Адамның ішкі дүниесінің бірегейі



Әрбір қоғамның, яғни бір-бірімен тіл көмегімен қатынаста болатын адамдар тобының жетілу мақсаты – бай қоғам болу. Бұл жердегі бай анықтауышы бірінші рухани, екінші нәрселік байлықты меңзеп тұр. Бай қоғам былай сипатталады: бейбіт, сау, тату, еркін, ашық, еңбекқор, берік, мүліктік, демократиялық, сүйіспеншілік, азаматтық қоғам.
Президентіміздің 1997 жылдың күзінде ұсынған «Қазақстан-2030» мақсаттарын талдау түбінде қазақстандық қоғам жетілуінің мақсаттары аталмыш ойларға әкеліп тіркелетіндігін көрсетті. Келтірілген сипаттамалар Президентіміздің «біз әрі ішкі, әрі сыртқы жағдайларға сай болатын мәдениетті қоғамның қазақстандық үлгісін жасауымыз керек» деген сөзімен барлық жағынан үйлесіп жатыр деп айтуға толық негіз бар.
Көптеген жылдар бойынша жүргізген зерттеулеріміз бұл мақсаттардың толық жүзеге асуы адамның ішкі әлемі мәселелерінің дұрыс қойылып, дұрыс шешілуіне тікелей байланысты екендігін көрсетті. Өйткені қоғамның жоғарыдағыдай сипатталуы оның мүшелерінің ең болмаса көпшілігінің сәйкес сипатталуымен анықталады емес пе? Әрбір адамды сипаттау үшін оны екі тұрғыдан қарастыратындығымыз белгілі;
- адамның сыртқы әлемі;
- адамның ішкі әлемі (жан дүниесі).
Адамның сыртқы және ішкі әлемі арасында мынадай негізгі бес тәуелділік бар:
1) адамның ішкі әлемі оның сыртқы әлемі арқылы ғана көрінеді. Демек, адамның сыртқы әлемі оның ішкі әлемінің айнасы деуге болады;
2) адамға бағаны біз оның сыртқы әлемінің мазмұнына қарай береміз. Демек, адамның сыртқы әлемі оған берілетін бағаға негіз болады деп айтуға болады;
3) адамның сыртқы әлеміндегі жаңа өзгерістер көптеген жағдайда оның ішкі әлеміне сәйкес өзгерістер енгізбейді, ал енді ішкі әлеміндегі жаңа өзгерістер әр уақытта сыртқы әлемдегі сәйкес өзгерістерге негіз болады;
4) адамның сыртқы әлемі мен ішкі әлемінде өте көп жақты байланыстар болады;
5) адамның сыртқы әлемі де, ішкі әлемі де және олар біріге де біртұтас жүйе құрайды, бұл жүйе ұдайы қозғалыс, даму үстінде болады.
1. Нұркеева С.С, Нұрбекова С.Ж, Кашкарова Л.О. Өзін-өзі тану. Оқытушыларға арналған әдістемелік құрал. 2курс. Алматы, 2007 жыл
2. Құдышева Б.Қ, Жұманова Г.Ж, Нұркеева С.С, Серовайская Д.Е. Өзін-өзі тану пәніне кіріспе. Оқу құралы. Алматы, 2007 жыл

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Жаратылыстану бағытындағы математика факультеті

СӨЖ №3

Тақырыбы: Адамның ішкі дүниесінің бірегейі

Тексерген: Серикбаева Н.Б.
Орындаған: Арнабек Н.А.
Тобы: Т - 441

Семей 2015
АДАМНЫҢ ЖАН ДҮНИЕСІ ЖӘНЕ САНА МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖАЙЫНДА

Әрбір қоғамның, яғни бір-бірімен тіл көмегімен қатынаста болатын адамдар тобының жетілу мақсаты - бай қоғам болу. Бұл жердегі бай анықтауышы бірінші рухани, екінші нәрселік байлықты меңзеп тұр. Бай қоғам былай сипатталады: бейбіт, сау, тату, еркін, ашық, еңбекқор, берік, мүліктік, демократиялық, сүйіспеншілік, азаматтық қоғам.
Президентіміздің 1997 жылдың күзінде ұсынған Қазақстан-2030 мақсаттарын талдау түбінде қазақстандық қоғам жетілуінің мақсаттары аталмыш ойларға әкеліп тіркелетіндігін көрсетті. Келтірілген сипаттамалар Президентіміздің біз әрі ішкі, әрі сыртқы жағдайларға сай болатын мәдениетті қоғамның қазақстандық үлгісін жасауымыз керек деген сөзімен барлық жағынан үйлесіп жатыр деп айтуға толық негіз бар.
Көптеген жылдар бойынша жүргізген зерттеулеріміз бұл мақсаттардың толық жүзеге асуы адамның ішкі әлемі мәселелерінің дұрыс қойылып, дұрыс шешілуіне тікелей байланысты екендігін көрсетті. Өйткені қоғамның жоғарыдағыдай сипатталуы оның мүшелерінің ең болмаса көпшілігінің сәйкес сипатталуымен анықталады емес пе? Әрбір адамды сипаттау үшін оны екі тұрғыдан қарастыратындығымыз белгілі;
- адамның сыртқы әлемі;
- адамның ішкі әлемі (жан дүниесі).
Адамның сыртқы және ішкі әлемі арасында мынадай негізгі бес тәуелділік бар:
1) адамның ішкі әлемі оның сыртқы әлемі арқылы ғана көрінеді. Демек, адамның сыртқы әлемі оның ішкі әлемінің айнасы деуге болады;
2) адамға бағаны біз оның сыртқы әлемінің мазмұнына қарай береміз. Демек, адамның сыртқы әлемі оған берілетін бағаға негіз болады деп айтуға болады;
3) адамның сыртқы әлеміндегі жаңа өзгерістер көптеген жағдайда оның ішкі әлеміне сәйкес өзгерістер енгізбейді, ал енді ішкі әлеміндегі жаңа өзгерістер әр уақытта сыртқы әлемдегі сәйкес өзгерістерге негіз болады;
4) адамның сыртқы әлемі мен ішкі әлемінде өте көп жақты байланыстар болады;
5) адамның сыртқы әлемі де, ішкі әлемі де және олар біріге де біртұтас жүйе құрайды, бұл жүйе ұдайы қозғалыс, даму үстінде болады.
Адамның сыртқы әлеміне оның басқа адамдардың сезу мүшелеріне әсер етіп, түйсік туғызатын белгілер жиынтығы жатады. Сонда адамның кейіпі оның сыртқы әлемінің негізгі бөлігі болып табылады. Адамның ойлары мен сезімдері оның ішкі әлемін құрайды. Осы жерде адамның ішкі әлемі негізінен сезімдерден немесе ойлардан тұруы мүмкін екендігін атап өтуге болады. Бұл жағдай адамның өзінің және өзгенің өмірлеріндегі мақсаттары мен мәндерін әр түрлі түсінуге негіз болады.
Адамның жетілу мақсаты жайында дұрыс пікір айтқан, біздіңше ертедегі грек философы Эпиктет (60-138жж.) Оның мына сөздерін адамның жетілу мақсаты деп айтуға болады: бұл ғаламдағы ең ғажайып нәрсе - жақсы тәрбиеленген адам. Осы жерде адамның жетілу мәселесіне бабамыз Әл-Фараби де өте көп көңіл бөлгенін айта кеткіміз келеді. Бұл мәселеге Абай да өзінің 45 қара сөзінде өте көп көңіл бөлгені мәлім. Қазіргі кезде адамзаттың озық ойлы бөлігі белгіленген бағытқа ой салсақ, ХХІ ғасыр гуманизм ғасыры болу қажет деген пікір қалыптасып отырғаны белгілі. Демек, Қазақстандық қоғам жетілуінің мақсаттары адамзаттың негізгі пікірімен үйлесіп жатқанын көреміз.
Міне осындай жағдайда адамзат тарихы мен жоғарыда келтірілген пікірлерді арқау ете отырып адамзат жетілуінің мақсаты - жақсы адам, яғни адам және жақсы маман, яғни маман болу - деп ой түйіндеуге толық негіз бар (Н.Назарбаев). Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек. Жас алаш, №66. 1маусым, 2002ж.) Алайда жақсы адам болу дегеніміз дерексіз түсінік. Сол себептен де бұл мәселеге адамның жасын, жынысын, этносын, өмірінің барлық жағын қатыстыра айтудың маңызы зор. Аталмыш пікірді негіздеу ретінде өмірде кім болғаны емес, қандай адам болғанының маңызы зор екендігін де алға тартсақ болады. Әрбір адам өз өмірінде өте көптеген жағдайларда болады. Солардың бәрінде өзін жақсы ұстау, яғни солардың әрқайсысының өзіне ғана тән алтын ортасын таба білу, өте көптеген білімдерді меңгеріп, бойға сіңіруді қажет етеді. Ал енді адамды жаман, жақсы қасиетті деп бөлу оның өзіне және қоршаған ортаға тигізер әсеріне байланысты деп айтуға толық негіз бар. Адамның ішкі әлемі оның ойлары мен сезімдері бірлігі бола отырып пайда болу, жетілу, өркендеу, құру кезеңдерінен өтеді, яғни даму үстінде болады. Адамның ішкі әлемінің дамуының белгілі бір деңгейінде оның негізі болып табылатын сана пайда болады. Жалпылай алғанда, сана да даму үстінде болады. Сонда сана деп адамды басқа тіршілік иелерінен ажыратуға мүмкіндік беретін ондағы ұғымдар бірлігін айтуға болады. Сонда білім меңгерілгенде, бойға сіңгенде ғана сана құрамына кіреді деп айтуға болады. Адам жасының өсуіне қарай біртіндеп қоғамдық қатынастарға кіре бастайтыны белгілі. Басқа сөзбен айтқанда, оның іс-әрекеттерінің түрлері көбейіп, мазмұны тереңдей түседі. Ал енді әрбір іс-әрекет көбінесе сәйкес сана негізінде атқарылатындығын ескерсек, онда адам санасы оның жасына қарай күрделене түседі екен. Адамзат тарихы сананы адамның бойына сіңген ұғымдар жиынтығы деп анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Оның үстіне қоғам тарихы сананы дұрыс және бұрыс деп үлкен екі топқа бөлудің қажеттілігін де көрсетіп отыр.
Адамның іс-әрекеттеріне негіз болатын ішкі әлем екендігін ескере отырып, сананы сәйкес топтастыруға болады. Оның үстіне дамуының (оның әрбір түрінің) деңгейін адамның пайым, ақыл, парасат сияқты қасиеттері негізінде анықтауға болады. Кезінде Гераклит рух деп сананы түсінген. Осыған орай, осы екі категорияны әзірге синонимдер деп қарастыруға болады. Сананың ішкі әлем негізі болатындығын ескере отырып, ішкі әлем дамуын немесе рухани даму деп айтсақ та орынды. Әрине, бұл пікір біршама нақтылауды қажет ететіні белгілі. Осы мәселе жөніндегі білім дамуының қазіргі деңгейіне арқа сүйей отырып рух- адамды өмір сүруге құштар ететін моральдық күш, яғни ерік деп айтуға болады.
Ішкі әлемнің дамуы мынадай жақтармен анықталады:
1) жаңа ойдың, сезімнің пайда болуы;
2) бар ойдың, сезімнің жоғалуы;
3) бар ойдың, сезімнің жетілуі, өркендеуі.
Осы жағдайлардың барлығы адамның ішкі әлемі дамуының заңдары болатындығын көрсетеді. Адамдарға қатысы тұрғысынан алғанда ішкі әлем жалпы, ортақ, ерекше, жеке болып төрт топқа бөлінеді. Сонда әрбір нақты ішкі әлем осы топтардың бірлігі болып есептеледі. Әрбір адамды әлем қоршайды. Қазір әлемді табиғат, қоғам, адам, өнер, техника, ғылым деп үлкен алты топқа бөлу келісілген. Осыдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырда өмір сүрген түркі-мұсылман ғұламалары
Ежелгі ғасырлардағы қазақ ғұламалары
Көшпенділер рухани мәдениетінің ерекшелігі
Киіз үйдің символикасы
Ойлау ұғымына түсініктеме
Шығыстық қисса - дастандардың табиғаты
М.Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Қазақ хандығы кезіндегі ұлттық тәрбие көріністері
Әзербайжан-қазақ қатынасының мәні
Ұлттық құндылықтар - Абай әлемінде
Пәндер