М. Қалтаев - ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы
2.2. Ағартушы.демократтық бағыттағы ақын.жазушылар
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Мақыш Қалтайұлы мұрасы жайында ой-пікір айту өткен ғасырдың
елуінші жылдарынан басталады.
Ақынның бұл кезеңдегі бірден-бір зерттеушісі филология ғылымының
докторы, профессор Бейсембай Кенжебаев. «Әдебиет және искусство»
журналының 1950 жылғы он екінші санында ғалымның «Мақыш Қалтаев» атты көлемді мақаласы басылды. Мақыш шығармашылығы зерттелуінің алғашқы қадамы болып табылатын мақалада зерттеуші ақынның Қазан қаласы баспаханаларында басылып шыққан кітаптарын саралай сүзіп, әрқайсына жеке-жеке тоқталып, қысқаша аңдатпа жасайды, жалпы шығармашылығына шолу жасап, өлеңдерінің тақырыптық-идеялық мәнін, мазмұнын ашып көрсетеді: «Мақыш дүниелік ғылым-білімнің, өнеркәсіптің, байлық-дәулеттің, мәдениеттің қажетін, пайдасын ұғады; қоғамның, халықтың шаруашылық, мәдениет жөнінен ілгері дамуын көксейді; жұртты оқуға, мәдениетке, ғылым, өнеркәсіп үйренуге, отанның өркендеуі жолында қызмет етуге үндейді.
Ә.Құрышжановтың пікірінше: «ХХ ғасырдың басында қолданылған
жазба тілді біздің «қоспа тіл» болмаса «кітаби тіл» деп атағымыз келеді.
Өйткені, мұнда «кітаби тілдің» өзінен гөрі оның кейбір (лексикалық болсын,
грамматикалық болсын) жұрнақтары мен сарқыншақтары ғана бар да, олар
халық тілінің материалдарымен аралас-құралас қолданылып, қосылып кеткен. «Қоспа тіл», әрине, өз алдына бір тарихи тіл ретінде емес, «кітаби тілдің» жеке бір көрінісі, жалғасы, тармағы болып танылуға тиісті» , деп «қоспа тілді» «кітаби тілдің» жаңа бір көрінісі ретінде қарастыра келіп: «Кітаби қоспа тілде жазған ақындардың бірі – Мақыш Қалтаев.
М.Қалтаев өз жанынан тіл жасап, сөз шығармаған ақын. Сонымен бірге
ол «тіл ұстартып, өнер де шашпаған». Бұл айтылған шығармалар өз заманының жазба тілін, оның жайы мен күйін көрсетеді, сол туралы ғана мәлімет береді. Сондықтан М.Қалтаев шығармаларының саяси-идеялық мазмұнынан гөрі бізге тілдік материалы қымбат деп ақын шығармаларының фонетикалық, морфологиялық, лексикалық ерекшеліктеріне тоқталып, тілдік талдаулар жасайды. Ә.Құрышжанов, әсіресе, Мақыш шығармаларының сөздік қорына ерекше көңіл бөліп зерттейді. «М.Қалтаев шығармаларының сөздік қоры, күмән жоқ қазақ тіліне тән болып есептеледі» деп Мақыш өлеңдеріндегі сөздік қолданысты былайша жіктеп көрсетеді:
1) діни ұғымға, рухани өмірге байланысты сөздер: медресе, мешіт, мұсылман, хұдай, хайыр, пайғамбар, хадис, құран, тәфсир, нәфсі, ахырет т.б.;
2) әдеби тілден бөлек, жергілікті говорлармен байланысты сөздер: бәрісі (бәрі), хайла (айла), бек (аса, тым, өте), нән (үлкен), уату (жұбату), түзін (түзу), шаршы (орамал) т.б.;

1. Кенжебаев Б. Мақыш Қалтаев // Әдебиет және искусство,1950. №12. –
2-78.
2. Әдеби мұра және оны зерттеу. Қазақ әдебиетінің кейбір проблемаларына арналған ғылыми-теориялық конференцияның материалдары.Алматы: Қазақ ССР ҒА баспасы, 1961.376 б.
3. Дүйсенбаев Ы. Эпос және ақындар мұрасы.Алматы, 1987.344 б.
4. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі.Алматы, 1966. 348 б.
5. Дербісалин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы: Ғылым, 1966.312 б.
6. Дербісалин Ә. Дәстүр және жалғастық.Алматы:Ғылым, 1976.325 б.
7. Жиреншин Ә.Қазақ кітаптары тарихынан.Алматы:Жазушы, 1.180б.
8. Қожакеев Т. Сатиралық жанрлар. Алматы:Мектеп,1983.214 б.
9. Сыдиықов Қ. Мақыш Қалтаев // Кітапта: ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті (Қазан төңкерісіне дейінгі дәуір). Алматы,1994. 310 б.
10. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым.
Алматы: Білім, 1998.256 б.
11. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері: зерттеулер, мақалалар. Алматы:
Жазушы, 1986. 400 б.
12. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет.Астана, 2002. 474 б.
13. http://reffan.ru/referat_qasatyotrujgmerrna.html

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: 1. М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы
2. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
Орындаған: Қабаева Н.К.
Тексерген:Еспенбетов А.С.
Топ: КЯ-313
Семей 2015
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы
2.2. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мақыш Қалтайұлы мұрасы жайында ой-пікір айту өткен ғасырдың
елуінші жылдарынан басталады.
Ақынның бұл кезеңдегі бірден-бір зерттеушісі филология ғылымының
докторы, профессор Бейсембай Кенжебаев. Әдебиет және искусство
журналының 1950 жылғы он екінші санында ғалымның Мақыш Қалтаев атты көлемді мақаласы басылды. Мақыш шығармашылығы зерттелуінің алғашқы қадамы болып табылатын мақалада зерттеуші ақынның Қазан қаласы баспаханаларында басылып шыққан кітаптарын саралай сүзіп, әрқайсына жеке-жеке тоқталып, қысқаша аңдатпа жасайды, жалпы шығармашылығына шолу жасап, өлеңдерінің тақырыптық-идеялық мәнін, мазмұнын ашып көрсетеді: Мақыш дүниелік ғылым-білімнің, өнеркәсіптің, байлық-дәулеттің, мәдениеттің қажетін, пайдасын ұғады; қоғамның, халықтың шаруашылық, мәдениет жөнінен ілгері дамуын көксейді; жұртты оқуға, мәдениетке, ғылым, өнеркәсіп үйренуге, отанның өркендеуі жолында қызмет етуге үндейді.
Ә.Құрышжановтың пікірінше: ХХ ғасырдың басында қолданылған
жазба тілді біздің қоспа тіл болмаса кітаби тіл деп атағымыз келеді.
Өйткені, мұнда кітаби тілдің өзінен гөрі оның кейбір (лексикалық болсын,
грамматикалық болсын) жұрнақтары мен сарқыншақтары ғана бар да, олар
халық тілінің материалдарымен аралас-құралас қолданылып, қосылып кеткен. Қоспа тіл, әрине, өз алдына бір тарихи тіл ретінде емес, кітаби тілдің жеке бір көрінісі, жалғасы, тармағы болып танылуға тиісті , деп қоспа тілді кітаби тілдің жаңа бір көрінісі ретінде қарастыра келіп: Кітаби қоспа тілде жазған ақындардың бірі - Мақыш Қалтаев.
М.Қалтаев өз жанынан тіл жасап, сөз шығармаған ақын. Сонымен бірге
ол тіл ұстартып, өнер де шашпаған. Бұл айтылған шығармалар өз заманының жазба тілін, оның жайы мен күйін көрсетеді, сол туралы ғана мәлімет береді. Сондықтан М.Қалтаев шығармаларының саяси-идеялық мазмұнынан гөрі бізге тілдік материалы қымбат деп ақын шығармаларының фонетикалық, морфологиялық, лексикалық ерекшеліктеріне тоқталып, тілдік талдаулар жасайды. Ә.Құрышжанов, әсіресе, Мақыш шығармаларының сөздік қорына ерекше көңіл бөліп зерттейді. М.Қалтаев шығармаларының сөздік қоры, күмән жоқ қазақ тіліне тән болып есептеледі деп Мақыш өлеңдеріндегі сөздік қолданысты былайша жіктеп көрсетеді:
1) діни ұғымға, рухани өмірге байланысты сөздер: медресе, мешіт, мұсылман, хұдай, хайыр, пайғамбар, хадис, құран, тәфсир, нәфсі, ахырет т.б.;
2) әдеби тілден бөлек, жергілікті говорлармен байланысты сөздер: бәрісі (бәрі), хайла (айла), бек (аса, тым, өте), нән (үлкен), уату (жұбату), түзін (түзу), шаршы (орамал) т.б.;
3) орыс тілі арқылы енген сөздер: болосной (волостый), нашанлік (начальник), шорт (черт), рус (орыс), народный содия (народная судья) мирауай содия (мировая судья) т.б.;
4) қазақ тілінде сирек қолданылатын, тарихи жағдайлар мен көркем әдебиеттің стильдік ерекшеліктеріне байланысты ғана айтылатын сөздер: низам (тәртіп), милет (ұлт), лазым (қажет).
Сондай-ақ, Ә. Құрышжанов М.Қалтайұлы өлеңдерінен қазақ тілінде
мүлдем қолданылмайтын иадкер (ескерткіш), ләкін (тек қана), хурият
(бостандық), хабаза (қалжыңдау), саһуат (қателік) сияқты тағы да басқа
бірсыпыра сөздерді атап көрсетеді.
Мақыш Қалтайұлының өмірі туралы деректер оның өз туындыларында
седі. Ақынның өзіне сөз беретін болсақ Қалтайұлының қазақ ахуалынан
с еткен манзумасы (1909) жинағындағы Атым-Мақыш... деп
латын өлеңінде:
Атым - Мақыш, Қалтай дер атам атын,
Бабам аты Едіге, қазақ - затым.
Ақмола дүр дуаным, қыпшақ - руым
Әр жерде сияхлықпен болды жүруім.
Туған жер Есіл, Нұра болса дағы,
Қушоқы деген жерде бүгін тұруым,
деп өзінің ата-бабасы, туған жері, руы жайында айтып өтеді. Бұл деректе Насихат қазақия (1911) жинағындағы Руым - қыпшақ... деп
өлеңінде нақтылай түседі.
Руым - қыпшақ халқы, асылым - қазақ,
Әр қауымға жәһилдіктен болған мазақ.
Дуаным Ақмолаский, Қараөткел дүр,
Болысым Жайықбаев ғизатлу зат.
Атым - Мақыш, Қалтай дер атам атын,
Бабам - Едіге, жас келді қырыққа жақын .
Яғни, ақынның өзі Мың сегіз жүз алпыс тоғыз уәлидәнім (туған
жылым) деп айтып өткендей, сол кездегі әкімшілік аймақ бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын Ақмола облысы, Ақмола уезінің Жайықбаев болыстығына қарайтын Қараөткелді жайлаған қыпшақ руының ішінде 1869 жылы туған. Ақынның дүниеге келген кезі - бұрынғы хандық билеу заманы жойылып, ел арасынан сайланған аға сұлтандық билік те жарты ғасырға жетпей өзгертіліп, қазақ даласы ұсақ болыстықтарға бөлшектеніп, биліктің барлығы патша шенеуніктерінің қолына көшкен дүрбелеңді ХІХ ғасырдың екінші жартысы.
Ресей империясы қазақ даласын отарлауды үдете түсу үшін 1868 жылы
Қазақ даласын билеу ережелері туралы заң шығарып, әкімшілік билеу
тәртібін өзгертті. Бұл реформаның басты мақсаты ережеде анық та ашық
айтылды. Ол: ... объединение подвластные России народностей под одно
управление, устранение от власти местной аристократии, ослабление родовых начал, чтобы добиться постепенного слияния киргизских степей с прочими частями России .
Халық арасында Жаңа низам аталып кеткен осы заң негізінде патша
өкіметінің қазақтарды отарлау, орыстандыру саясаты қызу жүзеге асты. Бұған сол кездегі патшаның облыстық генерал-губернаторы, әскери губернаторлары, уезд бастықтары және христиан дінінің басшылары жаппай жұмыла кірісті. Ел билеу енді жаңа ереже бойынша сатылы болыстық сайлаумен өткізілетін болды. Бұндағы мақсат: Патша үкіметі отаршылдық мүдде тұрғысынан келіп, жабайыларды жабайылардың қолымен тұншықтырып ұстаудың ең ұрымтал құралы деп қарады. Өйткені, бір-біріне мүддесі сәйкес келе бермейтін әртүрлі бытыраңқы руларды 10-12 ауылдан біріктіріп бір болыстыққа кіргізді. Осы ауылдардың қай-қайсысы болыстықты жеңіп алса, сонысы үстем болу себепті, араға пара жүрді, партиягершілік науқаны қызды.
Ашыққан ұялас иттерге сүйек тастағандай болыстық билікке таластырды. Надандық шырмауында қалып ұлттық санасы жанышталған қазақтарды (Мақыштың Әр қауымға жәһилдіктен болған мазақ, деп отырғаны да осы.
Ақын сыншылдығының ерекшелігі де ең алдымен өз қоғамындағы
кемшіліктерді діни-ахлақ, имандылық тұрғысынан әшкерелеуінде. Тұрмыс-
тіршіліктегі кертартпа әдет-ғұрып, надандық, имансыздық, жалқаулық сияқты толып жатқан қоғамның асқынған ауруындай болып кеткен дерттерге ақын мейлінше наразы.
Мақыштың бір топ өлеңдері адам бойындағы кездесіп қалатын теріс іс-
әрекеттер мен мінез-құлықтарды сынауға арналған. Ғужуптік хақында деген өлеңінде адамдық қасиеттен жұрдай ететін мақтаншақтық пен даңғойлық, жалған намыс пен өсекшілдік сияқты мінездерге жиіркене қарайды.
Мал біткендер ойлайды біздер тек пе,
Білем деген салады әртүрлі епке.
Бір кісіге шамасы келгендері,
Келсең-кел деп тұрады жекпе-жекке.
Көп болғандар көтеріп көкірегін,
Кім батады деп жүреді біздің көпке.
Екі кісі бас қосса сұрасады,
Пәленшені пәленше солай деп пе.
Алты аласы ішінде болмаса да,
Бір-бірінде жүреді ішінде өкпе.
Аталған кемшіліктер адамдарды азғындатып, рухани дамуға тұсау
болатын қасиеттер. Бұлардың барлығы да надандықтың белгісі. Надандығына, байлығына, көптігіне масайрап тәкәппарлық еткендерден ең жаман астамшылық жоқ. Ал астамшылық, өзін-өзі жоғары қою-Аллаға қарсы болу деген сөз. Құрани Кәрімде жазылғандай Ұлылық тек Аллаға лайық.Көкірек керіп аз күндік дүниесін масаттанушылар Аллаға шәк келтіргендік, сондықтан адам бойындағы шәктен асқан дүниенің бәрі де харамдыққа жатады. Алла тағаладан бұған қатысты мынадай аяттар түскен: Жер бетінде алшаңдама, аяғыңмен жерді оя алмайсың, биік таулармен теңесе алмайсың, Бұлай әспенсу Құдай алдында жаман (Исра, 36-37 аяттар). Тегінде Алла менмендер мен мақтаншақтарды жаратпайды (Ниса,36).
Мұхаммед пайғамбар да мұндай қылықтарды құптамаған: Кімде-кім өзін зор тұтып, жүріс-тұрыста тәкәппар болса, ахиретте Алланың қаһарына
ұшырайды. Яғни адамгершілікке, имандылыққа жат іс-әрекеттің
барлығы шариғат заңы бойынша зор күнә болып табылады.
Ақын қоғамдағы қандай да болмасын кемшілікті нысанаға алғанда, оны
жеке дара алып қарамайды. Жоғарыдағы келеңсіздіктерді сөз еткенде ол бір
адам басындағы кемшілік деп емес, бүкіл қоғам басындағы дерт деп типтік
сипат бере сомдайды. Өз халқының басқа ел қатарына іліге алмай жұртқа мазақ болып отырғаны да Шариғатын қойса да ғұрпын қоймайтын
парықсыздардың надандық әрекеттерінен деп шенейді:
Басқа халық күліп жүрер ғұрыпмыздан,
Өзіміз қазақ болған соң күле алмаймыз.
Сол әдетін қазекең қалдыра алмай,
Әр жұрттан үшбу күнде соң қалыпты.
Жол көрсеткен адамдар жөндей алмай,
Не қыларын біле алмай сандалыпты.
Шариғат пен низамға жанаспайтын,
Ғұрпымыздан басқалар таң қалыпты...
Достық пен заманаша бол дегенді,
Қас көріп біздің қазақ шамданыпты.
Күннің көзін көрмеген жарқанаттай
Надандығы сол жерден аңданыпты .
Мұндай фәни тіршіліктің қамын ғана ойлайтын Суреті - адам, пиғылы - есектерді қоғамды кері тартатын кереғар күш деп таныған ақын олардың
тірліктерін батыл сынап-міней отырып:
Молла Мақыш Қалтаев қайғырады,
Қазақтан қалмай жүрген мұндай кепке,
деп жүрек наласын жеткізеді.
Ақынның өлеңдерінің біразы жастарға арналған. Жастар хақында,
Қарттан қашу, жасқа жақындасу, Халалын қызғанбау хақында сияқты
бірқатар өлеңдерінде жастардың бұзықтық іс-әрекеттеріне назаланып,
зинақорлық сияқты халықтың қадір-қасиетіне кір келтіретін жат пиғылдарын
әшкерелейді. Адамдықтан азғындататын мұндай кеселдердің себебіне үңіліп,
әділ сынға алады.
Мақыш Қалтайұлы мысал жанрында да қалам тартқан қаламгер. Жазба
әдебиетте Дулат Бабатайұлы шығармашылығында көрініс беріп, Ыбырай,
Абайлар дамытқан, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Спандияр Көбеев, Ахмет
Байтұрсынов, Бекет Өтетілеуов, Сәбит Дөнентаев шығармаларында жалғасын тапқан қазақ мысал жанрының қалыптасып дамуына Мақыштың да қосқан өзіндік үлесі бар. Оның мысалдарының ерекшелігі дәстүрлі мысал жанрының құрылысын сақтай отырып, сюжет құруда, оқиғаны баяндауда көлемді етіп қисса жанрының үлгісіне салған. Сөйтіп, екі жанрды тоғыстырып, өлеңдерін қисса-мысал дәрежесіне көтерген. Онда өткір сатираға қарағанда өнеге айту, ғибраттау сияқты дидактикалық ой басым.
Бұл Мақыштың ағартушылық мұрат-мақсаттарынан туындап жатқан ерекшелік.
Сонымен қатар Мақыш қоғамдағы ірілі-уақты мәселелерді баспасөз
беттерінде мақалалары арқылы көтеріп, қоғамдық ой-пікірін білдіріп отырған журналшы-қаламгер. Оның қазақ баспасөзін қуаттап, қолдап жазған
Газетаның керектігі хақында, қазақ қыздарының жай-күйін баяндайтын
Жолсыз ғадеттеріміздің бірі атты мақалалары және қолжазба журнал
шығарып, ел ішіне таратуы осы пікірді айқындап, дәлелдей түседі.
Осындай шығармашылық ерекшеліктерімен танылатын Мақыштың
әдеби мұрасы қазақ әдебиетінің қазынасын толықтыратын, қазақ сөз өнерін
байыта түсетін асыл мұралардың бірі болып табылады, олай болса, Мақыш
Қалтайұлы қазақ әдебиеті тарихынан лайықты орын алатын тұлға.
Ағартушы - демократтық бағыттың құрамында қаралатын ақын - жазушылар 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Олар қазақ әдебиетін шын мәніндегі өнерін жазба әдебиет деңгейіне көтеріп,өмір, дәуір сырын шынайы сипаттап, терең ашуға ұмтылды. Бұл бағыттағы ақын - жазушылардың деңгейлері түрліше сипатта болып келеді. Көбі сауатын қазақша - жаңаша оқумен ашып, кейін орыс мектептерінде оқып, дүниелік ғылым - білімнен молынан хабардар болып өсті. Олар негізінен орыс- батыс әдебиетіне еліктеп, сол деңгейде шығарма жазуға талпынды. Жазушылықпен бірге қоғам қайраткері ретінде де танылып, ұлтының ертеңі көбірек толғандырды. Қоғамдағы саяи өзгерістерді де жіті танып, соның нәтижесінде қазақ қоғамына қажетті жағдайларды дұрыс бағдарлай алды.
Бұл бағыттағы ақын - жазушылар өз шығармаларында ағартушылыққа үндей отырып, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктерді көре білді. Сөйтіп, демократиялық ой- пікірлерді алға шығарды. Қоғамдағы қайшылықтарды құрғақ сынап қана қоймай, әрқайсысы әл - қадарынша оның кесір - кесапатын жоюдың өзіндік жолдарын ұсынды. Қоғамдық - әлеуметтік өмірді, замана сипатын, дәуір шындығын кең көлемде суреттеуге ұмтылудың нәтижесінде қазақ әдебиетінің жанрлық тұрғыдан баюына өлшеусіз еңбек сіңірді. Бұл бағыттағы ақын - жазушылар қазақ арасындағы ілгершіл қоғамға жат ескілік қалдығын, теңсіздікті отаршылдық саясатты аяусыз сынайды.Халықты оянуға, мәдени шаруашылық жақтан жетілуге, еңбекке, оқуға, алдыңғы қатарлы елер мәдениетінен үйренуге, отырықшылдыққа, қаа салуға үндеді. Әлуметтік теңсіздіктің басты көрінісі ретінде әйел теңсіздігін алып, өздерінің негізгі шығармаларына осы тақырыпты арқау етті.
Олардың жазба әдебиетті өркендету мақсатындағы жанрлық ізденістері жазба әдебиеттің құр еліктеу дәрежесінде қалып қоймай, ұлттық төл әдебиетіміздің қалыптасуына жол ашты. Сөйтіп жазушылық қол таңбалары айқындала түсіп, әрқайсысының өзіндік тақырыбы, ой - пікірі, стилі, өзіне ғана тән шеберлік мектебі қалыптасты.
Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік" романы - құрылымдық ерекшеліктері мен көркемдік бейнелеу құралдары, тақырыптық-идеялық мазмұны бағытындағы ерекше шығарма. Әсіресе, автордың романға тосын пішін (форма) таңдау жолындағы ізденістерді ойлануға тұрады. Біздің ойымызша, романның табысы да, қазақ әдебиет тарихындағы маңызы да осы төңіректен табылады.
Дәстүрлі тақырыптан жаңа проблематика қозғаған "Қыз көрелік" романы - қазақ қыздарының бас бостандығы туралы күрделі жанрда жазылған көлемді шығармалардың бірі. Роман басындағы эпиграф тәрізді мына жолдар шығарманы талдауға апарар кілт тәрізді: Деп жүрген жас жігіттер қыз көрелік, Таңдап ап сұлу қызды мал берелік. Мырзалар қыз таңдаған келсін мында, Жігітті қыз таңдаған біз көрелік. "Жігітті қыз таңдаған біз көрелік", демек, автор ХХ ғасырдың басында көп қозғала бастаған тақырыптың өзіне әңгіме болмаған жаңа қырынан келген.
Әдетте, бұл тақырып қыздардың қалың малға, ескі әдет-ғұрыпқа қарсылығы, күресімен қабаттаса баяндалады. "Қыз көрелік" романында осы тақырып проблематикасын мүлде басқа бағытта көтереді. Енді қыз таңдап жүрген мырзаларды қыздың өзі таңдауы керек. Жаңа идеяның өзі жаңа пішінді талап етеді. Автор осы идеяны шартты реалистік мазмұнға көшіріп, көркем бейнелеуге тырысқан. Дүниені шарлап қалыңдық іздеп жүрген іргелі рулардың атақты байларының балалары Ғайынкамалды кедей жігіті Мұхаметқалимен оп-оңай қалай жібереді? Реалистік арна авторды осы бағыттағы тартыстарға киліктірер еді басқа мазмұнға апарар еді. Автор мақсаты - өзінің ағартушылық-демократтық көзқарасына сай, тәрбиелік мәнді шығарма. Роман құрылымы, пішіні осы мақсаттан туындайды. Автор мақсатынан, идеясынан ауытқымауға тырысады.
Кейде шығарма көркемдігіне нұқсан келгеніне де қарамай, өз идея, мақсатын орындап шыққан. Ғайынкамал - байдың оқыған қызы. Сауатты, көзі ашық. Қазақ ұғымындағы үлкен қалада, Уфада үлкен оқу-медреседе оқыған. Өмір туралы ойы, идеалы, мақсаты осында қалыптасқан. Әкесі Ғайса да көзі ашық, көкірегі ояу, заман тілін түсінген, оған ілесіп отыруды мақсат қылған жан. Қызын малға сатып, қалың мал алып баю оның ойында жоқ. Реті келсе қызы теңіне қосылса екен деп армандайды.
Романда әке, бала тілегі қабысып жатыр. Араларында қақтығыс түгіл қайшылық та жоқ. Бостандық пен теңдікке ұмтылған, көзі ашық, сауатты қазақ қызына тор құрып жатқан ескі-салт сана қорғаушылары үлкендер, көне көз қариялар да емес - жастар.
Романда ел басына ауыр, қиын күндер төніп тұрғанда ауыл аралап сұлу қыз, қалыңдық іздеп жүрген бай балаларына деген авторлық ирония, юмор бар.
Т.Жомартбаев өзінің ағартушылық, демократтық көзқарасын, идеясын жеткізу үшін қазақ қыздарының бостандығы, теңдігі тақырыбын таңдаған. Роман соңында теңі Мұхаметқалиға қосылып, Семей қаласында қазақ жастарын оқытып жатқан Ғайынкамал туралы айта келе, Т.Жомартбаев өз мақсатын былай түйіндейді: "Басында ықтияры бар бақытты қыздар кімді сүйсе, өз басының қор болмас қамын ойлайды. Кіммен сүйіп өмір сүрсе, жақсы өмір сүреді, соны ойлап басында миы, көкірегінде ойы, санасы бар қыздар балияға толған соң өзінің теңін тауып алып, теңін біліп, өзіне қандай адам өмірлік болуға жарайды, соны талап қылып іздей бастайды".
Қазақ поэзиясындағы діни-ағартушылық ағым туралы сөз болғанда ой көзімен електен қайта өткізіп, таным таразысына қайта салар рухани мұраларымыздың бірі - ХІХ ғасырдың аяқ кезеңі мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Сыр бойы ақындарының шығармашылығы.
Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік шығармашылық мектеп дәстүрін қалыптастырып, дамытып шығармалары Сыр сүлейлері атауымен халық жүрегінен берік орын алған ақындар шоғыры ұлттық мәдениет тарихында айрықша даралана бағаланып келеді. Олар: Базар Оңдасұлы, Ешнияз сал Жөнелдікұлы, Жиенбай Дүзбенбетұлы, Ерімбет Көлдейбекұлы, Оңғар Дырқайұлы, Күдері қожа Көшекұлы, Даңмұрын Кенжебекұлы, Мәделі Жүсіпқожаұлы, Омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Қаңлы Жүсіп, Нұртуған Кенжеғұлұлы, Мәнсұр Бекежанұлы, Молдахмет Дабылұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы, Сейітжан Бекшентайұлы, Мұзарап Жүсіпұлы және т.б. ақындар.
Қазақ әдебиеті тарихында діни-ағартушылық ағымның ұзақ уақыт бойы ашылмай келгені туралы көрнекті ғалым Т.Кәкішовтің:...бізде ұлтшыл, алашшыл атаулыдан кейінгі үлкен айып діншілдік қой. ... бисмилә деп сөз бастаған, Алланы ауызға алған басқа ақын - жыраулар, жыршыларды клерикал, діншіл деп айтыптаудан алдымызға жан салмай келеміз, - [1.174] деген сөзін ескерсек, әдебиетімізде діни ағымдар туралы, олардың өкілдері туралы Тәуелсіздігімізге дейін айтылмағаны белгілі. Оның басты себебі: Ресейдің отаршыл саясаты екенін жақсы білеміз.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz