Жанрлық даму (тарихы, кезеңдері)



І. Кіріспе
1.1 Жанрға түсінік
1.2 Қазақ әдебиетіндегі жанрдың тарихы
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жанрдың дамуындағы ортақ процестер
2.2 Кеңес дәуіріндегі әдебиет жанрының дамуы
ІІІ. Қорытынды
VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес.
Әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос,лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М.Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты.
Жанр туралы түсінік жазба әдебиеттің қалыптасуы, дамуы барысында анықталады. Әдебиет - өнердің үлкен бір саласы болса, яғни, өнердің үлкен бір тармағы деп қарастыруға болады. Қазақ әдебиеті - қазақ өнері мен өмірінің айнасы, шежіресі іспетті. Осы өнер мен өмірдің кескінді сұлбасы қазақ әдебиетінде ежелден көрініс тауып келеді. Десе де, жанрға бөліп, жік-жігімен қарастыру әңгімеміздің басында айтып кеткендей жазба әдебиетпен тікелей байланысты. Қазақтың жазба әдебиеті негізінен ХIX ғасырдың екінші жартысынан бастау алатынын тіл білімі ғалымдары жан-жақты дәлелдеп берді (Т.Қордабаев, Р.Сыздықова, С.Аманжолов және т.б). Демек біздің әдебиетімізде жанр, тек пен түрге ажыратып қарастыру да осы кезеңнен бастау алады.
1. Г.Н.Поспелов «Проблемы литературного стиля» (1970)
2. 2.В.Е.Хализев "Теория литературы" (1999)., 240 стр.
3. См.: Манн Ю.В. Литературоведение//Литературный энциклопедический словарь./Под ред. В.М. Кожевникова и П.А. Николаева. М., 1987.
4. Прозоров В.В. О составляющих современного литературоведения//Филология. Саратов, 1996. С, 28
5. Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсыновтың жеке кітабы

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

МӨЖ №11

Тақырыбы: Жанрлық даму (тарихы, кезеңдері).

Орындаған: МФИ-403 топ магистранты
Ибраева Н.Б.
Тексерген: ф.ғ.к., доцент Ақтанова А.С.

Семей - 2015 оқу жылы
Жоспары:

І. Кіріспе
1.1 Жанрға түсінік
1.2 Қазақ әдебиетіндегі жанрдың тарихы
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жанрдың дамуындағы ортақ процестер
2.2 Кеңес дәуіріндегі әдебиет жанрының дамуы
ІІІ. Қорытынды
VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Жанр (французша genre, латынша generіs -- түр, тек) -- өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы "ән", "күй", "романс", "симфония", т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде "натюрморт", "пейзаж", "портрет" сияқты жанрлар болса, әдебиетте "айтыс", "жыр", "әңгіме", "роман", "эпопея", т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес.
Әдебиеттегі жанр -- әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. "Жанр" сөзі француз тілінде "тек" ұғымын береді, сондықтан да эпос,лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте "кейін шегінуі" мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, "жанрлық жад" (М.Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты.
Жанр туралы түсінік жазба әдебиеттің қалыптасуы, дамуы барысында анықталады. Әдебиет - өнердің үлкен бір саласы болса, яғни, өнердің үлкен бір тармағы деп қарастыруға болады. Қазақ әдебиеті - қазақ өнері мен өмірінің айнасы, шежіресі іспетті. Осы өнер мен өмірдің кескінді сұлбасы қазақ әдебиетінде ежелден көрініс тауып келеді. Десе де, жанрға бөліп, жік-жігімен қарастыру әңгімеміздің басында айтып кеткендей жазба әдебиетпен тікелей байланысты. Қазақтың жазба әдебиеті негізінен ХIX ғасырдың екінші жартысынан бастау алатынын тіл білімі ғалымдары жан-жақты дәлелдеп берді (Т.Қордабаев, Р.Сыздықова, С.Аманжолов және т.б). Демек біздің әдебиетімізде жанр, тек пен түрге ажыратып қарастыру да осы кезеңнен бастау алады.
Әдебиеттіжасайтын ақын, жазушы, драматург, сатирик, публицист, сыншы және т.б атқаратын қызметіне орай әдеби жанр жасайды. Жанр дегеніміздің өзі ішінен тек пен түрге ажыратылады. Яғни түр жиналып тек жасайды, тек бірігіп жанр қалыптастырады. Әдебиеттегі белгілі бір заман ағымына, сол замандағы адамдар психологиясына (образ) қарай әдебиеттанушы ғалымдар тарапынан жанр деп баға беріледі. Бірақ, бұл шартты құбылыс. Дегенмен бұл құбылыс орын алмай жанр қалыптаспайды, әдебиет те алға қадам баспайды. Жанр дегеніміз әдебиеттің өсіп-өркендеуіне, қарыштап дамуына қызмет етеді. Әдебиеттің үш үлкен тегі: поэзия, проза және драма. Осы үш ұғым қай кезеңде де көрініс береді. Әрине сол кезеңнің шығармашылық тұлғаларына байланысты бір жанрдың қарқынды дамып, енді бірінің кенже қалуы ықтимал. Бірақ қашанда халық тұрмысының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап отыратыны сөзсіз. Мысалы, алысқа бармай-ақ өткен ғасырды кезең - кезеңімен бөліп қарастырар болсақ, ХХ ғасырдың басында қазақ прозасы жаңа ізге түсіп, қарқынды дами бастады. "Бақытсыз Жамалдан" бастау алған роман көші "Абай жолына" дейін қарқынын бәсеңдетпеді, ал 50-60-жылдары қазақ әдебиеті сахнасына Мұқағали, Төлеген, Қасым сынды жыр саңлақтарының келуімен поэзияның белең алғаны мәлім. Сол секілді алма-кезек алмасып отыруы заңдылық. Мен ХХ ғасырдың екінші ширегінде поэзия болмады немесе 50-60 жылдары прозалық туындылар дүниеге келмеді деуден аулақпын, тек біреуінің басымдыққа ие болуына байланысты сөз қозғап отырмын. Ал біздің тәуелсіз кезең әдебиетінде поэзияның дәурені жүріп тұрғаны айтпаса да түсінікті.
Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз - ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады. Өйткені "көркем әдебиет оқушының эстетикалық талғамын жетілдіріп қана қоймай, сөзді стильдік өрісіне сай, талғап жұмсауға үйретеді".
Көркем әдебиет стилі дегеніміз - проза, поэзия, драма-тургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі).
XX ғасырдың екінші жартысындағы ақындарды зерделеп қарағанда, Абайға дейінгілер, оның тұстастары, өз зама-нының қайшылығы мен кемшілігін көре білді, бұрынғы елдің елдігін сақтаған әкімшілік жүйе мен салт-дәстүр шайқалып, халық бұрынғы жол-жоралғыны да дұрыс тұтына алмай, капитализм әкелген "жаңалықтарды" да түсіне алмай басынан еткізген еді. Бұл өзгерістер патша үкіметінің отаршылдық саясатының кең келемде жүруімен, елдің ез тәуелсіздігінен айрылуымен байланысты жүргізілгендіктен, Дулат, Шортанбай, Мұрат тәрізді ақындардың халқы, ұлтының болашағы үшін уайым жеуі, халқының өз тәуелсіздігін жоғалтқаны үшін қан жұтуы да түсінікті, өз заманының қайшылығын көрсете отырып, оның болашағын өздері шет жағасын көре алған өткен хандық дәуірмен байланыстыруы да орынды еді.
Ал Ыбырай, Абай болса, өз дәуірінің жарамсыз жақтарын керіп отырса да, боладіақтан үміт күтіп, жалпы өркениетігі елге айналудың қажеітілігін түсініп, қоғамды кері емес, ілгері сүйреуге ниет қылды. Бұл жолдағы олардың сүйенгені - оқу-білім, халықтың кезін ашу, өнерлі елге айналдыру болды. Халықтың көзі ашық, сауатты ұрпақтары көбейсе, қоғам дамуына яғни өркениетті ел қатарына қосылуға талап қылар деп болашақтан күдер үзбеді.
Қазақ әдебиетінде бұрын поэзия, эпос, дастан, поэма, өлең басым болса, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдьщ басында көркем проза пайда болып, дами бастады. Осы кезеңде прозалық туындылар - публицистикалық, философиялық, ғылыми шығармалар, шешендік сөздер, новеллалар, әңгімелер, повестер, тіпті алғашқы роман да туып, оның жанрлық түрлері, формалары, стилі қалыптасып мазмұны байыды.
Қазақ көркем прозасының басы - Ы.Алтынсарин әңгімелері мен Абайдың қара сөздері екенін білеміз. Олар орыстың классикалық әдебиетінен үлгі алып, орыстың ұлы ақын-жазушыларының дәстүрлеріне сүйенеді.
Прозалық шығармалар алғаш көрінгенге дейін керкем әдебиет тілі шынында поэзияда қалыптаса бастады. Кейіннен проза тілінде дами түскен көркем әдебиет тілінің біраз әлементтері ең әуелі әріде - ауыз әдебиеті үлгілерінде, беріде - алғашқы жазба ақындар творчествосында керінді.
Кеңестік саясат үстемдік етіп тұрған кезеңде қазақ әдебиеті тарихын зерттеушілер революцияға дейінгі ақын-жазушылар сөз болғанда, оларды "таптық көзқараспен" демократияшыл және реакцияшыл (керітартпа) деп екіге бөліп тастау үрдісі орын алғаны белгілі. Оларды реакцияшыл (керітартпа) дегенде айтар уәжіміз - олар ез шығармаларында бұрынғы хандық дәуірді аңсады, жаңа прогресті түсінбеді, дінді уағыздады деген сияқты айыптаулар болып келеді. Олар сол тұстағы орыс әкімшілігінің озбырлығын, қазақтың өз ішінен шыққан болыс-билердің сатқындығын көрмей, сынамай тұра алмады, олардан түңілгені де болды, халықтың сенімідінді аяқ-асты етуге де төзе алмады, бірақ дін бұзар молдасымақтарды, надандықты сынап, оқу білімге, енер үйренуге шақырғаны да рас. Олардың мұрасы тілдік жағынан сез болғанда да осы бөлуден әрі аса алмай, "реакцияшыл" ақындардың шығармаларында ортаазиялық түркі әдеби тілі әсері молынан кездеседі, сондықтан оларды "кітап-шыл" ақындар деп бөле қарау орын алғаны жасырын емес. Бұл арада олардың шығармаларының тілдік ерекшелігін бөле-жара сөз етуіміз де сол жағдаймен байланысты, әйтпесе, ол ақын-жазушылар да өз шығармаларында туған халкынын басындағы ауыр халге жаны ауырып, оның болашағына алаңдаушылық танытып, қайтсек соны дұрыс жолға саламыз деп жол іздеу мәселесін кетерді.Поэзиядағы мысал жанрының қалыптасуы мен дамуы.Үстіміздегі ғасырдың шүу деп басталар тұсы мен алға-шқы ширегі халқымыздың рухани емірін, мәдени де әдеби гіршілік тынысын жаңа бір бел-белестерге кетеріп, ірі серпіліс касаған жемісті дәуір болды. Бұлай болуы елшілдік үранын шгеріп, жұртын феодалдық мешеуліктен арылуға, өнер-зілімге, мәдениетке үндеген сол тұстағы қазақ интеллигенциясының шоқ жұлдыздай қауымы еткен әлеуметтік ізгіліктерге байланысты, сонымен өзектес. Осы бір кезеңде ел-кұрттың құлағын елең еткізіп көкейіне қозғау салған, ой-:анасына пәрменді ықпал еткен, зор әдеби жоралғы - Ахмет Байтұрсынұлының Петерборда 1909 жылы "Қырық мысал" деген атпен жарық керген кітабы болды.
Мысалдап сөйлеу, ойын астарлап, бірдемеге меңзеп, тұспалдап айту - қазақтағы шешендік, ділмарлық енердің ежелден келе жатқан кәнігі тәсілі. Мысалдың да мысалы, түр-түрі бар. Ахаң кітабына арқау болған мысал жанры -қазақ үшін мүлдем бейтаныс әдеби жанр еместін. Сан ғасыр бойы атадан балаға мирас боп жалғасқан ауыз әдебиеті нұсқаларына назар аударар болсақ, оның ен бойынан мысал атаулының не алуан үлгілерін кездестірерімізге ешкімнің күдігі де, күмәні де бола қоймас. Хайуанаттар туралы ертегі-қазақ ертегілерінің аса бір қаужамды мол саласы. Өз халқының тұрмыс-тіршілігінің сырын, не бір көзден таса қалтарысына дейін мейлінше терең, жетік білген, халықтың қалың ортасынан қайнап шыққан Ахаң сияқты өте білімдар адам мысал жанрына бекерден-бекер ойыспаған, оған саналы түрде барған. Дәл осы жанрдың қазақтың ұғымнанымына, түсінік-түйсігіне тонның ішкі бауындай жақын жатқанын бұл кісі жіті аңғарып, тұшына ұққан.
Хайуанатты, я болмаса күнделікті тұрмыс-тәжірибеде жиі кездесетін әр түрлі заттар мен бұйымдарды шағын сюжетті көркем шығарманың кейіпкері етіп алып, оларды кәдімгі адамдарша бір-бірімен тілдестіріп сөзге, әңгімеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1930-1950 ж.ж. Қазақстандағы музыкалық–мәдени мұраның ЖОО-да оқу–тәрбие үдерісінде пайдаланылуы
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Толғаудың жанрлық ерекшеліктері
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясы
Қазақ фольклорының тарихы
Тарихи роман поэтикасы
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. Халықаралық әдеби байланыс. Көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ халық прозасын ғалымдардың классификациялауы. Қарапайым прозаның шығу тегі мен жанрлық ерекшеліктері
Пәндер