Ғали Ормановтың табиғат туралы өлеңдеріне әдеби талдау


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

№4 СОБӨЖ

Тақырыбы: Ғали Ормановтың табиғат туралы өлеңдеріне әдеби талдау

Орындаған: Мусабекова А. С.

Тобы : КЯ-409с

Пән: 1940-1960 жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы

Тексерген: А. О. Тоқсамбаева

Семей, 2015 жыл

Ғали Ормановтың табиғат туралы өлеңдеріне әдеби талдау

Ғали Орманов - қазақ кеңес оқушыларына етене таныс ерте есейген ақындардың бірі. Оның өлеңдері көбінесе қысқа - қысқа лирика болып келеді. Сезімге құрылады. Ғалида оқиға - желістік өлеңдер басым. Поэзияның бір міндеті - оқушының құлақ күйі, көңіл сазы боп, жүрегін әлдилеп, жанын толқыту, рухани нәр, шабыт беру екені мәлім. Бірақ, соның әртүрлі жолдары, әртүрлі тәсілдері бар. Ол ақынның өзіндік дарынына, ерекшелігіне, табиғатына байланысты. Үлкен әлеуметтік пафостың ақыны мен лирик ақынның стилі бірдей бола бермейді. Бұдан, әрине лирик ақынның қоғамның мәдени өмірінде алатын орны, атқаратын қызметі пафостың ақынынан кем деген мағына тумайды. «Пафостың ақыны» деген сөздің өзін де шартты түрде түсіну керек болады. Өйткені лирикасыз пафос жоқ та, пафоссыз лирика жоқ. Бұлардың қарым - қатынасы - өз алдына бір мәселе. «Лирика дегеніміз, - дейді Белинский, - поэзия атаулының жаны». Ендеше, Ғали Ормановтың өлеңін талқыға салғанда, қай уақытты да сол лирикаға қойылатын озық талаптардың тұрғысынан қарауымыз керек. Ғали жырларында ерекше танылатын бір сала - оның табиғат туралы өлеңдері. Өзі Жоңғар Алатауының табиғаты әсем өлкесінде дүниеге келген ақынның бүкіл өмірі Жетісудың бай суретінің көлеңкесінде өтті. Ол аралап көрген, сүйсінген Баян, Қарқаралы, Көкшетау, Өскемен өлкесінің көркі де көз тартарлық еді. Сондықтан Ғали жанымен, тәнімен, бар ақындық болмысымен табиғаттың бұлбұл жыршысы болып, оның суреттерін үлкен азаматтық әуенмен түйістіре білді. Ақын жырларын оқығанда табиғат суреттері бар қалпымен көз алдыңа тұра қалады. Оның байқағыштығына, ұсақ бөлшекке дейін жіті көріп, суретке айналдыра білетініне таңғаласың. Жымдасып, таспаша өрлеп, әдемі өлеңге айналып, сезіміңді қытықтайды.

«Қараймын да асығам» өлеңінде ақынның ерте кезде жаман тайға мініп, ауылынан қалаға оқуға келе жатқан бір кезеңі суреттеледі.

Тепкішегім //тепеңдеп, // а
Жеті күндей // жол тарттым. // б
Әттең қашан // жетем деп, // а
Алматыға //құмарттым . . . // б

Сараң басып // сар тайым, // а
Сабылды бой// алдырып, // б
Жол бойында //жантайып, // а
Жаттым талай // шалдырып. // б

Сағыныштай //сарғайып, // а
Сары белден // таң атты, // б
Сахарада //шалқайып, // а
Сарғая бір // жол жатты. // б

Көкжиекке //қосылған, // а
Қара жолдың //ұшына. // б
Қарай, қарай //асығам, // а
Қанатым жоқ //ұшуға. // б

Қанша күндер //жол жүрсек, // а
Қажытпады //ол бірақ; // б
Қарсы алдымнан //келешек, // а
Қара үзбеді //қол бұлғап. // б

7-8 буын, 2 бунақ, 20 тармақ, 5 шумақ, шалыс ұйқас.
Аллитерация:
Сараң басып сар тайым . . .
Эпитет: сар тайым, сары бел, қара жол
Кейіптеу: Қарсы алдымнан келешек,
Қара үзбеді қол бұлғап . . .
Өлеңде табиғат суреттелмей тұрмайды. Бірақ, сол табиғат адамның көңіл - күйімен араласып жатады. «Сағыныштай сарғайып, сары белден таң атты» дейді Ғали. Жападан жалғыз жол жүріп, елегізіп келе жатқан адамның көңіл - күйіне бұл әбден бұл әбден келеді. Ал, басқа жағдай болса, таң сағыныштың емес, салтанаттың, шадыман шаттықтың көркін берер еді. Өлеңнің тілі де бай: «Сағыныштай сарғайып» дейді ақын. Сол сияқты ақын «қаншама алыс жол жүрсек» демейді, алыс жолдың мағынасын тереңірек, бейнеліңкірек беретін сөз табады. «қанша қиыр жол жүрсек» дейді ол. Өлеңінің ұйқасы да тартымды, соны келіп отырады. Кең серпіннен қиналмай туған тәрізді. «Тепеңдеп - Жетем деп», «Жол тарттым - құмарттым» деген ұйқастарда қысылу жоқ. Айта кететін тағы бір нәрсе - Ғали екпін ұйқасын да шебер қолданады. «Сары тайым - Жантайып» деген секілді ырғақтарды заңды ұйқас деп тануымыз керек.

«Қаратау сыйы»


Ж аз сайын //жайласа оны //ел дуылдап, // а
Ж амыраса //жартастары //бірге шулап, // а
Ж аңғырып //көкірегі //көмескілеу, // б
Ж ым - жырт тау //соларға тек //түрген құлақ. // а
11 буын, 3 бунақ, 4 тармақ, қара өлең ұйқасы.
Аллитерация: Ж
аз сайын жайласа оны ел дуылдап . . .
Эпитет: Ж ым - жырт тау



«Көктем жыры»

Әсем жыр - //қаулай өлген //отар төлі, // а
Жас егін - //жасыл барқыт //жапан толы!// а
Елімнің //ең аяулы //өлеңіндей, // б
Көргенше //асығамын //қашан соны. // а

11 буын, 3 бунақ, 4 тармақ, қара өлең ұйқасы.
Эпитет:
Әсем жыр, жас егін, жасыл барқыт
Теңеу:
өлеңіндей
Метафора: Әсем жыр - қаулай өлген отар төлі,
Жас егін - жасыл барқыт жапан толы!

«Шалкөде»

Алқабы балғын //кең жазық, // а
Көкорай шалғын //төсеген. // б
Қыдырсаң - //байтақ, бой жазып , // а
Тынықсаң - //жұмсақ төсегің . // б

7 - 8 буын, 2 бунақ, 4 тармақ, шалыс ұйқас

Эпитет:
кең жазық, жұмсақ төсек
Метафора:
Қыдырсаң - байтақ, бой жазып,
Тынықсаң - жұмсақ төсегің


«Жомарт ана» өлеңінде туған жерді анасына ұқсатып теңейді.

Б ереріңе //келгенде// а
Б ерекеге //толысың, // б
Б
арлық қуат //кеудеңде// а
Б ұрқырайды //күндіз түн. // б

7 - 8 буын, 2 бунақ, 4 тармақ, шалыс ұйқас
Аллитерация: Б
ереріңе келгенде . . .
Кейіптеу: Береріңе келгенде
Берекеге толысың,
Барлық қуат кеудеңде
Бұрқырайды күндіз түн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғ. Ормановтың табиғат туралы өлеңдеріне әдеби талдау
Ғали ормановтың табиғат жайлы өлеңдеріне әдеби талдау
Ғали Орманов
Ғали Орманов туралы
Ғали Ормановтың 1941-1945-жылдардағы көпшілік шығармалары
Жамбыл Жабаев. Өмірі мен шығармашылығы
Т.Әлімқұлов сыншы және әдебиет зерттеушісі
Л.Толстойдың "Анна Каренина" романының қазақ тіліндегі аудармасы жайында
Қазақ лирикасындағы көркемдік дәстүр
АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫН ЗЕРТТЕУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz