Вирустардың жіктелу принциптері. олардың номенклатурасы. вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және көбею сатылары


Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: «Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы.

Вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және көбею сатылары»

Орындаған:Махметов Н. М

Тексерген:Омарбеков Е. О

Семей 2015

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Вирустардың жіктелуі.

2. 2. Вирустардың репродукциясы

2. 3. Виустардың вириондарының химиялық құрамы мен физикалық құрылысы.

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

“Вирус” деген сөз латын тіліндегі” у “ деген ұғымнан алынған .

Вирустарды ең алғаш рет 1892 жылы Д. И. Ивановский ашты . Ол өзінің студент кезінде Украина мен Белоруссия жеріне темекі өсімдіктерінің ауруын зерттеумен шұғылданды. Себебі ол аурудың зардабы өте үлкен шығын әкелетін. Ивановский досы Половцев екеуі ауруға ұшыраған темекі өсімдігінің жапырақтарын ұнтақтап, оның сөлін сау жапырақтарға жаққан кезде, сау жапырақтар да ауруға ұшырады. Осы ауру жапырақтардың сөлін сүзгіден өткізіп, ауру қоздыратын нәрсенің бактериядан ұсақ екен дәлелдеді. Ең негізгісі -осы сөлдің ауру қоздыратын қасиеттері анықталды. Бұл өте үлкен жаңалық болды. Кох пен Пастердің аттары микробиология үшін қаншалықты зор болса, Ивановскийдің аты вирусология үшін соншалықты зор”Вирус “ деген ұғымды бірінші рет Нидерланд ботанигі Бейеринк қолданды. Ол ғалым темекі өсімдігі жапырақтарының ауруын зерттеп, Ивановскийдің бақылауларын қайталады. Дегемен ауруды қоздыратын” сұйық жұқпалы нәрсе” демек “вирус”” у” деген пікір айтты. Вирус қоздыратын аурулар өте ерте кездн белгілі болған. Мысалы, шешек ауруы ертедегі Қытай үнді елдерінде белгілі болған. Бұдан 3000 мың жыл бұрын өмір сүрген фараондандардың денесінен шешек ауруларынын іздері байқалған. Тек 185асырдың аяғында ғана Эдуард Дженнер ағылшын дәрігері шешек ауруынан сақтандырудың бірден-бір жолын тапты. Ол кісінің көптен бері байқауы бойынша, сиыр сауатын сауыншылар сиыр шешегімен ауырса, қара шешекпен ауырмайтын болған. Сондықтан да Дженнер 1796 жылдың 14 маусым күні 8 жасар сау баланың қолына Сара Семи деген сауыншының қолыңдағы шешек жарасының іріңін еккен. Сара Семи сиыр шешегімен ауырып жүр еді. Осы егудің арқасында бала ауырмай аман қалған. Сол кезден бастап вакциндеу дегент ұғым пайда болды. Ол латының vacca-сиыр деген сөзінен алынды. Вакциндеу -егу, вакцина- егетін зат. 19 5асырдың аяғында Луи Пастер вирус жұқтыратын құтырық ауыруының вакцинасын алды. 1898 жыл немістің Фридрих Леффер және Пауль Фрош аусыл қоздырушысының вирус екенін дәлелдеді. 1902 жыл Николь мен Адильбей ірі қара оба вирусы мен Ауески ауруының вирусын тапты. 1903жыл американдық ғалымдар Швейниц пен Дорсе шошқа оба вирусын тапты. 1904 жыл француз ғалымдары Карре мен Валле жылқы инфекциялық анемия деп аталатын жұқпалы аурудың вирусын тапты. 1905жыл француз ғалымы ит обасының вирусын тапты. 1909жыл Хидейо Ногучи сары безгек вирусын тапты. 1952 жыл Херши мен Чейз бактериофагтың нуклеин қышқылының бактерия класына ауру жұқтыратының ашты. 1953жыл Уотсон мен Крик вирустардың ДНҚ-ның екі жіптен тұратынын ашты. 1956жыл Гирер, Шармм және Френкель вирустар белоктарының құрылысы олардың нуклеин қышқылына байланысты екенін дәлелдеді. 1961 жыл Ниренберг тРНҚ -ның пайда болу жолдарын бляшка алу тәсілдерін ашты.

Вирустардың жіктелуі

1971 - 1975 жылдары вирустар туралы жаңа деректер пайда болды, соған сәйкес оларды тұқымдастыққа, туысқа бөле бастады.
Вирустар тұқымдасының аты viridае деп аяқталады. Тұқымдастың өзі туыстан тұрады және оның мүшелерінің антигендік қасиеті, морфологиясы. сондай-ақ нуклеин қышқылынын түрі бірдей болып келеді. Вирустардың тұқымдастықтар тармағының аты virinae деп аяқталады. Вирустардың туыстықтарының аты virus дкп аяқталады.
Қазіргі кезде барлық дерлік вирустардың түрлері белгілі емес.
Вирустардың геномы бір жіпті екі жіпті, сызықшалы және сақиналы ДНҚ-дан тұрады.

ДНҚ-ы бар 7 тұқымдастығы белгілі; Олар :
1. Рохvігіdае тұқымдасы (ағылшынның рох- жара деген сөзінен алынған) поксвирустар.
2. Негрesviridае тұқымдасы (гректің hегро еңбектеу, таралу деген сөзінен) герпесвирустар.
3. Нераdnaviridae тұқымдасы. Бұл топқа жататын вирустар: адамның бауыр ауруының В вирусы орман суырының вирусы жерде жүретін тиынның, үйректің бауыр ауруының вирустары.
4. Ігіdoviridае тұқымдасына иридовирустар жатады.
5. Аdепoviridае тұқымдасына (гректің adeno- без деген сөзінен шыққан) аденовирустары жатады.
6. Рароvaviridае тұқымдасы- паповавирустар.
7. Раrvoviridае тұқымдасы (латынның рагvиs- кішкене деген сөзінен алынған) .
РНҚ- ды вирустар- бұл бір үлкен топтан тұратын вирустар .
1. Пикорнавирустар- Рісогпаvігіdае (латынның рісо- өте кішкене, гnа- РНҚ
2. Калицивирустар- Саliciviridае (латынның- саlіх- чаша- ойықша деген сөзінен алынған)
3. Тогавирустар- Тоgavirіdае (латынның togа- плащ деген- сөзінен алынған)
4. Бирнавирустар- Вігпаviridae тұқымдасына жаңадан белгілі болған РНҚ бар вирустар жатады.
5. Коронавирустар- Согопaviridае (лат. согопа- тәж деген сөзінен алынған)
6. Парамиксовирустар- Рагаmуxoviridае (лат. рагa- қасында, mуха- сілекей деген сөзінен. )
7. Ортомиксовирустар- Огthomухоvігіdае (лат. - огtho дұрыс, mуха- сілекей деген сөздерінен. )
8. Рабдовирустар- Rhabdoviridае (гректің- Rhabdos- таяқ, білік деген сөзінен шыққан.
9. Буньявирустар- Bunуaviridае тұқымдасы 1973 жылдан бері белгілі.
10. Аренавирустар- Агепаvігіdае (латынның- агепа құм деген сөзінен алынған)
11. Ретровирустар- Retroviridае (латынның- геtго кері деген сөзінен алынған)
12. Реовирустар- Reoviridae тұқымдасы.

Вирустардың репродукциясы

«Репродукция» латынның re - қайталану, pioducere - өндіру, пайда болу дегенді білдіреді. Вирустарда дисьюнктивтік көбею жолы кездеседі.

Вирустардың репродукциясы дегеніміз комплементарлы принципке сүйене отырып вирустың нуклеин қышқылдарының сансыз көп көшірмелері жасалып, вирустардың белок синтезделіп соңнан соң олардың бірігіп вирион түзілуі. Вирустардың көбею нәтижесінде торша өледі . Мұны өнімді инфекция деп атайды. Мұндай процесті туғызған вирусты вириондты вирус дейміз. .

Вирустардың көбею сатылары 2 фазадан тұрады.

I фаза.

1. Адсорбция- вирустың клеткаға жабысуы

2. Вирустың клеткаға енуі.

3. Депротеинизация -белокты қабаттан айырылу.

II фаза

1. Транскрипция -ДНҚ -ын РНҚ -на көшіру.

2. Трансляция- (латынның translatio- жеткізу, апару) деген сөзінен шыққан белоктар түзіледі.

3. Репликация -геномының көбеюі.

4. Вирус компоненттерінің жиналуы.

5. Вирустардың клеткадан шығуы.

Адсорбция - вирустың клеткаға жабысуы. Адсорбция - вирустардың көбею сатысындағы төменгі температурада өтетін бірден-бір процесс, ал басқа сатылары жоғары температурада өтеді. Вирустың клеткаға жабысуы оның белоктарының клетка рецепторларына сәйкес келуімен басталады . Вирустар тек қана өздеріне сәйкес клеткаларда ауру туғыза алады.

Вирустың клеткаға жабысуы, белгілі бір ортада, катиондардың бар жерінде ғана іске асады. Сонымен қоса вирустардың клеткаға жабысуы белгілі бір температураны қажет етеді: ол температура вирустың түріне сәйкес болады. Вирустардың жабысу жылдамдығы олардың түріне сәкес, мысалы, тұмау вирусының 2сағатта 80% ал осындай уақытта шешек вакцина вирусының тек 40% ғана жабысады. Вирустардың клеткаға жабысып үлгеруі 2-16 сағатқа дейін.

Вирустың клеткаға енуі . Күрделі вирустардың торша енуінің екі жолы бар:

  1. «Виропексис»арқылы. Бұл виропексистің негізінде өзімізге белгілі пиноцитоз және фагоцитоз болады. Вирустың клеткаға жабысуының арқасында клетка қабырғасы ойылып шұқыр пайда болады. Бұл шұқыр түбінде ерекше рецепторлар бар, ал мембрананың цитоплазма жағынан мол, салмағы үлкен ерекше белок - «клатрин» бар. Шұқырдың жан-жағы жабылып вирус енген жерде клетка цитоплазмасында вакуоль пайда болады. Демек, виропексис дегеніміз, рецептор арқылы болатын эндоцитоздың бір көрінісі десек те болады.
  1. Вирустың клеткаға жабысуы. Торша және вирус қабықшасының өзара бірігуі арқылы даболуы мүмкін. Демек вирус қабықшасы мен клетка мембранасы ериді де вирустың нуклеопротеиді ішінде қалады. Вирион құрамында ерекше белоктар бар. Олар клетка мембранасының компоненттерін ерітіп жібереді.
  2. Вирустардың белоктан бөлінуі. Белоктан тұратын киімін шешеді. Бұл процесс ферменттердің көмегімен болады. Мысалы, ретровирустардың белоктан бөлінуі - фермент - гидролаза арқылы клетка лизосомасында болады. Тек осы лизосомдарда вирус белоктары пептидтерге бөлініп кетеді. Вирустардың көпшілігі белоктан рецептосомдарда «шешінеді», тек кейбірейлері ғана - ядро мембранасында белоктан бөлінеді. Вирустың клетка ішіне еніп»шешінуінен» бастап, оның клетка ішінде толық өсіп-жетіліп ұрпақ пайда болғанға дейінгі мерзімін қараңғы, немесе «эклипс» - фаза деп атайды. Расында да осы мерзімде к летка тұтылып тек вирусқа еркіндік туады. Себебі вирус клетканың құралу аппаратына өз өмірін жүргізіп, вирустың көбею программасын іске асырады. Эклипс фаза әртүрлі мерзімге созылады.

Транскрипция (латынша transcription - көшіріп жазу) . Бұл фазада ДНҚ-а сәйкес аРНҚ пайда болады. Бұл процесс РНҚ полимераза көмегімен іске асады. аРНҚ 2 жіпті ДНҚ-ң 1 жібінің көшірмесі болады. РНҚ түзейтін полимераза - АТФ, ГТФ, ЦТФ, УТФ - белгілі бір қалыппен тізбектейді. Алғашқы транскриптаза кезінде: алғашқы аРНҚ пайда болады. Ал соңғы транскриптаза кезінде аРНҚ соңғы гендерден көшірме алады. Транскрипция процессінің өтуі:

  1. Бұл вирустар клетканың ядросында РНҚ полимеразасының көмегімен өсіп жетіледі.
  1. РНҚ-ды вирустардың транскрипциясы өзгеше келеді. Генетикалық информация ДНҚ-а немесе РНҚ-а болады.

а) «оң» (+) жіпті РНҚ-ды вирустарда тек қана нәсілдік роль атқармайды. Бұл вирустарда транскрипция жоқ.

б) «терңс» (-) жіпті РНҚ-ды вирустарды геномының информациялық қызметі жоқ.

в) Ретровирустарда транскрипция ерекше түрде кездеседі. Мұнда транскрипция кері жүреді. Ревертаза вирустың РНҚ сәйкес 2 жіпті сызықшалы ДНҚ құрайды. Ол үшін тРНҚ пайдаланылады. Ен бірінші вирустың РНҚ сәйкес ДНҚ 1 жібі, сосын сол жіпке сәйкес ДНҚ 2-ші жібі құралады. Екі жіптен тұратын ДНҚ-лы клеткаға ДНҚ енеді.

Трансляция - (латынша translation - жеткізу) . Белок молекуласының құрылу процесі. Белок молекуласы құрылу үшін белгілі бір информация сақталынады. Бұл информация вирус құрамындағы ДНҚ-а немесе РНҚ-а сәйкес болады. Полипептид тізбегінде 20 аминқышқылы вирустың генетикалық информациясына сәйкестеніп белгілі бір тәртіппен орналасады.

Белок молекуласының құрылуы:

  1. Инициация - трансляция кезенінің басталу кезеңі. Онда рибосома аРНҚ-ң инициациялық алғашқы кодонымен және тасымалдаушы РНҚ мен байланысады.
  1. Элонгация сатысы. Бірінші тРНҚ рибосоманың П учаскесіне жылжиды. Ферменттер мен тРНҚ-ң саны амин қышқылының санына сәйкес 20. Әрбір транслокация кезінде ГТФ-тің бір молекуласы бөлінеді, ол пептидтің бір байланысын құрайды. Аминб қышқылы мен тРНҚ-ң эфирлік байланысы үзіледі бір тРНҚ босайды.
  2. Терминация - трансляцияның соңғы сатысы. аРНҚ соңғы кедондарынан басталады УАГ, УАА, УГА. Бұлар амин қышқылын кодтамайды. Олар белок молекуласының құрылуын бітуін қадағалайды.

Әрбір полипептидтің бір жағында NH 2 тобы екі жағында СООН бар, ал тізбек тек NH 2 -ғана бастап өседі. Дайын болған полипептид тізбегі рибосомнан бөлінеді де босаған рибосома басқа белок құруға кіріседі.

Виустардың вириондарының химиялық құрамы мен физикалық құрылысы.

Вирустар дүниесі өздерінің құрылымына, көлеміне, пішініне және химиялық құрылымына сәйкес әртүрлі болады. Morphe -грек тілінен алынған пішін, бейне түр деген сөз. Жануарлар вирустары өздерінің құрамына сәйкес жай қарапайым(қабықшасыз ) немесе күрделі(қабықшалы ) болып екіге бөлінеді. Жай вирустардың құрамында тек нуклеин қышқылы мен белок ғана болады, ал күрдері вирустардың қосымша қабықшалары бар. Қабықшаның құрамында көмірсулар, липидтер, белоктар болады . Вирустардың қандай түрі болмасын олардың генетикалық материал вирустың тек ортасында ғана болады, ол жерді” нуклеоид” деп атайды. Жоғарғыда айтылғандай вирустардың клеткалардан ерекшелігі -вирустарда нуклеин қышқылының тек бір түрі ғана болады. РНҚ немесе ДНҚ нуклеин қышқылы сыртынан қабықпен қоршалған, ол қабат “ капсид” (латын тілінің capsa-қап, тыс деген сөзінен алынған ) деп аталады. Нуклеин қышқылын сол тысқы қабатымен қосып нуклеокапсид деп атайды. Жай вирустарда нуклеокапсид вирион деген ұғыммен бірдей. Капсидтің өзі капсомерден тұрады. Ал капсомердің өзі белгілі бір құрылымдардан тұрады оны құрылымды бөліктер деп атайды. Олар белоктың химиялық жетілген бір бөлігі. Құрылымды бөліктер белокты суббөліктерден тұрады. Ал белокты суббөлік полипептид тізбектерінен құралады. Капсомер дегеніміз суббөліктерінен тұратын үлкен агрегат. Күрделі вирустардың құрамында нуклеокапсидтке қоса липопротеидтен сыртқы қабықша және бар. Оны”суперкапсид” немесе “пеплос” ( гректің peplos- жапқыш, жамылғыш деген сөзінен ) деп атайды. Вирустардың бірнеше түрлерін электрондық микроскоп арқылы қарап көргенде олардың капсомерлерінң орналасу ерекшеліктері белгілі болды және капсомерлердің симмертиялық жағдай да ғана орыналасатыны анықталды. Осыған байланысты капсид симметриясының мынадай түрлері болады.

Куб тәрізді немесе икосаэдралық симметрия . Бұл симметрияның құрамы 20 қырылы көпбұрышқа ұқсайды, яғни өзара бірдей 20 үшбұрыштан тұрады. Куб тәрізді симметриядан тұратын вирустардың көбінің сыртқы қабықшасы жоқ, мысалы; аденовирустар, паповавирустар, реовирустар, пикорнавирустар,

парвовирустар, иридовирустар жатады.

Симметрияның спиральды немесе бұрама түрі . Мұндай жағдайда белок молекулалары нуклеин қышқылының ұзын бойы оралып спираль сияқты орналасады.

Симметрияның күрделі түрі- поксвиустары, ретровирустар т. б жатады.

Вирустардағы симметрия түрі сол вирусқа ғана тән қасиет. Мысалы; симметрияның куб тәрізді түрі ; аденовирустар да болады. Спираль тәрізді түрі рабдо-, ортомиксовирустарда кездеседі. Вириондардың құрамындағы нуклеин қышқылы мен капсомерлердің өзара байланысы әртүрлі болады. Мысалы; спираль симметриядан тұратын вирустарда ақзат молекуласының әрбір бөлшегі нуклеин қышқылымен байланысады, ал вирустардың икосаэдрдан тұратын симметриясында жағдай басқаша; ақзат молекуласы бөлшектерінің бәрі бірдей нуклеин қышқылы мен байланыса бермейді. Себебі, нуклеин қышқылы вирионның ішінде оралған күйде болғандықтан ақзаттық суббөліктер сол нуклеин қышқылымен жақын келген жерінде ғана байланысады. Жануарлар дүниесі вирустарының вириондарында ақзаттардың саны түрілше. Мысалы; калицивирустарда бір ақзат болса

герпесвирус, поксвирустарда 20-дан 30-ға дейін құрылымдық ақзаттар бар. Вирустар құрамындағы ақзаттар бактерия, өсімдіктер мен жануарлар белоктары сияқты 20 аминқышқылынан тұрады.

Вирустардың химиялық құрамы

Белоктар . Жануарлар дүниесі вирустарының негізгі компоненті- ақзат. Вирион салмағы 50пайыздан 90 пайызға дейін белктан тұрады. Вирус құрамындағы құрылымды ақзаттар: капсид белогы, өзекше белогы, мембрана белогы, супер капсид белогы, және құрылымсыз белоктар( ферменттер болып бөлінеді. Жануарлар дүниесінің вирустар виринында ақзаттар саны түрліше. Вирустар құрамфндағы ақзаттар басқа тіршілік иесіндегі сияқты 20 аминқышқылынан тұрады. Полипептид тізбектеріндегі белок молекуласында 200-300 ге дейін аминқышқылы кездеседі және олардың молекулалық салмағы жоғары болады. Мыс: аусыл вирусының молекулалық салмағы 2-6Д. Аминқышқылдарының пептидтік тізбегінде орналасу жүйесін белок молекуласының «алғашқы құрылымы»деп атайды.

Белоктардың көбінің кеңістікте спираль тәрізді оратылуы екінші реттік құрылым деп аталады. Бұл құрылым, негізінен, спираль оралымдарында орналасқан - CO . . . HN- арасындағы сутектік байланыстар арқылы іске асады. Шиыршықтың бір орамында 3 және 5 аминқышқылдарының қалдықтары болады. Оралымдардың арақашықтықтары 0, 54 нм шамасында .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустардың жіктелу принциптері және олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және кқбею сатылары
Вирустардың жіктелу принциптері жайлы ақпарат
Вирустардың жіктелу принциптері
Вирустар туралы мәлімет
Вирустардың жіктелу принциптері жайлы мәлімет
Вирустар туралы ақпарат
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары туралы ақпарат
Вирустар жайлы
Вирустардың жіктелу принциптері. олардың номенклатурасы. 2.Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Вирустар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz