Лекало


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік технологиялық факультеті

«Тамақ өнімдері және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

БАӨЖ

Тақырыбы: Лекало

Орындаған: Оразбеков С.

Тобы : ТК-321

Тексерген: Бауыржанова А. З.

Семей, 2015 жыл

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімЛекало дайындауЛекало градициясы
  3. Қорытынды

Кіріспе

Киімнің жаңа модельдерін дайындау процесінде олардың сапасына техникалық құжаттама жасау және безендіру үлкен маңызға ие.

Жаңа модельге жасалатын техникалық құжаттама орта өлшемді және бойлы лекало-эталонын, ұсынылатын өлшемдер мен бойға лекало комплектісін, модель түрінің эскизін және сипаттамасын қамтиды.

2. 1. Лекало дайындау

Киім бөлшектері лекалосының сызбасы деп бөлшектердің пішіні мен өлшемін, констукциясын, олардың өңдеуінің техникалық шарттарын және пішілуін анықтайтын техникалық құжатты атаймыз.

Лекало сызбасын құру барысында жалпы техникалық жағдайларда ұсынылған техникалық құжаттама пайдаланылады. Киім бөлшектері лекалосының сызбасын жасауға арналған бастапқы мәліметтер ретінде бұйымның модельдік конструкциясының сызбасы, бұйымды дайындауға ұсынылатын материалдардың қасиеттері және таңдалған технологиялық өңдеу әдістері саналады.

Лекало қолданылуына байланысты түпнұсқа- лекалысына, лекало-эталонға және жұмыстық лекалға бөлінеді.

Түпнұсқа лекалолар бұйымның базистік өлшемінің үлгісіне толық сәйкес келеді.

Лекало-эталондар түпнұсқа-лекалдарынан техникалық көбейту тәсілдері арқылы бірнеше өлшемдер мен бойларға жасалады. Олар бұйымдарды тігуге дайындауға және жұмыстық лекалдарды тексеруге арналған.

Жұмыстық лекалоларды лекало-эталондар бойынша жасайды, олар матаның шығынын анықтау барысында матаға жаймаларын орындауға арналған.

Барлық айтып кеткен лекалолар қолданылуына байланысты негізгі және туынды болып бөлінеді.

Негізгі бөлшектер лекалосының қима үлгісінде негізгі құрастыру сызықтарының орналасуы белгіленеді: бел, кеуде, мықын, жартылай қауысу, сондай-ақ бүкпелер және қалталардың орналасуы және т. б. Қиық сызықтары бойынша жинақтау кертпелерінің орналасу орны белгіленеді. Тігістің мөлшері 40 см-ден артық болған жағдайда жинақтау кертпелері жоғарғы және төменгі қиықтардан 10 см арақашықтықта қойылады. Негізгі бөлшектердің қима үлгілері ішкі контур сызықтарымен қиылады және қиықтарды біріктіру жолымен олардың кездесетіндерін, қиықтар ұзындығындағы кертпелер орналасуының технологиялық өңдеу мөлщерін тексереді. Сызба конструкциясына өзгерістер енгізеді.

Тігін бұйымдарының негізгі бөлшектерінің негізінде жасалатын бөлшектер туынды деп аталады. Оларға келесілер жатады:

  • Негізгі матадан жасалатын- өңірасты, жаға, гульфик, откосок, белдік, қақапақша, әдіптер және т. б.
  • Астарлық матадан жасалатын- алдыңғы бой, артқы бой, жеңнің үстіңгі және астыңғы бөліктері, шалбардың алдыңғы жартысы, қалта қапшықтары және т. б.
  • Қатырмалайтын іштік матадан жасалатын- пиджақтың, жекеттің, пальтоның, жилеттің алдыңғы бойы, иық тұсындағы іштіктің қосымша қабаты, жарманың іштігі, жең ауызы және бұйым етегінің іштігі, қолтық ойындысы мен мойын ойындысының іштігі, жең түбінің іштігі, жағаның іштігі, қапақшаларының іштігі және т. б.

Қосымша лекалолар дегеніміз- бұйымды тігу процесінде қолданылатын лекалолар. Олар сырып тігу, бастыра тігу, қосымша сызықтарын, қалта орналасуын, қиық сызықтары және т. б. белгілеуге арналған. Қосымша лекалолар негізгі лекалдар және туынды бөлшектер негізінде сызық белгілерінің максимальдік дәлдігін сақтау мен пайдалану ыңғайлылығын ескере отырып құрылады. Қосымша лекалоларды дайындауда қатаң шарттар жоқ.

Жұмысқа арналған лекалоларды безендіру барысында оларға мынадай мәліметтер түсіріледі:

  • Лекало атауы;
  • Бұйым атауы;
  • Лекало қолданылуы;
  • Бөлшек атауы және пішуге арналған бөлшектер саны;
  • Бұйым өлшемдері;
  • Негізгі жіп бағыты, одан рұқсат етілетін ауытқулар;
  • Жинақтау кетрпесі;
  • Технологиялық өңдеу.

Негізгі бөлшектердің біріне бөлшектер спецификасы түсіріледі, яғни бөлшек нөмірі және пішудегі, олардың лекалодағы саны көрсетілетін кесте беріледі.

2. 2. Лекало градициясы

Бір өлшемдегі және бойдағы бұйым конструкциясын жасау- жеткілікті еңбекті қажет ететін және ұзақ жасалатын процесс. Осыған орай әдетте, лекало қонструкциясын және комплектісін бір өлшем мен бір бойға жасайды. Басқа өлшеулі және бойлы бөлшектер лекалосын орташа есеппен алынған өлшем және бой лекалосының сызықтарын пропорционалды үлкейту немесе кішірейту жолымен жасайды, яғни лекало градациясының көмегімен алынады.

Градация немесе техникалық көбейту деп белгілі тәртіп бойынша киімдер бөлшектерінің негізгі өлшем-бойын үлкейту немесе кішірейту арқылы киім бөлшектерінің ұсынылатын өлшем мен бой құрастыру сызықтарының ұқсас бейнелер қатарын алу процесін атайды.

Градацияның белгілі үш тәсілі бар:

- топтау тәсілі;

- сәулелі тәсілі;

- пропорционалдық есептік тәсілі.

Бірінші топтау тәсілі бойынша бөлшектер лекалосының екі комплектісі дайындалады және аттас лекалоларды бір немесе екі сызық бойынша қосады. Содан кейін аттас құрастыру нүктелерін тура сызықтармен қосады және алынған кесінділерді аралық өлшемдер санына бөледі.

Сонымен, аралық өлшемдер құрастыру нүктелерін, сондай-ақ өлшемнен өлшемге өсуін алады. Сәйкес келетін нүктелерді қоса отырып аралық өлшемдер лекалоларының контурын алады. Көбінесе осы тәсіл күрделі модельді киім бөлшектерінің лекалоларын градациялау үшін пайдаланылады.

Екінші - сәулелік тәсіл, конструкцияның белгілі бір нүктесінен негізгі құрастыру нүктесін тура сызықтар - сәулелер арқылы өсу қалдырылады және бөлшектің қажетті өлшемінің контурлары сызылады. Көбінесе сәулелі тәсіл бас киімдер бөлшектерінің лекалоларын градациялауда қолданылады, яғни осы тәсіл дқрыс геометриялық пішінге келтіре бөлшектеуге аса дәл келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұйымды дайындаудың технологиялық операцияларының бірізділігі
Лекалоны матаға жаймалау
Тігін тігу технологиялары
Қолданылатын матаға қойылатын талаптар
Әйелдер иық бұйымының базистік торын құрастыру
Стиль және сән
Тігу технологиясы
Сәннің болашақ бағыттары
Модель - аналогтың конструктивті шешімін талдау
Модель аналогтардың техникалық шешімдерін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz