Инвестициялық жобалар, шешім қабылдау және оны жүзеге асыру құрылымы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті

«Қаржы» кафедрасы

ОӨЖ

Тақырыбы: Инвестициялық жобалар, шешім қабылдау және оны жүзеге асыру құрылымы

Тексерген: Нурмадиева Г. Д

Тобы: ФН-207

Орындаған: Байдолдина Ш. Е

Семей 2015

Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол « инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба - бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен байланысты болады.

Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың тартылумен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды биснеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұндай инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта негізгі құрал болатыны сөзсіз.

Жобаны бағалауда және оның тиімділігін есептеуде жобалық талдаудың негізгі санаттарын білу керек. Бұндай талдаудың негізгі ұғымы «жобаның өмір сүру циклі» болып табылады. «Өмір сүру циклі» деп жобаның пайда болуы мен оның жойылуы кезіне дейінгі уақыт аралығын айтамыз.

Жалпы алғанда, жобалық цикл келесі кезеңдерден тұрады:

  1. инвестициялық шешім қабылдау;
  2. инвестициялау;
  3. жаңадан құрылған объектілерді пайдалануға беру.

Әр кезең шеңберінде көптеген сатыларды көрсетуге болады. Бірақ кезеңдердің нақты сатыларға бөлінуі мүмкін емес. Біріншіден, инвестициялық жоба жүзеге асырып жатқан әр елдің экономикасының өзіне тән ерекшеліктері болады. Екіншіден, инвестициялық жобаға қатысушылардың шеңбері кең (демеушілер, жобалық компаниялар, мердігерлер, қарыз берушілер және инвесторлар, т. б. ) және әрбір қатысушының жобалық циклға деген көзқарасы әр түрлі болады.

Мысалы, инвестициялау алдындағы кезең мынандай сатылардан тұрады:

  • инвестициялауға қажетті қаржы ресурстарын жинақтау;
  • жобаны алдын-ала дайындау, яғни, оның сметалық құжаттарын даярлау;
  • жобаны жасауды аяқтау және оның техникалық және қаржылық тиімділігін бағалау;
  • жоба бойынша нақты шешімдер қабылдау.

Инвестициялау кезеңі 3 сатыдан тұрады:

  • келісім-шарт жасау және теңдер жұмыстарын ұйымдастыру;
  • құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу;
  • құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау.

Ал, ең соңғы инвестициялық объектілерді пайдалануға беру кезеңін қысқаша түрде былай сатылауға болады:

  • монтаждау;
  • жөндеу;
  • өндіріс;
  • жобаны аяқтау және оны пайдалануға беру.

Әрбір кезеңнің сатыланып бөлінуінен-ақ әр кезеңде жүргізілетін іс-әрекеттер рет-ретімен жүзеге асырылатыны көрініп тұр. Белгілі-бір кезеңнің, тіпті бір сатының жүргізілмеуі инвестициялық жобаны дайындау мен жүргізу процесін бұзады.

Инвестициялық жобаның қаржылық бөлімінің көлемді және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген тараулар арналады. Қаржылық талдаудың өзара байланысты мәселелер кешенін қарастырайық. Инвестициялық жобалаудың қаржылық сипатын келесідей тізбекке тізіп қарастырайық:

  1. Кәсіпорын қызметінің соңғы 5 жыл ішіндегі қаржылық жағдайына талдау жасау.
  2. Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.
  3. Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау
  4. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау
  5. Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.

Кәсіпорынның бұдан бұрынғы қызметі мен ағымдағы жағдайына қаржылық талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығымен оның басқару тиімділігін, несие қабілеттілігін, өтемпаздығын көрсететіннегізгі қаржылық коэффициенттерінің интерпретациясымен есептеулеріне келтіріледі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы негізгі міндеті өткен жылдардағы негізгі қаржылық есебін беру және негізгі көрсеткіштерді салыстыру аса қажет. Жобаның өтелімділігін бағалау кезіндегі инфляцияны есепке алу мәселесі қарама -қайшылықты болып келеді.

Қаржылық талдаудың негізгі сұрағы : жоба кәсіпорын иелерінің байлығын көбейте ала ма ?Бұл сұраққа ақша ағымдарын талдау арқылы жауап беруге болады. Экономикалық талдау жобаның мемлекеттік (ұлттық) байлығын ұлғайтуға әсер етуін бағалаудан тұрады.

Экономикалық талдау міндеті қойылымының мысалын қарастырайық. .

С деген компания кез келген бір тауарды келесі шарттармен өндірсін:

  1. Компанияға шикізатты арзан бағамен мемлекеттік ұйым сатсын;
  2. Импортталатын қосалқы элементтерді де компанияға мемлекет халықаралық бағадан төмен сатсын ;
  3. Кәсіпорын өзінің жұмысшыларына еңбек ақысын мемлекеттік стандартының деңгейінде төлесін;
  4. Нәтижесінде кәсіпорын тауарларды мемлекеттік кәсіпорындарға шетелдің еркін нарығындағы бағадан едәуір төмен бағамен сатады.

Мұндағы міндет- мемлекеттің осындай жобаны іске асырудан табатын пайдасын төменде көрсетілген нұсқалармен салыстыра отырып анықтау:

1. компанияға шикізатпен қосалқы бөлщектерді нарықтық бағамен сату, жұмысшыларға еңбекақыны әлемдік стандарттар бойынша төлеу, содан соң компаниялардан тауарларды еркін бағамен сатып алу;

2. ұқсас тауарларды(нңбастысы, сапа көрсеткіштері бойынша) шетелден сатып алу. Осылайша, экономикалық талдау процесінде бұл жобаның іске асуының нәтижесінде түскен кәсіпорын иелерінің пайдасын емес, мемлекеттің пайдасын анықтау керек. Экономикалық талдаудың қажеттілігі неде ?Егер нарық толығымен (идеалды) еркін болса, онда экономикалық талдау жүргізудің керегі жоқ, себебі компанияның иелеріне не пайдалы болса, қалғандарға да сол пайдалы болып табылады., Келесі анықтамалардың ғылымилығына үміт артпай-ақ, еркін нарықтың негізгі белгілерін көрсетейік:

3. сатушылармен сатып алушылар санының көп болуы;

4. барлық өндіріс факторлары (еңбек, капитал, материалдар) мобильді болуы керек;

5. бағалар сатушылар мен сатып алушылардың қалауымен қалыптасады;

6. нарыққа жаңа компаниялардың енуіне бөгеттер қойылмауы керек.

Осындай жағдай алдыңғы қатарлы батыс елдері үшін де мінсіз екенін мойындау керек. Шынындада, көп тауарлардың бағасымен мемлекет жасанды түрде өзгертеді(көтереді немесе төмендетеді) және егер жобаның қаржылық үлесі белгілі болса да, экономикалық үлес өте сирек бағаланады. Сондықтан да ірі инвестициялық жобалар үшін олардың қаржылық тиімділігінен гөрі, экономикалық тиімділігімен экономикалық тартымдылығын талдау қалыптасқан(яғни жобаның ұлттық басымдылық міндеттеріне сәйкес дәрежесі) .

Инвестициялық жобаның экономикалық тартымдылығын өлшеу келесі нұсқау бойынша іске асуы мүмкін.

1-қадам. Мақсаттарды таңдау оларды өлшейді. Мысалы:

Мемлекеттің мақсаттары Мақсаттың салмағы

Қатты валютаның ағылуы 0, 30

Қатты валютаның үнемделуі 0, 20

Жергілікті нарықта өнімнің көбеюі 0, 15

Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету 0, 20

Аумақтарды дамыту 0, 15

Барлығы 1, 00

2-қадам. Альтернативті жобалардың әрқайсысына әр мақсатта жету үшін сандық өлшемін анықтайды(абсолютті мәнде немесе жақсысына қарай пайыздық қатынаста) . Әр жоба үшін кешендік (комплекстік) критерийдің салмақталған мәнін есептейді:

3-қадам. Үздік вариантты таңдауды жалпыланған критерийдің максимум критерийі бойынша жүргізіледі. Экономикалық тиімділік дайын өнім ресурстардың мүмкін болатын сатып алу құны мен, ішкі бағамен (әлемдік бағалардан ерекшеленетін) және мемлекеттің айрықша ерекшелігі болып табылатын және әлемдік бағалармен және қағидалармен сәйкес келмейтін (мысалы, басқа мемлекеттердің валютасымен жұмыс істеу шарттары) таға басқа нәрселерді есепке ала отырып бағаланады.

Экономикалық тиімділікті бағалаудың іріленген процедурасы мынандай түрге ие:

  1. Қаржылық талдаудың қорытындысын ұсыну;
  2. Экономикалық талдау тұрғысынан шығындармен табыстың жаңа жіктелуін жасау;
  3. Қаржылық мәндерді экономикалық мәндерге ауыстыру (олар сыртқы және ішкі нарық бағасымен шығындардың үйлеспеуіне байланысты) ;
  4. Ресурстарды қолдану және өнімдер алу үшін басқа мүмкіндіктердің құнынын бағалау;
  5. Ішкі төлемдер бойынша барлық есептеулерді шығарып тастау (өйткені олар мемлекеттің жалпы байлығын өзгертпейді) ;
  6. Жыл сайынғы экономикалық құралдар ағымын инвестицияның бастапқы көлемімен салыстыру (бұл нәтиже болады) .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуі
Инвестициялар мен инвестициялық шешімдердің жалпы сипаттамасы
Инвестициялық жоба және анықталмағандық жағдайлары
Жобаның қаржылық талдауын және экономикалык талдауын айқындау
Жобаны сараптамалық бағалау
Инвестициялық жобаны бизнес жоспарлау және оны басқару
Мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфроқұрылымдарды және өңдеуші өндірістерді дамыту жолдары
Жобаларды басқарудың ұйымдық құрылымдары
Инвестициялық жобаларды таңдау
Инвестиция және инвестициялық жоба түсініктері мен олардың теориялық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz