Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

(Конспект)

ТАҚЫРЫБЫ: Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

ОРЫНДАҒАН:САКЕН Б. Қ.

ТЕКСЕРГЕН:КӘРІПБАЕВА Ш. Т.

СЕМЕЙ 2015

Педагогика ғылымының мына ғылымдармен байланысты:

Философия - бұл адамды күш идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.

● Психология - адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін іздестіреді.

● Адам физиологиясы - бала организміндегі жоғары

Нерв қызметі, тыныс алу, қан және жүрек тамыр жүйесін физиологиялық ерекшеліктерін қарастырады.

● Мектеп гигиенасы - жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым.

● Әлеуметтану - жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік ортамен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылдайды.

● Этнография - белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін тұрмысының зерттейді.

● Археология - өткен ғасырындағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрып, мәдениетін, тарихын зерттейді.

Сондай-ақ, педагогика ғылымы медицина, экология, экономика, әдебиет, тарих және т. б. ғылымдармен тығыз байланысты.

Адам жөніндегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны оны басқа ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. Өзінің ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болып, өз дамуы мен кемелденуінде олардың əрқилы ықпал-əсеріне ұшырап отырды. Бұл ұштастықтардың кейбірі тарих тұңғиығынан жалғасып келе жатса, енді біреулері-кейінгі, жақын дəуірлерде пайда болды. Педагогиканың алғашқы байланыс түзген білім салалары-философия мен психология. Бұл ғылыми «одақ» қазіргі күнде де педагогикалық теория мен практиканың кең, өрістеп дамуының алғы шарты. Педагогиканың философиямен байланысы өте бір ұзақ та өнімді болды, себебі философиялық идеялардан педагогикалық тұжырымдар мен теориялар туындап отырды. Педагогикалық ізденістердің бағыттары белгіленді, сонымен бірге педагогиканың əдіснамалық негізі осы философиялық көзқарастардан қалыптасты. Философиялық бағыттар (экзистенциалды, прагматикалы, неопозитивистік, материалистік т. б. ) жүйесін ұстануына орай педагогика зерттеушілерінің оқу-тəрбие саласындағы ғылыми-ізденіс жолы, білім беру процесінің мəні мен мағынасы, мақсаты мен технологиялық сипаттамасы айқындалады. Философия сонымен бірге педагогикалық болмыс пен нақты тəжірибені теориялық тұрғыдан түсінудің құралы ретінде қолданылып, жаңа педагогикалық тұжырымдамалар жасаудың бастау көзін береді. Педагогиканың ежелден келе жатқан дəстүрлі де аса бір құнды байланысы жантану (психология) ғылымымен орныққан. Адам табиғатын білу, оның тума қасиеттері мен мүмкіндіктерін түсіну, тұлға дамуы мен оның жандүниелік қозғалыстарында байқалатын заңдылықтар жəнеоларды басқарушы тетіктерді ескеру, сонымен бірге оқу мен тəрбие жүйесін осы психикалық заңдылық, қасиет-сапа, қажеттіктер мен мүмкіндіктерге негіздей отырып құрастыру талаптарын елеулі ғұлама- педагогтардың бəрі де алға тартып отырған. Дегенмен, ескеретін жəйт: тұлғаның дамуы мен қалыптасуын бір жақты тек психологиялық шарттармен ғана түсіндіру шынайылыққа келмейді, себебі педагогтар мен балалар өмірі табиғи заңдылықтардан кейде басымдау түсетін əлеуметтік- педагогикалық жағдайларға тəуелді келеді, тіпті сол психологиялық дүние, болмыстың өзі де арнайы қоғамдық ықпал нəтижесінде өзгеріске келуі əбден мүмкін. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы адамды тұлға ретінде зерттеуімен ортақ келетін философия жəне психология аймағымен шектеліп қалмайды. Оның адамды тіршіліктегі сипатында танушы анатомия, физиология, астрология жəне медицина ғылымдарымен де байланысы заңды құбылыс. Адам дамуына ықпал жасаушы табиғи жəне əлеуметтік факторлар арақатынасынан туындайтын проблема - педагогика үшін өзекті мəселелердің бірі. Адамның жекеленген табиғи дамуын зерттеуші биология ғылымында бұл мəселе аса маңыздылығымен танылған. Адамды табиғи жаратылыс туындысы жəне əлеуметтік болмыс жемісі ретінде қарастыра отырып, педагогика антропология ғылымындағы адам туралы білімдердің бай қорын толық пайдаланады, осыдан олардың бəрін жалпыланған адам бойында теориялық бірігімге келтірумен оның сан қырлы да көп сырлы болмысын тануға жол ашады. Педагогиканың медицинамен байланысының нəтижесінде педагогикалық білімдердің арнайы саласы коррекциялық (реттеуші) педагогика пайда болды. Осыдан, өз дамуында тума немесе жасанды ауытқуы бар балаларға білім берудің тəсілдері анықталды. Педагогиканың бұл саласы медицина деректерін пайдалана отырып, бала деніндегі кемшіліктердің орнын толтыру мен оның қоғам өміріне толыққанды араласып кетуін жеңілдететін терапиялық құрал-жабдықтар жүйесін түзіп, қолданымға келтірді. Сонымен бірге педагогиканың дами түсуі адамды қоғам мүшесі ретінде, оны əлеуметтік қатынас, байланыстар жүйесінде зерттеуші ғылымдарға да тəуелді келеді. Сондықтан да осы заман педагогикасының əлеуметтану, экономика, саясаттану жəне басқа əлеуметтік ғылым салаларымен тұрақты да ықпалды байланысқа түсуі кездейсоқ емес. Педагогика жəне экономикалық ғылымдар арасындағы қатынастар өте күрделі, бірақ біртекті емес. Қай заманда да экономикалық саясат қоғам білімін қамтамасыз етудің қажетті шарты болған. Осы саладағы ғылыми зерттеулерді экономикалық қолдау педагогика дамуына үлкен ықпал жасаушы факторға айналып отыр. Осы ғылымдардың байланысынан «Білім экономикасы» деген арнайы педагогика саласы дүниеге келіп, білім беру аймағын реттестіруші экономикалық заңдылықтар ашылды, олардың қоғамды сауаттандыруға байланысты ерекшеліктері зерделенді. Педагогиканың əлеуметтану ғылымымен байланысы ежелден келе жатқан, дəстүрлі. Себебі бұл екеуін де толғандыратын ортақ проблемалар: білімді жоспарлау; халықтың əртүрлі топтары мен əлеуметтік қатарының негізгі даму бағыттарын айыра тану; əрқилы əлеуметтік орта мен ұйымдардағы тұлғаның қоғамдық кемелденуі мен тəрбиесі заңдылықтарын ашу. Қоғам мен мемлекеттегі білім саясатының қалыптасуы əрдайым үстемдік жүргізуші партиялар мен таптардың идеологиясы негізінде түсіндіріледі; бұл тұрғыдан педагогика мемлекеттік оқу-тəрбие құралы ретінде саясаттану ғылымының заңдылықтарына сүйене отырып, адамның саяси сана субъектісі ретінде қалыптасуының шарттары мен механизмдерін белгілейді, саяси идеялар мен талаптарды игеріп, орындау мүмкіндіктерін нақтылап, ашып отырады. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарын талдауға сала отырып, оларды пайдаланудың келесі формалары анықталған: - басқа ғылымдардың негізгі идеялары, теориялық болжамдары мен қорытындыларының педагогикада пайдалану; - бұл ғылымдарда қолданылатын зерттеу əдістерін шығармашылықпен қабылдап, меншіктеу; - психология, жоғары жүйке қызметі физиологиясы, əлеуметтану жəне басқа да ғылымдар зерттеулерінің нақты нəтижелерін педагогикада қолдану; - адамды жан-жақты жəне көптарапты зерттеуде педагогиканың қатысуы. . Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді. Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т. б. ) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал, педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамдықалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады. Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі жас ерекшелігі физиологиясы ғылымына байланысты. Мұғалім балалар ағзасындағы жоғары жүйке қызметін, тыныс алу және қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және теориялық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы жайлы мәлімет
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі – жас ерекшелігі физиологиясы
Педагогика ғылымының құрылымы
Педагогиканың негізгі категориялары
Тәрбие қажеттілігі мен педагогикалық теория дамуының әлеуметтік - экономикалық факторлары
Салыстырмалы педагогиканың методологиялық принциптері
Педагогика ғылымы туралы түсініктеме
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Педагогика жəне басқа ғылымдар
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz