт программаны безендiруде дәстүрлі кiтаптық әдiстерден басқа, информатика, семиотика, құрылымдық, лингвистика, документалистика, функционалдық, коммуникативтiк, компоненттiк, құндылық т. б. сияқты бағыттарды пайдалануға мүмкіндiк туғызады. Семиотиканы (таңбалар мен таңбалық жүйелер жайлы ғылым) пайдалану информацияны түрлі құрылымдарда құруда оның жалпы мағынасының жоғалып кетпеуiн қамтамасыз етедi. Негiзгi оқу материалдарының мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптарды анықтау. Үйренушi жаңа оқу материалымен алғаш танысқан кезiнде материал мәтiнi мен осы материал жайлы өзi бiлетiн информацияны салыстырудан бастайды. Мұндай салыстыру үйрену тиiмдiлiгiн арттырады және Бұл оқу материалының психологиялық негiзiн, логикалық байланыстарын көрсету деңгейiне тәуелдi анықталады. Электронды оқу материалына және оның берiлуiне қойылатын талаптар үйренушiнiң жаңа информацияны қабылдау қабiлеттiлiгiн және қызығушылық деңгейiн анықтауға да тiкелей байланысты. Оқу материалына қойылатын негiзгi талаптар:
- мазмұндалу мәтiнi өте қысқа және максимум жаңа информация қамтуы керек. Үлкен көлемдегi мәтiндi компьютер экранынан оқып, түсiну өте қиын;
- үйренушi бiлетiн сөздер мен қысқартуларды пайдалану. Бұл үйретушiнiң жаңа сөздердi үйрену және есте сақтауын жоғарылатады;
- семантикалық байланыстағы информациялық элементтердi топтастыру қажет. Мұны құрылымдық принцип арқылы жұзеге асыруға болады;
- өте маңызды информация экранның сол жақ жоғары бұрышында орналасуытиiс. Себебi зерттеулер көрсеткендей адамның назары алғашқы болып, экранның осы бөлiгiне аударылады;
- абзацтың негiзгi идеясы оның алғашқы жолдарында берiлуi керек. Бұл абзацтағы алғашқы және соңғы ойлардың өте жақсы есте сақталуына байланысты;
- графикалық материал мәтiнмен ұйлесiмдi түрде құрылуы тиiс.
- күрделі модельдер мен құрылымдарды бейнелейтiн иллюстрациялар ( схемалар, карталар т. с. с) подсказкамен қамтамасыз етiлуi тиiс;
- оқыту материалының мәтiнi дыбыстық эффектiлерiмен толықтырылуы керек. Бұл информация қабылдау қабiлетiн жоғарылатады.
Iздеу, жылжу, гиперсiлтемелер жүйесін ұйымдастыру. Оқу материалында бағдар алу оның мазмұндық, көрсеткiштiк, жылжу, ауысу, сiлтемелер жүйесінiң қаншалықты тиiмдi ұйымдастырылғанына тәуелдi. “Бiрде-бiр үлкен кiтап сiлтемесiз болмауы керек. Сiлтемесiз кiтапты терезесi жоқ ұймен, көзi жоқ денемен салыстыруға болады. Ал Бұларды қолдану оңай емес”, -дейдi, Я. А. Коменский. Iздеу, жылжу, гиперсiлтемелер жүйесi келесi талаптарды қанағаттандыруы тиiс:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz