Балқаш көлінің толық сипаттамасы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

I. Балқаш көлінің толық сипаттамасы

  1. Географиялық орналасуы, климаты . . . 2

II. Оқу-жаттығу жорығы (Балқаш көлі жағалауында)

1. Өту графигі . . . 5

2. Маршруттың схемасы . . . 6

3. Қажетті құрал -жабдықтар тізімі . . . 7

4. Гидтің баяндамасы-Балқаш қаласы туралы . . . 8

III. Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 9

Балқаш көлі - Қазақстанның оңтүстік шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш - Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбалмалы: 17 -22 мың км, ұзындығы 600 км -ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 -19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлі шамамен100-110 км. Су жиналатын алабы 500 мың км -ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78, 2%-ін береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15, 1%), Ақсу (0, 43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т. б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемелерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра - жылғамен тілімделген, ал, оңтүстік жағалауы - суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғасырдан белгілі (В. Рубрук, П. Карпини) . Көлді тиянақты зерттеу 17 ғасырда басталды. Орыс картографы және тарихшысы С. У. Ремезов 1695 ж. «Чертежи всех сибирских городов и земель» атты атласында Балқашты «Теңіз» деген атаумен көрсеткен. 18 ғасырдың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19 ғасырда Клапроттың (1836) және швед кортографы И. Г. Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған) карталарында бейнеленді. П. В. Рихтгофен (1877) мен А. Ф. Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге басқа да Ресей ғалымдары (И. В. Мушкетов, А. М. Никольский, Л. С. Берг, т. б. ) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов та Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар (П. Ф. Домрачев, В. Н. Абросов, Л. И. Лев, Н. М. Страхов, Д. Г. Сапожников, М. Н. Тарасов) ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік жануарлар дүниесін, алабының физ. -геогр. Сипатын зерттеумен 1970-1990 ж. Қазақстан ҒА-ның институттары, Қазақ балық шаруашылық ғылыми - зерттеу институты, Қазақ гидрометеорология ғылыми - зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары, т. б. айналысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады (қ. Балқаш экологиясы) . Көл шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа темп-ра - 15-17 С, шілденің орташа темп-расы 24 С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55-66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4, 5-4, 8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында- солтүстік-шығыстан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде ( маусым-шілде ) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері 3 м-ден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 жылдары көтеріліп, 1946 және 1987 жылы төмендегені байқалды. 1970 жылдан бері Іле өзенінің бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрологиялық режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрогеографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық және гидрохимиялық жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3, 5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы ( 0, 5-1 г/л), түссіз сарғылт -сары, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5-6 г/л), түсі көгілдір, ашық көк. Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20 -дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар ( Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы, т. б), қалғандары басқа жақтан әкелінген ( карп, аққайран, шип, көксерке, Арал қаязы) . Ауланатын балық (жылына 9-10 мың тонна) - сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен - металлургия комбинаты, т. б) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Балқашта су көлігі қатынайды. Басты айлақтары:Балқаш, Бурылбайтал, Бөрлітөбе.

06. 30 Жандосов пен Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы

ҚазЭУ -де жиналдық.

07. 30 Сайна көшесінің бойымен жолға шықтық.

10:00 Қапшағай постынан өттік.

02:30 Талдықорғаннан өтіп, тамақтандық .

04:30 Балқаш көліне жеттік.

Саяхатқа қажетті құрал-жабдықтар:

  1. адамға арналған 3 палатка
  1. 15 қап
  2. азық-түлік
  3. қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және жүк тасымалдауға арналған

жабдықтар

  1. киім-кешек
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балқаш көлінің физикалық географиялық сипаттамасы
Өндірістік шығарындылардың Балқаш көліне тигізетін әсері
Балқашта балық шаруашылығы ғыл
Балқаш көлінің физика-географиялық сипаттамасы
Оңтүстік Балқаш маңы
Іле – Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің биологиялық сипаттамасы
Балқаш көлінің су деңгейі
Балқаш көлінің геоэкологиялық проблемалары
Бaлқaш көлiнiң бaтыс бөлiгiндeгi сaзaн бaлығының (Cyprinus Carpio) популяциясының жaстық-ұзындық құрылым eрeкшeлiктeрiн жәнe олaрдың aулaным динaмикaсының көрсeткiштeрiн зeрттeу
Қазақстан суқоймаларындағы (балқаш көлі, алакөл көлдеріндегі) балықтардың гельминтоз ауруларын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz