Мұнай мен газдың даму болашағы


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Мұнай мен газдың даму болашағы

Орта Азия додаға түскен саяси көкпарға АҚШ; Ресей, Иран, Қытай, Түркия, Үндістан және Пәкістан шықты. Әрине жеке жеке емес, топтасып айла-күш байқасуға кірісті. Салмақты ойыншылардың өз мүдделерін қанағаттандыратын бағдарламалары, мұнай тасымалдау құбырларының жобалары бар. Әркімдікі өзіне ай көрінер демекші, әр топ таңдаған жобаларын кең насихаттауға тырысып жүр. Ал көмірсутегі шикізатына шылқып отырған Қазақстан, Әзірбайжан, Түркіменстан секілді елдер ірі мемлекетердің көзқарасын жіті зерттеп, өздеріне ұтымды бағытты айқындауда.

Осынау үлкен геосаясат шаршысындағы Қазақстанның әр жүрісі әлем назарында тұр. Оның аталмыш мәселеге қатысты көпқырлы бағытты ұстануы оңтайлы қадам екенін айту абзал. Қазақ елі әр мүдделі үлкен мұнай ойыны мүшелерінің мысын ашық мәлімдемесімен ашық басып тастай алады. Ірі мемлекеттер бастапқыда Қазақстанның қадамын тұсағысы келді. Алайда ол ешкімнің ығына жығылмай белорта саясатының нәтижесінде өз мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылып бақты. Қазақстан көп бағытты мұнай жобаларын таңдады. Оның әрбір құбырға байланысты білдірген салқынқанды пікірі алпауыттардың әуселесін құртты. Мұнай саясатына қатысты әзірге біздің елмен Ресей, АҚШ, Қытай және Иран мемлекеттері қабақ аңдысып әрекет етуде. Ресей Каспи құбыр тарту косорциумы делініп жүрген Теңіз- Новороссийск жобасын тезірек жүзеге асыруға тырысып жатыр. Әу бастан бұл ел бұрынғы өктем саясатына басып, Орта Азиядағы жас, тәуелсіз мемлекеттердің қуат көздерін экспортқа шығаруға кедергі м келтіргісі-ақ келеді. Бірақ қызыл бұғаудан босап шыққан республикаларқармаққа қайта түспеу жолын қарастырып, Ресейдің бүгулі бармақ ойынын жүзеге асыртпай тастады. Тәсілінен түк шықпаған Мәскеу мұнай-газ құбырларын өз аумағы арқылы тарту мәселесін ұната қойды. Жас мемлекеттермен снасқан сыңай танытып, оларды өз жобаларына тартуға тырысты. Мұнайын өздігінен шығара алмайтын тасымал құбыры жоқ Қазақстанды мұндай жоба ойландырмай қоймайды. Бұған қоса құдайы көршімен келісу арқылы кейбір екіжақты басқа да мәселелерді шешуге мүмкіндік ашылатын еді. Біздің ел КТК жобасын мақұлдады. Оны іске қосу уақыты да белгіленді. Бұл тұста Қазақстан Ресеймен келіссөз жүргізіп жаңа жоба жұмыс істегенше өндірген мұнайын көршісінің құбыры арқылы экспортқа шығару жайын шешті. Алаған қолым береген деген осы. Ресей еріксіз тасымалдауға жеңілдіктер жасауға келісті. Себебі КТК жобасы қарымды еселеп қайтаруға мүмкіндік и береді. Қазақстан да құр қалмайды. Жобадан түсуге тиіс 40 Миллиард АҚШ долары мөлшеріндегі табыстың 23, 3 милиарды Ресейдің, 8, 2 милиарды Қазақстанның еншісіне тимек. Біржағы Теңіз-Новороссйиск жобасы Ресейдің Орта Азияға әсер ете алатын беделін әлсіреткісі келмейді. Осы аумақтарға алыстан көз тігіп отырған мұхиттың арғы жағындағы державаның ниетіде Ресейді әжептеуір алаңдатады. Қазір әлемдік сарапшылар Орта Азиядағы салынатын екінші мұнай құбыры жобасы ретінде Баку-Жейханды атай бастады. Оның м артында АҚШ тұр. Америка Ресейдің аумақтағы салмағының басым болуымен келіскісі келмейді. Ол Азиядағы алып Қытайдың да адымын аңдып тұр. Соңғы кездері бірқатар сарапшылар «Шанхай бестігі» құрылымы арқылы Ресей мен Қытай АҚШ- қа бірлесіп қыр көрсетуде деген пікір де жоқ емес. Бұл пікірдің де жаны бар. Екі ел оның Азияға жасаған қадамына тежеу жасағысы келетіні жасырын емес. АҚШ-тың бұл аумақта мүдделік мақсаты бар. Оған әрине ең алдымен ықпал таныту ұнайды және қоры мол Каспийге қалай көз тастамасын. Әлемдегі мұнайлы жерлерге күні бұрын жететін осы елдің мұнай компанияларыда алақандарын ысқылап отыр. «Баку - Жейхан» жобасымен А0ш-тан бас0а Батыс Еуропа, Түркия, Израиль сынды елдер Каспий мұнайына қол жеткізе алады. Бұл құбырды іске қосу үшін Америка Орта Азия елдерінің тамырын басуы тиіс еді. Бұл арада АҚШ Әзірбайжанға үміт артты. Сонымен қатар Қазақстан мен Түркіменістанға да ықылас білдіргені бекер емес. Себебі аталған жобамен тек Әзірбайжан мұнайы ғана тасмалданатын болса тиімсіз. Оның қоры қанша екендігі дәл болжана қойған жоқ. Ал Қазақстанда барланған қара алтын қоры қомақты. Оған жақында жарияланған Шығыс Қазақстандағы 7 милиард тоннаны қосыңыз. Баку- Жейханға Қазақстанда теріс көз қарас танытқан жоқ. Бізге бұл жобада артық етпейді. Тек астана ірі державалар араласқан « үлкен мұнай ойынында» са0 та саясат жүргізгені жөн.

АҚШ аталған жобаға қазақ елін жақын тартуға мүдделі. Сан алуан саяси сындарға түсіп жүрген бұл елдің сыралғы саясаткерлері Қазақстан басшылығымен келіссөздер жүргізуді жиілетті. Үстіміздегі жылғы сәуір айында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайдтың Астанаға сапары кезінде басқа мәселелермен қосалқы жоба жайы да талқыланбай қалмады. Таяуда Қашаған мұнай мен мұңдалағаннан кейін Олбрайт ханымның кеңесшісі Стивен Сестанович те келіп кетті. Ол үкімет басшысымен кездесті. Бас қосулар барысында Қазақстан мен АҚШ Каспийдің көмірсутекті шикізатын көп жолды мұнай тасымалдау жобаларымен, соның ішінде Баку-Жейхан бағытымен әлемдік рынокқа шығару мәселесін қолдайтынын мәлімдеді. Алдағы уақытта Қазақстан өз мұнайын игеруге көбіне қаржыны құрама штаттардан тартуға тырысатын сыңайлы. АҚШ секілдіелдің мұндай ілтипатына ие бола алмай әуре болып жүрген мемлекеттер бар екенін ескерсек, Қазақстан жағының өз мүддесіне сай жасаған нық оң бағалаған орынды. Мұндайда мойындағысы келмей кері тартқысы келетін көршілеріміз Ресей мен Қытайда Инвистиция туралы мәселе көтеріле қалса АҚШ-тың қуаттылығына шек келтірмейді. Кей тұста оларда бір мәселеден шыққан ұшықты түйедей қылып көтеру арқылы Американың қаржысын қағып қалуды ойластырып жүреді.

Жақында Түркия үкіметі Баку-Жейхан мұнай құбырын салу ісіне келесі жылдың маусымында кірісеміз деген ақпарат таратты. Оған дайындық жұмыстары қырқүиек айында басталмақ екен. Анкараның қабарлауынша 55-60 миллион тонна мұнай айдайтын құбыр салу үшін 2, 4 миллиард АҚШ доллары қажет екен. Құбыр жоспар бойынша 2004 жылдың ортасында пайдалана бастауға тиіс. Қазір кейбір сарапшылар Қазақстан мен АҚШ басшылығы арасындағы жиі кездесулерге орай түрлі болжамдар айтады. Олар Американың бүгінгі басшылығымен демократиялық партиясы Еуразия кіндігінде тұрған Қазақстанмен өзара қатынасты тереңдету арқылы президент сайлауы қарсаңында ұпай жинамақ дейді.

Каспийдің соның ішінде Қазақстан жағындағы мол мұнай қоры АҚШ ұсынған жоба Баку-Жейхан құбырымен тартылатын болды деген уәждің өзі сайлаушыларға әсер етпек деп жорамал жасаушыларда жоқ емес Сонда бүгінгі АҚШ президенті Клинтонмен, оның орнына үміткер Альберт Гор оң ұпай түгелдемек екен. Болжамның қаншалықты расталарына уақыт таразы. Бұл ретте белгілі саясаттанушы З. Бжезинскийдің «Азия АҚШ -тың қуатын өзіне тартатын құрлық. Щған бақылау жасау арқылы Америка әлемдегі стратегиялық

басымдықты ұстап тұру мерзімін ұзартады» деген пікірі еске түседі. Бұл пікірдің астарынан сан сұрақтың жауабын алуға болады.

Қазақстан үшін Қытаймен екі арадағы мұнай құбыры да керек. Алайда бұл көршіміз 9 милиардтай инвестиция құйылатын Батыс Қазақстан Батыс Қытай жобасы туралы келісімге қол қойғанымен сылбыр әрекет жасауда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстанның экономикалық ауданы
Мұнай-газ, химия өнеркәсібі.Қазақстан мұнайын игерудегі экспорттау бағыттары.Қазақстандағы мұнай-газ ісімен айналысатын шетел компанияларының қызметтері
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері
Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібіне жалпы сипаттама
Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі
Отын – энергетикалық кешен
Маңғыстау мұнай қауымдастығы
Отын - энергетикалық ресурстар
Мұнай газ саласындағы мұнай өнімдеріне бағаның құрылуы
Жер планетасының қабаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz