Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні



Лексикалогия–сөз байлығын зерттейтін ғылым. Лексикалогия іштей семасиология, этимология, фразеология және лексикография салаға бөлінеді.
Қазақ тілінің сөз байлығындағы негізігі сөздік қор мен сөздік құрам деп бөлінеді. Сөздік қор талай ғасырдың жемісі. Ал, сөздік құрам тілдегі сөздердің барлығының жиынтығы. Сөздік құрамның аясы, көлемі сөздік қордан әлдеқайда мол. Аталмыш пәннің тақырыптарында лексикалогияның басқада салалаларының ерекшеліктері мазмұндалған. Сөздік құрам және сөздік қор. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам не лексика деп аталады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, күнкөріс тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді. Қазақ тілінің сөздік құрамына ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздер де, кірме сөздер де, кейін пайда болған неологизмдер мен терминдер де, әдеби сөздер мен ауызекі сөйлеу тіліне тән қарапайым сөздер де, диалектілер де, кәсіби сөздер бе, қысқасы, тіліміздегі барлық сөз қабаттары енеді. Сөздік құрам өз ішінен бірнеше топқа бөлінеді: сөздік құрам сөздердің қолданылу жиілігіне қарай актив және пассив сөздер деп, ең алдымен, екі салаға бөлінеді. Ал сөздік құрамдағы сөздердің қолданылу сипатына қарай:
Сөздің әдеби және әдеби еместігіне байланысты: әдеби лексика және диалектілік лексика;
Сөздің халыққа таныс және онша таныс еместігіне байланысты: жалпыхалықтық және арнаулы лексика деп;
Тілдегі сөздің жұмсалу аясы мен көркемдік мәніне қарай: бейтарап сөздер мен экспрессивті сөздер болып бөлінеді.
Сөздік қор. Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор оның негізгі ұйымдастырушысы, қайнар бұлағы, шығу арналарының ең маңызды бөлігі болып табылады. Негізгі сөздік қорға түркі тілдеріне ортақ сөздер: тау, тас, көл, түн, ай, жыл, жүр, көк, төрт, мен, сен, ол, т.б. сөздер, сонымен қатар ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан қазақтың байырғы төл сөздері:
Туыстық атаулар: аға, іні, құда, жиен, немере, т.б.
Жануар атаулары: түйе, жылқы, сиыр, т.б.
Ағаш атаулары: тобылғы, емен, т.б.
Киіз үй атаулары: шаңырақ, кереге, т.б.
Жұмыс құралдары: күрек, балға, балта, т.б.
Сапалық сындық атаулары: жақсы, жаман, т.б.
Сөздік қордың мынадай басты белгілері бар:
Тұрақтылық. Оған бірнеше ғасырлар бойы өмір сүріп, барша ұрпақ үнемі қолданып келе жатқан сөздер кіреді: Ат, ер, сіз, өзім, теріс, күн. Бұлар ескерткіш тілдерінде де кездеседі.
Сөз тудыруға ұйытқа. Негізгі сөздік қор болмаса сөздік құрам молайып байымас еді. Күн – күндіз, күнгей, күнім, күндік, күндес, күнелту, күнделік, күнара, т.б.
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері.
2. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы
3. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: 1.Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары; 2.Өзге тілден енген сөздер; 3.Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні; 4.Лексикография.

Орындаған: Әблез М.С

Тексерген: Қалиева С.Е

Семей 2015ж
Лексикалогия - сөз байлығын зерттейтін ғылым. Лексикалогия іштей семасиология, этимология, фразеология және лексикография салаға бөлінеді.
Қазақ тілінің сөз байлығындағы негізігі сөздік қор мен сөздік құрам деп бөлінеді. Сөздік қор талай ғасырдың жемісі. Ал, сөздік құрам тілдегі сөздердің барлығының жиынтығы. Сөздік құрамның аясы, көлемі сөздік қордан әлдеқайда мол. Аталмыш пәннің тақырыптарында лексикалогияның басқада салалаларының ерекшеліктері мазмұндалған. Сөздік құрам және сөздік қор. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам не лексика деп аталады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, күнкөріс тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді. Қазақ тілінің сөздік құрамына ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздер де, кірме сөздер де, кейін пайда болған неологизмдер мен терминдер де, әдеби сөздер мен ауызекі сөйлеу тіліне тән қарапайым сөздер де, диалектілер де, кәсіби сөздер бе, қысқасы, тіліміздегі барлық сөз қабаттары енеді. Сөздік құрам өз ішінен бірнеше топқа бөлінеді: сөздік құрам сөздердің қолданылу жиілігіне қарай актив және пассив сөздер деп, ең алдымен, екі салаға бөлінеді. Ал сөздік құрамдағы сөздердің қолданылу сипатына қарай:
Сөздің әдеби және әдеби еместігіне байланысты: әдеби лексика және диалектілік лексика;
Сөздің халыққа таныс және онша таныс еместігіне байланысты: жалпыхалықтық және арнаулы лексика деп;
Тілдегі сөздің жұмсалу аясы мен көркемдік мәніне қарай: бейтарап сөздер мен экспрессивті сөздер болып бөлінеді.
Сөздік қор. Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор оның негізгі ұйымдастырушысы, қайнар бұлағы, шығу арналарының ең маңызды бөлігі болып табылады. Негізгі сөздік қорға түркі тілдеріне ортақ сөздер: тау, тас, көл, түн, ай, жыл, жүр, көк, төрт, мен, сен, ол, т.б. сөздер, сонымен қатар ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан қазақтың байырғы төл сөздері:
Туыстық атаулар: аға, іні, құда, жиен, немере, т.б.
Жануар атаулары: түйе, жылқы, сиыр, т.б.
Ағаш атаулары: тобылғы, емен, т.б.
Киіз үй атаулары: шаңырақ, кереге, т.б.
Жұмыс құралдары: күрек, балға, балта, т.б.
Сапалық сындық атаулары: жақсы, жаман, т.б.
Сөздік қордың мынадай басты белгілері бар:
Тұрақтылық. Оған бірнеше ғасырлар бойы өмір сүріп, барша ұрпақ үнемі қолданып келе жатқан сөздер кіреді: Ат, ер, сіз, өзім, теріс, күн. Бұлар ескерткіш тілдерінде де кездеседі.
Сөз тудыруға ұйытқа. Негізгі сөздік қор болмаса сөздік құрам молайып байымас еді. Күн - күндіз, күнгей, күнім, күндік, күндес, күнелту, күнделік, күнара, т.б.
Жалпыхалықтық сипаты. Сөздік қордағы сөздер қазақ тілінде сөйлейтін адамдардың барлыға түсінікті, мұнда қызметі, кәсібі, жасы дегендерге шек қойылмайды;
Ондағы сөздерге стильдік қабаттасулар тән емес, яғни жалпыхалықтық болған соң, лексиканың ең негізгі саласы, жалпы қолданыстағы сөздер.
. Стиль ұғымы да сөйлеу (речь) және оның формаларымен байланысты қарастырылады. Стильдердің негізгі арқауы - сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары. Қазақ тіл ғылымында функционалдық стильдердің былайша топтастырып жүр: ауызекі сөйлеу стилі; ғылыми стиль; ресми стиль; публицистикалық стиль; көркем әдебиет стилі. Ауызекі сөйлеу стилі қазақ ұлттық әдеби тілінің жіктелуінде айырықша орынға алады. Тұрмыстық қарым қатынаста ауызекі сөйлеу тілі қолданылады. Ауызекі сөйлеу тілінің тілдік бірліктері оның қызметінің ерекше шартын анықтайды. Олардың бастылары мыналар:
-- бейресмилік;
-- сөйлеудің еркіндігі;
-- сөйлеу қарым-қатынасының экспрессивтілігі;
-тілдік тәсілдерді сұрыптаудың қажетсіздігі;
-- сөйлеудің автоматтығы;
-- сөйлеудің мазмұны: диалогтық форма әрі қарапайымдылық.
Ғылыми стиль функционалдық стильдің тілдік белгілерімен сараланатын айырықша бір түрі. Ғылыми стиль жазба стильге жатады, оған ғылыми еңбектер, оқулықтар, зерттеулер кіреді. Ғ.С.-де ғылыми терминдердің мол қолданылатындығы, сөйлемнің анық, түсінікті болуы ғылыми стильдің басты белгісі. Ғылыми стильде нормадан тыс тұратын сөздер қолданылмайды. Сөйлем құрылысы да тілдік норманың қатаң тәртібін сақтайды. Сөздердің денотаттық мағыналарын жұмсау үстем болад.
Публицистикалық стиль (БАҚ тілі) - қоғамдық өмірдің алуан саласында, әсіресе, газет, журнал, радио, теледидар тілі болып табылады. П.С. туралы қазақ тіл білімінде Б.Момынова, О.Бүркітов сияқты ғалымдардың еңбектерінде сөз болады. П.с.-де жалпы ұлттық тілдің байлығы стилистикалық дәреже алуға икем болады.
Көркем әдебиет стилі - ұлт тілінде алатын орны ерекше. К.ә.с. орыс тіл ғылымында Л.А.Новиков, М.М.Бахтин, Н.Д.мелев сияқты, ал қазақ тіл білімінде Б.Шалабай, М.Серғалиев еңбектері арналған. Көркем сөзбен жазылған әдеби шығарма - өмір фактілерін жан-жақты қамтитын жанды организм. К.ә.с.-нің аясы кең. Мұнда барлық стильдердің элементтері кездеседі. Тілдік тәсілдер көркемдік мақсатта жұмсалады.
Ресми стильге ресми құжаттардың барлық түрі жатады. Ресми стильдің қалыптасуы көне замандардан бастау алады. Ресми құжат тіліне ғылыми стиль сияқты нақтылық, дәлдік тән, реттік сөйлемдерінің тілдік құрылымдық ерекшеліктері сақталады. Ресми құжаттар: мазмұнының қасқа әрі тұжырымды; тұжырымдары дәл әрі нақты; сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында жұмсалады; терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі сақталуы тиіс; көнерген сөздер, сирек қолданылатын сөздер, бейнелі, фразеологизмдер мен қарапайым лексика қолданылмайды; шешімде екіұдайылық болмауы үшін ауызекі сөйлеу тілінің элементтері араластырылмауы қажет.
Ауызекі сөйлеу тілі. Қазақ тілі түркі тобындағы біршама жас тіл екеніне қарамастан, дамудың күрделі процестерінен өткен, құрылымы әртүрлі тіл. Қазақ тілінің фактілері оның осы күнгі ұлттық дамуында үш негізгі тармақ бар екенін көрсетеді. Олар: 1. әртүрлі стильдік салада қолданылатын жазба және ауызша түрлері бар әдеби тіл, 2.жергілікті немесе әлеуметтік сипаты бар тіл ерекшеліктерінен тұратын диалектілер мен сөйленістер. 3. Жалпыхалықтық сипаттағы ауызекі сөйлеу тілі. Осының ішінде ауызекі сөйлеу тіліне ерекше тоқталатын болсақ, құрамы жағынан бірыңғай емес.Оның кейбір түрі халықтың күнделікті қолданылуында әдеби тілдің ауызша түрімен ұштасып жатса, кейбір түрі жергілікті ерекшеліктерімен байланысып жатыр. Мысалы, бірқатар сөзде т орнына дайтылуы ауызекі тілдеде сөйленістерде де кездеседі. Ауызекі тілде: дұз(тұз), дүзу (түзу), батыс сөйленістерде: дым(тым), дермен(тиірмен).Сөз ішінде ғ,г дыбыстарының сақталып қалуы ауызекі тілде:сүгірет (сурет), құмған (құман),ал кейбір оңт.батыс сөйленістерде егер (ер), бігіз (біз), еге (ие)т.б.Барыс, шығыс, жатыс септіктерінің бір бірімен ауысып айтылуы(мұғалімге оқыды- мұғаліммен оқыды, осы айға қар жауды-осы айда қар жауды) әрі сөйленістерде, әрі ауызекі тілде кездесіп отырады. Ауызекі сөйлеу тілі осындай ерекшеліктерге ие бола ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінің сөздік құрамы
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы ақпарат
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні. Лексикография
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы мәлімет
Кірме сөздер
Сөздік құрамның кірме сөздер арқылы толығуы
Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының негізгі пәнінен дәрістер
Қазақ тіліндегі балағат лексикасы
Пәндер