Қазіргі замандағы шертпе дәстүрі



Кеңес дәуірі (1917-1990) қазақ музыка мәдениетіне үлкен серпіліс әкелді. Бұрыңғы күйшілік дәстүрдің ғасырлар бойы еркін дамыған ғұрыптық жолы ендігі жерде басқа соқпаққа түсті. Байырғы күйшілік салт ноталық жүйеге ауыстырылды, барлық күйшілік үрдіске ортақ орындаушылық методика қалыптасты, бұл жағдай домбырашылықтың ноталық сауатын ашқанмен, күй мектептерінің дәстүрлі дамуына едәуір зардабын тигізді. Европалық нота жүйесінің домбыра меңгертуді жеңілдетуден басқа зияны жоқ еді, мәселен қазақы күй өлшемдерінің орыстың халық аспаптары үлгісіне ұқсастырылып, ықшамдалып нотаға түсуіне болды. Материал ретінде қолға бірден Батыс Қазақстандық күйшілік мектеп алынды. Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина күйлері түгелдей өңделіп тартылды. Түпнұсқасынан айырылған күйлердің ноталық жазбалары ендігі жерде тұтас бір оқыту жүйесінің іргетасын қалады. Соның себебінен жалпы домбыра өнері далалық егемендігінен лезде айырылды, әбжіл техника алға шықты. Бұған бірден алаңдаушылық білдірген А.Қ.Жұбанов «Өскен өнер» атты кітабында: «Күйшілердің репертуарындағы жүдеулік, бірін-бірі қайталаушылық бар екеніне байланысты айтылған сын да дұрыс. Шынында да, қазіргі күйшілердің орындаған күйлерінің бәрі шапшаң, бәрі асығыс. Музыка – өмір айнасы дейміз. Өмірде ылғи жүгіріп жүреміз бе?» - деген кейісін жазды. Орыс әндерін домбыраға сала білу шеберліктің шыңына баланды, Қазақ күйлерінің ішінен орысша ырғақтарды туып, оны екі ұлт мәдениетініңтуыстығы етіп көрсету жаппай саяси науқанға айналған замандар да туды. Оқыту бағдары да орыс балалайкасының әдістемесіне біржақты сүйеніп жасалды, қасқасын айтқанда, Қазақ күйді тартудың орнына «ойнайтын» болды (бұл жат сөз оқыту барысынан әлі түспей келеді).
Шертпе күйге келсек, кеңестік өкіметтің идеологиясына берілген өз ұлтымыздан шыққан коммунистер оған үзілді-кесілді тиым салды, құлақ аспағандарды атып отырды, көп күйшілер құсалықтан өлді, жеңіл жазаланғандары айдауға бұйырылды. Мұндай теперішті көрген күйшілер өкіметтен қорқып домбыраларын отқа жақты, арттарына шәкірт қалдыру бақытынан айырылды. Сол себептен шертпе күй мектебі түбегейлі жойылуға айналды. Сол нәубетті өз басынан өткеріп, тағдырдың жазуымен аман қалған ұлы күйші- Әбікен Хасенов (1892-1958). Әбікен шертпенің шетқақпайға ұшырған заманын өз көзімен көрді, Арқаның солқылдаған мырзасының өнері жаңа өкіметке керексіз болған соң, ол театрда актер болып нан табуды қанағат қылды. Соның өзінде өмірінің соңына қарай денсаулығының төмендеуіне қарамастан күйтабақ жазып қалдырды. Атышулы «Қоңыр» бір озі қырық буын қосбасарға татитын алапат күй болды, Әбікен құлдықтың қамытын кигізген кер заманға ішкі наразылығын домбыраның қос ішегіне сиғызды, Алаш үшін жан берген арыстарды жоқтады. Кеңес дәуіріндегі мәдениет саясаты Әбікеңнің күйшілік дарынын елемеді, көзі ашық оқығандардан С.Сейфуллиннен басқа күйіне оң баға берген ешкім болмады. Әр дыбысы шер мен шеменге толы «Қоңырды» өзінен кейін тісі батып тартқан домбырашы болған емес. Әбікен де Дина ана сияқты «күйін байлап кеткен» өнерпаз қатарында қалып отыр.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі замандағы шертпе дәстүрі
Кеңес дәуірі (1917-1990) қазақ музыка мәдениетіне үлкен серпіліс әкелді.
Бұрыңғы күйшілік дәстүрдің ғасырлар бойы еркін дамыған ғұрыптық жолы ендігі
жерде басқа соқпаққа түсті. Байырғы күйшілік салт ноталық жүйеге
ауыстырылды, барлық күйшілік үрдіске ортақ орындаушылық методика
қалыптасты, бұл жағдай домбырашылықтың ноталық сауатын ашқанмен, күй
мектептерінің дәстүрлі дамуына едәуір зардабын тигізді. Европалық нота
жүйесінің домбыра меңгертуді жеңілдетуден басқа зияны жоқ еді, мәселен
қазақы күй өлшемдерінің орыстың халық аспаптары үлгісіне ұқсастырылып,
ықшамдалып нотаға түсуіне болды. Материал ретінде қолға бірден Батыс
Қазақстандық күйшілік мектеп алынды. Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина күйлері
түгелдей өңделіп тартылды. Түпнұсқасынан айырылған күйлердің ноталық
жазбалары ендігі жерде тұтас бір оқыту жүйесінің іргетасын қалады. Соның
себебінен жалпы домбыра өнері далалық егемендігінен лезде айырылды, әбжіл
техника алға шықты. Бұған бірден алаңдаушылық білдірген А.Қ.Жұбанов Өскен
өнер атты кітабында: Күйшілердің репертуарындағы жүдеулік, бірін-бірі
қайталаушылық бар екеніне байланысты айтылған сын да дұрыс. Шынында да,
қазіргі күйшілердің орындаған күйлерінің бәрі шапшаң, бәрі асығыс. Музыка –
өмір айнасы дейміз. Өмірде ылғи жүгіріп жүреміз бе? - деген кейісін жазды.
Орыс әндерін домбыраға сала білу шеберліктің шыңына баланды, Қазақ
күйлерінің ішінен орысша ырғақтарды туып, оны екі ұлт мәдениетініңтуыстығы
етіп көрсету жаппай саяси науқанға айналған замандар да туды. Оқыту бағдары
да орыс балалайкасының әдістемесіне біржақты сүйеніп жасалды, қасқасын
айтқанда, Қазақ күйді тартудың орнына ойнайтын болды (бұл жат сөз оқыту
барысынан әлі түспей келеді).
Шертпе күйге келсек, кеңестік өкіметтің идеологиясына берілген өз
ұлтымыздан шыққан коммунистер оған үзілді-кесілді тиым салды, құлақ
аспағандарды атып отырды, көп күйшілер құсалықтан өлді, жеңіл
жазаланғандары айдауға бұйырылды. Мұндай теперішті көрген күйшілер
өкіметтен қорқып домбыраларын отқа жақты, арттарына шәкірт қалдыру
бақытынан айырылды. Сол себептен шертпе күй мектебі түбегейлі жойылуға
айналды. Сол нәубетті өз басынан өткеріп, тағдырдың жазуымен аман қалған
ұлы күйші- Әбікен Хасенов (1892-1958). Әбікен шертпенің шетқақпайға ұшырған
заманын өз көзімен көрді, Арқаның солқылдаған мырзасының өнері жаңа
өкіметке керексіз болған соң, ол театрда актер болып нан табуды қанағат
қылды. Соның өзінде өмірінің соңына қарай денсаулығының төмендеуіне
қарамастан күйтабақ жазып қалдырды. Атышулы Қоңыр бір озі қырық буын
қосбасарға татитын алапат күй болды, Әбікен құлдықтың қамытын кигізген кер
заманға ішкі наразылығын домбыраның қос ішегіне сиғызды, Алаш үшін жан
берген арыстарды жоқтады. Кеңес дәуіріндегі мәдениет саясаты Әбікеңнің
күйшілік дарынын елемеді, көзі ашық оқығандардан С.Сейфуллиннен басқа
күйіне оң баға берген ешкім болмады. Әр дыбысы шер мен шеменге толы
Қоңырды өзінен кейін тісі батып тартқан домбырашы болған емес. Әбікен де
Дина ана сияқты күйін байлап кеткен өнерпаз қатарында қалып отыр.
Арнайы оқу орындарында оқытылуына шек қойылған шертпе күй ендігі жерде
басқа саладан саңлау тауып халық жүрегіне жол алды. Жаңа дәүірін бастаған
Ұлттық театр, кино саласында музыкалық көркемдеушібояу ретінде шертпе
күйлер сәтті пайдаланылды. Бұған композитор Нұрғиса Тілендиевтің төккен
тері адал. Ол көптеген киноларда (Қыз жібек, Көксерек т.б.) музыкалық
көркемдеуші құрал ретінде халық композиторлары – Тәттімбет, Тоқа, Тіленді
күйлерін өз орындауымен жазды, білікті домбырашы ретінде ескі шертістің бар
көркемдігі мен нақысын сақтады. Өзінің Аққу Арман, Әлқиса күйлері
арқылы күй дәстүрінің сақталуына барынша еңбек етті.
Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) Жетісу күйшілік мектебінің өкілі, солай
бола тұра Арқа мен Қаратау күйлерін асқан ыждаһаттылықпен меңгерген
домбырашы болды. Тоқа күйлерін алғаш рет күйтабаққа жазды(1925-1998) Жетісу
күйшілік мектебінің өкілі, солай бола тұра Арқа мен Қаратау күйлерін асқан
ыждаһаттылықпен меңгерген домбырашы болды. Тоқа күйлерін алғаш рет
күйтабаққа жазды, Сүгір күйлерін оркестрге түсіріп, ел игілігіне
айналдырды. Өзінің ұстазы – Латиф Хамидиге арнаған Баламишка күйі
орындаущылықтың шырқау шыңы болып саналады. Нұрғиса Тілендиевтің өнерде
үзеңгілес болған досы, дарынды сазгер – Кенжебек Күмісбеков (1927-1998) ие
шертпе күйге еңбегі ерен адам. Композитордың Арман күйі Арқаның қоңыр
күйлерінің ізімен шығарылған көркем туынды, күйдің өң бойындағы қобыз
сарыны Дәулет Мықтыбаевтің қобыз шалысын еске түсіреді.
Тәттімбеттің біршама күйлері оркестр репертуарына кірді. Жетісу
күйшілерінің жоғалудың аз ғана алдында тұрған мұралары Отырар сазы
оркестірінің орындауында ел игілігіне айналды. Осыдан кейін Мұрагер,
Сазген, Адырна сияқты жаңадан құрылған фальклорлық ансамбльдер өз
репертуарларына шертпелерді көбірек кіргізе бастады.
Кеңес кезеңінде шертпе күйдің туын желбіреткен таланттардың бірегейі –
Мағауия Хамзин (1927-2000) болды. Дарынды домбырашы Тәттімбет, Тоқа,
Әшімтай, Аққыз күйлерін кең насихаттаумен бірге өз жанынан жаңа күйлер
шығарып отырды. Мағауия күйшіліктің жаңа мектебін салған өнерпаз, ол
домбыра тарту техникасын жетілдірді, шертпе күйдің үніне бұры-соңды
болмаған жаңа тембр бере алды, соның нәтижесінде халықтың марапатына ие
болды. Мағауия күйлерінің дәстүрлі орындау шеңберінен шығып, сахналық-
академиялық сипат алғаны рас. Солай бола тұра, оның күйлері Арқа мектебінің
өркендеуіне қосылған үлкен үлес болды.
Шертпе күй мәдениетінің жарық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күй
Жаңғали ұстаздың еңбегінен дәм татыңыздар!
Қазақ сахнасында ән-аспаптық эстрадалық ансамбль өнерінің даму мәдениеті
Қазақ халқының музыкалық этнографиясының зерттелуі
Рахманқұл Бердібай - фольклор зерттеуші
БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Домбыра туралы аңыз-әңгіме
Ішек қылған, қобызым
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақтың күй өнері және күйшілік мектептері
Пәндер