ҚР – сы демографиясы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР :

  1. ҚР - сы демографиясының қазіргі ахуалы
  2. Демографиялық реттеу және жоспарлау процестерінің қажеттігі
  3. Пайдаланылған әдебиеттер
  1. ҚР - сы демографиясының қазіргі ахуалы

Қазақстан Республикасының соңғы жылдардағы тұрақты экономикалық даму қарқыны көңілді көншіткенімен, халықтың саны мен денсаулығы, туу мөлшері, табиғи өсуі және өлім мөлшері, әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерінің қамсыздандырылу деңгейі сияқты көрсеткіштері әліде өте нашар деңгейде. Жалпы Қазақстан Республикасы - көп ұлтты мемлекет. Әрбір халықтың өмір салты, әдет-ғұрпы мен дәстүрі, еңбек дағдысы жөнінен өз ерекшелігі бар. Адамдар қатынасының маңызды құралы - оның тілі. Елімізде мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Егеменді еліміз Қазақстан - біртұтас мемлекет. Оның аумағы 2 млн. 724 мың км ². Мемлекет Еуразия материгінің орталық бөлігінде және әлемнің екі бөлігінде: аз бөлігі Еуропа, ал көп бөлігі Азияда орналасқан. Қазіргі таңда Қазақстан құрамында 14 облыс, Респуликалық бағыныстағы 2 қала (Астана мен Алматы қалалары), 159 аудан, 84 қала, 193 қала үлгісіндегі кент бар. Селолық жерлердегі селолар мен ауылдар саны 8 мыңға жуық. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болуына орай демография ғылымына жүктелетін жауапкершілік күрт өсті. Біріншіден оның алдына дербес даму жолына түскен елдің шын мәніндегі демографиялық ахуалын анықтау қажеттігі көлденең тартылды [. Еліміздегі демографиялық жағдайға халықтың ұдайы өсіп - өнуі, ұрпақтың алмасуы, халықтың өсу қарқыны және сипаты, өсім және өлімнің деңгейі, жыныстық, жастық, жанұя құрылымы, т. б. тәрізді демографиялық процестер ықпал етеді (1 суретке сәйкес) . Олар территорияның басқада қоғамдық процестерінің дамуымен тығыз байланысты. Территорияның әлеуметтік - экономикалық дамуында демографиялық процестер басты роль атқарады. Сондықтан, белгілі бір территорияның халқын экономикалық - географиялық тұрғыда зерттегенде демографиялық көрсеткіштерді қолдануға тура келеді. Яғни, халық санын, халықтың өсуін, жастық - жыныстық құрылымын, географиялық орналасуын, тығыздығын, қала мен ауыл халқының ара қатынасын, аймақтық ерекшеліктерін білудің маңызы зор. Халық саны 1999 жылғы дерек бойынша - 14 млн 953 мың 126 адам. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының халқының саны 17 млн. адамға жетті. Яғни, халық саны жөнінен ТМД бойынша Ресей, Украйна, Өзбекстаннан кейінгі төртінші орынды, ал дүние жүзінде елуінші орынды иеленеді. Сонда, соңғы он жылдықта Қазақстан халқы небәрі 1 млн 647 мың 11 адамға ғана өскен. Халықтың санының бұлай аз өсуіне туудың төмендеуі, өлім-жетімнің көбеюі, қоныс аудару процесінің артуы әсер етуде

2011 жылдың 1 қаңтарына еліміздегі халық саны ағымдағы деректер бойынша 16, 4 млн. адамды құрады. 2010 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда ол 1, 5%-ға өсті. Халық санының ең жоғары өсімі Оңтүстік Қазақстан облысында (52686 адамға), Астана (47737) және Алматы (35457 адамға) қалаларында, ал оның азаюы - Солтүстік Қазақстан облысында (минус 3605 адамға) байқалды. Республиканың Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе және Атырау облыстарында Астана және Алматы қалаларында халық саны көші-қон және табиғи өсім есебінен, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында - тек табиғи өсім есебінен көбейген. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, және Шығыс Қазақстан облыстарында халық саны осы өңірлердегі көші-қон кемуінің орнын толтыра алмаған төмен табиғи өсім салдарынан азайған. 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда 188, 4 мың ұлдар және 177, 8 қыздар дүниеге келген немесе 100 қызға 106 ұлдан келеді. 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда ұлдар 1, 8%, қыздар - 2, 4% артық туылған. Осы кезең ішінде 80, 7 мың еркек және 65, 2 мың әйел өлген, немесе 1000 әйелге 1238 еркек келеді. 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда еркек 1, 8%, әйел - 1, 3% артық өлген.

Халық өлімінің негізгі себептері арасында айтарлықтай үлес салмақты қан айналымы жүйесі аурулары алады, олардың үлесіне барлық тіркелген өлім оқиғаларының 45, 1%-ы (46, 5%) тиесілі. Жазатайым оқиғалардан, улану мен жарақаттанудан өлгендер саны 17, 8 мың (17, 5 мың), олардын ішінде өлтіруден 1, 5 мың (1, 6 мың), өзін-өзі өлтіруден тиісінше 3, 6 мың (3, 9 мың) және жол-көлік оқиғаларынан өлгендер 3, 4 мың (3, 3 мың) адамды құрады. 2012 жылы Республикада 1 жасқа дейінгі 6056 (6594) бала өлімі тіркелген, олардын ішінде өлген ұлдардың саны 3483 (3757) және қыздар - 2573 (2837) құрады. Нәресте өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 16, 6 (18, 4) өлімді құрады. Нәрестелер өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар болып табылады, 2010 жылдың қаңтар-желтоқсанда 3603 (4028) нәресте өлген немесе барлық нәрестелер өлімінің 59, 5% (61, 1%) . Жалпы абсолюттік өсім дегеніміз - берілген деңгей біріншісімен (базисті өсім) немесе алдыңғы деңгеймен салыстырғанда қанша бірлікке өзгергенін көрсетеді, яғни соңғы жылғы халық санымен өткен жылғы халық санының айырымына тең. Негізінен халықтың өсу қарқындылығын салыстырмалы өсімнен байқауға болады (кесте 2) . 2012 жылғы 1 ақпанда еліміздегі халық саны ағымдағы деректер бойынша 16698, 1 мың адамды құрады, соның ішінде қалада - 9128, 3 мың (54, 7%), ауылда - 7569, 8 мың адам (45, 3%) . Жылдың басымен салыстырғанда жалпы ел бойынша халық саны 23, 2 мың адамға немесе 0, 1%-ға көбейді.


2. Демографиялық реттеу және жоспарлау процестерінің қажеттігі

Кез-келген мемлекеттің даму деңгейін анықтауда сол мемлекеттің табиғи байлықтары, жер асты ресурстары, ауылшаруашылығына жарамды жер алқабының көлемі сияқты негізгі экономикалық көрсеткіштерімен қатар халқының саны мен өндірістік қабілеті, білім деңгейі мен денсаулығы да есепке алынады. Германия, Жапония, Корея сияқты дамыған мемлекеттерге қарағанымызда адам ресурстарының табиғат ресурстарынан маңыздырақ екені аңғ Демографиялық болжаудың қажеттілігі болжаулардың міндеттері мен

Демографиялық болжаудың қажеттілігі болжаулардың міндеттері мен жалпы әлеуметтік - экономикалық процестерді жоспарлаумен тығыз байланысты. Әлеуметтік және экономикалық процестерді жоспарлау үшін халықтың келешектегі құрамы, ең алдымен, жасы және жынысы бойынша болжаудың шешуші маңызы бар.

Демографиялық болжамның маңызы төмендегідей:

  • халықтың санын және экономикалық белсенді халықтың санын, еңбек нарығының қалыптасуының келешегін, өңірлік бөліністе жұмыс күшінің жетіспеушілігін (артықшылығын) анықтауға, осы процестерді, соның ішінде көші-қонды реттеу арқылы да басқаруға мүмкіндік береді;
  • әлеуметтік және экономикалық даму жоспарларын, жобаларын, бағдарламаларын аумақтық бөліністе (республика, аймақтар, облыстар, қалалар, ауылдық аудандар бойынша) түзетуге мүмкіндік береді;
  • ауылдық аудандардан бастап, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар және бүкіл елдің демографиялық ахуалының даму болашағын бағалау үшін ғылыми тұрғыдан растауды ұсынады;
  • демографиялық және әлеуметтік саясатты дайындау және оны іске асыру шараларының сипатын анықтау үшін ғылыми тұрғыдан негіз береді;
  • елдер, континенттер және жер шарындағы болашақтағы әртүрлі сипаттамасы бойынша халық саны мен оның құрылымы динамикасының мәліметтерін анықтау үшін қайнар көз болып табылады;
  • әртүрлі сипаттамасы бойынша халықтың сапасы және оныңболашақтағы өзгеруі бағыттарынын бағалауға негіз болады. арылады.

Қазақстанда халық санын болжау үшін пайдаланатын дереккөздер

болып:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай халқының демографиялық мәселелерін анықтап, қазіргі экономикаға әсерін айқындау
Демографиялық проблемалар
Батыс Қазақстан облысының демографиялық жағдайы
Халықты зерттеудің негізгі теориялық тәсілдері
Республикадағы,әлеуметтік,демографиялық және этнодемографиялық ахуал
ОТАН ДЕМОГРАФИЯСЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТАЛДАУ МЕН СИПАТТАМАСЫ
Әлеуметтік және демографиялық статистика
«Қазақстанның демографиялық жағдайының математикалық моделі»
Эстония
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz