Сызбаларды түзетуге арналған құралдар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

ОӨЖ

Тақырыбы: Сызбаларды түзетуге арналған құралдар

Орындаған: ГК-407 тобының студенті

Қуаныш Аслан.

Тексерген: Кудеринов С. М.

Семей 2015

Сызба сызуда барлық құрылымдар сызбалық аспаптардың көмегімен жасалады оны түзету де сол арқылы жүзеге асырылады. Яғни белгілі бір сызбаны салу немесе жекеленген тапсырмаларды орындау үшiн қажет келесі материалдар, аспаптар, керек-жарақтар:

Кез келген сызбаны орындау үшін, алдымен стандарт арқылы өлшемдері шектелген сызба қағазы керек, оны «Пішім» деп атайды. Стандарттар ішіндегі сызбаларды орындаудың жалпы ережелері тобының бірінші түрі «Пішімдер» болып табылады. Бұл стандарт бойынша пішімдер негізгі жəне қосымша болып екіге бөлінеді.

Негізгі пішімдер бес түрге бөлінеді: А0 - мемлекеттік стандарт бойынша пішімнің ені 841 мен ұзындығы 1189 мм-ге тең болады; А1 - (594×841) ; А2 - (420×594) ; А3 - (297×420) ; А4 - (210×297) . Айта кететін бір жайт, қажет болған жағдайда А5 (148×210) пішімді сызба қағазы қолданылады.

Өндірістер мен жобалау институттарында кей жағдайларда қосымша пішімдерді қолдануға тура келеді. Олар 19 түрге бөлінеді. Егер пішім А0×2 деп берілсе, онда А0 пішімнің ені екі есе үлкен болады.

Төменде пішімдердің түрлері көрсетілген: А0×2; А0×3; А1×3; А1×4; А2×3; А2×4; А2×5; А3×3; А3×4; А3×5; А3×6; А3×7; А4×3; А4×4; А4×5; А4×6; А4×7 А4×8; А4×9.

Сызбаны сызба қағазына жүргізер алдында пішімге шекаралық сызықтарды тұтас жуан сызықтың көмегімен, сол жағынан 20 мм, оң жағынан 5 мм, төмен жəне жоғарғы жағынан 5 мм арақашықтықта сызып қоямыз (1-сурет) .

Рисунок1.jpg

Сызба салуда оны түзетуде арнайы Т, ТМ, М таңбалауымен қарындаштар (импорттық қарындаштар H, HB, B таңбасына сәйкес, ) сурет салу үшiн М, 2М, және ол қарындаштар сызбаның түріне байланысты таңдалады және өз форматына сай ұшталады.

-сызбалық тақтай;

-рейсшина, сызғыш, екі тік бұрышты үшбұрышты 45° және 30° транспортир;

-иілімді резинка.

- қалқан (щиток) -оның көмегімен қате сызылған сызықтарды түзетулерге арналған құрал.

Рисунок3.jpg

Мөлшеріне жəне орындалатын пішіміне байланысты сызылатын сызбаны үлкейтіп немесе кішірейтіп сызуға болады. Ол үшін стандарттардағы сызбаларды орындаудың жалпы ережелері тобының екінші түрі «Масштабтарды» қолданамыз. Нəрсенің сызбада сызылған өлшемі мен оның нақты қолданыстағы өлшеміне қатынасын масштаб дейді.

Масштабтар стандарттардың белгіленуіне жəне қолданылуына байланысты үлкейтілген, кішірейтілген жəне нақты болып үшке бөлінеді. Сызбада масштаб сөзі жазылмайды, оның орнына масштаб сөзінің бас əрпі М ғана жазылады.

Мемлекеттік стандарт бойынша белгіленген масштаб түрлері: - кішірейту масштабы: А3 5 5 20 7 М. 1:2; 1:2, 5; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1:20; 1:25; 1:40; 1:50; 1:75; 1:100; 1:200; 1:400; 1:500; 1:800; 1:1000; - үлкейту масштабтары: М. 2:1; 2, 5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40:1; 50:1; 100:1; - нақты масштаб: М 1:1 қолданылады. Бұл масштабтар барлық өндірістер мен құрылыс сызбаларын дайындағанда міндетті түрде қолданылады. Кей жағдайларда ірі өндірістерді жобалау кезінде мынандай масштабтар қолдануға болады: М 1:2000; 1:5000; 1:1; 1:25000; 1:5.

Айтып кететін бір жайт, егер сызба пішімде бірдей масштабпен сызылған болса, онда масштаб белгісі негізгі жазу ішіндегі масштаб графасына жазылады. Ал, егер сызба пішімде əртүрлі масштабпен сызылған болса, онда масштаб белгісі əр сызбаның үстіне масштабын жазып қояды. Егер сызбада əртүрлі масштабтар болса, онда өзінің өлшемін миллиметр арқылы көрсетіп қояды. Кейде құрылыс сызбаларын орындағанда метрмен белгілеуге рұқсат етіледі.

Егер шеңбер немесе айналу денесінің диаметрі 12 миллиметрден кем болса, онда нүктелі үзілме сызық-сызықты жіңішке тұтас сызығымен ауыстырылады. Күрделі тіліктер мен қималарды көрсеткенде, үзік сызықтардың шеттерін нүктелі үзілме сызықтармен қосып қояды. Сызбада тұтас ирек сызық пен тұтас сынық сызықтың сынығын қолмен сызуға болады. Өлшем сызығындағы сандар сызбадағы жазулар сызықтарға тимейтін жəне қиылыспайтын болуы керек. Сызба шекарасы, кестелер, негізгі жазулар шекарасы жуан тұтас сызығының қалыңдығына тең болады.

Төмендегі 2-суретте «Сызба сызықтары» стандарты бойынша белгіленетін сызықтардың қолданылу мысалы көрсетілген.

Рисунок4.jpg

Сызбаны оқу жəне сызу үшін сызатын жəне безендіретін сызықтар түрін білу керек. Сызбада сызықтар түрі мен олардың өлшемдерін (ұзындықтары мен қалыңдықтары) «Сызба сызықтары» деп аталатын мемлекеттік стандарт бойынша оқытып үйретеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Динамикалық блоктар
КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫ ҚОЛДАНУ САЛАЛАРЫ
Нүкте сызулық примитив
Экранда Word құжатын көрсету режим
Бағдарлама тақырыбы
Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру
Ғылыми графика
Paint графикалық редакторын оқыту әдістемесі
Жалпы сызба бөлшектерін зерттеу
Ақпараттық технология және жаңа ақпараттық технология ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz