Стиль және шығармашылық ерекшеліктері жайлы



І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
А) Стилистика ғылымындағы функционалды белгісі жағынан қаралған стильдердің бес түрі.
Ә)Қазақ әдебиеттануындағы стиль мәселесі.
ІІІ.Қорытынды.
«Стиль» — стилистиканың негізгі орталық ұғымы. Стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігінен туындайды.
Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль» термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль»). Стиль терминінің кең мағынасы — сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы - жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады.
Барлық жағдайда да «стиль» термині тілдік қолданымға байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік.
Ғылымда «тіл стилі», сөйлеу стилі» ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл — қатынас құралы, сөйлеу — сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стилъдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді.
Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасындағы тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі сөйлеудің әртүрлі композициялық формаларында немесе жанрларында жүзеге асады. Стиль тілді қолданудың нақты үлгісі болғандықтан, онда ұлттық тілдің ерекшеліктері де көрініс табады.
Көне дәуірлерде-ақ шешендер, жазушылар, ғалымдар мынаны байқаған: тілдік құралдардың қайсы бір түрін таңдау қарым-қатынастың шартына, сипатына, тақырыбына, міндетіне байланысты туындап отырған. Тіл құралдары бұл тұрғыдан грамматика заңдарына ғана сәйкес болмай, қарым-қатынастың жағдайлары мен мақсатына да сәйкес болып келуі керек. Соған байланысты тіл құрамында бірте-бірте қолданыстың мақсаты мен саласына сәйкес туындайтын ерекшеліктер қалыптаса бастайды.
1. Борев Ю. Б. Эстетика. – Ростов н/Д., 2004. – 704 с.
2. Гегель В. Ф. Эстетика. – М: Искусство, 1968, в 4-х т. 1 т. – 676 с.
3. Нұрғалиев Р. Арқау. 2 т. – Алматы: Жазушы, 1991. – 576 б.
4. Виноградов В. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. – М., 1963. – 255с.
5. Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991. – 464 б.
6. Жұмалиев Қ. Стиль – өнер ерекшелігі. – Алматы, 1966. – 384 б.
7. Мәшһүр-Жүсіпов Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. – Павлодар: Павлодар университеті баспасы, 1999. – 384 б.
8. Әбдірахманова Т. Қасым Аманжоловтың поэтикасы. – Алматы, 1976. – 298 б., Кәрібаева Б. Қара өлең және лирика. – Алматы, 2001. – 173 б.
9. Лармин О. В. Художественный метод и стиль. – М.: МГУ, 1964. – 271 с.
10. Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы, 2002. – 344 б.
11. Әбдіраштың Жарасқаны. Құлпытас. – Алматы: Атамұра, 2001. – 360 б.
12. Мырзабеков К. Менің мұңым – махаббат. – Алматы, 2003. – 192 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Стиль және шығармашылық ерекшелік.

Орындаған: Құсаинова А.Қ.

Тобы: ПД-305

Тексерген: Секей Ж.С.

Семей қаласы
2015

Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
А) Стилистика ғылымындағы функционалды белгісі жағынан қаралған стильдердің бес түрі.
Ә)Қазақ әдебиеттануындағы стиль мәселесі.
ІІІ.Қорытынды.


Кіріспе.
Стиль -- стилистиканың негізгі орталық ұғымы. Стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, стиль ұғымының күрделілігінен туындайды.
Дәстүрлі практикалық стилистикада стиль термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, жақсы стиль, жаман стиль). Стиль терминінің кең мағынасы -- сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы - жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында стиль термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады.
Барлық жағдайда да стиль термині тілдік қолданымға байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік.
Ғылымда тіл стилі, сөйлеу стилі ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл -- қатынас құралы, сөйлеу -- сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стилъдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді.
Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасындағы тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі сөйлеудің әртүрлі композициялық формаларында немесе жанрларында жүзеге асады. Стиль тілді қолданудың нақты үлгісі болғандықтан, онда ұлттық тілдің ерекшеліктері де көрініс табады.
Көне дәуірлерде-ақ шешендер, жазушылар, ғалымдар мынаны байқаған: тілдік құралдардың қайсы бір түрін таңдау қарым-қатынастың шартына, сипатына, тақырыбына, міндетіне байланысты туындап отырған. Тіл құралдары бұл тұрғыдан грамматика заңдарына ғана сәйкес болмай, қарым-қатынастың жағдайлары мен мақсатына да сәйкес болып келуі керек. Соған байланысты тіл құрамында бірте-бірте қолданыстың мақсаты мен саласына сәйкес туындайтын ерекшеліктер қалыптаса бастайды.
Көне Рим қайраткері Цицерон былай дейді: Адамның қоғамдағы жағдайына, қызметіне, ықпалына, жас ерекшелігіне қарай бірдей стилъ қолданылмайтыны сияқты, кез келген уақыт пен кез келген орында да бірден стильді қолдануға болмайды. Өмірдің бел-белесіндегі сияқты, сөзінің әр бөлшегінде де оның орынды айтылуына көңіл бөлу керек, бұл сөз болатын істің мән-жайына, сөйлеуші мен тыңдаушыға да байланысты болады [9, 196].
Көне замандарда сөйлеудің (сөздің, стильдің) үш түрін ажыратып қарады: төмен стиль, бұл -- өсиет, ақыл айту, бағыт беру үшін; орта стиль, бұл -- сөйлесу, әңгімелесу үшін; жоғары стиль, бұл -- тыңдаушыға ерекше әсер ету үшін қолданылды.
Көне тіл, стиль теориясының бұл қағидалары Еуропада риторика мен стилистиканың дамуына өз әсерін тигізді.
Мысалы, 18 ғ. француз академиясы стильдерді былай топтастырады: жоғары стиль -- классикалық трагедия, ода, ораториялар; қазіргі стиль -- роман, повестер; фольклор стилі (қарапайым стиль) -- комедия, мысал, әзіл-сықақтар.
Ресейде орыс әдеби тілі стилистикасын дамытуда М.В.Ломоносовтың еңбектері (үш стиль теориясы) зор рөл атқарды. Орыс сөздерін қарапайым халықтық, төмен және оқыған адамдардың ауызша сөйлеуде қолданылатын сөздері деп бөлді. Әр стильдің нормасын белгілеп, қолдану аймақтарын көрсетті.
Функционалды стиль ұғымы -- қазіргі стилистикадағы негізгі ұғым. Функционалды стильдер тілдің қолданысымен, қызмет етуімен тікелей байланысты, яғни шынайы сөйлеуде, мәтінде көрінеді. Функционалды стильдерде әртүрлі тілдік деңгейлердің тұлға-бірліктері мен олардың стильдік бояуға ие түрлері белгілі бір қатынас саласында қызмет ету міндеттеріне сәйкесті түрде бірігеді. Функционалды стильді В.В.Виноградов былай анықтайды: Стилъ -- бұл жалпыхалықтық, жаллыұлттық тілдің белгілі бір саласында тілдік қарым-қатынас құралдарының сұрыпталып тіркесу, қолдану тәсілдерінің қоғамдық тұрғыдан қабылданған, функционалдық тұрғыдан шартталған, іштей біріккен жиынтығы. Ол басқа мақсатқа қызмет ететін, басқалай қызмет атқаратын өзі сияқты бейнелеу тәсілдерімен бір қатарда тұрады [10, 73].
Функционалды стильдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар тілден тысқары (экстралингвистикалық) және таза тілдік болып екі топқа бөлінеді. Функционалды стильдерді сипаттауда олардың екеуі де ескеріледі.
Тілден тысқары стиль құраушы әсерлерге қоғамдық сана формасы және соған тән ойлау түрі, сөздің ауызша не жазбаша көрінісі, сөздің жанрлық ерекшелігі, қарым-қатынастың түрі (көпшілік не жекелік), баяндау түрі (әңгімелеу, суреттеу, ойталқы), жағдаяттық-қоғамдық факторлар (сөздің тоны, сөйлеу актісінің түрі, тыңдаушы ерекшелігі) т.б. жатады. Бұлар объективті факторларды құраса, автор ұстанымы, оның даралығы сияқты субъективті факторлар да болады.
Бұл факторлардың барлығы да сөз сипатына тікелей әсер етеді, бірақ олардың стиль құраушылық дәрежелері бірдей емес.
Тілдің негізгі қатысымдық (коммуникативтік) қызметінен өзге де қызметтері бар екені белгілі. В.В.Виноградов функционалды стильдерді топтастыруда осы қызметтерін басшылыққа алады. При выделений таких важнейших общественных функций языка, как общение, сообщение и воздействые, могли бы бытъ в общем плане структуры языка разграничены такие стили: обиходно-бытовой стилъ (функция общения); обиходно-деловой, официалъно-документалъный и научный (функция сообщения);публицистический и художественно-беллетристический (функциявоздействия) [11, 6]. Алайда, тіл қызметтерін бұлай бөлу өте жалпылама және стиль түрлері де олардың ауқымына сыя бермейді. Негізгі стиль құраушы факторлар функционалды стильдердің жүйелілігін қамтамасыз етеді. Стиль жүйелілігінің негізіне оны құрайтын тілдік бірліктердің бір мақсат негізінде өзара тығыз байланысып бірігуі жатады. Мысалы, ғылыми стильде жалпылама, дерексіз мәңге ие бірліктер белсенді рөл атқарса, көркем стильде керісінше, көркем-бейнелі тілдік нақтылыққа ие бірліктер маңызды болады.
Негізгі бөлім.
Стиль - әдеби дамудың деңгейі мен бағыт-бағдарын тануда, көркем шығармашылықты бағалауда ерекше орны бар ұғым. Стиль термині әр түрлі ғылым саласында (әдебиеттану, өнер, тіл білімі, мәдениеттану, эстетика) қолданылады. Эстетикалық категория ретінде стиль, Ю. Боревтің пікірінше, шығармашылық процестің, көркемдік ойлау процесінің, көркемдік қарым-қатынастың, туындының факторы [1, 181-182] болып табылады. Көркем әдебиеттегі стиль туралы сөз қозғағанда, оның қаламгер қолтаңбасын дараландырып тұратын поэтикалық сипатына үңіле қарамас бұрын, ол туралы айтылып аксиомаға айналған пікір-тұжырымдарға назар аударғанда, Гегель еңбегін айналып өтуге болмайды. Өзінің әйгілі Эстетикасында Гегель мәнер, стиль, және даралық (манера, стиль, оригинальность) ұғымдарын бір-бірімен тығыз байланыста қарап, белгілі бір қорытындыға келеді. Сондай-ақ көркем туындыдағы стильдің көрінбеуін өзіндік бейнелеу тәсілін қолдануға қабілеттің жетпеуі, болмаса заңды талапқа бағынғаннан гөрі, өзінің қыңырлығына салынып, стильді нашар мәнермен алмастырғысы келетіндігінен болады деп түсіндіреді [2, 304]. Гегель мәнер, стиль, даралық, мәселелерін сөз еткенде, ойларын қорытындылай келіп, стильге ерекше мән береді.
Қазіргі таңда, Р. Нұрғали атап көрсеткендей, байыбына бармай шатасып жүрген мәселенің бірі - стиль мәселесі [3, 202].
Стильді әдебиеттану ғылымы тұрғысынан эстетикалық категория ретінде қарастырғанда, оны шығарманың тұтас құрылымымен, бүкіл болмысымен қарастыру бірден бір дұрыс жол. Стиль - суреткер талантының даралық қуатын көрсететін сапалық белгі [3, 202] екенін ескерсек, стиль мәселесін сөз еткенде көркем туынды тұтастай назарға алынбақ.
Тілдің өзінде, бір жағынан, стильдік тармақтарға жіктеліп дамыған сайын белгілі бір функционалды стильге тән тілдік құралдар тұрақтала түседі. Екінші жағынан, функционалды стильде оны құраушы факторлардың әсерімен тілдік бірліктердің белгілі дәрежедегі өзгерісі, ауысуы жүзеге асады. Соның нәтижесінде бір тілдік бірліктің өзі қай стильде қолданылуына қарай мағынасы жағынан функционалдық сипатқа ие болады.
Мысалы, етістіктің осы шағы барлық стильдерде де қолданылады, бірақ әр қайсысындағы мағынасы бірдей емес. Іс қағаздары стилінде осы шақтың бұйыру, талап ету мәні алдыңғы қатарға шығады (Мәжіліс сағат 10-да басталады, Мердігер жұмыстың сапасына жауап береді). Көркем стильде осы шақтың тарихи осы шақтық мәні күшейеді (Қазір Ербол мініп келген семіз көк атқа кәшаба шана жегіп, екі жігіт қатар отырып, сар желдіріп келеді). Ал ауызекі сөйлеу стилінде қарым-қатынас сол мезетте жүзеге асатындықтан дәл осы шақтық мағына орын алады.
Қазіргі кезде стилистика ғылымында функционалды белгісі жағынан стильдердің бес түрі ажыратылады. Олар: ғылыми, ресми, публицистикалық, көркем сөз және ауызекі тұрмыстық сөйлеу стильдері. Функционалды стильдердің әрқайсысы стилішілік тармақтарға жіктеледі. Мысалы, ғылыми стильдің таза ғылыми, ғылыми-оқулық, ғылыми-көпшілік сияқты тармақтары болса, ресми, іс қағаздары стилінің де ұйымдық, өкілеттік, анықтамалық-ақпараттық сияқты тармақтары бар, сол сияқты публицистикалық стиль де іштей жанрлық ерекшеліктеріне қарай көптеген түрге жіктеледі.
Тілдік қолданыста функционалды стильдердің әр түрінің элементтері араласа жұмсалып, көп қабатты стильдік құбылыстар да пайда болады. Бұл жағдай стильдердің өзара әсері және олардың өз ішінде ұсақ жанрларға жіктелісі нәтижесінде жүзеге асады. Сөйтіп, тілде функционалды стильдік және стилішілік жіктеліс өте күрделі, сан тармақты болып келеді.
Стиль туралы мәселені қарастырғанда, тақырып пен мазмұнды, көркем бейнелер жүйесін, композицияны назарға алу кең орын алғанын айта кету керек. Яғни стильді поэтикалық тұрғыдан зерттеуді қуаттаған ғалымдар еңбегі баршылық. Олардың қатарында: В. Виноградов, М. Бахтин, А. Чичерин, А. Соколов, Г. Поспелов, Л. Тимофеев, В. Ковалев т.б. еңбектерін атауға болады. Бұлардан басқа да стиль мәселесіне арналған еңбектер баршылық. Сондай-ақ, М.Я. Поляков та стиль мәселесін әдебиеттану тұрғысынан зерттеп, оның жанрға жалпы көркемдік жүйеге қатысын сөз қылады. Поляковтың ұстанымы стиль дегеніміз - ізделіп отырған шама, ал, мәтін - шындық [4, 88] дегенге саяды. Яғни көркем мәтіннің бүкіл табиғаты, оның ерекшелігін тану стильмен байланысты.
Шығарманың көркемдік бейнелеу түрі стиль қасиетіне ие болады. Шығарма мазмұны өз-өзінен стиль болмайды және стильге кірмейді де, - дейді Г.Н. Поспелов [5, 70]. Теориялық тұжырымдар мен пікірлерге назар салсақ, стильді ең әуелі экспрессивті мағына үлесіне тиетін және белгілі бір сапаға ие болған форма жүйесі ретінде түсіндіреді. Сол арқылы суреткердің даралығы көрінеді деп біледі. Көптеген тұжырымдарда стильдің ішіне композицияны да кіргізетінін айтып өткенбіз. Поэтикалық тіл анықталған композицияның бөлімі ретінде қабылданады. Нәтижесінде стиль жалпы категория ретінде өзіне композицияны да, стилистиканы да қосады. Сондықтан әрбір поэтикалық лексиканың ерекшелігі эстетикалық нысанның барлық компози-циялық сипатының ескерілуімен құры-лады [6, 374]. В.В. Виноградовтың бұл пайымы әдебиеттегі стильді қалай анықтау керек деген сұраққа бір жауап.
Стиль әдіске де, дүниетанымға да, суреткердің жеке басы мен жазу машығына да, өз дәуірі жөніндегі ұғымы мен өз шығармашылығының ұлттық сипатына да бірдей қатысты. Стиль - әлгі айтқан пікірлердің кемел тұтастығы деген пікірді А. Григорян [7, 85] айтады. Б. Храпченко Стильді көркем бейнелер арқылы игерілген өмірлік шындықты жеткізудің амалы, оқушыны әрлендіру мен иландырудың жолы деп түсінген жөн. Әдісті мазмұнмен теңестіруге болмайтыны сияқты көркем бейне арқылы игерілген өмірлік шындықты жеткізудің идеялық, эмоциялық ықпал етудің амалы ретінде қарастырылатын стильді де шығарманың түрімен шатастыруға болмайды [8, 97] деген тұжырымға келеді. Стильге қатысты ой-тұжырымдардың қай-қайсысы да айналып келгенде, сөздің бейнелі әрі көркем түрде қолданысына келіп тіреледі. Көркем әдебиеттің басты негізі - сөз болса, сөз қолданысының әрбір суреткердің даралығын байқатар қыры стиль ауқымына қатысты. Біз композициялық стиль туралы, кейіпкерлерді бейнелеу туралы, тілдік стиль туралы айта аламыз. Бірақ идея стилі, шығармашылық әдіс стилі, тақырыптық стиль деген сөз тіркестерін қолдана алмаймыз. Оқырман идеялық-эмоциялық құрылымның стильмен бірлігін еріксіз сезінеді және Пушкиннің стилін, Соғыс және бейбітшіліктің стилін автордың өзіндік ерекшелігі ретінде айтуға мүмкіндік бар. Бірақ күнделікті тәжірибеде шығармашылық әдіс стилін анықтауға талпынуды кездестірген емеспіз, керісінше, шығармашылық әдістің жазушы стилінің сипатын анықтайтынына көз жеткіземіз, - деп жазады М. Поляков [4, 100].
Әдеби туындының стилін талдағанда айтылған тұжырымдарды басшылыққа алу қажет-ақ. Дегенмен, ең әуелі, біз поэзиядағы стиль мәселесін сөз еткенде, қандай мәселелерді нақты нысанаға аламыз деген заңды сұрақ туындайды. В. Хализев тұжырымдарына назар аударар болсақ, әдебиеттің дамуын стиль аспектісінде қарастыру дәстүрлі түрде қалыптасқанын тілге тиек етеді. Сондай-ақ оны әдеби процеспен тығыз байланыста қараған жөн дейді [9, 371-372].
Ұлттық әдебиеттану тарихына көз жүгіртсек, стильге қатысты бірсыпыра пікір-тұжырымдарға кез боламыз. Стиль туралы алғашқы түсініктемелердің қатарында А. Байтұрсынов еңбегін атауға болады. Ғалым стиль мен стилистиканың өзара қатынасын дәл аңғарып, сөз шығарушылар, әуелі сөз ұнасымына керек жалпы шарттарды орнына келтіріп, өзінің өзгеше әдісі болса, соның үстіне ғана қосады деп көрсетеді [10, 343]. Стиль турасындағы еңбектердің ішінде ерекше атайтынымыз - Қажым Жұмалиевтің Стиль - өнер ерекшелігі атты зерттеу еңбегі [11]. Ғалым аталмыш еңбегінде стильдің терминдік түсініктемесінен бастап, оның бүкіл тарихына тоқталады. Әдебиеттегі стиль дегеніміз - әр жазушының өзіне тән ерекшеліктерін ұғыну екенін айта отырып, Стиль ұғымына жазушының тілі, сөйлем құрылысы, мәнері, шығармаларының композициясы, оқиға дамыту әдістері, тақырып таңдаулары, жанрлық ерекшеліктері, тағы басқа компоненттер кіреді. Ең алдымен, орталық мәселе - идеялық мазмұн [11, 13], - деген тұжырым жасайды. Теоретик ғалым жазушы стилінің бір күнде, не бір жылда ғана қалыптаса алмайтынын ескертеді. Стиль туралы З. Қабдолов Қ. Жұмалиевтің пікірін әрі қарай тарата отырып, идеялық-көркемдік негіздің тек сол жазушыға ғана тән ерекшелігін аңғарамыз. Мұндай ерекшелікті жазушы творчествосының мазмұны мен пішініне қатысты басқа жайлардан да іздеп таба беруге болады. Міне, стиль - әр суреткерге тән осындай творчестволық ерекшелік [12, 336] - дейді. Академик сондай-ақ жазушының шығармашылық ерекшелігін тілден, тақырып пен идеядан, көркем бейне жасау тәсілінен аңғаруға болатынын айта отырып, суреткерлік ерекшелік оның шығармасындағы белгілі бір бірлікке әкеледі, - деп, осы бірліктерді атап көрсетеді. Олар: идеялық бірлік, тақырып ерекшелігі, мінез бірлігі [12, 334-335]. Қ. Мәшһүр-Жүсіпов өз монографиясында [13] поэзиядағы стиль мәселесін көркемдік әдіс пен бейнелілік айналасында қарастырып, жүйелі тұжырымдар жасайды.
Қазақ әдебиеттануындағы стиль мәселесіне байланысты еңбектер қатарында Стиль сыры, Қазақ көркем шығармаларының жанры мен стилі, Қазақ әдебиеті: стиль мәселелері жинақтарын, М. Дүйсеновтің, Қ. Өмірәлиевтің, Ф. Оразаевтың, М. Хамзиннің [14] еңбектерін айтуға болады.
Қазіргі поэзиядағы стиль мәселесін сөз еткенде Қ. Мәшһүр-Жүсіпов тұжы-рымдарына қосыла отырып, лирикалық қаһарман сипатына, суреткердің сөз қолдану ерекшелігіне ерекше назар аудару қажет-ақ. Қазақ ақындарының қанша-лықты толысқан суреткер екенін айқындау үшін, стиль де, көркемдік әдіс те жалаң алынбай, үнемі бейнелілік тұрғысынан саралану қажеттігі де дау туғызбайды - деп ой түйеді ғалым [13, 381].
Бейнелілік стильмен тікелей байланысты. Тіпті оны стильдің көрсеткіш құралы десек те болады. Ал, кең мағынада поэтика деп алсақ, оның ауқымы стильден әлдеқайда үлкен, - деген Храпченко пікіріне сөзсіз қосылуға болады [8, 57].
Әлбетте, поэзиядағы поэтикалық категориялар мен көркемдік әдіс ақын стилін танытуға көмектескенімен, бүкіл шығарманың өн бойынан көрініп тұрады деп айта алмаймыз. Бұл тұрғыдан алғанда поэзиядағы стиль нақты жүзеге асқан үлгіде көрініп, оның ерекшеліктері ақын өлеңінде сыртқы пішінінен бастап, бүкіл болмысында көзге ұрып тұрады.
Дегенмен, поэзияда әдіс өзгерсе, оның әсері стильге тимей қоймайды. Қай ақынның болмасын стилінің байлығы - көркемдік ізденіс нәтижесінің жемісі. Ақынның суреткер ретінде марқайып, айрықша стиль танытуына, шеберлік шыңына жетуіне өзінен бұрынғы ақындар мектебі, өз ортасы, заманы айрықша әсер етеді. Сондай-ақ, жеке ақынның, тұтастай қазақ лирикасының биігін межелеуде көркемдік әдіс, әдеби ағым, сөз саптаудағы бейнелеуіш құралдар, көркемдік құрылымдар, бір сөзбен айтқанда, стиль шешуші роль атқарады.
Поэзиядағы стильдік ізденістер мен жетістіктер туралы зерттеу еңбектерге назар аударсақ, жалпы, қазақ әдебиеттанушыларының стильді әдіс, ағым тұрғысынан сөз етуі басым екенін көреміз. Мәселен, Т. Әбдірахманованың Қ. Аманжолов ақындығы туралы зерттеуін, Б. Кәрібаеваның 1960-80 жылдардағы стильдік ізденістер туралы тұжырымдарын алайық [15]. Поэтика мәселесінде де стильдің әдебиет пен тілге қатыстығы ежелден даулы нәрсе болып келе жатқандығын қазіргі қазақ лирикасының поэтикасын зерттеушілердің бірі Б. Кәрібаева да баса көрсеткен. Демек, әдебиет теориясының бір саласы болып табылатын поэтика соңғы жылдары поэзиядағы бейнелілік, стиль, эстетика мәселелерін өз алдына объект етіп қарастыруда. Поэтика мен эстетиканы поэзияның көркемдік ерекшелігі, бейнелілігі тұрғысында қарасақ, енді оның идеялық бағытын айқындау құралы ретінде де тануымызға болады.
Стиль туралы теоретик ғалымдардың пікір-тұжырымдарына тоқтала келе, стильдің көркемдік әдістен, лирикалық қаһарман тұлғасын жасаудан және көріктеу, бейнелеу құралдарынан көрінуін Ж. Жақыпбаев, К. Мырзабеков, Ж. Әбдірашев сияқты әдебиетке 1970-80 жылдары келген, өзіндік ізденістерімен ерекшеленген ақындар шығармашылығы негізінде қарастыруға әбден болады. Стиль әр суреткерге тән шығармашылық даралық екенін ескере отырып, біз әуелі аталған ақындар шығармашылығына тән шеберлік мәселесін назарға аламыз.
Көркемдік әдісті шындықты суреттеудің негізі, өмірді образ арқылы көрудің айрықша түрі дейтін тұжырымдарға сүйене отырып, әдістің шеңберінде қарастырылатын компонент-тердің стильге тән екенін жоққа шығаруға болмайды. Көркемдік әдіс қаламгердің дүниетанымына сай өмір шындығын көркемдік ойлау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЗАМАНАУИ ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ СТИЛЬДЕРІНЕ ТАРИХИ ШОЛУ
Стиль мен шығармашылық ерекшелік
Даралық – іс-әрекеттің әр түрлі түрлерінде шығармашылық субьектісі ретінде
Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы қазақ тілінде
Көркем шығарманың пішіні
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ландшафт дизайнының негізі
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Конструктивизм стильдегі жастарға арналған шығармашылық кеңістіктің дизайн жобасын әзірлеу
Стиль және шығармашылық ерекшеліктері
Пәндер