Айналым қаржысын нормалау әдістері. Айналым қаржыны тиімді қолдану жолдары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
“ Экономика, өндірісті ұйымдастыру және менеджмент” пәнінен
СӨЖ
Тақырыбы: Айналым қаржысын нормалау әдістері. Айналым қаржыны тиімді қолдану жолдары.
Орындаған: Берікбекова Лаура
Оқу тобы: ХН-221
Тексерген: Турусбекова А. С.
Семей 2015ж
МазмұныКіріспе4
1 Айналым қаражаттарын қолданудың тиімділік көрсеткіштері. 5
2 Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. 6
Қорытынды9
Пайдаланылған әдебиеттер10
КіріспеАйналым қаражаты - кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдарының өндіріс циклі барысында толық пайдаланылатын қаражатының бір бөлігі. Оған ақшамен бағаланған материал, шикізат, отын, энергия т. б. қажетті заттар жатады. Ол сонымен қатар аяқталмаған өндірісті жалғастыру үшін, дайын өнім қорын жасау үшін де жұмсалады. Айналым қаражатының бір бөлігі өндіріс саласында, екінші бөлігі айналымға түседі. Күнделікті өндіріс жағдайында оның бір бөлігі материалдық заттар қорына айналса, тағы бір бөлігі банк есепшотында, кәсіпорын кассасында жинақталады. Құрылым барысына қарай айналым қаражаты кәсіпорынның меншікті қаржысы мен несие қаржысы (банктен уақытша қажетті өтеу үшін алған) болып бөлінеді. Айналым қаражаты кәсіпорынның пайдасы есебінен өсіп отырады. Оны пайдалануды жақсарту, айналымын жеделдету өндіріс тиімділігін арттырудың басты факторларының бірі. Өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының кез келген кезеңінде айналым қаражаты жетпей қалса онда өндірістің үздіксіз өнім шығаруы бұзылады. Қазақстанда 90-жылдары өнеркәсіп салаларына экономикалық шетелдік инвестициялардың мол тартылуы кәсіпорындардың айналым қаражаты тұрақтандыруға, игеруге жағдай жасады.
Айналым активтеріне қажеттілікті қаржыландыру көздері
1. Меншікті қаражат көздері.
2. Ұзақ мерзімді қарыз капиталы
3. Қысқа мерзімді қарыз капиталы
4. Кредиторлық қарыздар
5. Тартылған көздерден
6. Басқада көздерден [1] .
1 Айналым қаражаттарын қолданудың тиімділік көрсеткіштері. Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады. Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:
- Өндірістің маусымдылығы;
- Тауар-материалдық құндылықтарды жеткізудің кепілділігі;
- Қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы.
Өндірістік запастардың негізгі элементтері бойынша, ақша нысанындағы, айналым құралдарының мөлшері мына формуламен есептеледі:
Н= Р*Д
мұнда Р - материалдардың ортакүндік шығыны; Д - айналым құралының берілген элементі үшін орташа запас мөлшері. Айналым капиталының орташа запас мөлшері (Д) біртекті немесе әр түрлі материалдар үшін ағымдағы уақытты (Т), сақтандыру (С), транспорттық (М), технологиялық (Ф) запастар, және жеткізу, түсіру, қоймаға апару (П) :Д=Т+С+М+Ф+П.
Ағымдағы запас - запастың негізгі түрі. Оның көлеміне келісімдер бойынша жөнелту, өндірісте пайдалану көлемі әсер етеді. Ағымдағы запастағы айналым құралдар мөлшері жабдықтаудың орташа циклының 50% көлемінде қабылданады. Аяқталмаған өндірісте айналым капиталы мөлшері (Н) мына формуламен анықталады:
Н= (В/Д) *Т*К,
мұнда В - IV кварталдың шығындар сметасы бойынша жалпы өнім көлемі; Д - кезеңдегі күндер саны (90) ; Т - өндірістік циклдың ұзақтығы, күндер; К - өндірістегі шығындардың өсу коэффициенті; Шығындардың әркелекі өсуіне байланысты коэффициент мына формуламен есептеледі:
K=C/П
мұндағы, С - аяқталмаған өндірістегі бұйымның орташа құны;
П - бұйымның өндірістік құны.
Болашақ кезең шығындарының айналым құралдары мөлшері (Н) мына формуламен анықталады.
Н=П+Р-С
мұнда П - болжанған кезеңнін басына өтетін болашақ кезең шығынының сомасы; Р - келесі жылдың болашақ кезең шығыны; С - келесі жылда өнімнің өзіндік құнын жоюға кететін болашақ кезеңдер шығыны.
Дайын өнімнің қалдықтарына айналым құралдары мөлшері мына формуламен есептеледі:
Н=(B/Д) *Т
мұнда В - өндірістік өзіндік құнының келесі жылдың IV кварталына тауарлы өнім өндірісі; Д - кезеңдегі күн саны (90) ; Т - дайын өнімге айналым құралының мөлшері. Айналым каиталының айналымдылық коэффициенті және бір айналым ұзақтығы - кәсіпорынның айналым капиталдарын қолдануының маңызды көрсеткіштері болып саналады. Айналым каиталының айналымдылық коэффициенті (Кайн) зерттеліп жатқан кезеңде (квартал, жартыжылдық, жыл) айналым құралдары қанша рет айналыс жасағанын көрсетеді.
Ол мына формуламен есептеледі.
Кайн = Vc/ Qоқ
мұнда Vc - есептеу кезеңіндегі сатылған өнім көлемі; Qоқ - есептеу кезеңіндегі айналым капиталының орташа құны.
Бір айналымның ұзақтығы (К) кәсіпорынға оның айналым капиталы сатылған өнімнен түскен түсім болып қайтарылу мезгілін көрсетеді. Оның формуласы:
К = Т/ Кайн, немесе К= Т*Qоқ/ Vс, мұнда V - есептеу кезеңіндегі мерзім саны; Т - мерзім уақыты. Айналым капиталын тиімді пайдаланудың маңызды көрсеткіші айналымға құралдар енгізу коэффициенті. Ол сатылған өнімнің 1 теңгеге шаққандағы табысын аванстайтын, айналым құралдарының сомасын көрсетеді. Басқаша айтқанда, ол айналымдылық қор сиымдылығын, с. с. айналым капиталының өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығынын көрсетеді. Оны мына формуладан көруге болады:Kе = ( Qоқ / Vс ) * 100, мұнда Kе - енгізу коэффициенті, тиын. 100 - теңгені тиынға ауыстыру. Айналымға құралдар енгізу коэффициенті (Kе) - айналым капиталының айналыс коэффициентіне (Кайн) қарсы бірлік. Енгізу коэффициенті азайған сайын, кәсіпорынның айналым капиталы тиімді қолданылады және оның қаржылық жағдайы жақсарады [2] .
2 Айналым қаражаттарын нормалау әдістері.Айналым қаражатын қалыптастыру көзінің құрылымы:
-меншікті көзді;
-қарыз көзін;
-қосымша тартылған көзді қамтиды. Меншікті көздерге: жарғылық капитал, үстеме капитал, резервті капитал, бөлінбеген кіріс, жинақтау қоры, мақсатты қаржыландыру, сондай ақ бюджеттен және бюджеттен тыс қордан түсетін түсім жатады. Қарыз көздеріне: банктің ұзақ мерзімді кредиті, ұзақ мерзімді қарыз, банктің қысқа мерзімді кредиті, қысқа мерзімді қарыздар, коммерциялық кредит, инвестициялық салық кредиті, қызметкерлердің инвестициялық жарнасы жатады. Қосымша тартылған: кредиторлық берешек, тұтыну қоры, алдағы шығыс пен төлемнің резерві, күмәнді борыш бойынша резерв, қысқа мерзімді өзге міндеттеме, қайырымдылық және өзге түсімдер жатады.
Айналым қаражатын нормалау деген: 1) тауарлық-материалдық құндылықтың жекелеген түрі бойынша барлық айналым қаражаты запасының, әдетте, күнмен есептелген нормасын әзірлеу және белгілеу; 2) жалпы меншікті айналым қаражатының және оның әрбір элементінің ақшаға шағылған нормативін әзірлеу. Айналым қаражаты запасының нормасы бірқатар бір жыл бойы жылдық нормативі есептеу үшін қолданылады. Ол өндіріс, жабдықтау және өткізу жағдайы айтарлықтай өзгерген жағдайда, жылдық қаржылық жоспар жасағанда материалдық құндылықтың жекелеген түрі бойынша нақтыланады. Әрбір кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының нормативі мына негізгі көрсеткіштермен анықталады: -өндіріс және өнім сату көлемімен; - өндіріске, өнім сақтауға жұмсалған шығынмен; - тауарлық-материалдық жекелеген түрі бойынша айналым қаражаты запасының және күнде белгіленген шығынның нормасымен [3] .
Меншікті айналым қаражаты кәсіпорынның меншік капиталы (жарғылык капитал, резервтегі капитал, жинақталған пайда және т. б. ) есебінен қалыптастырылады. Әдетте меншікті айналым капиталының мөлшері баланс пассивінің 1-тарауының корытындысы мен баланс активінің 1-тарауының қорытындысының арасындағы айырма (меншікті қаражаттан айналымнан тыс актив шегеріледі) ретінде анықталады. Шаруашылық кызметті айналым қаражатымен қалыпты қамтамасыз ету үшін оның мөлшері меншікті капиталдың мөлшерінің 1/3 шегінде белгіленеді. Меншікті айналым қаражаты тұрақты режимде пайдаланылады. Кәсіпорынның меншікті айналым капиталының жалпы көлемін (норматив) жоғарғы басшылар бекітеді және ол бір жыл ішінде тек кәсіпорынның өндірістік жоспары өзгерген жағдайда ғана өзгеруі мүмкін. Өндіріс жоспарын орындауға, өнімді өткізуге, сондай-ақ төлемақыларды белгіленген мерзімінде төлеуге қажет кәсіпорынға бекітілген аз мөлшерлі меншікті айналым капиталын құру үшін норматив белгіленеді. Жыл сайын кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы жоспарында меншікті айналым капиталының нормативінің көбейгені немесе азайғаны көрсетіледі. Ол жоспарлы жылдың басы мен аяғындағы нормативтер айырмасымен анықталады. Меншікті ацналым капиталы нормативінің өсімі, ең алдымен, жеке ресурстар (пайда және т. б. ) есебінен құралады. Қарыз айналым қаражаты банк және банк емес кредит, облигациялық қарыз, кредиторлық берешек және өзгеде көз нысанында қалыптастырылады. Ол кәсіпорынға уакытша пайдалануға беріледі. Қарыз айналым қаражатының бір бөлігі ақылы (кредит пен карыз), ал екінші бөлігі - тегін (кредиторлық берешек) болады. Кәсіпорынның қарыз айналым қаражатына қажеттілігі де жоспарланады және бизнес-жоспарда (қаржыландыру стратегиясы) көрсетіледі. Өнеркәсіп кәсіпорындары банкіден несиені белгілі бір нысандарға алады. Кәсіпорын қаражаттарының айналым кезеңіне байланысты банкілік несие нысандары өндіріс саласына немесе айналыс саласына жатуы мүмкін. Өндіріс саласындағы несиелеу нысаны өндірістік қорлар мен өндіріс шығындары болса, айналыс саласындағыға - келіп жетпеген есеп айырысу құжаттары мен дайын өнімдер жатады. Түрлі елдерде меншікті және қарыз капитал арасындағы әр түрлі арақатынас (норматив) пайдаланылады. Ресейде 50/50, АҚШ-та - 60/40, ал Жапонияда - 30/70 арақатынасы колданылады. Капиталдың ауыспалы айналым процесінде айналым қаражатын қалыптастыру көзі бірінен-бірі ажыратылмайды. Алайда айналым қаражатын қалыптастыру жүйесі айналымды баяулатып немесе оны жеделдете отырып оның жылдамдығына ыкпал етеді. Сонымен бірге меншікті және қарыз айналым қаражатын қалыптастыру көзі мен оны әр түрлі пайдалану режимдері айналым капиталын және бүкіл капиталды тиімді пайдалануға ықпал ететін негізгі фактор болып табылады. Айналым қаражатын ұтымды қалыптастыру және пайдалану өндіріс барысына, кәсіпорын қаржысының нәтижелері мен оның каржысының жай-күйіне жан-жакты әсер етеді, сонымен бірге осы жағдайда ең аз мөлшердегі айналым капиталының мөлшерімен табысқа жетуге мүмкіндік береді [4] .
ҚорытындыАйналым қаржысын нормалаудан келесі негізгі әдістерін қолданамыз: тікелей есеп, аналитикалық, коэффиценттік.
Тікелей есеп әдісі былай болады: әуелі айналым қаржысын әр элементке аванстаудың көлемі анықталып, сосын оларды сомалау арқылы нормативтік жалпы сомасы анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz