Меншік ұғымы. Экономикалық жүйе. Сұраныс және ұсыныс икемділігі. Ақша жүйесінің даму кезеңдері. Бәсеке және оның модельдері



1. МЕНШІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
2. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК.
3. ҰЖЫМДЫҚ МЕНШІК
4. АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
5. ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ
Меншік - күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады.Меншікті қарастырудың екі тәсілдемесін ажырату керек:
Бірінші тәсілдеме меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар.
Екінші тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сараптау арқылы сипаттайды.
Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері — Рональд Коуз (1914ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқаларды еңбектерінде өзінін жалғасын тапты. Осы ғалымдарды тұжырымламасына сәйкес, ресурс әзінен өзі меншік бола алмайды тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық — міне осы меншіктің мазмұнын құрайды.
Меншік субъектілері: жеке түлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады.
Меншік үлгілері сан-алуан түрлі.Меншік үлгілері сан-алуан түрлі болады: олар алғашқы қауымдастық, сенімділік, мемлекеттік ұжым, халықаралық. жеке меншік. Осындай иемденушілік: феодалдық. буржуазиялық, социалистік, мемлекеттік, акционерлік болады. Олардың қатарында: кооперативтік біріккен, жеке акционерлік, мемлекеттік, шаруашылық біріккен түрлері болады. Нарық экономика жүйесінде, жеке және басқа меншікте қоғамдық жиынтық өнім қалыптасады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Меншік ұғымы
Экономикалық жүйе
Сұраныс және ұсыныс икемділігі
Ақша жүйесінің даму кезеңдері
Бәсеке және оның модельдері

Тексерген:Габдуллина Лаззат Баглановна
Орындаған: Өтебекова Айдана
Группа: ПХ-415

Меншік - күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады.Меншікті қарастырудың екі тәсілдемесін ажырату керек:
Бірінші тәсілдеме меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар.
Екінші тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сараптау арқылы сипаттайды.
Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері -- Рональд Коуз (1914ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқаларды еңбектерінде өзінін жалғасын тапты. Осы ғалымдарды тұжырымламасына сәйкес, ресурс әзінен өзі меншік бола алмайды тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық -- міне осы меншіктің мазмұнын құрайды.
Меншік субъектілері: жеке түлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады.
Меншік үлгілері сан-алуан түрлі.Меншік үлгілері сан-алуан түрлі болады: олар алғашқы қауымдастық, сенімділік, мемлекеттік ұжым, халықаралық. жеке меншік. Осындай иемденушілік: феодалдық. буржуазиялық, социалистік, мемлекеттік, акционерлік болады. Олардың қатарында: кооперативтік біріккен, жеке акционерлік, мемлекеттік, шаруашылық біріккен түрлері болады. Нарық экономика жүйесінде, жеке және басқа меншікте қоғамдық жиынтық өнім қалыптасады.

МЕНШІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ

Меншік ұғымы әрбір экономикалық жүйенінің іргетасы болып табылады. Ол тарихи түрде адам және қоғаммен бірге пайда болды. Алғашқы кезде меншік деген ұғым тек жер мен байланыстырылды. Сондықтан да меншік адамның дайын өнімдерге емес, жерге деген діни, табиғи және өндіріс жағдайларына қатынастарын байқатады. Мұнда адам -- өндіруші және өндіріс құрал-жабдығын иеленуші ретінде көрінеді (жер -- қоғамдық өндірістің басты құралы). Өндіріс нәтижелерін иелену коғамдық экономикалык қатынастар шеңберінде материалдық игіліктерді адамдар бірлесе игеру арқылы жүзеге асады. Өткен дәуірдегі экономикалық ойлар иелері меншіктің мәні мен мазмұнын қарастыруда ерекше қадамдар жасады. Физиократтар мектебінің негізін қалаушы француз экономисі Франсуа Кенэ (1694-1774 жж.) Экономикалық кесте (1758ж.) деген еңбегінде меншікті көбейту процесінде еңбек өнімділігі рөлінің басымдығын көрсеткен. Ол, меншікті молайтудағы енбекшінің егін шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің басымдылық рөлін ерекше қолдап, оны барлық байлықтың қайнар көзі ретінде санады.
Меншіктің пайда болу табиғатына қомақты үлесті Уильям Петти, Давид Рикардо және Адам Смит қосты. Олар алғаш рет қоғамның рабқа яғни жалдамалы жұмысшы, капиталист және жер иеленуші болып жіктелуіне негіздеді. Уильям Петтидің еңбек -- байлықтың ағасы, жер -- оның анасы деген қанатты сөздері өзінің мәнін осы күнге дейін жойған жок.
Француз экономисі Пьер Жозеф Прудон (1809-1865 жж.) меншікке өзінің көзқарасын Кедейліктің философиясыдеген еңбегінде баяндаған болатын. Онда ол ұсақ буржуазиялық және жеке меншікті дәріптеп, капиталистік меншікті сынады.Прудон Меншікті -- бұл ұрлық деген сөзінің мәні бар. Меншіктің мұндай сипаттамасы кең тараған жоқ және ғылыми сынға ұшырады.
К. Маркстың тұжырымдауы бойынша, меншік экономикалық категория ретінде адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз өмір сүреді. Меншік -- бұл өндіріс құрал-жабдығын иелену қатынасы жән материалдық игіліктерді басқару, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі Маркстік теорияға сәйкес -- құралдар, заттар және т.б. меншікті заттық мазмұнын құрайды. Алайда меншік ұғымы тек қана заттың мазмұнымен немесе адамның затқа қатынасымен шектеліп қан коймайды. Адам басқа адамдармен өзара тығыз байланыста өмір сүреді, еңбек өнімін өндіреді және тұтынады. Ешкімге жатпайтын нәрсені -- қоғамнан тыс, басқа адамдармен байланыссыз иемдену мүмкін емес. Айталық. тіл бір ғана адамнын өнімі болып табылады. Себебі, ондай жағдайда адам ешкіммен сөйлесе алмайды. Меншік дәл солай: ешкіммен қатынаспайтын адамның меншігі - экономикалық категория ретінде мазмұнын жояды. Меншік табиғи емес, ол заттардың коғамдык қасиеті.
Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері -- Рональд Коуз (1914ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқаларды еңбектерінде өзінін жалғасын тапты. Осы ғалымдарды тұжырымламасына сәйкес, ресурс әзінен өзі меншік бола алмайды тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық -- міне осы меншіктің мазмұнын құрайды. Бұл процеске қатынасатындарды барлығы меншік құқығын ескеру кезінде ойын ережесін білу қажет. Меншік кімге жатады, және өзара іс-әрекетті ұштастыруға қол жеткізу үшін олармен келісу керек пе?Олардың ойынша меншіктің кешенді құкығы төмендегідей он бір бөлімнен құралады:
1. иелену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелген бақылау құқығы;
2. пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін
қолдану құқығы:
3. баскару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қашан
камтамасыз етуді шешу құқығы:
4. табыска деген құқық яғни игіліктерді қолдану нәтижесіне ие
болу құқығы;
5. егеменділік құқығы яғни бейтараптандыру, тұтыну, игілікті
жою немесе өзгерту құқығы;
6. қауіпсіздік құқығы, яғни игілікті тонаудан және сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы;
7. игілікті мұрагерге беру құқығы;
8. игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы;
9. сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық
жасау құқығы;
10. жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды
төлеуге игіліктермен жазалау мүмкіндігі;
11. қалдылты сипат құқығы, яғни бұзылған құқық шараларын
қалпына келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы.

МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК. Мемлекеттердiң пайда болуы мемлекеттiк меншiктiң пайда болуына мүмкiндiк туғызды. Соған орай меншік формаларының түрлері жеке (дербес), отбасылық, рулық, мемлекеттік болып қалыптасты.XX ғасырдың экономикасында мемлекеттік меншіктің мәні біраз артқан болатын. Мемлекеттік меншікті құрайтын объектілер, қоғам мүдделерін қанағаттандыру үшін арналған.
Мемлекеттік меншік бұл экономикалық қатынас, акционерлік формалармен қатар қоғамдық меншіктің бір түрі болып келеді. Бұл меншіктің формасында өндірістік өнімдер толығымен мемлекет иелігінде болады. Мемлекеттік меншік КСРО-да өте жоғары дамыған, өйткені ол командалық-әкімшілік экономиканың маңызды бөлігі болды.
Егер дербес сектор барлық қоғамдық қажеттiктердi қанағаттандыра алса, мемлекеттiк өндiру тәсiлдерiнде мұқтаждық болмас еді. Бірақ, дербес капитал тек жеткілікті пайда әкелетін қызмет пен өндірісті алады. Оның мүддесі ғылым мен мәдениетке, әлеуметтік-тұрмыстық объекттерінің өндірісіне таралмайды. Сондықтан қазіргі дамыған мемлекеттер олардың дамуын өз жауапкершілігіне алады. Мемлекеттік меншікті орнату қажетті қорларда жасалу процесстерін және ең маңызды игіліктердің үлестірілуін біртүтас орталықтандырылған реттеумен қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік меншік объектілеріне жылжымалы мүліктің түрлері, соның ішінде жер телімдер, кәсіпорындар және басқа да мүліктік кешендер, тұрғын-үй қоры мен тұрғылықты емес бөлмелер, сонымен қатар жылжымалы мүліктің түрлері, соның ішінде құралдар, көлік, тұрмыстық және тұтынушылық сипаттағы заттар, бағалы қағаздар, банктерде немесе нбасқа несиелік мекемелердегі үлестер, шетелдік валюта мен валюталық құндылық; тарихи және мәдени ескерткіштер (жылжымалы және жылжымайтын).
Қалалық тұрғын-үйлердің едәуір бөлігі мемлекеттің басқаруымен салынады және мемлекеттік меншік болып қалады. Ауруханалар тура осылай мемлекеттік кәсіпорын болып қалады, ал дәрігерлер мен қалған қызмет көрсетушілер мемлекет қызметкерлері болып саналады.

ҰЖЫМДЫҚ МЕНШІК
Ұжымдық меншік формасы - ортақтықтағы барлық мүшелерінің иемденуге және пайдалануға құқығы тең болатын меншіктің түрі. Бұл меншіктің субъектісі болып серіктестіктің мүддесін баяндайтын уәкілі ретінде топ немесе жеке тұлға шыға алады. Бірақ, көп жағдайда заңға сүйене отырып біртұтас заңды тұлға немесе мемлекеттік орган, қоғамдық ұйым ретінде қарастырылады. Мұндай ұйымдардың мүшелерi нақтылы мақсаттардың табысы үшiн өз жұмысын және өз құралдарын бiрлестiредi.Бұл топтың әрбiр мүшесi өндiрiс және шығарылған өнiмнiң меншiк иесi болып табылады.Әдеттегідей, ұжымдық меншік капиталдың акционерлік формасында жұмыс істейді, дегенмен акция осы кәсіпорынның тек қызметкерлері арасында ғана жіктеле алады. Бұл еңбек ұжымының бөлінбейтін ортақ меншігі, кәсіпорынның басшыларынан бастап квалификациясыз жұмыскерлеріне дейін.Егер қызметкер жұмыстан шығар болса, зейнетке шыкса немесе өліп қалса, оның акциясы кәсіпорынның қарамағында қалады. Ол жаңадан келген жұмысшыға сатылады (тапсырылады, беріледі) немесе ұжымда жұмыс істейтін мүшелеріне бөлініп беріледі.
Меншiктiң осы формасы Батыста таралған. Мысалы, АҚШ-та мұндай кәсіпорындардың саны 10 000-нан асады. Олар мемлекеттен қолдау алып, несие және салық жеңілдіктеріне ие болады.
Ұжымдық меншiктiң кең таралған формалары кооперативтiк, әрiптестiк және акционерлiк меншiктер болып табылады.
Кооперативтік меншік - бiрлескен қызмет жүргiзуi үшiн өз құралдарын бірлестіріп, топтасқан тұлғалар меншiктерi. Коперативтік меншік әлемнің біраз елдерінде кең таралған. Кооперативтердің негізгі жұмысы ауылшаруашылық өнімін өңдеу және өткізу болып табылады.
Әріптестік меншік - меншік құқығы екі немесе бірнеше тұлғалардың иемдігінде болады. Ол әріптестікке қатысушылардың ерікті жинаулары (ақшалай немесе басқа түрде) негізінде құрастырылады.
Акционерлік меншік - акциялардың іске асырылуы нәтижесінде құрастырылады. Акциялар фирмадағы пайданы дивиденд түрінде бір бөлігін алуға, сонымен бірге акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасындда меншіктің әр-түрлі формаларының қалыптасуы.
Әдетте, эканомикалық теория меншіктің екі базалық формасын бөліп көрсетеді: жеке меншік және мемлекеттік. Ал соңғы кезде (нарық жағдайында меншіктің жеке меншік формасының өзі жеке бастық мүддесін іске асыру бағытында екі, негізгі шаруашылық формада жүргізіледі.
1) Меншіктің жеке меншік формасы (шаруа қожалықтары, жеке қосалқы шаруашылықтар)
2) Меншіктің ұжымдық формасы (кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер, олардың ассоциациялары т.б.)
Нарық эканомикасының негізін жеке адамдар меншігі құрайды, бірақ ол баяғы қалпынан көп өзгерген. Меншік эволюциясы нәтижесінде біздің елімізде (басқа да ТМД елдерінде) оның жаңа, біріктірілген (ассоциацияланған) формалары өмірге келді: ұжымдық, топтық акционерлік салыстырмалы түрде айтар болсақ Батыс эканомикалық теориясы меншіктің жеке формасында барлық меншіктік емес формаларды қарастырады. Оның үстіне қазір меншіктің жеке формаларымен қатар мемлекеттік формасында дамып отыр, осыған байланысты бүгінгі кезде меншіктің аралас формалары да өмір сүруде.
Меншік нысандарын зерттеу барысында жеке және қоғамдық меншік категориялары айналасында күрделі пікірталастар туады. Көптеген авторлар жалпы халықтық, қоғамдық, мемлекеттік ұжымдық меншік түсініктерін бірдей деп қарап, олардың атауларын тек синонимдер деп түсіндіреді.Осы сияқты жеке меншік категориясын да әр түрлі атпен атай береді.
Меншік формасы - меншік субъектісінің нышандарыбойынша сипатталатын өлшем немесе белгі (критерий). Ол әр түрлі меншік объектілерінің бірыңғай табиғат субъектеріне жататын (қатарында болуын) анықтайды. Оны анықтайтын өлшемдер мен белгілер бірнешеу болуы мүмкін: иемдену формасы бойынша, меншік құқығы бойынша, субъект бойынша.

Алайда меншік формаларының жиыньығын жалпы түрде сипаттап көрсетуге болады. Олар:
1.Жалпы халықтық меншік - қоғамның барлық мүшелерінің жалпылама және теңдей қолдары жететін меншік (табиғи ресурстар);
2.Мемлекеттік - қазба байлықтар, негізгі өндірістік қор, айналым қоры (жалпы халықтық меншіктің бөлігі)
3.Өңірлік мемлекеттік - өңірлік мемлекеттік органдар қарамағына берілген меншік;
4.Коммунальдық - жергілікті мемлекеттік органдарға берілген меншік;
5.Ұжымдық - жоғарыда көрсетілген меншіктердің бөлінбейтін бөлігі, белгілі бір мерзімге кәсіпорын ұжымының иелігіне және ұйғарымына берілген меншік (қолданыстағы заңдарға сәйкес пайдалануға);
6.Бірлескен үлестік меншік - бірікке топтар мүшелеріне қарасты, жаңадан құрастырылған, сатып алынған мүліктер, оны бөлуге болады, заң бойынша өздері дербес пайдалана алатын меншік;
7.Жеке адамның меншігі - мүлік, зат, хабарлама түріндегі жеке адамға қарасты, азаматқа - меншік иесіне қойылатын заңдық нормаларды сақтай отырып пайдаланылатын меншік;
Жоғарылардан басқа қоғамдық ұйымдар меншігін, топтық меншігін, отбасылық меншіктерін бөліп көрсетуге болады.
Экономикалық жүйе - қоғамда қалыптасқан меншік пен шаруашылық механизміндегі қатынас негізінде жүзеге асырылатын барлық экономикалық процестердің жиынтығы болып табылады. Жүйенің мәнін түсіне отырып шаруашылық өмірдің көптеген заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді.
Экономикалық жүйелерде оларды бір-бірінен ерекшелейтін элементтер бар, олар: экономикалық ресурстар мен шаруашылық қызмет нәтижелеріне деген меншік формасының әрбір экономикалың жүйедегі қалыптасуына негізделген әлеуметтік-экономикалық қатынастар; шаруашылық қызметтің ұйымдастыру-құқықтың формалары; шаруашылық механизм, яғни экономикалық қызметті микро және макро деңгейде реттеу тәсілдері.
Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:
1. Меншік типтері бойынша;
2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша;
Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөледі:
а)дәстүрлі экономика;
ә)әкімшілдік-әміршілдік экономика;
б)еркін бәсекелестік (таза капитализм)нарықтық эконмика;
в)қазіргі нарықтық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика.
Енді осы типтерге толығырақ тоқталайық.
а) дәстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделелі. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықталады. Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.
ә) еркін бәсекелестік нарықтық экономика ресурстарға жеке меншіктік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. Тұлға өзінің барлық материалдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалығы үшін қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін көздейді, бірақ бұл жағдайда көптеген басқа кездегідей, ол көрінбейтін қолмен, мақсатқа қарай бағыттайды және оның ойында бұл боғандай емес. Өзінің ойлаған мүддесін тіпті саналы түрде көздегенмен де, ол қоғам мүддесіне батымды - ақ жиі қызмет жасайды.
Мұндай экономика ең идеалды экономика ретінде қарастырылады. Еркін (либералды) нарықтық экономиканың негізін қалаушы А.Смит болды. Ол нарықтық экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеді. Алайда еркін нарықтық экономиканың нақты қызмет атқаруы көрсеткеніндей, оның бөлінбес серігі - артық өндіру экономикалық дағдарысының үнемі туындауы болып келеді. Экономикалық дағдарыстар тарихын зерттеуі көрсеткендей, олар 1825 жылдан бастап үнемі әрбір 8 - 10 жылда қайталанып отырады. Дағдарыс кезінде саудада тоқырау басталады, нарыққа өтпейтін өнімдер мөлшері көбейіп кетеді, қолма - қол ақшалар айналымнан жойылады, зауыт пен фабрикалар тоқтатылады және жұмысшылар жұмыссыз қалады. Тоқырау жылдарға созылады және экономика бүлінеді.
б) әкімшілдік - әміршілдік экономика. Нарықтық экономикадағы еркін бәсеке және оны тереңірек талдау құбылысы әкімшілдік - әміршілдік экономика теориясының пайда болуына ықпал етті. Әміршілдік экономика теориясының ұраны: Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірісті қоғамдық - жоспарлы реттеумен алмастырылады.
Әкімшілдік - әміршілдік экономиканың нарықтық экономикаға қарағанда артықшылығы мынада: ол ашқ түрде жұмыссыздықты, өндірістің тым құлдырауын болдырмайды. Ал қиын шешуші кезеңде елдің материалдық, еңбектік және ақша қорларын ірі халық шаруашылығының міндеттері мен бағдарламасын жүзеге асыруға шоғырландырады және жұмылдырады. Сондықтанда жоспарлау жүйесін қоғамдық меншікке негізделген социалистік елдер ғана емес, жеке меншікке негізделген кейбір капиталистік елдерде қолданады. Айталық, екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде бұл гитлерлік Германияда байқалды.
Әкімшілдік - әміршілік экономиканың олқылықтары мынадан байқалады.
Біріншіден, барлық шаруашылық сауалдарын көп сатылы бюрократ - тық инстанциясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономикалық теорияның пәні бойынша дәрістер
Экономикалық жүйелер, ұғымы, типтері және салыстырмалы сипаттамасы
ҚР меншік қатынасы
Экономикалық жүйелер, ұғымы, типтері және салыстырмалы сипаттамасы. Сұраныс және ұсыныс икемділігі оның түрлері
Нарықты зерттеу және сегменттеудің пәні мен әдістері
Микроэкономика пәнінен дәрістік кешен
Экономикалық теорияның пәні
Нарықтық экономика жағдайы
Аралас экономикалық жүйелер
Пәндер