Домбығу және стресс


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрілігінің

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Домбығу және стресс

Орындаған: Тұрахан Жанат

Тексерген: Нуркенова М. К

Топ:ВМ -301

Семей 2015

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

1. 1 Стресс және стресстің сатылары

1. 2 Организмге стресстің жағымсыз күйлері

1. 3 Стресстің жіктелуі және стресстен сақтандыру шаралары

1. 4 Домбығу және оған диагноз қою

1. 5 Домбығудың ( ісіктердің) жіктелуі

1. 6 Домбығуды емдеуінің жалпы негіздері

1. 7 Домбығудың клиникалық белгілері

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде - мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі.

Малшаруашылық өнімдерін нәтижелі пайдалануды малдарды аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұйымдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара және топтап емдеуді ары қарай дамытып жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады. Ол үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу ұсынылады. Көптеген аурулардан айықтыруда азықпен емдеудің (диетотерапия), ветеринарлық лабораторияларда азықтарды тексеруді жан-жақты, кең түрде жүргізудің сапалы және дұрыс азықтандыруды қадағалау үшін маңызы зор.

Негізгі бөлім

Стресс және стресстің сатылары

Стресс (Stress - ағылшынша - күш салу, зорлау) - организмге аса бір ерекше тітіркендіргіштің- стрессорлардың әсерінен ондағы бейімделу процесі ретінде гуморальды, неврогенді өзгеру комплексінің пайда болуы. Бұл ұғымды 1936 жылы Канаданың ғалымы Г. Селье еңгізген. Стрессорлық жағдай бірқатар клиникалық, морфологиялық, гематологиялық өзгерістермен сипатталады. Онда болатын негізгі өзгерістер: малдың халінің нашарлауы, әлсіреуі, тершеңдік, дене қызуының төмендеуі, қан қысымының жоғарлауы, бұлшық еттерінің жирылуының нашарлауы; жүрек, ми, қан тамырлары, ас қорыту жүйелерінің қызметтерінің бұзылуы; тимус, көкбауыр, лимфа бездерінің өлі еттенуі; асқазан мен ішектердің кілегей қабықтарының қанталауы; қандағы эозинофилдер мен лимфоциттердің, бүйрек бездері мен гипоталамустың гормондарының азаюы байқалады.

Стрессті 3 сатыға бөлуге болады:

1) Жинақтау сатысы 2 күнге созылуы мүмкін. Ол үшін организмдегі глюкоза мен гликогеннің ыдырауынан туындайтын энергия қоры. пайдаланылады. Орталық нерв жүйесі, эндокрин механизмі, симпатикалық жүйе белсенді түрде болып, жүректің, қан тамырларының, бүйрек бездерінің (катехоламиндер, адреналин, норадреналин босап гликогенді пайдаланады) жұмыстарын жақсартады. Гипофиздің гормондары бөлініп, қандағы глюкозаның деңгейін арттырады.

2) Резистенттік-адаптациялық сатысы бірнеше жұмаға созылады. Жүйке жүйесі мен гуморалды реакция; клиникалық, биохимиялық көрсеткіштер қалыптасады. Организмнің стрессорға қарсы тұру қабілеті қалыпты жағдайдағыдан жоғары. Ол организмнің резистенттілігіне байланысты.

3) Әлсіреу, қалжырау, жүдеу сатысы күшті стрессор ұзақ уақыт әсер еткенде болады. Стресстің негізгі белгілері анық білінеді. Мал өлім-жітімге ұшырауы да мүмкін.

Стресстің бұл келтірілген сатыларын тек үлгі ретінде пайдалануға болады. Ал нақтылы организмнің резистенттілігіне, стрессордың күшіне байланысты, әрбір шаруашылықтарда әртүрлі болып кездесуі сөзсіз.

Организмге стресстің жағымсыз күйлері

Күйзелісті (стрессті) кез келген организмнің сыртқы ортадағы қандай да бір жағымсыздыққа негізгі реакциясы ретінде анықтауға болады. «Стресс» термині біздің күнделікті тіл оралымымыздағы үйреншікті сөзге айналып кетті. Бұл қысқа да ауқымды сөзге күрделі жағдайларда немесе жоғары қауіпте пайда болатын өз мінез-құлқымыздағы өзгерістер мен сезімдердің және толғаныстардың тұтастай гаммасы туралы елестетуімізді жинақтаймыз.

Организміміздің күйзеліс туындаған кезеңдегі жұмысын қоршауға алынған бекініспен салыстыруға болады. Оны қорғауға барлық күш-жігер жұмсалған, алайда мұның да шегі бар. Әлде жау жеңіледі және қоршау алып тасталады, әлде бекініс құлайды, өйткені ешкім мәңгі бақи қорғана алмайды. Дәл осы жағдайда күйзеліс кеселдері пайда болады. Бұл ең алдымен жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйесінің дерттері (жүректің ишемиялық кеселі, инфаркттар, гипертония, демікпе) . Кеселдің келесі санатын көбіне-көп дұрыс тамақтанбаумен байланыстырады. Бұл әрқашан дұрыс болып келе бермейді. Әңгіме әр түрлі өмір салтын ұстанатын адамдар жапа шегетін қарын мен ұлтабар, гастриттер жөнінде болып отыр. Стресс ауруларының үшінші санатына эндокриндік ауытқулар мен зат алмасу үдерісінің бұзылыстары жатқызылады.

Күйзелісті жеңудің әр қилы стратегиялары бар. Олардың бірі - эмоцияларды білдіру ептілігі. Екіншісі - жағдайды қайта бағалау, оқиғаның басқа суретін құрастыру және жағымсыз жағдайдың өзінен өзіңіз үшін көптеген пайдалы нәрсені таба білу машығы. Үшінші жол - қайта бағалауға келмейтін жағдайды өзгертуге мүмкіндік беретін мақсатты бағытталған әрекеттер.

Стресстің жіктелуі және стресстен сақтандыру шаралары

Жалпы стресстің біртұтас алынған жіктелуі жоқ. Малдәрігерлерінің оның себептеріне байланысты жіктеуді қолданған дұрыс сияқты.

Ол бойынша: транспортты-тасымалдау; технологиялық - малды күтіп-бағу; ауырсынғандық; ауа райына байланысты; вакцина жасауға байланысты; температураға байланысты; малдың қозғалмай, бір орнында тұрып қалуына байланысты; жылқы, ит, маймылдарда көңіл-күйге (эмоционалды) байланысты т. б. түрлерін ажыратуға болады.

  1. Транспортты-тасымалдау стрессі. Малдарды тасымалдау кезіндегі ережелерді бұзудан болатын стресс. Бірнеше стрессорлар әсер етеді: мал таситын көлікті дұрыс дайындамау; жаңадан әкелінген малдарды бірінші күндері дұрыс күтпеу; ауа райының, температураның өзгеруі; т. б. қосымша әсерлер ретінде көп малды тығыз күйінде тасымалдау. Мұндай стресс асыл тұқымды, буаз малдарда, бұзауларда кездеседі. Малдарды ыстық күні, ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда тасымалдағанда жиі кездеседі. Су уақытында берілмей, рацион дұрыс болмағанда, әсіресе онда: кальций, магний аз, калий көп болғанда; арық малдарды тасымалдағанда; бұзауларды стресске қарсы дәрі беріп дайындамағанда да пайда болады.

Организмнің резистенттілігі нашарлап бұзаулар өкпе, ас қорыту жүйесінің ауруларына шалдыққыш келеді.

  1. Технологиялық стресс. Малдарды күтіп-бағуда жіберілетін кемшіліктерден туындайтын стресс. Оған жататындар:
  • малдардың жиі-жиі орнын ауыстырып, жиі-жиі жаңа топтарға бөлу;
  • төлдерді енелерінен ерте айыру;
  • малдарды байлап, қозғалыссыз ұстау - адинамия;
  • кенеттен жаңа күту әдістеріне ауыстыру.

Көбінесе стресс бірнеше факторлар қатарынан әсер еткенде пайда болады. Ауру малдардың өнімі азаяды, өнімінің сапасы төмендейді. Өсіп-өнуден қалады. Клиникалық белгілері, әсіресе шошқаларда, қамдану сатысында-ақ біліне бастайды.

3. Эмоционалды стресс. Малдарға қатты ауырту арқылы әсер еткенде, олардың көңіл-күйінің өзгеруімен сипатталатын стресс.

Нерв жүйесі тез қозатын спорт аттарының, декоративті иттердің, зоопарк және цирк малдарының арасында кездеседі.

Дайындықсыз, дұрыс ұйымдастырылмаған малдәрігерлік істер: қан алу, мүйізсіздендіру, пішу, өлшеу, косметикалық операциялар (құлаққа, құйрыққа т. б. ) жасау стресс жағдайын туғызуы мүмкін.

Стресс жіті түрде тез өтеді. Болжамы нәтижелі. 5-10 күнде ауру мал қалыпты жағдайына келеді. Сақтандыру шаралары:

  • аттарды, иттерді, цирк малдарын дұрыс тренингке үйрету;
  • малдәрігерлік жұмыстарды жақсы дайындап, дұрыс жүргізу;
  • малдарды үйрету тобына аларда, олардың жоғарғы нерв жүйесінің түрін еске алу керек.

Домбығу және оған диагноз қою

Домбығу - полимерлердің төмен молекулалы сұйықтықтарды өз бойына сіңіруі нәтижесінде көлемінің өсуі. Бұл жағдайда полимердің пішіні өзгермейді. Үлкен молекулалы қосылыстардың молекулаларының мөлшері еріткіш молекулаларының мөлшерінен мыңдаған есе көп. Полимер мен еріткіш молекулалары бір-бірімен жанасқанда сұйықтық молекулалары полимер фазасының ішіне жылдам енеді, яғни бір жақты диффузия жүреді. Бұған еріткіш молекулаларының аса қозғалғыштығы және полимер молекулалары тығыздығының төмен болуы ықпал етеді. І. шекті және шексіз болып бөлінеді. Ол домбығудың түріне, орналасу орнына, көлеміне және таралуына байланысты. Қатерсіз ісік кезінде ісік оперативті жолмен жеңіл алынатын беткілік тоқымаларда және ағзаларда орналасады, сол себептен олардың болжамы оңды, ал қатерсіз ісікке болжам қауіпті болады, егер ісік аурудың бастапқы кезінде пайда болса. Ісіктің асқынған кезінде метастазда және ішкі органдарда пайда болуының болжамы өте қауіпті.

Домбығу диагноз қою үшін ветеринарияда клиникалық, патологиялық және рентгенологиялық әдістер қолданылады. Ауру малды ең алдымен мұқият клиникалық тексеруден өткізеді, жалпы зерттеумен бірге ісікті қолмен басып көреді. Оның көлемі мен сипатын, тығыздығын және ісіктің қоршаған тоқымаларымен қарым -қатынасын анықтайды. Сонымен қатар ісік барысында метастаз және аумақтық лимфа түйіндерінің жағдайына көңіл бөледі. Ісікті көп жағдайда созылмалы продуктивті қабынудың бір формасы мен қателестіріп алуға болады. Сол себептен ісікті қабыну процесіне ажырату үшін ескертетін жағдай қабыну кезінде тоқымалардың диффузды ісінуі белгілі көлемсіздігі, қоршаған тоқымалармен тығыз байланысуын ескерген жөн. Ісіктер көп жағдайда белгілі көлемде және инкапсуляциялы болады.

Домбығу көбінесе байқалмайды, олардың дамуы үдемелі, жалғастырмалы болады. Қатерсіз ісіктер қозғалмалы, қатерлі ісіктер қоршаған ортамен тығыз байланысты болады. Сонымен қатар олардың сырт пішіні кедір бұдырлы.

Мұндай ісіктер ыдыраған кезде ойылымды жаралар пайда болады. Диагностикалау әдісінің ішіндегі ең нәтижелі рентгенді зерттеу. Бұл тәсіл сүйектің, қарынның және өкпенің ісіктерін анықтауда қолданылады.

Домбығудың ( ісіктердің) жіктелуі

Даму сипатымен клиникалық өтуіне байланысты қатерлі және қатерсіз деп екіге бөлінеді.

Қатерсіз ісіктер - өте баяу дамиды, капсуламен қапталады, тоқыма мен ағзаларда өспей, тек оларды ығыстырады. Бұл ісіктер метастоз бермей және ыдырап кетпейді. Жануарлардың жалпы организмінде клиникалық өзгерістер байқалмайды. Ісікті алғаннан кейін толығымен жазылу байқалады.

Қатерсіз ісіктер тобына: дәнекер тоқымасының ісіктері - фиброма, хондрома, остеала; бұлшық ет тоқымаларының - экстрлік.

Саркома - топ жағынан дәнекер тоқымалы ісікке жататын және қатерлі өтуі бар ісіктер тобына жатады. Саркоманың өсуі жылдам. Инфинтрацияланады, сонымен қатар көрші ұлпаларды зақымдайды. Саркома өзінің бастапқы кезінен бастап ол метастозға ішкі ағзаларды ұшыратып, операциядан кейінгі кезенде рецедив дамыту мүмкін. Саркома көп жағдайда ит пен жылқыда төлдеу кездерінде байқалады.

Домбығуды емдеуінің жалпы негіздері

Домбығудың емі оперативті сәулелі және дәрілік затты болады.

Оперативтік тәсіл - ол негізгі тәсіл. Оның мақсаты ісікті оперативті жолмен алу. Қатерсіз ісікке тілікті көрші жатқан тоқымалардың шекарасында салады. Жаңа пайда болған ісіктердің ұшы жоқ скальпельмен, ісікті капсуланы зақымдап ашпай аралас тоқымалардан ажыратады. Ісік қоректендіретін қан тамырларын үзеді. Жараға тігіс салынады.

Қатерлі ісік кезінде жасалынатын операция жаңа пайда болған өсіндіні сау тоқымалардың аумағынан жергілікті лимфа түйінділерімен бірге алу. Операция жара кезінде алынып жатқан ісік, домбығудан көбею торшаларының түспеуін қадағалайды.

Сәулелі терапия - қолдану негізі рентген сәулелері, сонымен қатар радий немесе жасанды радиоактивті заттар - изотоптар. Сәулелі радиация ісік клеткаларының өміршеңдігін бұзып және организмнің жалпы әсерін оның реактивтілігін өзгертеді .

Химиотерапия - қатерлі ісіктің дәрі - дәрмектеп емдеу әдісі. Біздің елімізде синтезделінген препараттар эмбихин, новэмбихин, докан, омаин, сарколизин тағы басқа преператтар қолданылады.

Гармонотерапия - гармондармен емдеу. Организмге үлкен дозада гармон енгізу, онда гармональды өзгерістер туғызып, ісіктердің өсуін тежейді. Ветеринария саласында гармонотерапия етек алған жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стреске анықтама, этиологиясы,кезеңдері,жіктелуі. Домбығу. Домбығу этиологиясы
Стресс, анықтамасы, жіктелуі, себебі
Стресс, домбығу
Стресс жайлы мәлімет
Домбығу этиологиясы турлері даму механизімі. Стресстің анықтамасы, кезеңдері, жіктелуі даму механизмі
Стресс.Этиологиясы,жіктелуі,кезеңдері, даму механизмі және патогенезі
Стресс. Ісіну немесе домбығу
Стреске анықтама
Стресс жайлы
Домбығу және стресс аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz