Эмболия


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Эмболия

Тексерген: Ахметжанов. О. Н

Тобы: ВМ-201

Орындаған: Қоңырбек Б. Б

Семей 2015ж

Жоспар

1. Эмболия ауруына жалпы анықтама?

2. Эмболия ауруының таралуы?

3. Түрлері?

4. Қолданылған әдебиеттер

Эмболия (Еmboloia - ішке тарту) - Қан мен лимфада бірге айналып жүрген, бірақ қалыпты жағдайда кездеспейтін бөлшектердің болуы және олардың тамыр өзегін бітеп тастауы. Бұл аурудың даму себептеріне белгілі бір заттың бөлшектерінің қан ағысымен жылжып келе жатып, бір жерді бітеп қалуы жатады. Осыдан соң қантамыры бітеліп, қан жүрмей қалады және бұл бүкіл қан циркуляциясын бұзады. Бұл ауру қауіптілер қатарына жатады, себебі адам өліп кетуі мүмкін. Қантамырын бітеп қалатын бөлшектерге бекіген жерінен үзілген тромб түгелдей немесе оның кішкентай бөлігі жатуы мүмкін. Сонымен қатар эмболдар (яғни, эмболияны тудыратын бөлшектер) атеромалық бөлшектерден, холестериннің кристалдары мен жілік кемігі бөлшектерінен түзілуі мүмкін. Егер дәрілік заттардың көмегімен қан ұйындыларын еріту мүмкін болмаса, хирургиялық ем қажеттігі туындайды.

Эмболдардың орналасуына байланысты кіші қан айналым эмболиясы, үлкен қанайналым эмболиясы, қақпа венасының эмболиясы деп бөлінеді. Артерия қан тамырларының эмболиясы сол артерияның қанмен қамтамасыз ететін аймағының ишемиясына, кейін инфарктына әкеледі. Веналардың эмболиясы веноздық гиперемияға әкеледі, ісінулер дамиды.

1. атмосфералық ауа мен өкпе ұяшықтарындағы ауаның алмасауы (өкпенің вентилляциясы) ;

2. олардағы ауадан капиллярлардағы қанға оттегінің, көмір қышқыл газының кері бағытта өтуі (газдардың диффузиясы) ;

3. өкпекапиллярлары арқылы қанның айналымы (өкпенің перфузиясы) . Осы үш үрдістің қалыпты арақытынастары арқылы қандағы газ құрамы әдеттегі деңгейде ұсталып тұрады. Сыртқы тыныс жүйесінде қандайда болмасын дерт дамыса, ол осы үрдістерді бұзып, сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігіне әкеледі. Өкпе мен тыныс алу жолдарының қанды оттегімен қанықтыруын және одан СО2 шығуының керекті дәрежесінде қамтамасыз ете алмау жағдайын сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі деп атайды. Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі: өкпедегі ауа алмасуы (вентилляциясы), ондағы қан айналымның (перфузиясы) немесе газдардың өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың мембраналары арқылы диффузиясы бұзылыстарынан болуы мүмкін.

Өкпенің гиповентиляциясы өкпеде ауа алмасуының азаюы. Ол мына жағдайларда пайда болуы мүмкін:

1 . Өкпенің және тыныс жолдарының дерттері (пневмония, пневмосклероз, эмфизема, бронхит ж. б. ) кездерінде;

2 . кеуде қуысының тұтастығы бұзылғанда (жарақат) немесе плевра қуысында сұйық, қан, ауа жиналып қалғанды (гидроторакс, гемоторакс, пневмоторакс) ;

3 . тыныс алуды реттейтін нервтердың жарақаттануы, қабынуы немесе бұл нервтерден серпіндердің миастения, ботулизм, сіреспе т. с. с. дерттер кездерінде, тыныстық еттерге берілмеуі немесе дем алуға қатысатын еттердің қабынуы, дистрофиясы кездерінде;

4 . туа біткен немес жүре пайда болған кеуде қуысының пішіні өзгергенде (сколиоз, кифоз), қабырға аралық нервтердің, өкпе пердесінің қабынулары кездерінде қатты ауыру сезімі өкпенің вентиляциясын төмендетеді.

5 . жұлында өкпе дамуында немесе полиомиелит ауруы кезінде оның мотонейрондарының бүліністерінен тыныс алуға қатысатын еттердің нервтелуі бұзылуынан;

6 . мидағы тыныс алу орталығына дерт туындататын ықпалдардың тікелей тежегіш әсерінен немесе олардың қан тамырларындағы хемо-, барорецепторлардың қоздырылуынан рефлекстік түрде тежелуінен;

Газдардың диффузиясы бұзылыстарының нәтижесінде қанның газдық құрамы өзгереді, гипоксемия, гиперкапния дамиды.

Өкпе перфузиясының бұзылыстары.

Өкпеде қанайналымның (перфузияның) бұзылыстары мына жағдайларда дамуы мүмкін:

1. жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кездерінде;

2. туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек кемістіктерінде (атриовентрикулалық қақпақшалардың тарылуы, жүрекшелердің арасындағы сопақша тесіктің бітпей қалуы, Ботал өзекшесінің т. с. с. ) ;

3. өкпе артериясында қан қатпаларының (тромбылар) құрылуы немесе эмболдар тұрып қалуы;

4. шоқ, коллапс кездерінде қан тамырлары қызметтерінің жетіспеушілігінен өкпеге аз қан келуінен;

Төменгі тыныс жолдарының тарылуы:

1. ұсақ кеңірдекшелер мен бронхиолалардың саңылауларына әртүрлі сұйықтықтардың (құсық, су, ірің, шырыш, транссудат) түсуінен;

2. қабыну кезіндегі ісіну мен гиперемия даму нәтижесінде төменгі тыныс жолдарының шырышты қабықтарының қалыңдауынан;

3. бронхиолалардың тегіс еттерінің әртүрлі аллергендердің және химиялық қоздырғыштардың әсерлерінен жиырылуынан (бронхыспазм) ж. б. жағдайлардан болады. Сырткы тыныс алу жеткіліказдігінде қанның газдык қурамы өзгереді және алқыну пайда болады. Қанның газдык қурамының өзгерістері гипоксемия, гиперкапния және гипокапниямен сипатталады.

а) Гипоксемия деп артериялық қанда оттегінің (02) 90-80 мм с. б. -нан азаюы есептеледі.

б) Гиперкапния деп артериялық қанда С02 улесінің қысымы (рС02) 40-45 мм с. б. -ден жогары болуы есептелед1.

в) Гипокапния - артериялық қанда рС02 темендеуі оның организмнен артык, шыгарылуынан болады.

Қолданылған әдебиеттер

1 . Б, К. Ілиясов. Ветеринариялық хирургия (оқулық) . Алматы. 2008. 400 бет.

2. С. В. Тимофееф. Общая хирургия животных (учебник) . Москва. «Зоомедлит». 2007. 666 стр.

3. Общая ветеринарная хирургия. /А. Д. Белов, М. В. Плахотин, Б. А. Башкиров и др. - М. Агропромиздат, 1990. -592с.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмболия жайлы мәлімет
Перфериялық қанайналымында жиі кездесетін бұзылу формалары
Эндогенді эмболия
Қанның микротамырлардағы ағу ерекшеліктері
Артериялардың жедел бітелу синдромы
Қан ағу
Сұйықтардың беттік керілу
Қан кету
Қан және лимфа айналымының бұзылуы
Қан айналымның бұзылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz