Италиядағы аккредиттеу жөніндегі ұлттық жүйесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ қаласының МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«СТАНДАРТИЗАЦИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ
МӨЖ
Тақырыбы: Италиядағы аккредиттеу жөніндегі ұлттық жүйесі
Орындаған : Турдиева А. М.
Тексерген: т. ғ. к. Толеубекова С. С.
Семей 2015 жыл
Жоспары:
- Италиядағы аккредиттеу жөніндегі ұлттық жүйесі;
- Аккредиттеу жүйесінің құрылымы;
- Аккредиттеу жөніндегі орган;
- Аккредиттеу субъектілері;
- Аккредиттеу саласындағы халықаралық тәжірибелер:
Аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім.
Аккредиттеу принциптері:
1) еріктілік;
2) аккредиттеу рәсімдері, критерийлері туралы ақпаратқа қолжетімділік;
3) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі қызметтің ашықтығы;
4) кемсітушілікке жол бермеу;
5) құзыреттілік;
6) аккредиттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;
7) тәуелсіздік;
8) аккредиттеу жөніндегі қызметті сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметпен қоса атқаруға жол бермеу;
9) аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде халықаралық (өңірлік) ұйымдардың стандарттарын пайдалану басымдығы болып табылады.
Аккредиттеу мақсаттары.
1) өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
2) отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
3) сәйкестікті бағалаудың сапасы мен дәйектілігін арттыру ;
4) саудадағы техникалық кедергілерді жою;
5) отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуына және Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің жұмыс нәтижелерін халықаралық ұйымдардың және шет елдердің тануына жағдайлар туғызу болып табылады.
Аккредиттеу жүйесінің құрылымы.
Аккредиттеу жүйесіне:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) аккредиттеу жөніндегі орган;
4) аккредиттеу субъектілері;
5) аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар, техникалық сарапшылар кіреді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы құзыретіне:
1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) аккредиттеу жөніндегі органды айқындау;
3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) аккредиттеу жөніндегі органды айқындау немесе оны осы мәртебеден айыру жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
3) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
4) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
Аккредиттеу жөніндегі орган
1. Аккредиттеу жөніндегі орган - акциялары не жарғылық капиталындағы үлестері мемлекеттік меншікте болатын акционерлік қоғам не шаруашылық серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға. Акцияларға не жарғылық капиталындағы үлестерге иелік ету және оларды пайдалану құқығын уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Аккредиттеу жөніндегі орган:
1) мыналарға:
аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторларды, техникалық сарапшыларды және басқа да мамандарды аккредиттеу жөніндегі жұмыстарға қатысуға тартуға;
аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдар жұмысына қатысуға;
өлшем құралдарының салыстырма сынақтарын және оларды салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруды ұйымдастыруға;
инспекциялық тексеру жүргізуге құқылы;
2) мыналарға:
аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестатына қосымшалардың, аккредиттеу белгісінің нысандарын белгілеуге;
аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;
аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде белгілі болған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің жария болуына жол бермеуге;
аккредиттеу субъектілерінің тізілімін жүргізуге;
интернет-ресурсты жүргізуге, онда аккредиттеу субъектілерінің тізілімін ресми жариялауға және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді орналастыруға;
аккредиттеу субъектілерінің шағымдарын қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға;
аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған немесе аккредиттеуден кейінгі шарт тоқтатылған жағдайда бұл туралы уәкілетті органға үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарлауға;
аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын жаңарту туралы өтінімдерді қарауға;
аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға, қайтаруға және осы Заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен аккредиттеу аттестатын жою туралы өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті.
3. Аккредиттеу материалдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін аккредиттеу жөніндегі орган басшысы аккредиттеу материалдарын қарау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
Комиссияның сандық құрамы тақ болуға, үш адамнан кем болмауға және кемінде аккредиттеу жөніндегі бір сарапшы-аудиторды қамтуға тиіс.
Аккредиттеу субъектілері
1. Аккредиттеу субъектілеріне:
сәйкестікті растау жөніндегі органдар;
сынақ, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары (орталықтары) ;
өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады.
2. Аккредиттеу субъектілерінің сәйкестікті бағалау нәтижелері Қазақстан Республикасының барлық аумағында танылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар, олардың филиалдары мен өкілдіктері олардың қызмет нәтижелерін тану үшін осы Заңға сәйкес аккредиттеуге жатады.
4. Аккредиттеу субъектілері:
1) аккредиттеу белгісін пайдалануға;
2) аккредиттеу жөніндегі органға аккредиттеу саласын кеңейту немесе қысқарту туралы, аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, қайтару және аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтату туралы өтінішпен жүгінуге;
3) аккредиттеу жөніндегі органға оның қызметкерлерінің іс-қимылына шағымдануға;
4) аккредиттеу мәселелері бойынша даулар туындаған кезде сотқа жүгінуге құқылы.
5. Аккредиттеу субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын және оларға өздерінің сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға;
2) аккредиттеу саласы шегінде жұмыстарды жүзеге асыруға;
3) аккредиттеу саласы шегінде аккредиттеу аттестатына сілтеме жасауға;
4) бекітілген аккредиттеу саласындағы қызметінің тоқтатылғаны немесе алдағы уақытта таратылатыны туралы аккредиттеу жөніндегі органға хабарлауға;
5) анықталған аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді аккредиттеу жөніндегі органның шешімімен белгіленген мерзім ішінде жоюға;
6) инспекциялық тексеруді жүзеге асыратын адамдардың үй-жайға, жабдыққа, ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге және оларға өзге де қажетті көмек көрсетуге;
7) өлшем құралдарының салыстырмалы сынақтарына және оларды салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруға қатысуға;
8) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған не ол кері қайтарып алынған жағдайда аккредиттеу аттестатын осы Заңда белгіленген мерзімде қайтаруға;
9) аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған, оның қолданысы тоқтатылған, аккредиттеу аттестаты жойылған, тоқтатыла тұрған не одан айырылған жағдайда аккредиттеуге сілтеме жасауды тоқтатуға міндетті.
Сәйкестікті растау жөніндегі органдар
1. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз болуға тиіс.
2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың филиалдары заңды тұлғаның өтінімі бойынша осы Заңға сәйкес аккредиттеледі.
Сәйкестікті растау жөніндегі органдар филиалдарының аккредиттеу саласы бөлек бекітіледі.
3. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың сәйкестікті бағалау процесінің әділдігіне және объективтілігіне әсер ететін консультациялық қызмет көрсетуге құқығы жоқ.
Аккредиттеу аттестатын беру рәсімдері.
Аккредиттеу аттестаты
1. Аккредиттеу жөніндегі орган берген аккредиттеу аттестаттары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және олардың қолданылу мерзімі бес жыл.
2. Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аккредиттеу туралы шешімді қабылдаған кезден бастап есептеледі және оған аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған уақыт кезеңі енгізіледі.
3. Аккредиттеу жөніндегі орган бекіткен және аккредиттеу саласын белгілейтін құжат аккредиттеу аттестатына міндетті қосымша болып табылады.
4. Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелуге тиіс.
5. Аккредиттеу аттестатында:
1) аккредиттеу субъектісінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері;
2) аккредиттеу субъектісінің оған сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжат;
3) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі;
4) аккредиттеу аттестатының аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелген күні;
5) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі;
6) аккредиттеу аттестаты қосымшасының парақ саны көрсетіледі.
6. Аккредиттеу аттестатының бланкілері қатаң есептілік құжат болып табылады, олардың қорғанышы мен нөмірі болады.
7. Аккредиттеу аттестаты жалғыз дана етіп беріледі, аккредиттеу аттестатын басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады.
8. Жоғалған, бүлінген аккредиттеу аттестаттары, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалар аккредиттеу субъектісі аккредиттеу жөніндегі органға жазбаша өтініш (аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестатына қосымшалардың жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады. Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының телнұсқасын, аккредиттеу аттестатының қосымшаларын беруді жүргізеді.
Аккредиттеу аттестатын беру рәсімдері мынадай кезеңдер арқылы жүргізіледі:
1. Аккредиттеу мынадай негізгі:
1) өтінімді және ұсынылған құжаттарды қабылдау, қарау;
2) аккредиттеу алдындағы шартты жасасу;
3) ұсынылған құжаттарды сараптау;
4) өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру;
5) аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
6) аккредиттеуден кейінгі шартты жасасу, аккредиттеу саласын бекіту және аккредиттеу аттестатын беру не аккредиттеу алдындағы шартты тоқтату кезеңдерін қамтиды.
Аккредиттеу критерийлері.
АККРЕДИТТЕУ - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзіретін ресми танитын рәсім. Аккредиттеу критерийлері. Өтініш берушілер және аккредиттеу субъектілері мынадай критерийлерге сай келуі тиіс: 1) заңды тұлға не заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі мәртебесінің болуы; 2) мәлімденген аккредиттеу саласындағы сәйкестікті бағалау жөнінде жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін білікті персоналдың болуы; 3) сәйкестікті бағалау жөнінде жұмыстарды орындауға қажетті меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығында немесе уақытша иелігінде және пайдалануында үй-жайдың, жабдықтың және материалдық ресурстардың болуы; 4) Оларға өздерінің сәйкестігі аккредиттелетін (аккредиттелген) нормативтік құжаттардың талаптарына сай келуі. Осы заңда нормативтік құжаттар деп стандарттау жөніндегі және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар түсініледі.
Аккредиттеу саласындағы халықаралық тәжірибелер.
Шет мемлекеттерде аккредиттеу бойынша жұмыстар келесідей деңгейлерде жүргізіледі: ұлттық, аймақтық және халықаралық. Аккредиттеу бойынша халықаралық ұйымдар: 1) ILAK; 2) МЭКСЭ; 3) МЭК, ЕЭК; 4) ООН МОЗМ. ILAK - лабораторияларда аккредиттеу саласындағы халықаралық ұйым 1986 жылы ашылған. 1996 жылы - нақты дамыған құрылымы аяқталды. Меморандум қабылдаған барлық мемлекеттер құрамына кіретін 44 елді саудадағы мәселелермен сәйкестендіріп ДСҰ - ға кіргізу үшін құрылды. 2003 жылы заңды түрде танылды. Мақсаты - аккредиттеу зертханаларының процедуралары мен тәжірибелерін өңдеу. Басқа мемлекеттермен келісімі: 1) Ұлттық аккредиттеу жүйелерін өзара тану. 2) Жүргізілген тәжірибе нәтижелерін өзара тану ( мемлекеттік деңгейде) . 3) Халықаралық сертификаттау жүйесіне қатысу ( үкіметтік емес ұйымдар - МЭКСЭ. 4) Өзара түсінушілік жөніндегі меморандум. Аккредиттеу зертхана нәтижелерінің шешімдерін өзара тану, оларды гармонизациялау жөнінде жұмыс істейді. Осы бағытта ИЛАК келесідей ұйымдармен тығыз байланыста: ИСО, МЭК, ЕЭК, ООН, МОЗМ. IAF ( Аккредиттеу бойынша халықаралық форум) - аккредиттеу және сәйкестікті бағалау облысы, сонымен қатар менеджмент жүйесі, өнім, қызмет, персонал жөніндегі халықаралық ұйым. Негізгі міндеттері: 1) бүкіләлемдік сәйкестікті бағалау жүйесін дамыту, кәсіп үшін тәуекелділікті азайту. 2) Ішара ұйым мүшелерінің көпжақты келісімдерді мойындау, оның мақсаты- өзара сертификаттарды тануды қаматамасыз ету.
Аккредиттеу бойынша эксперттық орталықтар.
Эксперт-аудитор жоғары білімі бар, сол салада аккредиттеу, аттестаттау, сәйкестікті бағалау, экономика салаларында тәжірибелері бар мамандар. Эксперт- аудиторлар жұмысы мемлекеттік ұйым МемСТ бағыты бойынша жүргізіледі:
1) сапа жүйесін немесе өндірісті сертификаттау;
2) өнімді сертификаттау;
3) қызметті сертификаттау;
4) сертификаттау мен тәжірибелік лабораторияды аккредиттеуден өткізу. Эксперт аудитор білуі және қолданылуы тиіс:
1) ҚР ның заңының негізін білу;
2) Стандарттау, сертификаттау ережелерін және басқа да нормативті құжаттарды білуі керек;
3) Өнім сапасын бағалау принциптерін, әдістерін игеру;
4) Тексеруді ұйымдастыру;
5) Этика мен психология негізін білуі тиіс;
6) Сертификация саласында халықаралық жұмыстарды білуі тиіс.
7) Практикалық әрекеттердің экономикалық бағыттарын білу;
8) ҚР ГОСТ стандарт коммитеттерінің, ЕО инструкцияларын білуі тиіс;
9) Аудиторларды білімі үлкен, логикалық, аналитикалық ойлары бар, қабілеті бар төзімді, объективті талдайтын жеке қасиеттері болуы тиіс.
Аккредиттеу және сәйкестікті бекіту нәтижелерін өзара тану.
Сəйкестікті бекіту дайындаушының өнімнің белгіленген талаптарға сəйкестігін анықтайтын дəлелдер келтіруі. Осындай сəйкестікті бірінші, екінші жəне үшінші жақтар өткізуі мүмкін. «Бірінші жақ» - дайындаушыз өнімін өзі бағалауы мүмкін. «Екінші жақ» - тұтынушы өнімді өзі бағалайды. «Үшінші жақ» - дайындаушы мен тұтынушыға тəуелді емес үйым. Халықаралық практикада сəйкестікті бағалауда үшінші жақтың нəтижелері сенімді деп саналады. Сертификаттау жүйесі аккредиттеумен өте тығыз байланысты. Сертификаттау халықаралық сауданы жақсартуға көмектеседі. Сертификаттаумен айналысатын халықаралық ұйымдар: Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО), немесе сәйкестікті бағалау комитеті ИСО/КАСКО, Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК) және бұл ұйыммен тығыз жұмыс істейтін Электр қондырғыларының Халықаралық сертификаттау комиссиясы (СЕЕ) ; Сауда мен тариф бойынша Бас келісім (ГАТТ) ; Бүкіл әлемдік сауда ұйымы (ВТО) ; Еуропалық экономикалық комиссия БҰҰ (ЕЭК ООН) ; Халықаралық сауда орталығы (МТЦ) ; БҰҰ - ның сауда және даму Конференциясы (ЮНКТАД) ; Тәжірибелік лабораторияларды аккредитациядан өткізудің Халықаралық конференциясы (ИЛАК) және т. б. ИСО өзінің жобаларымен сертификация процедураларының үндестігін қамтамасыз етуге себебін тигізу мен қатар әртүрлі ұлттық заңдардың нәтижелерін өзара тануға септігін тигізеді. ИСО сертификациясы жоқ елдерге сертификаттау жүйелерін және методикалық көмек көрсетеді. Сертификаттау саласында ИСО өзара ынтымақтасады МЭК ұйымымен. Сертификациялау саласындағы негізгі басшылыққа алынатын стандарттарда ИСО/МЭК - 28 «Өнімді сертификаттау жүйелерінің жалпы типтік ережелерін үшінші жақтың бағалауы», ұлттық сертификаттау жүйелерін құрудың рәсімі. ИСО өзара МЭК ұйымымен бірігіп сертификаттау саласында бірқатар құжаттар жасалынды: ИСО/МЭК - 2 «Жалпы терминдер мен стандарттау және ұқсас әрекеттер түрлерінің салаларындағы анықтамалар», басшылық ИСО/МЭК - 7 «Өнімдерді сертификаттаудағы қолданылатын стандартқа қойылатын талаптар», басшылық ИСО/МЭК - 16 «Белгілі стандарттарға сәйкес үшінші жақтың сертификаттау жүйелерінің ережелер жиынтығы», басшылық ИСО/МЭК - 22 «Стандартқа немесе техникалық жағдайларға байланысты дайындаушының берген ақпараты» және басқа басшылық (барлығы 20) . Тәжірибелік лабораторияларды аккредациялау Халықаралық конференцияның берісі бойынша (ИЛАК) ИСО/МЭК басшылығы жасалған 43 «Лабораторияларды квалификациялық тәжірибеден өткізілуі», негізгі құжат ретінде барлық мемлекеттер қолданады, тәжірибелік лабораториялардың жұмыс деңгейін бағалау; техникалық қабілеттілік; қолданылатын тәжірибе әдістерінің құндылығын бағалау. МЭК ұйымы ИСО - ға қарағанда халықаралық сертификаттау жүйелерін және қауіпсіздік стандартын жасайды. МЭК - тің құрамында (МЭКСЭ) электр қондырғыларын сертификаттау немесе қауіпсіздік стандартына сәйкестігін анықтайтын ұйым. МЭК - тің құрамында электрондық техникаларды сертификаттау жүйелері құрылды.
Аккредиттеу кезіндегі өткізілетін сертификациялық тәжірибелер. Тәжірибенің мақсаты шама мәнін берілген режимде және әрекет етуші факторларға сәйкес анықтау. Тәжірибе сапасы кезінде тәжірибе режимі және әрекет етуші факторлар сәйкес болу керек. Тәжірибе түрлері: стекеттік; полигондық; нақты; модельдік, қалыпты, үдерлі; қысқартылған; бұзбайтын; бұзатын болып бөлінеді. Кез келген объектінің сипатына сәйкес тәжірибе түрлері: функционалдық; сенімділік; беріктілік; орнықтылық; қауіпсіздік; тасымалдау қабілеттілігі; шектік; технологиялық болады. Анықтама тәжірибелер бес топқа б. ді:1) Сенімділік көрсеткіштерін бағалау арқылы көз жеткізіледі. 2) Ұйымның тәжірибе жүргізу жоспары. 3) Тәжірибе жүргізудің жұмыстық жағдайы. 4) Алғашқы ақпараттардың сипатына байланысты. 5) Тәжірибе нәтижелерін алу әдісі бойынша. Сенімділік көрсеткіштерін бағалау арқылы көз жеткізуге орташа мәндер және сенімділік интервалы жатады. Ұйымның тәжірибе жүргізу жоспарының бес түрі бар:NUN, NUT, NUr, NRT, NRr. NUN - сынақтан өтетін өнімдер ішінен істен шыққан өнім. NUT - уақыт аралығындағы өнімдер ауыстырылмайды. NUr - істен шыққанға дейін жұмыс істейді(одноразовый) . NRT, NRr - істен шыққан өнімдерді алмастыру арқылы сынақ өтіледі. Тәжірибе жүргізудің жұмыстық жағдайы екіге б. ді:қалыпты жағдайда және жеделдету(ускорение) жағдайында. Алғашқы ақпараттардың сипатына байланысты үшке б. ді:тікелей; жанама; ақпараттарды жинақтау. Тәжірибе нәтижелерін алу әдісі бойынша екіге б. ді:эксперименталдық-статистикалық; есептеу-эксперименталдық.
Аккредиттеу субъектілері. 1. Ак. у субъектілеріне:сәйкестікті растау жөніндегі органдар; сынақ, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары(орталықтары) өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады. 2. Ак. у субъектілерінің сәйкестікті бағалау нәтижелері ҚР. ң барлық аумағында танылады. 3. ҚР. ң аумағында сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар, олардың филиалдары мен өкілдіктері олардың қызмет нәтижелерін тану үшін осы Заңға сәйкес аккрдиттеуге жатады. 4. Ак. у субъектілері:1) ак. у белгісін пайдалануға; 2) ак. у жөніндегі органға ак. у саласын кеңейту немесе қысқарту туралы, ак. у аттестатын кері қайтарып алу, қайтару және ак. у аттестатының қолданысын тоқтату туралы өтінішпен жүгінуге; 3) ак. у жөніндегі органға оның қызметкерлерінің іс қимылына шағымдануға; 4) ак. у мәселелері бойынша даулар туындаған кезде сотқа жүгінуге құқылы. 5. Ак. у субъектілері:1) ҚР. ң заңнамасын және оларға өздерінің сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға; 2) аккредиттеу саласы шегінде жұмыстарды жүзеге асыруға; 3) ак. у саласы шегінде ак. у аттестатына сілтеме жасауға; 4) бекітілген ак. у саласындағы қызметінің тоқтатылғаны неиесе алдағы уақытта таралатыны туралы ак. у жөніндегі органға хабарлауға; 5) анықталған ак. у критерийлеріне сәйкессіздіктерді ак. у жөніндегі органның шешімімен белгіленген мерзім ішінде жоюға; 6) инспекциялық тексеруді жүзеге асыратын адамдардың үй жайға, жабдыққа, ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге және оларға өзге де қажетті көмек көрсетуге; 7) өлшем құралдарының салыстырмалы сынақтарына және оларды салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салыстыруға қатысуға; 8) ак. у аттестатының қолданысы тоқтатылған не ол кері қайтарып алынған жағдайда ак. у аттестатын осы Заңда белгіленген мерзімде қайтаруға; 9) ак. у аттестаты кері қайтарып алынған, оның қолданысы тоқтатылған, ак. у аттестаты жойылған, тоқтатыла тұрған не одан айырылған жағдайда ак. уге сілтеме жасауды тоқтатуға міндетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz