Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» роман-диологиясында замана шындығының бейнеленуі. Көркемдік ізденістер. Р. Мұқанова, Т. Ахметжан, Н. Ораз шығармаларын талдау



1. Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» роман.диологиясында замана шындығының бейнеленуі. Көркемдік ізденістер
2. . Р. Мұқанова, Т. Ахметжан, Н. Ораз шығармаларын талдау
Шерхан Мұртаза «Ай мен Айшаны» жазуға «Қара маржан» романының, «Қызыл жебе» атты бес кітаптан тұратын роман-эпопеяның, көп-көп айшықты әңгімелердің авторы, белгілі драматург, аудармашы, Қазақстанның республикалық жетекші газет, журналдарының, радио, теледидарының абыройлы басшысы болып, Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты аталған соң кірісті. Енді өзі ел тұлғасы боп қалыптасқан кезде туғызды. Сол бай тәжірибенің нәтижесі «Ай мен Айшадан» айқын көрінеді. Шебер қалам жүздеген новелланы шашыратып алмай, үйлесімін тауып, басын біріктіріп, сом полотно жасайды. Бас кейіпкер өмірі барша новелланың алтын арқауы іспетті. Барсхан, қайсар шешесі Айша бұрынғы мекені тағдыр тауқыметімен Мыңбұлақтан Әулие-Атаға барып қоныстанып, бірсыпыра жылдан соң құтты мекеніне қайта оралады. Шеңберлі композиция (кольцевое построение) шығарма болмыс-бітімін тұтастандыра түскен.
Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романының «Жолашарында» «бала күнінде көргенін, естігенін» ортаға салғысы келгенін айтады. Ал, шығарманы бастан аяқ оқып шыққаныңда, «Ай мен Айшаның» идеялық-эстетикалық мән-мағынасы әлде қайда кең де терең екеніне көз жеткізесің. Роман қазақ ауылының өткен ХХ ғасырдың отызыншы, қырқыншы, елуінші жылдардағы сүрәмат тұрмысы, ауыр ахуалы, әлсіз үміт жетегінде жүріп, тоталитарзим мен шовинизм қазған ордың жар қабағында тұрса да, құлап кетпей, әупірімдеп күн көріп, не машақаттың бәр-бәрімен жансебілдікпен алысқанын суреттейді. Әлі ат жалын тартып үлгермеген жас бала қыл көпір үстінде жүргендей күй кешеді, бірақ тегі мықты, қабылан характерлі ол, әлі келсін, келмесін жамандықтың жағасына жармасады, алысады, жұлысады, қалайда беріспеуге тырысады.
Роман новелла секілді шағын-шағын әңгімелер жүйесінен тұрады. Әрқайсысына оқыс та өткір сюжет, сындарлы композияция тән. Бас-аяғы жинақы әңгімесінде бас кейіпкер Барсхан бастан кешкенін баяндаудан гөрі, көрген-білгенін суреттеуге бейім.
Новеллалық құрылымының ұтымды жері, бас қаһарманның өткен күндерін бүгінгі дәуірмен тығыз байланыста кестелейді. Байланыс дәнекері – автордың бай дүниетанымы. Көбінекей екі-үш сөзбен түйінделетін пәлсапасы. Және ол селкеу шығып тұрмайды, оқиғаның өзінен табиғи туындайды. Шығарманың оқылымына игі әсер етіп, арынды ой арнасының былайғы жолына қызықтыра түседі.
Барсхан – Шерханның өзі. Яғни прототипі. Романнан іздестіретінің сол Барсханның бәрімізге белгілі Шерхан Мұртазадай асыл азаматқа айналуының бастапқы сүрлеудері.Ойына не келсе соны істейтін, жанып тұрған шамның бүйірі томпақ шишасына түкіріп қалып шырт еткізіп сындыратын, сол тентектігі үшін шешесі Айшадан таяқ жейтін бес жасар ойын баласы кенет есейеді. Міне, осы тұстарда роман жанрының өзгешелігі, жеке адамның тағдыры мен дара санасын өзін тудырған аймақпен ғана емес, тұтас қоғаммен, қала берді исі адамзатпен байланыстыратын қасиеті күшіне ене бастайды.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті

СӨЖ
Тақырыбы:
1. Шерхан Мұртазаның Ай мен Айша роман-диологиясында замана шындығының бейнеленуі. Көркемдік ізденістер
2. . Р. Мұқанова, Т. Ахметжан, Н. Ораз шығармаларын талдау

Орындаған: Қонырбаева Т.Ж.
Топ: ФИ-201
Тексерген: Сабырбаева Р.Қ.

Семей 2015ж
Шерхан Мұртазаның Ай мен Айша роман-диологиясында замана шындығының бейнеленуі. Көркемдік ізденістер

Шерхан Мұртаза Ай мен Айшаны жазуға Қара маржан романының, Қызыл жебе атты бес кітаптан тұратын роман-эпопеяның, көп-көп айшықты әңгімелердің авторы, белгілі драматург, аудармашы, Қазақстанның республикалық жетекші газет, журналдарының, радио, теледидарының абыройлы басшысы болып, Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты аталған соң кірісті. Енді өзі ел тұлғасы боп қалыптасқан кезде туғызды. Сол бай тәжірибенің нәтижесі Ай мен Айшадан айқын көрінеді. Шебер қалам жүздеген новелланы шашыратып алмай, үйлесімін тауып, басын біріктіріп, сом полотно жасайды. Бас кейіпкер өмірі барша новелланың алтын арқауы іспетті. Барсхан, қайсар шешесі Айша бұрынғы мекені тағдыр тауқыметімен Мыңбұлақтан Әулие-Атаға барып қоныстанып, бірсыпыра жылдан соң құтты мекеніне қайта оралады. Шеңберлі композиция (кольцевое построение) шығарма болмыс-бітімін тұтастандыра түскен.
Шерхан Мұртаза Ай мен Айша романының Жолашарында бала күнінде көргенін, естігенін ортаға салғысы келгенін айтады. Ал, шығарманы бастан аяқ оқып шыққаныңда, Ай мен Айшаның идеялық-эстетикалық мән-мағынасы әлде қайда кең де терең екеніне көз жеткізесің. Роман қазақ ауылының өткен ХХ ғасырдың отызыншы, қырқыншы, елуінші жылдардағы сүрәмат тұрмысы, ауыр ахуалы, әлсіз үміт жетегінде жүріп, тоталитарзим мен шовинизм қазған ордың жар қабағында тұрса да, құлап кетпей, әупірімдеп күн көріп, не машақаттың бәр-бәрімен жансебілдікпен алысқанын суреттейді. Әлі ат жалын тартып үлгермеген жас бала қыл көпір үстінде жүргендей күй кешеді, бірақ тегі мықты, қабылан характерлі ол, әлі келсін, келмесін жамандықтың жағасына жармасады, алысады, жұлысады, қалайда беріспеуге тырысады.
Роман новелла секілді шағын-шағын әңгімелер жүйесінен тұрады. Әрқайсысына оқыс та өткір сюжет, сындарлы композияция тән. Бас-аяғы жинақы әңгімесінде бас кейіпкер Барсхан бастан кешкенін баяндаудан гөрі, көрген-білгенін суреттеуге бейім.
Новеллалық құрылымының ұтымды жері, бас қаһарманның өткен күндерін бүгінгі дәуірмен тығыз байланыста кестелейді. Байланыс дәнекері - автордың бай дүниетанымы. Көбінекей екі-үш сөзбен түйінделетін пәлсапасы. Және ол селкеу шығып тұрмайды, оқиғаның өзінен табиғи туындайды. Шығарманың оқылымына игі әсер етіп, арынды ой арнасының былайғы жолына қызықтыра түседі.
Барсхан - Шерханның өзі. Яғни прототипі. Романнан іздестіретінің сол Барсханның бәрімізге белгілі Шерхан Мұртазадай асыл азаматқа айналуының бастапқы сүрлеудері.Ойына не келсе соны істейтін, жанып тұрған шамның бүйірі томпақ шишасына түкіріп қалып шырт еткізіп сындыратын, сол тентектігі үшін шешесі Айшадан таяқ жейтін бес жасар ойын баласы кенет есейеді. Міне, осы тұстарда роман жанрының өзгешелігі, жеке адамның тағдыры мен дара санасын өзін тудырған аймақпен ғана емес, тұтас қоғаммен, қала берді исі адамзатпен байланыстыратын қасиеті күшіне ене бастайды.
Түн ортасы болар, мен Айшаның айқайынан ояндым. Елегізген шынысыз шамның сәулесімен сорайып-сорайып бөтен біреулер көрінеді. Олар Мұртазаны итеріп-итеріп алдарына салып алып кетті. Айша айқайлап арттарынан шықты. Дірдек қағып мен де шықтым. Серейіп-серейіп үш-төрт адам сай жаққа қарай кетіп бара жатыр. Сайдағы көпір сықырлады. Айша сайдың қабағына дейін қалмай барып еді. Мұртазаның даусын анық естідім:
- Қайт! Балалар қорқып қалады! - деді.
Түнгі аяз бұл дауысты қайталап шыққандай болды. Сықыр-сықыр дыбыс алыстап, Айшаның аяғының асты ғана қаршылдайды.
Айша есіктің алдында ербиіп тұрған мені көтеріп алып, бауырына қысып, аспандағы топ-толық Айға қарап:
- О, жаратқан, басқа-басқа, мына үрпек балапандай үш нәрестенің не жазығы бар еді? - деді.
Толықсып тұрған Ай бір аунап түскендей болды.
Мен ілезде есейіп шыға келдім.
Өстіп көркем құрал қуатымен Кеңес кезінің қоғамдық бет-бейнесі жеке адамның тағдыры арқылы ашыла бастайды. Қоғам өмірі кең өрісті суреттелмесе де, бар назар Барсхан мен оның төңірегіне түссе де, баланың ендігі өмірі, қимыл-әрекеті, жан әлемі оны туғызған қоғамдық ортаның тұрпатын, ішкі мазмұнын әшкерелейді. Жеке адамның тағдыры адам өмірі сол қауымның бар тірлігімен қабысып жатқандықтан, замананың эпостық кең құлашты шындығына кенелеміз.
Жазушы бес жасар геройының бұл жолғы есеюінің жөн-жобасын бала түсінігіне шақтап берген. Жүрек шымырлататын, көзге жас алдыратын зардабының бір қырын ғана көрсеткен.
Мен ілезде есейіп шыға келдім.
Енді мені қорғайтын Әке жоқ екенін сұңғылалықпен сезіп қойған сияқты едім.
Жаңа ғана жарқырап тұрған Ай бұлттың ішіне сүңгіп кетті де, жетімдіктің алғашқы түні жан-жақтан қаптап келе жатты.
Айша мені жетім қалған үйге жетектеп кіргізді.
1937-жылы жалмауыз жыл еді.
Қанатына қырау қатқан жас балапан мен едім.
Енді асықтан ұтыла беретін болдым. Бұрынғыдай ешкім болыспайды.
Келтірілген эпизод Қырау қанат балапан атты шағын новелланың үзіндісі, тамшысы. Сол қиттай тамшы - романның бар тұрқы-тұрпатының айнасы сықылды. Шап-шағын әңгімеде қилы-қилы мәселе қамтылған. Және сарынында Барсхан баланың даусымен қатар, үлкен жазушы, бүгінгі ел тұлғасы Шерхан Мұртазаның үні қоса қабат естіліп отырады.
Бала әкесінен айрылды. Бұған дейін Қарны тоқ, қайғысы жоқ, киімі бүтін бес жасар ойын баласы еді. Ауыл ағайын енді қырын қарай бастағанын бірден сезеді. Өзі айтпақшы сұңғылалықпен. Бұдан былай Барсханның аштық-жалаңаштықта күн кешетінін білетін автор, сол кездегі елдің саяси ұсқынын аз сөзбен анықтаумен бірге, ол уақыт тұрсын, бүгін де ашындырмай қоймайтын күйікті проблема туралы, нақтылап айтқанда, отбасының әкесіз қалуы жайынан ауыр ойларға жетелейді.
Бір кезде Шерхан қазіргі Көк байрағымызға бөрінің басын салайық деп ұсыныс жасағанда, биік мансапты адамдар күліпті:
- Ай, осы жазушылар-ай, қайдағы жоқты айтады...
Халық жауы Мұртаза Итжеккенге айдалған соң әкесіз, панасыз жетім үйге аштық, жалаңаштық кіріп, сіресіп жатып алғаны өз алдына. Өкінішті ойға шомылдыратын жәйт ол ғана емес. Талай отбасын әкесіздік зұлматына ұшыратқан жалмауыз 37 ғой, Құдайға шүкір, келмеске кетті. Бірақ, әкесіздік ағызатын көз жас тиылды ма? Тәуелсіз елдің некеге отырған жастарының жарымына жуығы айырылысып жатады. Тіпті балалы-шағалы болып қырқылжың қырықты жинаушы кей жігіттер балаларын, кішкентай періштелерді мөлитіп әкесіз қалдыруда... Әкесіздікті романының өзегі еткен жазушы қайдағы жоқты айтып отырған жоқ. Өткен қу жетімдік балалық шағын суреттеу арқылы бүгінгі қарадан қарап жүріп әкесіздік атты жұт шақырған ахуалға қатты ашынатынын білдіріп отыр. Ел мүддесін бәрінен жоғары қоятын тұлғаның ісін істеген. Әттең естір құлақ табылса ғой...
Жамбыл бір өлеңінде: Батыры тұлға бола алмай, елдің түгі жығылды деген. Қазақ халық поэзиясының алыбы батыр мен тұлға түсініктерінің арасында үлкен айырма бар екенін аңғарған. Батырлық та кім көрінгеннің қолынан келе бермейді. Бірақ тұлғаның жөні бөлек. Ол - ерлігінің үстіне Ел қамқоры да.
Айша - батыр да, тұлға да емес сияқты. Былай қарағанда, қатардағы еңбекші. Тапқан еңбек күніне тым құрса тіске басатын қорек тимейді. Колхоздың күңі. Үй-мүлкін сатады, аннан-мұннан тасынады. Балапандарын қыт-қыттап жаны қалмай дән тауып асырап жүрген тауық тәрізді. Үй іші қамында жүрген адам. Бірақ қазан-ошақ қасынан шықпайтын ақжаулыққа да жатпайды. Түптеп келгенде, Айша - ірі типтік образ. Күні кеше ер адамдар майданға аттанды. Сонда бір жағы бала-шағаны, екінші жағы майдандағы жауынгерді кім киіндіріп-ішіндірді? Даусыз ақиқат: негізінен әйелдер. Сондай әйелдердің жуан ортасынан роман кейіпкері Айшаны да көреміз. Бұл жарқын бейнеден ержүректіліктің де, қамқоршыл тұлғаның да сыпаттары ұшқындап тұрады.
Романда Айша образы әр қырынан мүсінделген. Балаларын ғибратты аңыз, ертегі айтып ұйықтатады. Бұл жағынан ол - сұңғыла тәрбиеші. Қаршадай ұлдарының қиялына қанат байлайды, жүрегіне адамгершілік сезім ұялатады. Ана байғұстың бала-шағасына жасаған қай қамқорлығын айтып тауыса аласың. Барсханның өжеттігі, не озбырлыққа көнбейтін, ешкімге есесін жібермеуге тырысатын қайыспас мінезі шешесіне тартқан. Автор анасының биік қасиеттерін белгілі бір оқиғадан туғызып бейнелейді, құр мадаққа бармай, үлкен такт, көргенділік әдеп сақтай отырып кескіндейді. Барсханның сүндетке отырғызылатын, бір жағынан күлкі шақыратын жайымен байланыстыратын оқиға айтылғанға айқын мысал.
Барсхан Айшаның алмастай кеспе-берен мінезінен ғана қаймығады. Шүмәтайының ұшын кертетін хирургтің қолына түсіп қалғанының көп себептеріне тоқтала келе, шешесінің мінезін бөліп айтады. Айшаның айтқанын істемей көр. О, оны сіздер білмейсіздер. Ол бурыл тайдың үстінде жарбиып отырған мен тұрмақ, зіңгіттей Тасбет маңқаның өзін аттың үстінен түсірген. Тасбеттің өзінен де бар. Дереу тілдейді. Атаңа нәлет дейді. Құлақтың қатыны дейді. Халық жауының қатыны дейді. Айша бір шыдайды, екі шыдайды, тіптен болмаған соң, қызыл қырманның басында, шаршы топтың көзінше Тасбетті аттың үстінен тулақтай жұлып түсірген ғой...
Сталиндік репрессия, тоталитаризмнің басқа да қызыл танау науқандарын жүзеге асырғанда әрдайым асыра сілтейтін, күн бір жауса, терек боп екі жауатын белсендизм болса, Тасбет бригадир сол ел, ұлт мүддесіне әрдайым қайшы іс істейтін кертартпалардан. Есімі де классицизм ағымын еске түсіретін үлгімен тауып қойылған. Жұртқа жаны ашымас қаражүрек.
Романның әр новелласы сайын айналып соғып отыратын және бір тұрақты кейіпкері бар. Тұманбай ақынның Екі жұлдыз, екі бақыт көктегі, төбемізде тұрып алды кетпеді дейтін өлеңіндегідей, аспан әлемінен. Жансыз болса да, жандыға есе бермейтін, шығарманың құлашын жазып, жаһанмен жалғастыратын образ - көктегі Ай. Шерхан романының аталымына кездейсоқ кірмеген. Ай мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» роман-диологиясында замана шындығының бейнеленуі
Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз" романына, Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" роман-диологиясына, А.Кемелбайдың "Қоңыр қаз" шығармасына әдеби талдау
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістері
Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз" романының көркемдік-идеялық ерекшелігі
Қазақ драматургиясы туралы
Қазақтың ұлы жазушылары
Қазақ мемуарлық романы
Қазіргі қазақ әңгімелерін психологиялық талдау
Пәндер